Адамдарға; ата-анасына қарайласуды бұйырдық. Ананың оған мешеулік үстіне мешеулікпен жүкті болып, екі жылда омырауынан айыруы бар. Маған және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның (ақирет тіршілігің) мен жақ.» (31-14) Сенім қуатының негізі осындай негізгі парыз қылған аяттардың үкіміне иманның нәтижесі сандық мәндеріне тәуелді. Егер сандар тағлымына жүгінсеңіз бүл үкімді, парызды орындау үшін; 31- «Лұқман»-дық мұсылмандық қарыздармен, және 14-түрлі пайғамбарлар сүнетері, нұсқаулармен барлығы 45-санмен Абай атамыздың қара сөзінің негізін яғни ұлттық парыздармен, намаздарды толық орындау шарты пайда болады. Ал сан тағлымысен 14-санды аяттың намаз орындауын 41-сүреден іздеп, Мұхаммед пайғамбарымыздың намаз орындауға шақырған, көрсеткен сүнетерінің шапағатына жалғану кітабының ақиретке жолғудың негізі қағидалары және ата жолының «Ғайып ерен қырық шілтен»-ді іздеу, жер бетінің шілтендеріне жалғану зиярат қағидасының да кітабы болып табылады. Егер ақиретке иман келтіру құлшылықтарның бәрі; «Маған» сәзжде қылумен, ал «Мен» сендердің күре тамырыңнан да жақынмын-деген сияқты, және Абай атамыздың «Менікі екі» деген екі- рух, екі-жанмен барлығы 4-еуді түгелдеу мен, әке-шешеге шүкір ету бір тұтас аяттың қуатын көрсетіп тұрса, онда қазақ аталарымыздың ғұрыптық аруақ арқылы «Маған» құлшылықтарын, сыйыну амалдарын орындауымыз, ақиретке иман келтіруіміз, ар біліміздің негізгі іргетасы болып саналады. Енді жаратушыға сеніммен Раббымыздың көрсеткен, түсірген намазадарын орындап, иман келтірудің өзі екі түрлі жағдайдан пайда болады. Ақылмен білу арқылы және жаратушы тарапынан берілетін азаптардан қорқу арқылы. Масхаб дін ғалымдарының ұстанымы бойынша әуелі көрмей, білмей хикметін де сезбей жаратушы Алладан қорқумен, тілмен айтып иман келтірдім деп өзін-өзін алдап сендіріп, сосын сәзждеге жығылу арқылы және білімі негізсіз мұсылманның бес парызын орындау арқылы хикметіне жетуді, нығметке бөленуді ұсынады. Бірінші парыз иман деп оны тек сендік десек болғаны деп, ал иманды қалай жинау және жартысы әйел затымен, діл білімімен, ұлтық ерекшелік тұрмыс ұстазына байласты болатыны соған байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрді жете меңгеру, ұлттық құндылықтарды сақтау әке-шешеге деген шүкірлік болып, өзінен-өзі парыз болғанын түсіндіретін бірде-бір масхабтық дін ғалымының еңбегі жоқ. Сондықтан негізгі шүкірлік парыз болған ата-анаға қызмет қылу, отбасын құрып, ұрпақ тәрбиелеп, отанға қызмет қылу үшін де, адал еңбек етуге түрлі кәсіптерді меңгеру жолында өнерді үйрену, білімді меңгеру және қарапайым ғана жаратушыны тануға иман келтіруге, кітаптарын оқуға, аманат дінді меңгеру үшін заманға қарай жетілген іргелі білімді меңгеру бұл парыздардың міндетті шарттарына енбей қалған. Есесіне білімділікті арапша тіл сындырып-ақ құранды, тәпсірлерді, өсиеттерді ақылсыз, ойсыз жатап алу- діни сауттылық болып саналады. Ал ақылсыз, білімсіз қалай иман парыз болмақ? Иман дегеніміз жүректерге бейнеленетін, таза ақыл қуаты болып және ерік күші мен сана қуатынан тұратын болса. Бұл құпия сырды «Ес»-естілік деп атаған аталарымыз. Және оқыған намазың, тұтқан оразаң, жасаған қажың ата-анаға, отанға, жеріңе, ағайындарыңа, Раббыңа берген уәдең тіліңе, аманат сөзіңе және жан ұя құрып, ұрпақтарды көбейтіп, оны асырау үшін адал еңбек, кәсіптерді меңгермей қалай есті, парсатты мұсылман аталып, яғни «И»-шарыңды, арыңды жинап, ақыл оймен ғана бейнелентін «Ман» қуатын меңгере алсың? Ал ата-жолының бабаларымыз ұстанатын сенім жолы әуелі құдайдың хикметін ақылмен танып, жүрекпен сезіп, түйсікпен жинаған білім деңгейіңде түйсіну яғни арқылы меңгерген біліммен өлшеп, кереметілігін ақыл жетпейтін өлшеусіз себептерін естілікпен ұғынып, сенім келтіріп және соған байланысты азабының да бар екенін де ақылмен болжап, жүрек көзімен ақиретке кездесіп көріп, сынақтарынан өтіп және тылсымнан берілген белгілердің, хабарлардың, дәлелдердің хақтығына тұрмыс тәжірибесі арқылы ақиқатына көз жеткізіп, сені қарап, байқап, ескертіп тұратын құдіретті қолы күзетшілерінің періштелерінің, қанаттты періштелігі аруақтың хақиқаттығына иман келтіріп, сенімді бекіту арқылы міндетелген намаздарын орындау керек. Ал енді осы орындаған намаздарыңа, жасаған қайырыңа, берген садақаңа, игілікті шараларыңа қарай, енді өз мұқтаждықтарыңды сұрап, яғни намаз оқу арқылы сұрауды үйрен деген масхаб білімінен әлде қайда күрделі және қазақ ұлтының жанына, ғұрпына сиымды бағытты ұсынады. Яғни масхаб ұстанымындай Алла сенің иман келтіруіңе, құлшылық қылуыңа, намаз оқып, ораза ұстанып т,б тек өз басыңды жетілдіру барысындағы сопылық, тақуалық қылуыңа мұқтаж емес, керісінше осындай ізгі шаралар арқылы тағдырға, қауымыңа, ағайын туысқандарыңа жүктелген, болшақтағы сынақ, азап, ауруға айналатын Алланың адамзатқа, тағдырларға заманына қарай ортақ болған тұрақты жазасын кетіруге; құрбандықтармен, ізгілік жасаумен саудаласып, соған байланысты берілетін де нығметіне бөленіп, азаптардан өз дін қандастарыңды және қауымдық аруағыңды тазалап, жандарының еркіндік алып, түсіңде жаннатқа енуі арқылы алатын қосымша сый, сыбағаларға өзің мұқтажсың дегенді ескертеді. Ал жаратушыға мұқтаждықтан бас тартсаң, онда тағдырыңа, білмей істеген күнәларыңа қарай жазалансаң, оны ешкімнен көрме деп ескертеді. Сондықтан рухани жетілуіңнің жемісі болып көрінетін жан ұяң, әйелің егіндігің, қанына не беріп, тәніне не ексең, ұрпақ және өзіңе қайта келетін ар қуаты қылып, егініңді орасың, немен өлшесең солай ұрпақ қылып, шежіре тарихыңа қарай қасиетпен өлшеп аласың. Мұндай орндаған намаздарыңның нәтижесі де ұрпағыңның қасиетті, қасиетсіздігімен, өзіңнің санаңның ашылуымен, ақирет өмірін, Алланың көк, жер мүліктенің құпия сырын шамаңа қарай аянмен көріп, жаныңмен аралап, рухыңмен өлшеп, шындықтың иесі, бар, рас және соңғы нәтижесінде адамдық кейіптегі көздерге, жүректерге яғни бірліктегі аруаққа айналатын қуаттардың біртұтас тәңірі болған Алладан шынымен де қорқа білуді меңгеруің хақ. Себебі көзсіз, сезімсіз, түйсіксіз құр тілмен иман келтірдім деп, ғайыптан кім екені белгісіздерден өлердей қорқып құлшылық қылмайсың, керісінше көместерге, хикметтерге жолығумен, ақ қарасын ажыратумен жаныңның түршігіп, күнәлі болмысыңның, шайтаныңның өліп, 8-түрлі қуаттық малдық жындарыңның бірленіп, тазарумен берік негізді адамдық болмысы сенім күші пайда болады. Сенім күші жының тазалығына, кісіліке айналуына ғана тәуелді. Сондықтан енді бұрынғы «материалистік», шайтандық, жындылық, мастық көз қарастарың мүлде өзгерумен, өміріңнің де мәнін де, тіршілік барысында істеген қателік, күнәларыңның да нақты сипатын батамен өз құлағыңмен көзі арқылы естумен, және қандай нәрселерден сұралатының да да, соған байланысты түсетін азаптардың да түр түсін, дәмін татып, өзіңе-өзің амал жоқ есеп беріп, дін масхабыңды 40-жыл шет елде оқыған имамдардан тіпті, хазіреттерден де артық түсініп, ақ қарасын ажыратумен, күнәлі істерден де, жасырын сөздерден де, тіпті жаман ойлардан да бас тартып, рухыңды тәрбилеп, жаныңды тазартуыңа мәжбүр боласың. Әрине мұндай ахуал жасынан жер емшегін де шал емшегінде еміп, ата-ана тәрбиесін тіл, сөз т,б ұлт құндылқтарының қасиетін бағалайтын, тұрмыс жағдайында түрлі сынақтардан байқамай сүрініп, жолы жабылып, өзін-өзі тануға талпынған қазақтың ұлтшыл ұл, қыздарына ғана тән құбылыс. Ал енді өзге елдің тілімен де, салтымен уланып мақтан кіріп, мәңгүтенген, немесе түрлі жағдайда білім қуып, жолынан адасып, санасы жабылып, ата жолына келумен өзін танығандар да және өзге ұлт, дініндегілерге де ата жолының хикметтері арқылы тіптен кейбір қазақтан да артық салтымызды, ғұрпымызды, дінімізді меңгеруші басқа ұлт өкілдері де ата-жолында де жүздеп кездеседі. Тек арап тіліне шоқынып, намаз оқумен жеке пірлерге табынғандарға және өзге елдің дін салтын қоса алғандарға ғана әзір ата жолының есігі жабық. Себебі неде? Бірінші тәубенің алғашқы сатысындағы ата жолында жын-шайтандармен хабарласып «секта» деген айдардың тағылуымен және құран ғылымын, философиясын пайғамбарымызға түсірген кітаптардың аяттарын теріске алумен жүректерге мөр түсіп, керісінше қара түнек күштерден қорқып, имамдарды, дін ғалымдарын пір, тәңірге айналдырумен қызылбастық жолдың надандықтармен тікелей байланысты. Бұл жағдайдың «такеледи»-тақсырлы иман дәрежесі болып, нақты ғылымы мен білімін алдағы басымдарда ашып көрсетеміз. Енді қазіргі таңдағы әрбір «намазхан» аталған қандай да масхабты ұстанушылар басты иманның шарты намаз оқымасаң кәпір болып жазаланасың деген пікірмен, Алладан қорқып шариғат істерін меңгерсе де, ұлық сипаттарының хикметтері түгіл, жалпы құран, кітаптар арқылы түсірілген білімін де ұмытып, сондықтан ондай аяттарды ертегіге айналдырып, сенімдерінің негізіне айналдырған. Ал, тозаққа түсуден сақтайтын ақиреттік білім қорқыныштарының сипаты; тіршіліктік, ұлтық, ғұмырлық, тағдырлық сипаттағы намазды орындаудан да, намаз оқу маңызды деген ұстаныммен, кейбір намаздардың үстінде тілегің межеге дәл тиіп, тағдырың бірден өзгеріп сондықтан да өмір бойы жасаған қандай дәрежедегі күнәң кешіріліп кету де ғажап емес. Сондықтан оны үзіп, қаза қылып бүлдіріп алмасам екен, тіптен барлық нығмет намаз оқуды жетілдіруде дегендей әрекеттерге бой ұрып, білім алу намазынан да, адал еңбек етуден де, міндетті тұрмыстық, кәсіптік намаз орындауларынан да мешіттен қалып қоймасам деген қорқынышпен мұсылмандық қарыздардан бас тартып, тіпті білім алу намазын, дәрістеріне және адал еңбек ету жолындағы құлшылық, отанға қызметтерінде бес уақыт намаз оқуға ойланбай айырбастап және бүкіл жартатушы тарапынан болатын жылдық намаз оқуға татитын құран- хикметті де, аят-нығметті де сәзждеге, мешітке соның айналасындағыларға құлшылық жасап табынып, еліктеумен және намаз оқу арқылы тағы одан да зор нығметке, хикметке бөленесің деген намаз оқудың басқалай жалбарынатын түрін естісе, көрсе (талтайып тұру, қолын шошайту, қол қусыру, рәккәтарының санын түрлендіру, мешітерге түнеп жатып намаз оқу т,б) бірден құлай кетіп, тағы осындай намаз оқудың ішкі амалдарын, арапша оқылатын дұғаларын жетілдіру сипатына қарай сопылық, тақуалық деген ат қойып алған топтың соңынан еріп, пірге қолын (ата-ана аруағын,досын, сенімін тапсырып) беріп, қайта-қайта қажылық жасаумен, сынақтарға, қиындықтарға түсіп, бұл неге деп үмітіңді үзсең «шайтан» болып кетесің деген пиғылмен ақыл-ойы және ішкі еркі, қайрат-сенімі қақпанға түсіп, ит сияқты тек қожайынға, пірге табынумен және ұрса да кетпей, бұйрықтарын мүлтіксіз орындайтын, бұл әрекеттеріне ақыл тоқтатып, есті жиып арты немен аяқталатынын білмегендіктен, кейбіреулері тезірек жаратушының нығметіне бөленгісі келіп, өз-өздеріне қол жұмсап өлтірумен, немесе біреулерді, туысқандарын «кәпір» атап жарып жіберумен айналысып кетеді. Адам баласы Алланы, жаратушы иесін жақын білмек болып діннің сиыну амалдарын қалай меңгере бастаса, уәде бойынша қандай алған білімінен, ақылына сай «ібілісте» өз әскерін алдына тосқауылға қойып, түрлі бағытқа қарай азғырып немесе жолында отырып алады. Бұл тәубенің негізгі қағидасы яғни ібіліспен негізгі кездесу орындары 9-шы кезекте болып, осындай екі бөліктен тұратын; 60 және 70 санды 130 белгілі яғни 13-сатылы Раббына қосылу тура жол қағидасы бар. Сондықтан пайғамбарымыз; «Егер күнәні жасырын жасаң жасырын түрде сондай ізгілік, жақсылықпен қайтар, ал ашық жасасаң онда ашық түрде орнын толтыру керек» деген өсиеті масхаб шариғатында күшін жойған әлсіз болып есептеледі. Тәубе сүресінің неге Алланың рахымы мен мейрімі аталып басталмаған деген сауалдың әлем данышпандарын да толғандырып жауабын таба алмай жатқаны да даусыз. Бұл жұмбақты Шәкәрім атамыз әйелдік жыныстық қуаттық сан; 5-пен белгілеп; «Тоғыз қатын жиылып бір толғатқан, Бірін-бірі буаз ғып, жуандатқан. Тоғызының киімі тоғыз түрлі, Келген кісі сияқты әр таптан. Босанғанда, тоғызы бір ұл тауып, Балаға екі түрлі киім жапқан. Бір киімі шешесіне ұқсаса да, Бір киімі келіп тұр бөтен жақтан. Қатындар не? Киім не? Баласы не? Көпке киім жетеді не себептен?» деп тоғыздан ғана он туып; «Ар» сауыты дегенімізді өзі көктік белгіні қалыптастыратынын астарлы баяндап, Ғиса пайғамбарымыздың шам ұстаған 10-қыз деген астарлы әңгімесін християндардың да әлем дін ғалымдарының ғасырлар бойы шеше алмаған сырын қарапайым қара өлеңмен 10-жолға сиғызып, үшінші байлық; «Он саулық» білімін де көрсетіп берген. Әрине сондықтан да қазақтың әулиелерінің тура жолда екенін жасырып, «шайтан жамағатарының» өздерінің беделін көтеруге тырысқан араптық білімен ата жолы да, бабалар аманаты мен дінімізде секта болып аталуы да даусыз. Бұндай ағайындарымыздың сенім, иманын «көреалмастық» деп екіжүзділіктің негізі деп ескеркен Раббымыз. Сенім қуаты-иман дегеніміз үнемі жетілдіріп, толықтырылып, дәрежелеп көбейтіп отыру үшін иман тегі шежіре ағашына жалғану арқылы, тарихтан хат, хабармен, жер, көк есіктері арқылы «Ман» жіптеріне жалғанумен болатынын және аяқ астынан, төбеден азық алумен ғана толысатынын, жүректерге, тылсымнан көздер-жүректер арқылы зейнетелетінін, тоғызды меңгеріп, рухани толғатып, онмен ар киімін кигізіп алау керек екінін жалпы ислам әлемі әзірге жан ғылымын білмейді. Шерік болып тазармаған қуаттардың енетін әурет жерлерді және тозақ қақапаларын қорғамаудан, арам жеп, дұрыс сөйлемей, тілмен ойдың арасын бұзғанан да, жалпы ар білімін сақтамаудан барлық ұятсыздықтардан өзінен-өзі тіпті ұйықтап жатқанда да, шеріктердің тәнге ену үшін, денемен (аура өріспен) араласу арқылы да теріде өрістік «тату» (терідегі жазу) түрлі жәндіктер, кеміргіштер түрінде болып бейнеленіп, еттерге өтумен теріс қуатты рух болып, ақылға иманға сынақ болып қосылатынын екінің бірі, дін имамдары мен, ғалымдары да әзірге білмейді. Сондықтан қазақтың жалпы халқының басына келген шерік қосылу азаптарынан, мастық, жындылық, көшедегі баспасөз мәдени ошақтары мен тіптен ел басқару сарайларында, киелі зиярат орындарындағы болып жатқан арсыздық, жалаңаштық әрекеттермен кәпір жындармен жүктелу, шерік қосылу салтымыздан, болашақ ұрпақтарымыздың басына түскен мұндай рухани өлімнің, тығырықтан шығудың басты жолы, адамзатқа берілген, түсірілген қасиетті кітаптармен, құранды заманға қарай жетілген сөз білімі, ғылым жетістіктері арқылы насихатын меңгерумен ғана бұндай адамзаттың сеніміне берілетін ғасыр сыннан, шаруашылықтарының күйреуінен тек ар білімін меңгеру арқылы ғана өтеріміз де сөзсіз. Бірақ адам баласының жаратылыстан тағдырмен берілген шамасына қарай жүктері яғни ата-бабасынан бері жалғасты келе жатқан жиналған тағдырлық күнәлі болмысы және қасиеттік негіздері, міндетті түрде маңдайына (періштелігіне-насыр жанына), яғни қауымдық аруақ қуаттық кітаптарына сынақ болып жазылған. Сол күнәлі болмысының өліп, рухани жаңару үшін де сол қуаттың негізі тектік шежірелік бастауларына, әулиелердің таза киелі аруағына жалғану арқылы ғана теңеп отырумен, қолға қуат алып және шариғат амалдары мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлік, ұлттық адамгершілік шартарын «Ман» негіздерін меңгеру керек. Ал адам баласындағы тұрмыс барысындағы қалыптасқан ескі рухани күнәлі болмыс, Алланың азабына немесе ерекше бір хикметіне Құдай нұрына жолықпай, құр тілмен иман келтіріп намаз оқи бергенмен, сыртын әуреттерін тазалап, тілмен, сөзді жылтыратқанмен, ішкі жанның сырына жазылып, кітапқа айналып бекіген күнәлі рухани болмысы өзінен өзі жоғалып өле де салмайды. Бұндай жағдайда не тұрмыс тауқыметін көру арқылы, еңбектену барысындағы түрмыстық жағдайдағы міндетті, тағдырымен белгіленген сынақтарынан өтумен, кенеттен келетіп азаптар, аурулар әсерінен өлуі мүмкін. Немесе тұрмыс, өмір тәжірбиесінен өтіп, мүшелдік жас келіп тағдырлық несібе нұрына «манына» жолығып, ақыл толу арқылы, өз міндетінен құтылып, келесі бір рухани жетілуге, естілік жағдайға өтеді. Үшінші жағдайда еріксіз өзге біреулердің жетекшілердің, ұстаздардың көмегімен бұндай, бәрібір ерте ме кешпе тағдырмен болатын, кездесетін жағдайлардан, ақылды жетілдіру, естілікті қалыптастырумен тағдырлық сынақтардан Раббымыздың аянымен көрсетіліп, жорылған аяттарын намаз қылып орындау арқылы ғана 9-санды негізгі кедергілерден жеңілдікпен өту керек те, оның да екі негізді, жанға, адам рухы ақылына байланысты 3-түрлі негізгі өлімдік сатысы бар екенін Раббымыз ескертеді және бұл таспихпен 99-санмен қатысты белгілеп көрсетіп қойған. Сандар тағлымымен; 33=30х3=90 (3х90=180 яғни дәрежелген 18-ғалам, інжіл, рух саны) болып, тоғызбен жасырылған 3-түрлі сатылардан өту қағидасын; «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» деген аталарымыз. Ал пайғамбарымыз; «Иманның бұтағы 60 немесе 70 болады.» деп ескертуіне қарай намаздық парыз мәндері 6 және 7 сандарының 10-көктік белгілермен дәрежелуінен туындайтын аят сүрелермен және осы сандар мәндерінен іздеп 7-ші сүренің пайғамбарымызға жеке берілген кітап болып; «Жеті сүйекпен сәзжде жасауға бұйырылдым», намаздарын орындауға деп ескертуінің құпия сыры, қазақтың аруақ, ар білімінің 7-санмен байланысты, жеті жарғылардың пайда болуы осы иманның жетінші дәрежелі тәубасынан басталатын 70-бұтағын меңгерген тура жолдағы ел болғандығымыз Ясауи бабамыздың, 70-хикметтен, иман жапырағынан тұратын бірінші «Сәни дәптері» ашық білдіріп тұрғаны сөзсіз. Сенім қуаты Алланың түсірген хикметіне жолықпай зейнетеліп бекімейтінін ескерсек, осындай негізгі рухани өлім сатыларынан да өту керек. Олай болса адам баласында жанға және рухани болмысқа байланысты екі тағдырлық болмыс болып, барлығы 6-санымен белгіленеді де ата жолының қағидасы аятта; «Егер оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктер сөйлессе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111) Бұл аятқа ұғымдық атау берсек; «Шындық» деп аталады. Құран философиясы, насихаты бойынша шындықты, шынға яғни иманға, сенім қуатына айналдыру адамзат сенімін жетілдіру барысында қарекеттерге, жарыққа, бірге айналған «Ар» қуаты «Шын» болып зейнетелетін құпия белгіні, заманына қарай көрсетіліп, түсіріліп, оқылып тұратын аяттарды яғни Құдай ісін ескертеді. Ал енді бұл сүренің білімін меңгеріп «Ар» яғни шарыңды кеңістіктен орныңды «Ақ»-ты белгілеу үшін де 6х3=18-ді яғни інжіл санын меңгеру шарт. Және тәубаның алғашқы екі дәрежесімен «Сұбханалла, әлхамдулла» таспихының 66-сандық негізін де көрсетіп тұрғаны сөзсіз. Бұл 66-сүре жұбайлық өмірмен Мариям ана әйел жанының тазалығымен, рухани жетілген ұрпақты тәрбиелеумен, неке өмірінің тақуалығымен, діл білімімен, ұлтық әдет-ғұрпымызбен ғана зейнетелетінін ашық ескертіп тұр. Мұндай жетілген қазақтың дін ғылымына көптеген мұсылмандардың және масхаб діншілердің мүлде қарсы болып, ата-жолының негізгі ірге тасы болып саналатын, ислам дін ғалымдарының да әзірге ақылы жетіп білмейтін, тек қазақ аталарымыздың орындаған жетілдірген шариғатымыздың 6-шы парызы «Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер» деген қағидасымен басталуы да көптеген Құранды теріске алып, арап тілінде түсірілген шариғат ісі болып, бекітілген үгітімен ғана шектелген, өзге халық түгіл өз отандастарымыз, ел басына тұрған басшыларымыздың да күнәлі болмыстарының қарсылығымен, бірленбеген (8-түрлі, сипатты) тазармаған жындарын түртіп, қоздырып, ашу-ызасын келтіріп, қазақ еліндегі дін сынағының басты себебіне айналғаны да даусыз. Ал жинаған мал-мүлкіңді, дүние байлығыңды садақалар және артық хайыр жасау арқылы арамнан тазартпағандардың жаны өзінен-өзі тазаруы немесе намаз оқумен, жалған бес парызбен тазаруы да мүмкін емес және жоғарыдағы аз ғана мысалмен берілген тұрмыстық намаздарды орындаудың жан ғылымына, құран үкімдеріне де қайшы. Сондықтан жалпы халықтың күнілі болмысының, ел тағдырының, заман намаздарының тұмшаланып, көктегі мүліктердің және жердегі «Ман» негзді мүліктердің нәтижеленіп, бір жағдайдан келесі бір жағдайға өтетін қияметтік мезгілі келіп, әрбір пендесіне ескертумен, мал-жандарын арамнан тазарту намзадарын орындатау үшін, жүректерін тоттан тазарту үшін де, халықтың жапай жүрек ашуымен болатын мұғжизаны және соған байланысты шындықтардың «Шынға»-сенім қуатына айналып, адам баласы арқылы бата болып шығуын аятта; «Олар өздеріне бір мұғжиза көрсетілсе, оған міндетті түрде сенетіндіктеіне Алланың атымен ант қылды. (Шаһадат куәлік беріп, Алланың ақирет күніне, қиямет мезгілінен, үкім жеткізуші, адамдармен сөйлесуші періштелеріне, аян болып оқылатын кітаптарына, Құранға да иман келтірдік деп ант берген.) Мұхаммед мұғжизалар Алланың қасында» де (Алла достары мен ақирет тіршілігінде) Шынайы түрде оларға мұғжизалар келсе ( жоғарыдағы 111-аят үкімі) де, сенбейтіндіктерін сезбейсіңдер ме? (109-санды аруақшыл қауым діндарларының аян, уахиға сеніп жори білмейтіндерін) (109) Олардың көңілдерін (ұждандарын, періштелерін), көздерін (аруақтарын- жүрек бірлерін) теріс айналдырамыз. Алғаш рет оған сенбегендіктері сияқты оларды сергелдеңге (намаз оқумен, қажылықтың соңына түсуге) қойып қоямыз. Олар қаңғып (ел кезумен) жүреді.» (6-110) Ал енді мұғжизаға иман келтірген, және аян-кітаптарын оқып, Алланың нығметіне бөлене отыра, періштелерден, аруақтардан қолдау алған, ата-жолдық аққу, сұңқар аталғандардың неге сенімдері сынан өте алмай осындай бейшара күйге түсіп, жеңіліске ұшырады? –деп сұраңыз. Бұл басылымдарда көбіне ата-жолына қарсы болған діншілермен басшыларды кінәлап жатқанымыз да бір себебі; жетілмеген әлсіз сенім қуатымызды қорғау үшін, өзімізді-өзіміз ақтауға тырысқан, пендешіліктен туындаған деп те түсінуге болады. Ата жолына кеместен бұрын, шындығынада тілге кәлима келтіріп, намаз оқу түгіл дәретті де білмейтін, көбіміз қазақтың да бет бейнесін жоғалтқан, тағдырдың талқысына түсіп қайдан демеу көмек болады деп, шарасыз басын тауға-тасқа ұрғандардың, осы ата-жолына түссең жолың ашылады дегенді біреулерден естіп, жақындарымыздан көріп, сонан барып біреуін жетелеп, енді біреуін амал жоқ мұқтаждықпен, енді біреуімізді өзге жерден шипа таба алмай, немесе түрлі азаптарға душар болып келгеніміз хақ. Сонан аруақтардан қолдаумен, әулиелер батасына кенелумен, есіміз кіріп, жағдайымызды түзеп, алған аманттарға қолымызға түкіріп, бастапқыда құлшына кіріскенімізбен, бірақ сенім атты бой қапшығымызға, бойымызға иман атты қуатты жинай алмағандықтан басты себеп, сынақ пайда болды. Бұған себеп; барлық қуаттардың, сенімнің де күзетшісі ақты, оның білімі арды қалыптастыру мүлде ескерілмеді десе де болғандай. Ардың қызметшісі әуелі ұят, сосын ұждан-көңіл, сосын намыс-қайрат, көз-аруақ, жүрек болып, сенімізді мықты күзеткенде ғана «Иман» зейнетелуі тиіс еді. Ал жаратқанан ерекше берілген несібе сыйды алғашқы келтірген екі жүзділік тәубамызға алған иман қуаттарын тез тауысып алдықта, сосын тағы күмәнің құдығына қайта құлағандарымыз басым көпшілік болды. Және оған енді дін имамдарымыз бар, ақылшы білімді жазғыштарымыз ба, жан жақтан азғырып; Осы менің жұмсаған қаражатыма несібені толық берді ме екен, әлде екі арадағы қызметшілер пайдаланып кеті ме екен ақиретен білімсіздіктен, пенделікпен шайтаның азғыруына да түсіп алғанымызда сөзсіз. Ой түзеп, ұяты жинап, етекті жауып, шариғат істерін жетілдіріп, ұждан арқылы берілетін (батаны) тыңдап, берілген аманаттарды мүлтіксіз орындап, ақылмен ғұрпымызды қайта қалыптастыру орнына, сыртқы бейнеміз дүниелік бойымызды европалыққа қалыптастырып, дүние қызығына, ойын сауыққа алданып, исламдық асыл дінімізді жартыкеш шала дінге айналдырып, немесе қызылбастық иман келтіруге айырбастап, сондықтан ақылды, есі, тегі дұрыс адам баласын ата-жолың осы болса дегендей, бетті басып, тұра қашатын әрекеттердің бәрі, «аққу, сұңқар» деп жоғарғы дәреже берген қауымның арасынан да шықты. Тек Ақ ұлдың өз халінше бұл керуенді жолға салып сүйреуімен, халықты бақтарың тек 9-жылдық сынақтардан өтумен ашылады деп үмітендіріп, мүмкін ақиқатын есі кіріп түсінер дегендей, бала құсатып алдауымен және жаратқанан берілген сыйдың, жүрек ашу мұғжизасының қуатымен ғана көптеген жетістіктерге жеткеніміздер де бар арамызда. Бұлардың қатарына тек ар білімін жетілдіру барысыда; білімді-ілімді меңгеру арқылы жоғарғы дәрежедегі намаз амалдарын жетілдіріп, тақуалықты, әулиелік дәстүрді меңгеруді санаулы ғана ордалардың, аққу, сұңқарлардың меңгерумен, сауықшыл көп надандықтың арасынан арпа ішінде бір бидай болып қалған жағдайы болды. Енді еліміздің негізгі саясаты, дін ұстанымыз ақылды болсаң неге кедейсің?-дегендей сүйген нәрсеміз де ақша болып, бәрінен де ақшаны, дүниені қадірлеу маңызды, ендігі рухани байлығымыз «ақша, дүние», мақтан деген тәңірге табынған салтымызбен, діншілеріміз бен ел басшыларының, жалған дін ғалымдарының шешімімен ата-жолының қателіктерін дұрыстап, ар білімін жетілдіру орнына, сот үкімімін; Ата жолы жеке байыушылық, сендердің табынған құдайларың халыққа ештеме бермеді, дегендей шешімдермен ғұрыптық дінге иттік, ұлтына ата-баба рухына сатқындық, қарсылық жасағандамен бір қораға қосып, білдірмей мәңгілікке жіберіп бір бәледен құтылдық, сондықтан тура даңғыл жолымыздың «намазхандық» сенімінің батырлары масхабшылар алдынан кедергі жоқ деген жеңісті тойлап та үлгірдік. Бірақ кейбір құнарлы жерге (арлы-намысты жүрекке, тәнге) себілген рухани тұқымдар жемісін беріп, енді кәпірлердің ызасын келтірген, жуандап сабақтап өскен, рухани ағашымыздың гүлдеп айналасын қайта жұпар иісі бұрқырап, ұрық шашып, Алланың хикметін қазақ елі ғана емес әлем жұрты таң қалып үлгі алатын мезгіл де туғаны да хақ. Қазақ елі негізінен бір атадан Алаш бабамыздан тараған, алғашқы тәубенің «мұнафықтық» сынағынан өте алмай; өз ара дінде көре алмастықтың, екі жүзділіктің, надандықтың салдарынан ғана жіктерге, діни топтарға бөшектелген ұрпақ болғаннан кейін; «Бас (періштелік, адамдық негіз)жарылса бөрік ішінде, қол (аруақ) сынса жең ішінде» деген әулие-әмилеріміздің Алла Тағаладан алған тағы да ер кезегі 3-ке дейін деген қағидасымен осындай басылым арқылы және тылсымнан әр пендесін аянмен жетелеу арқылы тәубаға келу әрекеттерімен, «Шынның» бейнеленіп, құпия ақпарттардың, кітаптардың ашылуына, халық арасындағы білімділер арасына таратылуын ұлықсаттың түсуімен хақиқатың көрнісін ақылымыз, сөзіміз жеткенше тылсымнан келген заман біліміне қарай, келген шындықты баяндауға аманатпен тағы да жүктелдік. Онда шындықтың бейнесі, шыны қандай болу керек?
Достарыңызбен бөлісу: |