Ар білімінің ақ бастауы шындық-ғылымның көрінуі!
Шындық пен шынның айрылмашылығы мен шындық тура не біліміз? Раббымыздың насихатты бойынша барлық жартылыс, жер көк және екі аралық нәрселердің бәрі шындық бойынша ғана жартылғанын ескертеді. Енді аяттқа жүгінсек; «Олар: «Дүние тіршілігімізден басқа ешбір өмір жоқ. (Аруақ болып өмір сүру жоқ дейсіңдер) Тағы бір қайта тірілуші емеспіз (аруақтан қайта пенде болып жер басушы болу)» деді. (29) Мұхаммед Раббылырыңның хұзырында (басқарулында болатын, Алла достарының алдында, ахирет өмірінде есеп беруге) тоқтатылғандарын көрсең! Алла: «Бұл шындық емес пе екен?»,-дейді. Олар: «Шын екен! Раббымызға ант етеміз» дейді. Алла оларға; ендеше, қарсы болғандықтарыңның азабын татыңдар» дейді.» (6-30) Бұл аяттармен адамзат баласының әуелі жаралуы ақирет тіршілігінде басталып, аруақ болып біздерге көмес, ғайып болған түрлі тіршілік сатыларынын өтетінін және бұл материалдық өміріміз ақирет өмірмен байланысты бейнеленген шыны, терезе айнасы мен көшірмесі екенін насихатайды. Ал өлгенен кейін де қайта ақиреттік биологиялық екінші өзге жиіліктегі уақыт кеңістігінде өмір, тіршілік етіп яғни ішіп жеу мен өсіп-өну, рухани жетілу сатыларынан өтіп барып, сол өмірімізді шынға бейнелеуге қайта әке-шешемізді таңдап, ана жатырында жартылып, жаңа жартылыстағы тәнімізбен жер басып өмір сүруге келетінімізді ескертеді. Демек біздер бұрынғы өткен аталарымыз, аналарымызбен және түрлі жер бетінен өткен нәсілдердің белгілі бір себеппен істерді қайталап, жаманын түзеп, жақсылығын көбейтіп өсіру үшін жаралғанбыз. Бұл жағдайды енді дінде ақиретке иман келтіру, сенім күшінің негізі болып осы шындықтың білімін меңгеру адамзат баласына сынақ және ар білімінің негізгі ірге тасы болып қаланады. Ата жолының иман келтіру, сенімді бекіту шарттары осы ақирет біліміне, аруақтық кітаптарына жалғанумен және қағазға жазылған ілімдер мен меңгерген біліміздің ортасын табуға, таза білім ақ бастауы жан ғылымын меңгеруге негізделген. Сондықтан рухсыз білім, ақыл жетілмейді ал шындықсыз, хикметсіз, таза білімсіз, жан тазарып өспейді. Енді масхаб және исламдық сенім яғни иман келтіру шарттарымен ата жолының ерекшелігі де ақирет өмірімен, алғашқы өлімнен оянған өліктермен кездесу, тілдесу арқылы күдіксіз нану арқылы, келтірген сеніміне, құлшылық істері мен сұраған тілектеріне жауап алуды меңгеріп, сенімді енді қайтып бұзылмастай бекіту болып табылады. Ал масхаб ұстанымы бойынша ақиреттің бар екенін және тек ұзақ уақыттан кейін, жер әлемінің жартылысының соңы болған қиямет-қайымда бірақ тіріліп есеп беретініңе, жамандық күнәларыңмен жазаланатыныңа нан да, иман келтірдім деп, өзіңді-өзің сендір деген қағиданы дәріптейді. Ал оған дейін тірілу, есеп беру немесе жасаған ізгі істеріңе, адамдық пенделік, тәндік болмыспен екі дүниенің де қызығын қайта көру болатынын жоққа шығарады. Енді осындай бізге беймәлім және қандай шамада өлшемде, мекенде болатын белгісіз ертек сияқты қиялы өмірмен, қанша өзіңді-өзің берік иландырғаныңмен, екі арадағы жартылыс себепттерінің азғырушылардың, аяттарды өзгертуші, терістеушілердің де болып, олардың саған күдік салып, әрбір білген біліміңе де жинаған іліміңе де қарсы білімді, күнә жасатын қызықты бейнелеу еркі берілгенін біле білмейміз. Яғни бұл ақиқат көз ғылымына тікелей байланысты болып, көздің көргенін ми үнемі теріске айналдырып, өңдеп тұратыны сияқты құпия сыры болады. Адам баласының түс көруі де, аян алуы да осындай көздердің оң, терістік шамасына тәуелді болып, құранды теріске алғандардың «Көздерін де теріске айналдырамыз» деп ескерткен Раббымыз. Ал ата жолында өзіңе қажетті оң көздерді іздеумен, солардың көрсетуі арқыны түрлі жағдайдағы хикметермен, белгілермен, рухани өлім дәрежелерімен әрбір ақиретпен кездесуге ниетеніп, амал қылған адам баласына бұл жағдайдың хақиқатын құдайдың өзі оңға айналдырып көрсетеді. Аталарымыз; «Құдайдың маған көзі дұрыс болсын, оң көзімен қарасын» деп тілеген. Сондықтан бұл жағдайдың растығын, шындығын көрсететін адам баласының екі аралық елшісі, күзетшісі, көздері, аруағы міндетті болып, осы аруақтық тіршілік, өмір қағидалары біздің өмір қызықтарымыздан, жартылыс туралы білімдерімізден әлде қайда күрделі, маңызды әрі қызық та екенін мойындап, нану үшін де өліктердің сөйлеп, сұрақтарыңа, тілектеріңе, орындаған намаздарыңа жаратушы ұлықсатымен ақыл беріп, шындықты там-тұмдап аянмен көрсететінін мойындап, сенім келтіру үшін де тән, рух, жан тазалығын қалыптастыратын ата-баба әдет-ғұрып, салт-дәстүрін намаз қылып, шамасына қарай орындай білумен қан тазарып, бой-арың қалыптасып, жүрек көздерінің тазарып, ақ бұлағы ашылуы шарт. Бұндай рухани жетістікке де келу үшін біздердің өзге елдердің салтымен, түрлі арсыздық әдетімен, дүние қызығы және тамақтарымен арамданған тәнімізді және ата-анамыздан жалғанып келе жатқан қауымдық күнәлі рухани болмысымызды тазартуға шамамыз келмейді және оған да ұзақ уақытпен, білімді, ілімді, тәжірибені, сабырды қажет ететін шаруа. Және әрбір пенде өз бетімен алғашқы тәубелік сатысында мейлі ол намаз оқушы, білімді, ғалым, өнер адамы, қандай қабілетті бола берсін, әуелі «мұнафықтық» яғни екі жүзділік иман дәрежесінен өту заңдылық. Бірінші қылықтардың екі жүзділігі, екінші сөздің екі жүзділігі, нәпсінің, тілдің ең соңында ойдың да екі жүзділігімен күресіп жеңу үшін де түрлі жағдайдағы рухани өлім, түс көру уақытындағы жанның түршігіп жирену сатыларымен ған жан тазарады. Болмаса жандағы екі жүзділікті адам өз білімімен, ақыл күшімен тазартуы мүмкін емес. Мысалға киімді, толық дәретті бойды қалыптастру барысындағы екі жүзділік сатыларынан өздерін дін танушы, теолог, ғалым дегендердің тобындағылар да басын қорғау, бас киімін қалыптастыра алмағандықтан-ақ құран аяттарына қарсылық екі жүзді іс жүзіндегі «мұнафықтық» сенім деп атуға болады. Сол сияқты хазірет атағымен рух пен жан сырын ажыратып, жалпы ақирет ғылымынан мағлұматы шала және пайғамбарлардан тікелей сұрақ қойып «Үш ұйықтағанымен» жауап ала алмаса, онда екі жүзді «мұнафықтық» дін ғалымдығы болып саналады. Ал енді халыққа ақыл айтып және оны іргелі ғалымдармен дәлеледеп беру былай тұрсын тілінде мүкісі болып, «мағпипат ету», «иғтикәфта болу», « пайғамбар салех салам, әлек салам», «ыстықпар жасап», «аллақ тағала, аллахым» т.б толып жатқан сөз атауларымен оймен тілдің арасын бұзып сөйлеуде «Сендерге екі ерін, бір тіл жартым» деген жартушы үкіміне қарсы болу, діл білімінің екі жүзділігі болып есептеледі. Ондай екі жүзді сенімнің білімін көргіңіз келсе «Ислам ғалымхалы», «Имани гүл», «Отбасы ғалымхалы», «Діл мен діл» т,б масхаб ғалымдарының кітаптарын алып оқып көріңіз. Ана тілің су тілі болып, ал оған енді мағынасы құпия аударылмаған өзге қандай да бір тілдің атауларын сол қалпында арластырсаңыз, от пен судың шарпысуымен жинаған иманыңыз,діл қуатыңыз отқа оранып, қан суыңыз ысрап болып құртаумен, басыңыз, аяғыңыз, тәніңіз сасып, ар сауытыңыз да қалыптаспайтыны да хақ. Енді қандай ғұлама болсын, ар сауытын киіп, бүкіл зейнетері тылсымнан көрінбей жоғалып, аяқ саусақтары көрінбей жабылып, және иманның сатыларын толық меңгеріп жаратқанан арнаулы кітап және тәнге мөр алмай, құр өздері алған атақ, дәрежелерімен ой жүзінде «мұнафықтық» екі жүзді имандылықта болып саналады. Себебі атағы бар, бірақ кітабы (мөрі) жоқ, соған байланысты құпия аяттармен берілген көрсететін хикметі, көрген мұғжизасы мен жартушы тарпынан алған ғылымы, иманының шындығы да жоқ. Осындай екі жүзділіктен тек ұлттық ашық дәлелдермен және дін ісі болып бекіген ата-бабалар меңгерген дінінің соңына күдіксіз ергенде, аталарының алған кітаптарына жалғанып, түс көру білімін яғни жанға берілетін анық білімді меңгерген де ғана ешқандай атақ дәржесіз-ақ, қарпайым шаруа, түрлі кәсіптік салада жүріп-ақ немесе ғылым, білім ел басқару саласында қызметте жүріп те бұндай екі жүзділік алғашқы тәубе сатыларынан өтуге болады. Ал мүмін болып, иманның толық бір дәрежесін меңгеру де 3-түрлі рухани өлім сатысынан өтіп барып қана мүмкін болмақ. Енді қазақ елі өзге елдің салтын ұсап, қызылбастық дін салтымен екі жүзді иман келтіруші елге айналумен, жартушының үкіммен болған ата жолының мөр ашу мұғжизасының, өлілердің тіріліп пендесімен сөйлесуге берілген үкімнің де хақтығын құрдымға құлауға айналған пендесі түгіл, бүкіл халықты да құтқаруға көрсететін шындығы яғни хикметі бар екенін мойындап, сенім келтіруге біздердің құран үгіті және, ата-баба шежіресі мен қалдырған өсиет мақал, дәлелдері де жеткілікті болмақ. Бұндай жағдайға тек ішіп жеуден басқаны білмейтін, күнә мен ізгіліктің, жақсылық пен жамандықтың арасын айырмайтын, мүлде адамдық болмысы мен арын жоғалтқаннан, хайуанға айналған пенде баласы ғана сенбей иман келтіре алмасы да сөзсіз. Сондықтан тек осындай пенделерге ғана түсініксіз, ал ақылы бар, көзі көріп, құлағы еститін адам баласына айқын, құраннан ашық дәлелдермен түсіндірілген хикметтің және мұғжизаның қазақ елінде Ақ ұлдың бастауымен қазақ баласының сенім қуатын әлемдегі ең бір жетілген биікке шығару үшін өліктердің тіріліп, мына дүниедегі ұрпақтарымен жаратушы арасындағы сауда-саттық базарды қыздырып, батамен жетелеп және бұл салада әлемде әзірге баламасы жоқ жетістіктерге жеткендер арамызда бар екені де хақ. Бұл жағдайды Раббымыз аятта; «Көместің кілттері Оның жанында. (құдіретті қолында) Оны Ол, өзі ғана біледі. Және құрлықтағы, теңіздегі нәрселерді біледі. Бір (иман шары) жапырақ түссе де, Алла оны біледі. Және жердің қараңғылықтарындағы (қабірлердегі) құрғақ, және жас ұрыққа дейін ашық Кітапта бар.» (6-59) Бұл аятта көрсетілген көмес ғайып емес және иманның жапырақ болып көктен түсіп, иманның ұрығы жер қараңғылықтарында, зияраттарда, киелі орындары жер тесіктері арқылы, ашық кітап ойпатарда кітап парақтары болып сақтаулы екенін, хаж амалдарымен табандар арқылы зейнетелетін рухани азық болатынын ескертеді. Бұл жерде рухани ұрықтардың тек арап жерінде ғана сақтаулы деген ұғым жоқ. Енді осындай «ойпатардан» шындықтың ақ бастауынан нәр алған барлық пенде, оны шынға айналдырып, жемісін көріп жетістікке жете алды ма? Әрине жоқ, осы шындықтан үлес алғандардың 10-пайызы ғана жартылай, 30-пайызы 10/1; 20/1 немесе 100/1-ін ғана шынға айналдырып игіліктерін көре алғаны да растық. Енді бұндай еліміздегі ашық ауыздық, ілім-білімсіздік пен надандыққа не себеп болды дейсіз? Осы басылымдардың да мақсаты осы себептердің ғана негізгі білімін анықтап, ар білімін көрсетіп, жетілдіру үшін бүкіл қазақтың сауатты тұрғындары жабылып зертеп, шынын ажыратып бейнелеу үшін онданған жылдар керек. Сондықтан «Бірлік болмай тірлік болмас» дегендей түпкі жартылыс қозғалыс себептерін; шындықты білмек түгіл, бүгінгі бейнелеп көрсетіп қойған дәлелдер мен хикмет шынды анықтау үшін шежіреге айналған кешегі шынды, дін тарихымызды санамыздан өткізіп таразылау керек. Сонда ғана бүгінгі көмес (ғайып емес) білдіріп, көрсетіп жатқан хикметпен бейнеленген шындықтарымыз ертеңгі рухани егін ұрпақтарымыздың көктен түсіріп, жерден өндіріп беретін қазына байлығына шынға айналуы сөзсіз. Енді шындық дегеніміз Құдай сөзі болып, Алланың құдірет қолы арқылы түрлі хикметті істермен, үндерге, оқиғаларға бейнеленіп, аяттар болып жер тұрғындарына кітапқа айналып оқылып, олардың негізгі жинағы Құран болып Мұхаммед пайғамбарымызға оқылған. Аятта; «Біз Құранды шындықпен түсірдік. Ол, шындық бойынша түсті. Мұхаммед сені қуанту, ескерту үшін ғана жібердік.» (17-105) (122-хаж) Құдай сөзін, үкімдерін адамзатқа бейнелеп, оқып, көрсетіп тұратын екі арадағы жаннат елшілері «БІЗ»-дердің яғни адам баласына түрлі жағдайда, жан есіктеріне, әуретті жерлерге «Біз» сәулесі болып қадалып, нұр болып, кейде сырқыратып, кейде жай ғана ысытып, суытып әурет көздеріне қадалып тұратын белгілердің растығын әшкере баян қылып тұр. Сонымен бірге Құран аяттарынан ғана кітаптар болып ашылып оқылып, көрсетіліп, түс болып жамандықтар мен сынақтар ескертіліп және араларымыздан елшілер тағайындалуымен Құдайлық хикмет, мұғжизаларының көрніс беріп жалпы халықтық шариғат дін ісіне айналуын «Хақиқат» деп атап аяттарда; «Хақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылды. Сөзсіз, (аянсыз ой жорумен пайда болған тәпсірлер, шариғат істері мен түрлі дін ғалымдықтары, сопылық әрекетер) бекер нәрселер жойылады.» де. (81) Құраннан, мүміндерге, шипа (емшілік істер) және рахмет (ашық бата беру) түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым артыра түсіреді.» (17-82) (99-Зілзал ғамалдардың көрсетілуі) Немес бұл аяттың парын табатын болсақ; «Раббым Мені, әке-шешемді, мүмін болып үйіме кірген кісіні (аруақты) және мүмін ерлер мен мүмін ерлерді жарылқа! Сондай-ақ залымдардың жоқ болуын ғана артыр» деді.» (71-Нұх-28) Қазақ еліне келген, Нұх пайғамбарымыздың діні болып бекіген нұсқауларының және Ақ ұл арқылы жүрек ашумен бірге түрлі ем шипалардың да жүріп, оған қарсы болған діншілер және үкімет және шайтан жамағаттарынан айналған білімді ағайындар тарапынан болған жағдайды және Мұхаммед пайғамбарымызға түсірілген, көрсетілген миғраж оқиғасы мен жеті көктің есіктерінің ашылып, жеті жолдың адамзатқа қайта оқылумен айқын болатынын ескертіп тұр. Абай атамыздың ескерткен; «Дін ісімен (шариғат) Құдай ісін (шындықтың бейнеленуін) айыра алмас..» деген жағдайы еліміздің дін және ел басқарушыларына келген сын болғаны да даусыз. Ал енді осы жағдайларда керуенге шығып, көп отандастарымыз аруақ батасына кенеліп, аққу, сұңқар аталып бірақ табандылық көрсете алмай, сыннан өте алмай тастап кетуімен, кейбіреулерінің мешіттерді жағалап «намазхан» аталып, масхабшылар қатарын толтырып, кейбіреулерінің батаға, аруақ себепшілігіне де «маған не берді?» деп, қасиеттерді меңгеру мен 9-жылдық тәубе сынынан өтуімен тағдырдың, қауымдық кедергілерін жою сияқты құпия нығметтерін есепке алмай, дүние байлығымен бағаланып, діни сауатты аталған жазушы, тілші т,б дін қандастарымыздың азғыруына еріп, мүлде қарсы шығумен ата жолының осындай халге түсуіне себеп болуы да шындықпен яғни құран аяттарымен байланысты; «Біз адам баласына нығмет берген кезде, жалтайып, бір жағына қыңырайып алды. Қашан бір оған сәтсіздік жетсе, (Сондай дін парыздарынан, ғұрыптарын меңгеруден бас тартып ар білімін жетілдірмегендерге байланысты сынақтар түссе) мүлде күдер үзді.» (17-83) Бүгінгі сәулетті қалар салып, мол қазына дүниеге кенеліп, дүние байлығын молайтуда өз ара дүние байлығымен жарысып, бірімізді-біріміз кемеңгер санап жатқанымыз да, ол кешегі аталарымызға түскен бейнеленген иман жапырақтары шындықтың кітап болып, ақыл, білім болып зейнетеліп, бейнеленген тазарған бірге айналған жүректерінің біздерге шын «діл» бақшасына айналып, жемісін беріп жатқаны деп түсінгеніміз абзал. Осы кезеңдегі өмір сүрген кемеңгерлердің нәтижесі енді 100-жылдан кейінгі өмір сүретін ұрпақтарымыздың аруағы; көретін көздері, еститін құлақтары болып, өнім бертінін білгенімізде жөн. Ал осындай Алланың берген нығметінен бас тартып және оны тек өзіміздің білгіштігімізден ғана жасап, тек ел басшыларының ақылымен, шығарған заңдарымен ғана тіршілік етуге бұйырып, өздерін діннен бөлек «зайырлы»-жарық (светский) ел болдық деген және діннің арсыздыққа айналған амалдарымен ата-бабаларына, әулиелеріне, батырларына жалаңбас мүсіндер жасап, бастарына гүл қойып, мылтық атып, ойын сауыққа айналдырып, ата-бабаларымызға түсірген шындыққа өзімізге көрсетілген хақиқатқа қарсы болған жағдайда және оның негізгі себептік байланысын; «Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулет мастарына (ел басшы ларына;аяндармен, уахилармен, батамен) әмір етеміз. Сонда олар оған (ата жолына) қарсы келеді. Сондықтан оларға деген сөз ( үкім, аят) шындыққа айналады. Сөйтіп оларды негізінен жоқ етеміз.» (17-16) Яғни өздерінің мазаққа айналдырған кәпір жындарын, шеріктерін, қарсылықтарын өз қауымына жүректеріне ендіріп, түрлі жағдайда азаптарға душар болып, сынақтармен, ақылдары жетпейтін оқиғалармен, аурулармен өмірлері де тозаққа айналып ұрпақтарының да азып, тозып мәңгілікке жоғалуын ескертеді. Енді ел басқарған білімді қауымның мұндай халге түсуінің де себебі; жоғарыдағы дәлел келтірген діншілердің жын қуаттары туралы мүлде саутсыз және халықты әулие аралаудан кәпір жын еніп, шерік қосып, арамдаласыңдар деген надандық пайымдауларға сенім келтіруден, өздері солай мазақтаған нәрселерімен жүктелгендерін сезбейді де. Бұндай жағдайдың хақиқатын аятта; «Рас тозақ үшін де көптеген жын адамдарын (жынды және жансыз, дүние тіршігіне, сауықтарға мас болатын) жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне солар мүлде кәперсіздер.» (7-179) Тылсымнан өз тағдыр кітаптарын, күзетші аруақтарын көріп, естіп немесе жорып түсіне білмейтіндер қандай білімді, ілімді болса да жын адамдарына (жындыларға, мастарға) ессіз жансызға айналып, бірақ түрлі дүние істерінде, ойын-сауықты дамытуға рухани қозғалыста қабілетті болғанымын, шерік қосушы, жалған тәңірлерге табынушы болып жолынан мүлде адасатынын ашық ескертеді. Бірақ, осындай кітап тағдыры аян түгіл, түс те көре алмайтын күшті, қара қуатты жүк көтеріп, ойын ойнап жарысып, мақтанатын ессіз жын адамдарына айналған қандастарымызға тікелей бата арқылы да аруақтарының ескертулерін, жол көрсетулерін жеткізуге, зұлымдықтарынан құтқаруға жәрдем беруге әмір етілген аққу, сұңқарларымыздың міндеттерін, аманаттарын, жүрек ашылуға берген уәделерін атқаруға кедергі болған себептерді де, әрбір пенде арсыздықпен шайтан ізіне ергізген көзіне түскен шөпті өз қолдарымен алып тастау үшін де осындай ақпарат түрінде түсірген шындықтың сөз болып бейнеленуін, әрбір білімді еліміздің тұрғындарына таныстыру да ата жолының міндетті сынақтарының бірі және Ақ ұлға да келген басты сынақ болды. Кезінде пайғамбарларға да «шайтандардан жолдас қылдым» деп Раббымыздың ескертумен, көптеген пайғамбарлардың, берілген міндеттерді дұрыс атқара алмауына жанына ерген жолдастары және жұбайларының да шайтан ізіне ерген әрекетері де себеп болғанын білуге болады. Сондықтан бұндай жағдайда Ақ ұлдың қасындағы жәрдемге тұрған жолдастардың тек шариғат үкімдерін дұрыс орындап, ар білімін заманның дамыған күнәлі істеріне қарсы жетілдіру үшін; тылсымнан келген аяндарды дұрыс жорып амалға айналдыра білген жағдайда ғана ата жолының Раббымыз тарапынан толық қолдауға ие болу тиісті болатын. Бірақ ондай ерекше нығмет жеңілдік беріп, оның қасына жәрдемге тұрғандардың да басты қателігі яғни діни философиялық түсініктерімен надандықтары, ар білімінен, ата баба ғұрпынан, жамағат қағидасынан сауатсыздықтары мен ақирет саудасынан көрі, дүние саудасына қарай ауып кетуі және тақуалық істерді мүлде жинап қойғандықтан, ата жолының үлгісін көрсетін намаздарын дұрыс орындамаумен екі жүзділік «мұнафықтық» алғашқы шариғат білімі дін ісі масхаб арқылы қалыптасатын тәубе сатысын да меңгере алмай және тарихаттық, ғұмырлық ата жолының ар білімінің үлгі-өнеге болатын намаздарының жетілмей қалуы негізгі себеп болды деп түсіну керек.
Ата-жолы жамағаты және пәтуа туралы.
Мұхаммед пайғамбарымыз; «Әрбір құлшылықтың ортасын ұстаныңдар.» деген өсиетінің бір сыры жамағат заңдылығын аталарымыздың «У ішең руыңмен бол» деген умра қажылығының яғни жібек жолыне шығып, жер есігі мен көк сатысына жалғанатын тағдыр жібін іздеудің керуен-сапар жолы, ата жолының зияраттау қағидасын хаж тәртібін ескертеді. Шариғат бойынша ер кісілердің жұмадан қалмауы міндетті болып, әйелдерге үйде оқыған намазының 25-есе сауабы артық екенін ескертуі де, Мұхаммед пайғамбарымыз бен санаулы сахабарлар меңгерген сопылық жолдың ұстаным негізінен, тарихат, мағрипат білімінен қалыптасқан. Бұл туралы да масхаб ұстанымынан сүйенетін, дінші қандастарымыз жан сырының білімі мен шариғат білімінен жоғары тұратын құпия сырларын, кітабын оқып түсіне білмейді және көпшілігі ата-бабаларымызға дін ісі болып яғни шариғат болып кейінен көптеген ғасырлар өте заман сынақтарынан өту тәжірбиесіне және білмдердің өрісінің кеңу заңдылығына, сөз атуларының күрделеніп, үндерді жетілуіне байланысты және мағрипаттық жан ғылымының жетілу сырына байланысты бекіген, ғұрыптық амалдарды «ырым», шариғатта жоқ деп ашық қарсылық білдіреді. Бұған басты себептің бірі де, дінің Құдай ісі болып түсіріліп, көптеген түркілік әулиелердің Құран философиясы мен шариғи амалдарының дәстүрлік сипаттарын жетілдіріп көрсеткенімен, ғұлама әулие бабаларымыздың өмірден өтіп олардың орнын басқан өз арамыздан шыққан дін ғалымдарымыз тек бұрынғы ислам қағидасын алғаш қалыптастырған кездегі арап ұстанымына, шариғаттың бастапқы қалпына немесе сахабаларға білімсіз еліктеген «табиғындарға» ұқсауға тырысумен, діннің иірген жібін қайта-қайта үзіп отырғаны шежіреден көруге болады. Сол жіптерді біріктіріп, иріп барлық діннің ортасын тауып, түркілік шариғат ісін масхаб білімін қалыптастырып, тура жолға да берік дін ғылымын көрсетіп кеткен Ясауи іліміннен сусындаған жүздеген әулиелер еңбегін, кітап-жіптерді осымен 4-рет үзіп, бұл жағдайдың әрбір 300-жыл көлемінде қайталанып отыру да Құран аяттарымен берілген дін сынағы болып саналады. Сондықтан араптар негізінен екі үмметке бөлініп, қиямет мезгілінде тура жолда болушылар мүлде болмайтынын аятта; «...Ол күні (өліктер сөйлейтін қиямет мезгілінде); (араптардан) бір тобы жаннатта (өмірден өткен сахабалар, әулиелер), бір тобы (кейінгі дін ісін меңгерушілер) тозақта. (7) Мүбада Алла қаласа оларды (араптарды) бір-ақ үммет қылар еді, Алайда Алла, кімді қаласа, мәрхемметіне бөлейді. Залымдарға дос та (әулие-әмбилер, сахабалар) көмекші де (аруақта) жоқ.» (42-8) Құран насихатының сан ғылымынан жүгінсек жалпы араптардың үмметтік негізгі сандық мәндері 42;43 сандық мәндермен беріліп, ал дінді толық меңгерген сахабалар, әулиелердің өз сандық мәндері болып және 44-сан мәндеріне «Төртеуін түгелдегендер» тобына жатады. Сондықтан олардың пайғамбарымыздың заманында да әулиелік белгінің алғашқы сатысы 43-тің өзін меңгере алмағанын аятта; «Пайғамбардың; «Раббым! Бұлар (тура жолға, Құдай ісіне) иман келтірмейтін ел» дейтінін Алла біледі. (88) Мұхаммед олармен шығыс (туысқандық, ұлттық қатынасты үзбе), сәлем бер. Олар (арап елі қиямет мезгілінде) жедел түсінеді.» (43-89) Пайғамбарымыздың бұл аятпен әулиелік сатының жоғарғы дәрежесіне жетіп 9-дәрежелі тәубе сатысына өтіп, бірақ оған бүтіндей арап елі көтеріле алмағанын, яғни тура жолға түсе алмағанын сандар тағлымы көрсетіп тұр. Ал енді хақиқат дәрежесіндегі хикметтердің қиямет мезгілінің айқын дәлелі болып, қазақ еліне келген тылсымнан өліктердің сөйлеуін, періштелердің түсіп, аруақ болып бейнеленіп Құдай ісін атқарушы, тылсымнан жаппай бата болып аяттардың оқылуын, соған байланысты түрлі ем-шипа, рахметтік себептік хикметтерінің келуін араптық иман келтірушілердің үнемі қарсылығын туындататынын Раббымыз ашық ескерткен. «Бұл бір ірі хабар» де: (67) «Жоғарғы әлемдегілердің тартыспаларынан мәліметім жоқ еді.» (69) «Шын мәнінде ашық ескертуші болғандықтан ғана маған уахи етілуде» де» (38-70) Пайғамбарымызға оқылған құран насихатының түсінігі иманның 70-санды жан білімінен байланысты болып және жоғарғы әлемдегі «Біздердің» әулилер батасының яғни хадистердің замандар өте келе қайта оқылатынын және оның негізгі 7-ші тәубалық кедергісі, асуы болған; 69-санымен болатын аяттардың, Ясауи бабамызға түскен мұғжизаның ашылуын, ескертуші, елшіліктің болатынын алдын-ала ескерткен екен. Бұл жағдайдың ішкі жағдайы адам баласының ар сауытынан байланысты, ұлттық діл бақшасының жеміс берумен көрсетілетін 38-санымен байланысты, қазіргі қазақ еліне Ақ ұл арқылы келген ашық ескертушілік елшілік істерін де растайды. Сондықтан мұндай жер рухының нұрының ашық көріну хикметімен байланысты болғандықтан, хаж істері зияраттаудың да жер ошақтарына байланысты ерекшелігімен, хикметтерімен көрнісін береді. Мысалға қазіргі таңда бұрынғы замандармен салыстырғанда жұмадағы тылсым күштерімен зиярат жасаудың, әулие басындағы туысқандармен кездесу зияраттарымен ерекшеліктері бар. Мешіттерде толық тазармаған шеріктердің және толық дәрет, киім үдісі сақталмайтын намаз орындалатын орындарда, жалаң аяқ, жалаң бас жынды, ақылсыз-мас пенделерге еріп жүретін кәпір жындардың да болуына байланысты жұмаға жас балармен, әйелдердің қатысуына тиым салынған пайғамбарымыздың кейбір өсиеттерінде кездеседі. Бұл мысалы енді Мекке және Мәдине сияқты әрі зиярат орыны киелі жер көк, жер есігі болып саналатын жерлерге қарап, пайғамбарымыз өз заманында өсиет берген болса, ал енді жердің нұры да оған байланысты теріс сәулелі, қараңғылықтар мен жарықтардың сыну белдеулері де еселеп көбейген замандағы біздердің сәндігі мен, көше ыңғайына қарай сала салған мешітер арасындағы өрістік жер есігі мүлде болмағандықтан, нұрлық, жарықтық сипатағы тақуалық негіздегі намаздарды орындауға мүлде сәйкес келмейтіні сөзсіз. Оған енді адамдардың жалаңаш жүріп, жасанды тамақ түрлерінің де молдығымен, тәндерінен шығатын улы өрістердің әрбі жүз жылда еселеніп отыру шартын қоссаңыз, қазіргі таңдағы шуашын мешітерге барып кілемге қалдырып, тазартатын, қызылбастық намаз ырымымен дәрежелеп, енді оған еріксіз тынысыңызды тарылтып, тән исіне арласқан иіс сулардың яғни ауру желдердің мешітердегі жағдайымен дәрежелесеңіз аман-есен жұма намазына баруға жарап жүргеніңізге, жаратқаның қолдап жүргеніне де шүкірлік қылар едіңіз. Сондықтан араптардың әрбір Мекке және Мәдине мешіттеріндегі оқыған намазы керуенмен барып, әулие бастарын зияраттау арқылы жамағатпен құран оқып, Алланы еске алу намаз оқу дәрежесімен сәйкес келеді. Және ондай жерлерде мешіттерден ерекшелігі де егер етегін, басын жауып дәретін түгелдеп, тәнін жауып, арын қорғаған әйелдер мен жас балаларға, ауруларға да ем шипа рахмет бар және түрлі жағдайда ондай жерлерді күзетуші, тазартушы аруақ, тылсымдық бекіген қызметші кісілер бар. Ал біздердің жартылай жалаңаш және көшеден келе сала намаз оқитын мешітерімізде жер рухына байланысты ондай жарықтық сипаттың дәрежесі болуы тіптен мүмкін емес, себебі ол жерде түйе шөгетін немесе бір Алланың досы болған әулие орны жоқ, олай болса тұрақты бекіген тазартушы қызметшілер де жоқ. Осындай әулиелер мен киелі орындарға құрбандықтарын атап, жамағат болып бірігіп, зияратап құран оқып, Алланы көркем атаулармен (әулиелер есімдерімен) еске алу зікірден осы Мекке, Мәдине сияқты киелі орындарда оқыған жұма намазымен дәрежесі тең болады. Сондықтан аятта; «Адамдардың негізінен несібесі тең» деп Алла достарының қандай да болса тіршіліктік, жер ерекшелігіне қарамай, ақиреттік жерлік, көктік несібелерінің, тең болатынын ескерткен аяттар мен пайғамбарымыздың өсиеттері де бар. Мысалға Ыбырайым орны болған Мекке мешіті мен Маңғыстауда жерленген Ыбырайым пайғамбар зияратымен ардағы нұрмен байланыс жоқ деп қалай айта аласыз? Және ата жолына түскен аяттар бойынша осындай керуенмен бірге жамағат тәртібіне бағынып, зияраттық намаз орындаған әрбір пендесінің атаған құрбандықтары сол адамдардың, жамағаттың санына көбейтіліп, сондықтан бір құрбандық арқылы 25-адаммен керуенге, жолға жалғануға сапарға шықсаңыз 25-құрбандықтың сауабы жазылатынын ескертеді. Енді масхаб дін танытушы жоғарыдағы Бейбіт мырзаның пәтуасы мен осындай жүздеген дін қандастарымыздың берген жазаған пәтуалары ата-жолымен әулие басына жамағатпен зияраттау; «маркетинг» және «шерік қосушы» болып, ал жеке өзің барып құран оқысаң, онда жындар тиіспейді, шеріктер қосылмайды деп пәтуа береді. Олай болса құран насихатына да, жамағат тәртібіне де қарсы және аталарымыз меңгерген жан ғылымы «У» ды ішу яғни шерікті суға айналдыру үшін, физикалық бейнеленген өрістік шамадан, билогиялық шамаға айналдыру үшін құрбандық жанымен, құранмен дәрежелеп алуға болатын құрандағы жүздеген аятқа және Інжіл, Таурат, Забур аяттары мен пайғамбарларға Раббыларымыз тарапынан түсіріген кітаптарға да қарсылық білдіріп, Аллаға өздерін теңдестіріп, ойдан аят жасаумен ашық жала қойғандарын білгісі де келмейді. Екіншіден әрбір адам баласы ағайынға және жолда қалған аруақтарға жәрдем беріп мал жұмсау парыз. Пайғамбарымыздың
Достарыңызбен бөлісу: |