Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын!



бет9/24
Дата17.06.2016
өлшемі1.71 Mb.
#142170
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
қатының билігінде болса, онда сіздерден өмірден көрдің өзі жақсы.» (95-өсиет) «Егер дін істерінде әйелдерге бағынса, еркектер өлімге бет алады.» (933-өсиет) ескерулері де ата жолында қаперге де алынбай дін ісін тек қатындардың жүргізу де шайтанның азғыруына түууге басты себеп болғаны да хақ. Ал мұндай жағадайдағы әйелдер басқаруына өткен ата жолының намаз орындау, керуен арқылы рухани өлім сатыларынан өту т,б амалдарының қазақ елі бойынша, үкімет басшыларының да, ғалымдарымыздың да, діншілердің де тапынан зертеліп қолдау көрмегендіктен және білімді, зиялы қауымдар мен дін имамдарының ата-жолына келіп шариғат істерін меңгеруге іс басына тұрып, ата жолының жетімсіз, қисық кеткен тұстарын сынап, жақсылығын асырып дәріптеудің орнына, жалпы халыққа арысынан тек іздеп жүріп жамандықтырын ғана көрсетумен, теріс ықпалды «секта» түрінде насихатауымен және тілші, сөзші қауымдары өздері басын сұғып кіріп көрмек түгіл, алыстан оймен жорып, шайтанға айналған ашық қарсылықтарының салдарынан, көптеген буыны қатаймаған, еліктегіш жастардың, бақылаудан, қадағалаудан тыс қалып, «аққулардың» шайтанның әдемі көрсетуімен шалбар киіп, қалай болса солай; «атам айтып тұр», «аруақ былай деді», ал ашықтай қарсы келген еркекті «жолыңды жауып тастаймын», «мені кім деп тұрсың?», «сынаққа түсірем» дегендей жалған, сезімге, түйсікке негізделген ақпартармен шерік қатумен айналысып кеткені де растық. Мұндай жағдайдағы келген білімді еркектердің жындары дес бермей ата жолына қол сілтеп, тастап кетуіне де себеп болды. Және осындай келең алған ұлтық салтымызға қарсы қылықтардан жалпы халықтың жалпы ықыласын суытып, ата жолынан теріс айналып кетпеуіне де, тек жаңадан келген әлі ондай мақтанға, дәрежеге «жұлдыздық» кейіптері қалыптасып үлгірмеген аққу, сұңқарлардың жүрек ашу мұғжизасының арқасында толықтырылып отырумен және жаратқаның үнемі зияратау барысында аруақтары арқылы халыққа көрсетіп, түсіріліп тұрған хикметті істерінің арқасында ғана керуен тоқтамай жүріп тұрды. Сондықтан да Ақ ұлдың амал жоқ, негізінен қалай да көбірек аққу, сұңқарларды дайындауға аса мән берумен, бірақ ол енді ордалар арасына өз ара жарысқа, бәсекелестікке айналып, тарихаттың ілім, білімді меңгеру түгіл қарапайым шариғат тазалық парыздары да орындау жоғала бастады. Енді еркектерге меңгеруге тиісті тақуалық және құпия кітаптарға жалғанып, ата-жолының білім, ғылымын көрсетіп, халық арасына хақиқатты ашып көрсетуге, ақ бақсылық істеріне тұрғызылған Ақ ұлдың көмекшілері «бизнес», дүкеншілік, сауда-саттықпен, тек дүние ісімен, түрлі көліктер мініп, үй салып, несиелер алып, өз ара жарысумен жаңа қазақ атанумен, ата жолының халық арасына кең таралуға тиісті басылым жорналының өзі қымбат қағаздармен, халыққа тиімсіз бағамен шығарылып, табыс көзіне айналуымен, халық арасына ата-жолының насихаты, ақиқаты кең өрісін кең жая алмағаны да сөзсіз. Керісінше кейбір саналы, иманды, білімді еліміздің тұрғындарын ата-жолын жек көрнішті дүние табу мақсатына құрылған секта түрінде көрсетуге тырысқан әрбір аққу, сұңқарға ерекшеленіп, тәкәпарлануға берілетін төс таңбалар немесе күнтізбелер сияқты тек пайда табу, мақтан, дәреже мақсатындағы түрлі айла шарғылар кең түрде дәріптелді. Және бұл іс басындағылар тек түрлі себептермен Ақ ұлдың жанындағы жоғарғы және 9-жылдық сынақтан алғашқы өтушілердің сеніміне кіргендер ғана айналысып, ал егерде жазатайым аянмен берілген ескертуді, немесе шариғат білімінен, ата салт-дәстүріне сай емес әрекеттерге қарсылық білдіріп, оны Ақ ұлға жеткізуге талпынсаңыз, онда соңыздан түрлі айтылмаған сөздерді айтылғандай, немесе айтқан сөзді басқалай өзгертіп, ақырында онан құтылу үшін амал жоқ, енді өзіңіз-ақ Ақ ұлдың көзіне түспеуге тырысып, тығылуыңызға тура келетін жағдайға тап болуың ғажап емес еді. «Көп құмырсқа жиналып, жабылғанда құлайды азынаған арыстанда» деген аталар нақылы осындай жағдайларға бола айтылған сияқты. Сонымен Айша анамыздың үнемі аққуларға ескертетін; «Қатын бастаған көш тозар, еркек бастаған көш озар.» деген батасыны ескерусіз қалып, жартқаның мұндайға жіберетін сынағының үкімі орындалумен, көп жағдайда тылысымнан келетін аяндар, құпия сырлар тоқтала бастады. Ал Ақ ұлдың өзі ата жолының азшылық уақытында барлық істердің басында өзі жүріп, қадағалаумен атқарған кезде кең өріс алып, Құдайдан келетін әділеттілікке, Ақ ұлға жеке берілген мөрмен келген жалпы керуенге түскен хикметеріне халықтың көздері жетіп, риясыз сеніп ерумен керуен ісі жібек жолына, Ыбырайым жолына айналғанымен, бүкіл қазақ елі, барлық обылыстар бойынша және алыс ауылдарға дейін тараған ордаларды қадағалап, бір адамның бақылап отыруы мүлде мүмкін болмады. Сондықтан әрбір ордалар өз қалауларынша обылыстарға және іштей жақындықтармен де топтарға бөлініп, оны өздері тарапынан арларынан тақуалықта, қасиетілікте, намаз орындауда озық шықандар және білімді еркектер арқылы басқарылу тиісті болды. Бірақ қанымызға жартылыстан сіңген; тақ таластық және әйел халқымыздың қазіргі таңдағы билікке таласқан «гендірлік» аурулары сияқтылар бұндай жағдайға, аруақтар тапынан берілген ескертулерге де пысқырып та қарамауға апарып соқтырды. Ал мұндай әлемде болмаған рухани қозғалысытың және соңғы рет Мұхаммед пайғамбарымыздың арап халқына елші болып келуімен, жалпы халықтың рухани өлім сатысынан ерікті түрде өтіп, топ-топ болып дінге кіруі сияқты жағдайдың, енді Алланың нұры сөз келіп қазақ жерінде қайталынуымен, барлық халық ұйқысынан оянып, бірі масхабшыл, бірі сопылық, тіптен өзге діндегі секталарға да кірудің халықтық бейнесі осы ата-жолының мөр мұғжизасына байланысты көктен түскен келген нұрдың, кісілердің, періштелердің шараптын көбі теріске алумен аяқталғаны да даусыз. Және қазақтың басына келген мұндай қонған бақты ұстап тұратын салмақ пен үкімет және зиялы қауым тарпынан бағалауға ақыл-ойы және философиялық дарындылықтары мен арлылық, намыстылық, саналық қуаттары да жетпегендіктен, ислам дінінің түпкі бастауларынан және жарысып арап үлгісін ғана қалыптастыруға, бүкіл мемлекет ақпараттарын жұмылдырғанын және сырттан елшілікке келген көптеген діншілердің ел басқарушалардың ерекше құрметімен, дәрежелі орындармен марапталғаны да сөзсіз. Ал енді ұлттық ғұрыптық, тағдырлық дін-жанымыз болып табылатын ата-жолын керісінше ұлықсат қағаздармен, түрлі мекемелерге, ұжымдарға бөліп, ерікті берілетін садақаға салық салу сияқты, құдай ісіне өздерін теңдес жасаған ел басшылары арнаулы түрлі қитұрқы заңдар шығарумен, халықтың тұтастығын да ордалар арсындағы тұтастығын да аудандарға, ұжымдарға бөлумен бөлшектеп және баспасөз, мәдениет басшылары да бұндай шайтандық әрекетерден де қалыс қалмай, әйтеуір осындайдан халық жиренеді деген қоқыстарды іздеп жүріп және жалпы халықтың егемендік алғанан кейінгі дүние, кедейліктің сынағына түсіп, жазылмаған жара қотырларын тырнап қанатып отырумен, бұндай рухани жағдайдағы ақшаның орны иманан жоғары тұрғанын да өз пайдаларына аса қулықпен пайдалана білгені де сөзсіз. Ал заң орындары, әкімшілік тарапынан арнаулы топтар ұйымдастырылып, тексерулер жүргізіп, айып пұлдар салумен, ордалар арасын бір-біріне қоспауға қарсы кешенді түрде күрес жүргізгені де басты себептің бірі болғаны да даусыз. Бұндай жағдайда ата жолының ілімін құран арқылы қорғауға және тақуалық үлгілерін қалыптастырып, құдайдың берген нығметі аруақтар арқылы келетін хикметер арқылы қарсы тұрып дәлелдер келтіруге тиісті болған, осындай жағдайда Ақ ұлға жәрдемшілікке тұрған бақташылардың өз міндетерін атқармауынан кейінен қатындар бастауымен қандай жағдайға тап болғанын өзіңіз ақ болжап отырсыз. Әрбір айтылған және берілген ақпараттардың шындықпен яғни аянмен қорғалып отыруы Мұхаммед және Ыбырайым жолының негізгі шарты деп шындықпен мысал бере кетсек; Осындай жағдайға тап болған мен де, «Сен тимесең мен тимен» дегендей, осындай шариғат құндылықтарын қадірлемейтін және көбінесе қатындар бастаған ортадан қашып, ордадағы керуен ісін әйелдерге тапсырып, әйтеуір бір-бірімен оңай табысады деген пікірмен өз шаруамды күйтеп жүрген кездерде, жаратқанан аян алдым. Сонымен түсімде көлікпен жолға керуенге шығып, артқы орындығына жайғасып алып қарасам, қасымда ешкім жоқ, мінген көлігім жүргізушісі де жоқ, өзі жүріп келеді де, жолдан шығып айдалаға қарай лағып барады. Сонан шошып оянып, дереу жан-жағымды, ордалардағы керуен жүргізу істерін зерттеп, қателіктердің Ақ ұлдың тапсырмаларын көрсеткен үлгілерін мүлде бұрмалап жатқандарын байқадым. Мұндай жағдайларға қарсы шығудан, іс басындағы Ақ қасындағы ерлер тарпынан мүлде қолдау көрмей, ақырында қатындармен жалғыз соғысумен, ең бір ата жолындағы қырсық жек көрнішті, «фонат»-діншіге айналып, ақырында Ақ ұлдың «жеке өзің бөлек ізден!» деген тапсырмасын алдым. Бұл жағдайдың өзі Ақ ұлдың менің ісімді теріс көрмей, мұндай жеке-жеке берілетін, бірақ сынақтардан өзім шыңдалып шығуыма берген жетекшілік көрегендігі деп қабылдадым. Оған себеп, ол кездерде үкімет және бүкіл діншілер тарапынан ата жолына ашық соғыс басталып, енді бұндай қалыптасып үлгірген және ақылы толмаған, кейбір ақылды, сауатты аталғандардың өздері де ата жолының ілім шартын толық жете білмеуінен, жалған абырой, атаққа ие болған керуен басқарушыларын және әдеттерін, қалыптасып қалған тәсілдерін бірден өзгерткенде және шариғат ұстанымын іс басындағылардың ерікті түрде орындаған үлгісімен емес, бұйрықтармен, қатаң тиымдармен енгізгенде, араммен-адалдың парқын әлі түсініп үлгірмей, жоғары басқарушылардың діни надандықтарын үлгі алып үлгірген, орда ісін солай жүргізіп жатқан аққу, сұңқарларды да, оларға қалай болса солай, дәретсіз, жалаңаш жалпы келіп үйреніп қалған, солай да керуенге әулие бастарына баратын, көпшілікті қашырып алумен бірге бүкіл керуен өзінен-өзі тоқтап қалу қаупі бар еді. Бұл жағдай әрине ол кезеңде тиімсіз де болды. Және ата жолының негізгі хикметінің шарты да әрбір ордада қамшы арқылы тазалау, адам баласының тәніндегі шайтан ұяларының тазартып, жанының қараңғылықтан шығып, ар сауытының қалыптасуымен ғана «Астральды сапарға» яғни ақирет өмірінен азық алып, түрлі ауруларға өзі қарсы тұратын жандық «імүнін», қанның тез тазаруын қалыптастыруға негізделген намаз амалына үкімет және медтина мекмелері тарпынан қарсылық болып, қудаланып амал жоқ Ақ ұлдың өзі де жүрек ашу ісінде қамшыны тастап және ордаларда қамшы пайдалануға тиым салған жарлық беруіне тура келді. Бұл, негізінен барлық соққыдан да ең ауыры және шайтан жамағатарының ең үлкен жеңісі болды. Ашылуға келген толық дәретті меңгермей, сасық иістерінен қашылау арқылы жағып тазармай және ордалардағы тазару сатысынан, алдын ала ерекше дайындалудан өтпеген, тек бес атадан өтумен ғана жүрек аштыруға келген теріс қуатты, жынды, мас пенделерге және де алдымен қамшымен өрісін ашпай, тек қолмен ғана жүрек көздерін ашудан Ақ ұлдың өзі қара қуатармен денесінің улануы еселеп артқаны да хақ. Қарапайым емшілік істерінде әуелі су бұлақтарынан, сосын қамшымен тазарпай қолды да ондай пендеге тигізуге болмайтынын меңгерген ол уақыттарда, мен үшінде Ақ ұлдың мұндай хикметті ісінен тек сырттай таң қалумен ғана жүргенім де растық. Және ол уақыттарда жоғары топтағы басқарушыларға әулиелер батасымен, аяндармен де ашылатын аққу, сұңқарларды емтиханмен ғана апаруды тапсырғаны да сөзсіз. Бірақ оның негізгі қағидалары біздер сияқты аз ғана «қума»-дінші аталған топтардың ішінде болып, сондықтан бұл жағдайға мән беріп, ақ ұлға жәрдемге келіп, жан ашыған біреуі де болған жоқ. Ал негізгі көш басшы ретінде жан-жақтан жау жағадан алып, иттер етектен тартып жатқан кезеңде, Ақ ұл тарапынан қандай жағдайда болса керуен жүргізуді тоқтатпай, тек арасынан аталар батасымен таңдалған пенделерді тазалығына да қарамай қамшысыз да жүрек ашу мұғжизасымен аққу, сұңқарлар қатарын көбейту керек болды. Барлық үміт осы топтардың арасынан сынақтардан шыңдалу арқылы; «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығару» тек тылсымнан келетін хикметтерге, батаны түсініп меңгеруге, әрбір ата жолдық сарбаздың тектілігі мен жеке жауапкершілік тәрбиесіне ар-намыстылығына ғана және уақытың өзі ақ-қарысын ашатынына ғана үміт артылды. « Жаға болған ағаны да көрмедім, «Кең тынысты» ініден де сезбедім. «Жалғыз» қылып жартқанда құдайым, Кім жасауды мына менен көздедің.. Жан айқайын жалғыздықтың сезгенде, Сорлы жанның кейпіндемін шерменде. Жақын жанан опасыздық көргенде, Аруаққа дау айтамын, өлгенге...Уақытша «жалғыздығым» сынақ бұл, Мақсатымды қолдап шығар халық тұр. Жүректегі жаралар да жазылар Жанашырлар, жан достарым табылар.» деп өз өлеңде жырлағанымен, шынымен Ақ ұлдың жеке басына, дүниелік жағдайына емес негізінен аманталған ата жолының болашағына көз жүгіртіп, жан ашыр жан достың ол кездегі уақытта қасына табыла алмағаны сөзсіз. Менің сол кезеңдерде жазып ата жол ішіне тартақан «Ақиқат бастауы» атты кітабымдағы; «...осы жолдың қозғаушы факторы Алланың берген мұғжизасы «мөр салу», «жүрек ашу» және оны тәрбиелеу сияқты. Себі алда талай асу бар. Ақ ұлдың 9 жылдық сынақтан өтуіне әлі-бір жарым жыл бар. Бабалар ескертумен сынақтан өткен әрбір адамның басында болатын бір ерекше құбылыс мұғжидза болу керек... «Сауысқан тоты болам деп жүріп жүрісінен жаңылды». «Ауруын жасырған өледі»...Ақ жолымыз қазақтың бақ жолга айналсын десек, халық болып сынға алып өзімізді өзіміз түзетпесек шет елден Европадан көмек әзір келе қоймас. Ордалардың кейбіреулерінде шариғаттан мүлде теріс қылықтар жасап жүрген Аққу, Сұңқарларымыз жетіп жатыр...» (Ақ.Бас. 101-бет 2004 жыл) жолдарды ата жол ішіде; «Ақ ұл ата жолын басқара алмай жатыр» деп жамандапты деген ақапараттарды таратқан жоғары жанашыр аталған топтағылар, іздеп жүріп ордалар ішінен бұл кітапты аластағаны да хақ. Мұндай қоғамдағы заман қозғалысының ақиқатының айнасы болып, жақсылығымен жамншылығын таразының екі басына қатар қойған, өз ара сын болмаған жерде мінде түзелмейтінін шайтан жамағаттары жақсы пайдалана білгені де сөзсіз. Бірақ сол кездегі осындай өрескел; «Ат ататып сүйек сындырған» аққу, сұңқарлардың арсыздықтарына да қарамай, негізінен халықтың жалпы қолдауымен ғана ата жолы керуені жүрісін тоқтатқан жоқ. Және жалпы керуеннің де негізгі мақсаты, бір адам баласы болса да, Арыстан баба арқылы өліммен ақыретпен кездестіріп, Түмен баптан тілетіп, аруағын қараңғылықтан шығарумен отанымызды, қазақ елін жалпы басып тұрған қара күштерден тазарту, жарық күштерінің кісілердің, басы көтерілген аруақтардың саптағы санын көбейту еді. Бұндай жағдайда басы көтерілген аруақтардың тылсымнан соғыс ашуымен, оған қарсы қандағы құрттары оянған қарусыз жүрген шайтан адамдарының да әрекеттері кең түрде өріс алып, енді ашықтай ата жолына, аруағына да, дінің ортасы болған Ыбырайым жолының ұстанымына да ашық соғыс жариялап, бұл жағдайдың басылым беттері түгіл, бүкіл теле арналар да негізгі тақырыбы қылып алғаны да өтірік емес. Сонымен енді ата жолының негізгі ұстанымы болған, қандай надандық әрекеттерден де, әрбір пенде өз еркімен бас тартып, дін тазалығын қалыптастыратын және қазіргі таңдағы бүкіл әлем діндерінің жоғалтқан ортасы аяндарды жоруға және осы арқылы құлшылық ілімдерін меңгеріп, намаздарды түзеп, дінің жоғарғы дәрежесіне жету үшін де еркектердің, елшілік дәрежесіне жеке кітабын уахи алуға және белгілі бір әулиенің, пайғамбардың тұрақты кітабына жалғанып және арнаулы пірлігіне тылсымнан жетелейтін жетекші ұстаздығына жетуі үшін міндетті түрде тақуалық, сопылық істерді меңгерумен құраның қазақша түсінік насихатын жетік меңгеру тиісті еді. Мұндай жағдайға жетуге енді амал жоқ өзінің қасына ерген алғашқы топ еркектерді Ақ ұлдың тапсырмасымен қажылық сапарға дейін жіберіп, ақылдарына нұр алып, Ыбырайым жолына кітабына жалғануға, Алла жолында қажырлықпен күресуге мүкіндік берді. Үміт күткен алғашқы топтағылардан, бұл әрекеттенде ештеме шықпай, керісінше мүфтияттық қажылықты меңгеру сияқты әдеттермен яғни құжат алып, жамағатқа уағыз айтса болды ал, арнаулы пайғамбарымыздан аян алу, Ыбырайым пайғамбарымыздан бөрік киіп, киім зейнетерін алу; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» дегендей «..Қалаған кісіміздің дәрежелерін көтереміз. Сондай-ақ әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар» (12-76) деген аятқа жалғанып ілімді меңгерумен ата жолының хақиқатын құран және хикметті істер арқылы дәлелдеп, Ақ ұлды ақтап шығуға тиісті болған кейбіреулері керісше қалтасында қажылық құжаты, аузында шылым, бұтында шайтан дамбал, сөзі былғаныш болып қаралай жынданып, дүние масқа айналып кеткендері де бар. Ал ондайлардың қасына ерткен керемет көріпкел, аққу жұбайлары да «Қотыр атқа, соқыр ат үйір болар» дегендей, шайтандық кейппен, соңына ергендерді де арсыздық істермен ата жолын, ібіліс жолына айналдыруға белсене кірісіп кеткендері керуен жүргізушілердің көпшілігін құрайтыны да даусыз. Ал мұндай от басымен, шәкірттерімін бірге түгел жынданбағандары, қайта-қайта Меккені жағалап, енді біреулеріміз орта топтық керуеншілер тобын құрап, жеке-жеке бастық болумен, мекеме ашып, халықтың садақасынан күнін көріп, дүние жинаумен ған айналысумен, өзіне пікірлес, дүниелес үкіметтегі көкелерді жағалап кетті. Ал мұнан да дүниемен азғырылудан аман қалғандарымыз мүфтият ұсынған «бес парызбен» көгеріп көктемекке мешітерге қарай беттерін әбден бұрып алды. Ал 9-жылдық сынақтан өтумен бірге жаратқаның нығметіне, кітаптарына жалғанып, тіпті ел басшыларың өзіне де ашықтай сынақ болып, ата жолының хақтығын аруақтың ондай пенделерін ата да біліп, жер шұқытып, болмаса жерге де тығып жібере алтынын батырларымыздың тылсымнан беретін өлім мұғжизасы, семсері мен найзасы түгіл, орта топтықтарға тән қорғанатын қалқанын да ала алған жоқ. Сондықтан мұндай жоғары хақиқатық дәрежедегі ақ бақсылықтың хикметтерін меңгеру түгіл, тура жолымыз және мағрипатымыз болған қазақтың дін ұстанымы ғұрып-ғұмырымен дәстүр арасын европалық салтпен бөліп, бата нығметерінің хикметтерінің бірін де орта топтықтар өз ортасында қалыптастыра алған жоқ. Енді бұл жағдайдың тек осы алғашқы нығмет берілген, барлық ата жолының істерінің ортасы болған топқа ғана Ақ ұлдың үміт артуында да кейінгі келіп жатқан топтағылардың арасынан шығатын қабілетті аққу, сұңқарлардың табаны бекіп, қасиеттерін меңгеруге және міндетті түрде 9-жылдық сынақ кезеңдерінен өтуге баспалдақ тиісті болғандықтан, енді мұндай жетіліп, ата жолының хикметтері мен ғылым-білімін, дін үлгісін қалыптастыруға да уақытың тығыздығы мен ата жолына үкімет, ел басқарушы, діни топтардан да сынақтардың ашық шабуылдың кең етек алуымен болған, обылыс түгіл бір ауылдағы ордалардың да бас-басына мекеме құрып, әрекет қылуы да басты себеп болды. Ал негізінен бұндай жартушы тарапынан түсірілген ашық белгілерді, хақиқатты бұзықтықтан ажыратып, ғылым-білімін құран арқылы зертеп, дәлелдеуге тиісті болған; ілімді, білімді, лауазымды, шенді пенделерден де кенде болған жоқ, бірақ әрбір ата-жолына келген қандайда ғұлама, тіптен дін имамы болсын, 9-жылдық сынақ кезеңінің өз тағдырын бекітуге, тазартуға белгілі тиісті сынақтарынан, тарихат, мағрипат кедергілерінен өз ақылдырын, есін үнемі жетілдіру арқылы ғана өту шарт еді. Бірақ ондай пенделердің негізінен әулиелер батасы арқылы дүние жағдайы түзелумен, тақ дәрежелері көтерілуімен аяқталды да, құдайдан келетін таза білім кітаптарды және тарихатты меңгеруге деген құлшыныстарын дүниелік нығметермен айырбастап алғаны да сөзсіз. Ал бұл жағдайға үлгіні қалыптастырып, осы басылым беттерінде халыққа үн парақтар түрінде тартылып жатқан әлі қарапайым аталар меңгерген ілім мен білім ғана түсініктерін осыдан 10-жыл бұрын меңгеріп және 5-6 жыл баспасөз, кітап беттерінде жариялауға міндетендірілген және алғашқы топтағыларға мұндай ақпарат арқылы соғыс ашуға сынақтар жеңілдікпен тек ғұрыптық шараларын ғана меңгерумен беріліп, (алда мысалдар бар) өз сынақ мерзімдерінен өткен болып есептелгендіктен, ата жолының дәрежесін көтеру, жарқын үлгілерін қалыптастыру оларға берілген жеңілдікте аруақтардың да басты үміті еді. Ал артағы соңдарынан келе жатқан топтар ішінде бұл дәрежеге лайық аққулар да, сұңқарларда, түрлі сауатты, өмір тәжірибесін көргендер де болды. Бірақ оларға берілген кезең мен қасиетерді меңгеру барысындағы сынақ түрі де басқа еді. Және осы араларды жалғап, халыққа ата жолының өмір мектебінің ерекшелігі, бағыт бағдарын көрсетіп, халық пен барлық ордалар арасының өз ара теңдігін қағидаларының біртектілігін қалыптастыруға тылсымнан арнаулы әулиелік сатылармен кеңшілік беріліп, міндеттелген де осы жоғарғы топтың құзырында болды. Ал іс басындағылардың мұндай білім-ілім жолындағы дарындылықтарды меңгеру түгіл, қарапайым тақуалықты және масхаб білімін де меңгермей, керісінше бұндай жеңілдіктерді өз мүделерін дүниемен көрсетуге ғана, бірін-бірі мақтап көтеруге ғана қызмет жасады. Бұғанда шындықпен нақты дәлел келтіріп шынға, хақиқатқа айналдырып отырсақ; Бірде түсімде ата жолы жорналын үйге келген бір пенде қолына алып, әжетханаға кіріп кеткенін байқап қалып, дереу артынан жүгіріп барып, қолынан тартып алсам, бір-екі бетін жыртып құйрығын сүртіп тастапты. Енді ашуланып; «Біздің халыққа үлгі қылып отырған киелі затымызды неге бүлдірдің»,- деп ұрысып жатып оянып кеттім. Сонан басылып шыққан ата жолы жорналдарын зертеп қайта оқып көрсем, 5-ші басылымның бір бетінде сол алдыңғы басқарушылар қатарының ең үздік бір аққуының, ел басқарушы жоғарғы үкіметте жүрген,жүрегін аштырып ақулық қасиет алған бастық қатынмен түскен сүгіреті және сұхбаты да басылыпты. Және ата жолының алғашқы тобындағылардың осындай дінге, шариғатқа қайшы қылық әректтерімен болса да, кім үкімет орындағы жоғарғы дәрежелі пендемен жақын болса, соның беделі де, қасиетілігі де, ата жолына қосып жатқан қызметін де, аққулық, сұңқарлық қасиетін де жоғары деп бағаланғаны да даусыз. Сонымен аққумыздың берген сұхбаттында; «Мен бір аянды үнемі көремін,-дейді аққуымыз. Түсімде жиі Қайназар атаның басына үнемі апарып, сонда қарасам ылғи бастарын ақ жаулықпен толық мойына дейін орап алған басқа ұлт өкілдері отырады ал менің басымда бір қабат жұқа жәй орамал дейді. Енді сүгіретке назар салып қарасам; өзінің де қасындағы бастық серігінің де басына бір шүберекті орай салған төбесі ашық, шашы жалбырап тұрған екі қатының бейнесінен; Қайназар атамыз; «арсыздықтан тиыл, өзге ұлтқа еліктеме, орамалыңды қабатап, жаулығыңды дұрыста, тақуалықпен үлгі көрсет дегенін жоруға болады. Екінші аянында; үнемі теңіз ортасында суда қалып жүзіп келе жатып, оны құтқаруға делфиндер келіп, енді қолын созғанда жоқ болып кетеді екенде, үнемі осы түс қайталады да тұрады дейді. Енді сүгіретке тағы қарасам; қолы иыққа дейін ашық, жалаңаш және тырнағы сояудай болып, «хайуаның өзі сенен шошиды, тозақтық болма, қол аруағыңды тазала, кимен қорға, арсыз болма!.» деп аруақтардың ескертіп тұрғаны хақ. Үшінші аянында; Жас кезіндегі мектеп оқушы балалық шағына қайта түсіп, басында гүлдеп байлаған ақ бантигі бар және мектепке баспалдақпен көтеріліп келе жатып, алдында орыс тілінен сабақ бертін мұғалімнің артынан еріп келе жатқанын айтады. Сонымен ол мұғалима артына қараса, басындағы ақ бантигі ақ көгершінге айналып ұшып кетеді де, ал ол орыс мұғалимасы алдына қарай бұрылса қайта келіп қонып, гүл «бантик» болып байланады екен. Яғни; «ана тіліңді меңгер, қадірле ол сенің бағың, орыстың артына салтына ере берме!» деп тіл мүкісін және ғұмырлық салтын түзеуге үкім беріпті. Мұнан қандай тағлым алдық? Осы жорналды басқарғандар, Ақ ұлдың сеніп тапсырған ең сауатты деген және ата-жолының жоғарғы әулиелік сатыларына жеткен, дін иманымызда бар алқадан тұратын топтың, күрделі кітап аяндар, уахи түгіл қарапайым түс жоруды білмейтіні және керуен басқарған, мыңдаған халықты соңынан ерткен ерекше көріпкел аталған аққуымыздың да, ата жолына өнеге, жақсы үлгі, білімділіктің, сөз түсіне білетін тәрбиліктің орнына, европалық «гендірлік» яғни шайтандық теріс қылық көрсетуге келген бастық қатынның да өзінің дін ісін меңгерудегі қандай ілім сауаттылығының бар екенін ашық әшкерелейді. Пайғамбарымыздың да өсиетері мен Айша анамыздың; «Қатын бастаған көш тозар» деген аманатын көрсетіп тұр. Осындай өздерінің ата жолының қарапайым халыққа ортақ беріліп жатқан білімен, діндер ортасы анықтық білімінен сауатсыздықтарын әшкерелейтін түрлі ата ғұрпына, ата жолының үйретіп жатқан іліміне, баталармен ашық ескертіліп жатқан бабалар аманатына қайшы пәтуалар, пікірлер жорнал бетінен көрнісін тапқандықтан да, ата жолының жорналының да соталып, күл төкенге тасталуына да себепші өзіміз болдық. Сонда енді бұл топтағылар осы ғана мысал, Алланың үкімі шындықтан, хақиқатан бас тартып, Ақ ұлдың сынаққа түсіп, ата жолының құлауына себепші болмадық деп айта ала ма? Олай болса ата жолындағы аққу, сұңқарлар түгелдей Ыбырайым жолына яғни тура жолға түсе алмадық деп айтуға негіз бар. Аятта; «...Кім оған (Ыбырайым жолына) кірсе аман болады..» (3-97) аятты «Қаж парыз» деп масхаб ғалымдарының түсіндіруі «қағбаға кірсе емес, Ыбырайым орнына яғни жолына аян арқылы кісі (аруағымен-рухымен) болып кірсе» деп түсінген абзал. Осындай ата жолының негізгі үлгісі саналған аққу, сұңқарлардың Ыбырайым жолына кіріп аян, уахиды меңгере алмауынан яғни «Балық басынан шіриді» дегендей осындай топтың арасында жүрген қандай да бір пайғамбарлық дәрежедегі қасиетті адам баласының да солармен бірге, жалған ақпартты «У» ішумен, қаралықтарға, шайтанның азғыруына тап болып еріксіз адасуы да сөзсіз. Өйткені жартушымыздың жамағаттық қағидасына қарсы тұру да ақымақтық. Ел басының өзі аян арқылы Астана салып, ел шаруашылығын дөңгелеткенмен де, қарапайым ұлтына, ана қанымен берілген діліне сай қалыптасқан ата дінінің берік қағидасынан сүрініп, жалған ғалымдардың да, шеттен келген азғырушылардың да аю қапанына түскенін, ғалымдарымыздың Құранан берілген ашық аяттардың насихатын әлі байқай алмай келе жатқанынан да, өзі сеніп іс басына қойған уәзірлерінің жамағаттық, аманаттық міндеттерін атқара алмауынан және Алланың оларға тікелей түсірген сынағы емес пе екен? Осындай жағдайдан-ақ, құр партия құрып, патшалықты, билікті алсам болды, халықты әділетті басқарам-деген ақымақтық екенін де түсінгеніңіз абзал. Әуелі ондай пенделердің дұрыс уәзір бола білуді, аманаттарды ақтап, сөз ғылымы- философиямен, халықтың ұлттық негіздегі жан ғылымын, тарихы есін меңгеру шарт екенін, ал болмаса Алла адастырғанды тура жолға салушы болмайтынын ашық түсінуге болады.

Масхабтық дін ісімен ата жолдық Құдай ісінің негіздері.

Ата жолына келген Раббыларымыздан түсірілген шындықтармен, анықтық білімен, уахилармен ашық дәлелдермен болған сынақтардың да елдегі іс басындағы жүрген барлық ғұламаларға, ел басшы, көш басшыларына ортақ іс. Бұндай жағдай барлық пайғамбарлар мен әулие-әмбилер басында да болып, Мұхаммед пайғамбарымыздың сахабалар аян-аят, уахилары түгіл, дүниелік түстерін де қатты қадағалап және сондай аянына, уәдесіне берік дін білімін, аян, уахиды жетік білетін ұлық сахабалардың кітап берілгендердің жәрдемі арқасында ғана ислам дінінің берік қазығы қағылған еді. Сондықтан 12-сүре Жүсіп пайғамбар жолы, түс жору білімін меңгерумен ерекшеленіп осындай дін істерін жүргізуге және тура жолдың бағытын қалауда барлық дін имамдарына берілген ортақ кітап екені даусыз. Сондықтан аятта; «Мұхаммед: «Менің жолым осы. Мен және маған ергендер, ашық дәлел үстінде, (аян, уахимен кітаптарға жалғанып жетеленуде) Алланы пәктеймін. Сондай-ақ шерік қатушылардан (аянды дұрыс жори алмаушылардан) емеспін» де.» (12-сүре 108-аят) (128) Ыбырайым атамыздың немересі болған Жүсіп пайғамбар сүресінің 12-ші санмен, Ыбырайым жолының алдында тұруының өзінде тура жолдың екі түрлі бағытын масхаб ерекшелігін көрсетеді. Мысалы біздер үшін шариғат істерін ортақ ислам дін істерінен бастап, тарихаттық негізде масхабымыз 11;10-сүрелерден түркі елінің елшісі Құт-аб бабамыздың істерінен және Жүніс пайғамбарымызға (Тоны көк білекті қаһан) түскен кітаптарға жалғанумен, яғни исламдық діни тарихатымыз түркі дәстүрінен басталтынын ескертумен бірге, тәубе мен Ыбрайым пайғамбарымыздың кітабынан 14-сүреге жалғанумен толық тарихаттық біліміміз қалыптасу керек. Ол үшінде шариғаттық бес негізгі сүрені (1-5) намаздарын орындау арқылы енді тарихаттық 6-сүрені тіршілік намазына ғұрыптық істерге айналдырумен «Бесті бересің, алтыны аласың» да 11-ге толтырумен, үнемі 6-9-шы сүре арасымен 4-ді түгелдеумен, 9-14 арасы алтыны алып отырумен, негізгі сәзжде намаздарын орындауды яғни 32-22-ші арасындағы 11-сүре арқылы орындап отырумен екі қадам алға жүрсең, бір қадам артқа шегініп отырумен, толық намаз орындау қағидалары шығады. Ал негізгі жанның толық зейнетелуі 33-47-ші сүрелер арсындағы пайғамбар шапағатымен жалғанумен, жоғарыдағыдай сәзжденің намазадрын толық меңгергеннен кейінгі негізгі 15-қадаммен байланысты жан ғылымының құпия сыры пайда болады. Бұндай жағдайды құран философиясында Раббылырыңнан үмметтік пайғамбарларыңа түскен ашық дәлел деп атайды. Ал 60-бұтақты иман келтіру намаздары 1-ші және 60-шы сүрелер арасының сандар тағлымы көрсетіп тұрса, Ясауи бабамыздың толық орындаған, ілімін бекітіп кеткен; 70-бұтақты иман ағашының тамыры 44-сүреден 114 сүрелер арасын құрайды. Мұндай шым-шытырық жағдайдан тек әулие-әмбилер кітап берілгендерге тарихат арқылы жалғанумен ғана әрбір тақуалық қылған адам баласына қабілет, қасиетіне қарай аяттар тізбегінен тұратын әрбір жолға шықан пенденің өз ізі болады. Ал, Абай-Шәкәрім аталарымыз осындай екі ізді көрсетіп кеткен. Енді Ясауи бабамыздан тараған қаншама ғұламалар тарихта ақиқатқа жетудің өзіндік іздерін салғанын пір Бекет, Шопан аталарымыздың да өзіндік іздері еңбектері де зертелемей жатқанын әлі біле бермейміз. Сондықтан арап халқына орта жолды діннің негізгі куәлігінде тұруға ғана негізделген Мұхаммед пайғамбарымызға оқылған, түсірген шариғат ісін тура жол деп түсініп, қателесуінің өзінде бұл 11,10-сүрелердің олардың діл білімінен кірмеуінен және пайғамбарымызда тек 12-сүрені «Менің жолым осы» деп ескертуінде де бес парыздан тыс тағы 7-парыздық сәзжденің амалы тұрғанын; «Мен негізінде 7-сүйекпен (яғни 7-пайғамбарға түскен үлгісімен; Ыбырайым, Мұса, Жүсіп, Жүніс, Һұд, Дәуіт, Сүлеймен, Ғиса) сәзжде жасауға бұйырылдым» деп ескертуінде де жан ғылымының да дін ғылымының да терең құпия сыры жатыр. Ал әрбір үммет өздеріне жіберілген пайғамбарлар нұсқауларын меңгерумен және заман өзгерістеріне қарай адам баласының күнәлі болмысы да берілген білімге қарай еселеп артуымен, сол күнәлі болмыстардың сипаттарын баяндап көрсетіп, ескерту үшін үнемі араларынан болған елшілерге, ескертушілерге, дін имамадарына және кітап берілген қасиетті құлдарына оқылып тұратын Алланың аяттарын, түс, аянды жорып, соған сай дін ісін жетілдіріп, жүргізіп, өздеріне берілген нәсілдік, жандық ерекшелігімен берілген жол-жобалары яғни тарихат жобасы мен мағрипат ілімі арқылы діндер ортасы Ыбырайым жолына жалғанып, дін ісінде қажырлы болып жүректің толық зейнетелуін Мұхаммед пайғамбарымыз көрсеткен тура жолдың негізгі шарты деп түсінгеніңіз абзал. Бұл сүре-кітапқа да ортақ қосқан масхаб ғалымдары; Масхаб жол- яғни 9-дәуір қағидасы, сөздер ғылымы; бағыт- яғни 12-сүре, Жүсіп жолы және мектеп- ата жолы әдет-ғұрып, салт-дәстүр негіздері яғни ақиретпен де кездестірудің барлық сабақтарын, ұлттық, үмметтік хаж намаздарында қамтиды деп түсіндіреді. Сондықтан бұндай пәтуа берген дін ғалымдары да масхаб ұстанушылары да жартушы үкімдеріне және тылсымнан келген ашық дәлел, уахи, батаны меңгере алмағандар шерік қатушы болып саналады. Ал енді масхаб дін саласындағы және жоғарыда басылым басында көрсеткен, негізгі үш кісінің соңынан ерген жүздеген дін имамдары мен, Нұр Мүбәрак жоғарғы орындарының бүкіл діни дәстүрі шерік қатушылық емес пе, әлде жоқ па бағасын өзіңіз беріңіз оқушым. Жоғарыдағы 128-ші сан пайғамбарымыздың, пайғамбарлық қасиеттердің негізі «код»-кілттік сандық белгісі екенін білгеніңіз де жөн. Аятта; «Расында сендерге іштеріңнен (араларыңнан емес, өз рухыңнан «мен» болып) бір Пайғамбар келді. Оған, қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте жұмсақ, ерекше мейрімді.» (Тәуба-128) Тәубаның толық және соңғы 13-ші сатысын меңгеру үшінде Мұхаммед пайғамбарымызды шапағатына жалғанумен және оның аруағын ішіңе, жаныңа жалғап алумен ғана айқын болып; «...Расында мен бұдан бұрын іштеріңде өмір бойынша болдым. Сонда да түсінбейсіңдер ме?»,- де. Алла олардың қосқан шеріктерінен пәк, жоғары.» (10-18) (28) деген аяттың құпия сыры және Алла достары әулие бастарындағы аруақтан жансыз қуаттар шерік қосылады деген құранның негізгі философиясына ашық қарсылық білдірген, дін ғалымдарының надандық, серік қосуларының құпия шешімі де осында тұр. Олай болса дінің барлық нұсқауларын бірлеп, Мұхаммед пайғамбарымыздың надандық, білімсіздік заманында амал жоқ ескермеген аяттарды да үкімдерін толық орындап, дінің тақуалық дәрежесінің 13-сатысын толық көрсетіп және оны хикметтермен, рухани өлім сатыларымен айқын дәлелдермен жазып, біздерге мұра қылып кеткен Ясауи бабамыздың ілімін ата жолының негізгі шартын, Түркістанға 3-рет хаж жасау кіші қажылық дегенен шошып теріске алғандардың бәрі де, Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатынан құр қалары хақ. Және Сәни дәптерде баяндалған «Ұрпағым деп атады мені Мұстафа» деген Ясауи баба өсиеті, осы 128-аятты меңгергенін Мұхаммед пайғамбар аруағы, рухы зейнетелуін, кітап берілуін ескертеді. Сондықтан әрбір қажыға баруға ниеттенген қазақтың баласы әуелі Түркістандағы түмен бап яғни барлық саптағы баптардың түмен басы (мың басы) болған Мұхаммед пайғамбар аруағына «Әлиф»-1000-ға жалғану шарт. Сондықтан; «Біз өздеріне Кітап берілгендер, оны (Мұхаммед пайғамбардың аруағын) ұлдарын танғандай таниды. Сондай өздеріне зиян еткендер, олар сенбейді. (20) Және Аллаға өтірік жала қойғандардан немесе аяттарын (аян, уахи және құранды тәпсірлеу) өтірікке жорығандардан кім залымырақ? Күдіксіз Алла залымдарды құтқармайды.» (6-21) Пайғамбарымызбен жүздесу арқыл кітап алып және үнемі іштен келетін пайғамбар аруағынан хабарды Алла пендесімен тілдеспейді- деп аяттарын өттірікке жорығандар, тура жол түгіл азаптардан да құтқарылмайтынын ашық ескертеді. Бұл аяттың сандық мәні 21-болып, ата жолының Айша ана туымен түскен 21-жұлдызды, көктен «Біз» арқылы түсірілетін адмзатқа, барлық діндегілерге арналған негізгі несібе, жерлік 12-санды несібе Мұхаммед пайғамбар жолына жалғанумен пайда болатын 21+12=33 санды сүренің адам баласына тән басқарушы жер бетінің халифалығын атқарушы жанды, қанатты періштеліктер мен тура жолда соғысушы сахабалық қасиетерді меңгеруді ата жолының негізгі ақирет мектебінің үлгісін, аруақ заңдылығын ескертіп тұрғаны да хақ. Және осындай аруақ заңдылығы, жан ғылымына байланысты құранда ашық берілген жүздеген аяттардың шешімін тапқан бір де бір осы замандағы ислам дін ғалымы жоқ және алған діни дәрежелері де негізсіз, тек сыртқы сопылық, мағрипат істерінен пайда болған қағаз жүзіндегі білімдік бейнесі ғана. Ата жолының да мақсаты қазақтың текті ұлдарының арасынан Мұхаммед пайғамбарымызға жалғанып, аруағынан, шапағатынан, нұрынан үлес алған нағыз хазірет, сұлтан, құл қожа, Ахметтер дайындау болып табылады. Бірақ қазақтың ілімді, білімді қауымы ислам дінінің 3-тен бірі болған, дін сектасы масхабшыл болып алып, ал кейбір дін жолында ізденгендер түрлі жалған сопылық ағымдарға еріп, өздерінің қайда бара жатқанын да білмей, алды соталып, қудаланып жатқанынын халық білгенмен себін түсіндірген арашаға түскен бір де бір тиелог, дін ғалымы, философ ағайындарымыз шықпады арамыздан. Енді негізгі тақырыптық бағытымызға қайта ораласақ; ата жолының осындай ашық дәлелмен берілген нығметері арқылы негізінен Жүсіп пайғамбар жолы арқылы ел шаруашылығын, мәдениетін көтеру мен түрлі қиямет мезгіліндегі болып жатқан апаттардан, сынақтардан сақтандырып, алдын-ала іс шарлардың жүргізілумен және қиямет мезгілінің белгісі түрлі шипагерлік біліммен жазылмайтын аурулардың да шешімдерін, емдерін тауып, экономикада, медтинада, ғылымда, философияда заман біліміне сай ғылымдарын жетілдірумен және түрлі заң шығару, оны орындау барысында да әділетті істерді атқаратын аян алып, кітабына жалғанған білімді, иманды қызметкерлерді дайындау керек еді. Және қазақтың тозып жоғалуға айнала бастаған діл білімін, және әйел қаның жоғарғы дәрежесін 147-сандық белгісін, номадтық тектілігін қалыптастырумен, болашақта әлем халқына үлгі болатын қасиетті, қабілетті ұрпақтарды өмірге әкелумен рухани өнім беруге бағыталған болатын. Енді өткен шақтан, осы шаққа ауысатын болсақ, Ақ ұлдың қазасымен, бөріктерін, сәлделерін аспанға атып, мөрдің жүрек ашу мұғжизасының тоқтауымен, аққу, сұңқарларды дайындау жаңадан киелі әулие аруақтарының бастары көтерілу хикметтері де тоқтап, және жалпы халыққа түсіп тұратын қосымша нұрдың да, зияраттау хикметтері де тоқтап, негізгі дұшпаннан құтылдық дегендердің қуанышы да жақында су сепкендей басылары да хақ. Оған бірінші себеп; тылсымнан қарсылық күштері қайта басын көтерумен, енді бұрынғыдан да еселенген ауыр, азаптардың түрлі қайғылы оқиғалардың, және халықты мұндай құдықтан шығаруға міндетті болып тұратын жылына бір-екі рет әрбір екі жүзді жалпы артындағы күнәлі істерін түстерін көруі де тоқтап, жаны ұзақ рухани ұйқыға кеткен пендесімен қараңғылық перделеріне Алланың күшті әскерлері шеріктердің еніп, түрлі жағдайларды жолдары жабылып сынақтарға, азаптарға ұшырай бастайды. Ал жалпы елге келетін тұрақты сынақтан және дүниемен қалай өлшеуді көрсетін милиондаған шығындарға соқтырып, халықтың қазынасы осы шығындарды орнына келтіретін садақаның орнына жұмсалумен, халық түгіл ел басшы, дін басшылары да қайда тығыларын білмейтін жағдай болады. «Қызғанғаның қызыл имке жем болсын» деген екен аталарымыз мұндай қазақтың өз-ара жомартық дін салтына қарсы келгенде. Екіншіден жақсы топыраққа себілген көптеген рухани дәндер, Құдайдың рухы жетіліп, енді өнімін беріп, болашақта жүрек ашу мұғжизасы да жетіліп, және енді 7 қасиетті сұңқардың тақуалық қасиеттері жетіліп толысуына қарай, Ақ ұлға берілген негізгі мөр кітапқа жалғанумен қайта жалғасып, керуенің бұрынғыдан да ондаған есе қазақ еліне мен бірге әлем жұртына да танымал болуы да сөзсіз. Себебі осы мезгіл ішінде ата жолының жоғарғы тобындағылар сол жеткен биігінен 1-саты да қозғалмай негізінен орта топты құрағанымен, артағы топтар ішінен сынақтарынан шыңдалып, 9-жылдық тәубе мезгілдерін толтырып, қайта дәрежеленуге аманатпен жүктелген, аз да болса көпке жететін қазақтың нағыз сұңқарлары мен аққулары аруақтардың баптауымен қанаттары қатайып, әлем кеңістігіне де ұшыруға да жақындап қалды. Үкіметіміздің заңмен ата жолын соттадық дегендер Шәкәрім атамыздың мысалындағы Пілге үрген кәнденге үлкен төбет ит; «Ол піл ғой сенің даусыңды шыбын да шақан құрлы көрмейді, дауысым қалаға естілетін мен де тыныш тұрғаным жоқ па?-дегенде; «Жұрт білсін менің кезінде пілге де үргенімді» деп мақтанған екен. Үкімет және дін басшылырының мүндай сорақы қойылымға қатысқандардың жағдайынан тек үрумен ғана шектелген, ол қанден әлде қайда бақыты екені де дәлелденеді. Аруақ піл емес, алдына бергенін жеп жүре беретін, сондықтан аталарымыз; «Құдай кешіргенмен, аруақ кешірмейді» деп ескертіпті. Арыстан баба мұндай пенделерін тізеден алып жер басуын мұң қылғанда, Пір Бекет ата тобықтан тізгіннін салса, жеті түрлі бас ауруын Айша анамыз сынақ қылып салғанда, батырлар жан жақтан «Біз» қылып найзасын сұқанда, іштеріңнен Ясауи баба от жағып өртегенде, бес ата бес сезіміңді тұсап, Сүйінбай ата жүректен қанжарын сұғып, Бәйдібек ата бүйректен алып, ал мұнан да аман қалып сау жүргендеріңді әулиелердің, бақсылардың аруақтары отырса опақ, тұрсаң сопақ қылып, дүниелеріңді шашқызып, бара жер басар тауың қаламай, жандарың түршігіп, тәндеріңді қотыр жара басып, сонда біздерде көрерміз қайда барып тығылып, емделгендерін. Және бұл кезеңге лайық ата жолының нұрландырушы кітабы мен әлем ғалымдарының бас қатырып жатқан аспан, жер көктерінің Ыбырайым пайғамбарымызға оқылған құпия кітабы да қайта ашылумен, Ясауи бабамыздың барлық негізгі кітаптардың аяттар санын түгелдеп кеткені дәлелденіп, қазақ елі құпия білім ордасына хажылықтың көркем үлгісіне айналып, арап халқының қасиетті дін басшылары да кіші қажылықты Түркістан арқылы зияраттап, пайғамбарымыздың шапағатының негізі Түркістаннан тектілер жұртынан бастау алатынын, Меккедегі «зәм-зәм» бұлағының қазақ еліндегі бұлақ басынан бастап, жолдарға жалғанумен қана қажылықтың нағыз хикметі пайда болатынын мойындап түсінетін заман келеді. Және бүкіл негізгі 33-сахабаның да шапағатшылық ашық белгілері қазақ жер, көк есігінде тұрғанын да дәлелдейтін уақыт туды. Ол үшін не істеуіміз керек? Әрине сын түзелмей мін түзелмейді. Өткенге дін тарихымызға баға беріп, ақ қарасын ажыратып, мінімізді түзеу арқылы, кешегі болған болған келеңсіз істердің болашақта енді қайталанбауына көз жеткізіп барып, есімізден шығарып, кек сақтамай ұмытып, бір-бірімізді тоның ішкі бауырындай жақсы көретін қазақтық бейнемізді табуымыз керек. Бұл жағдай алдымен ата жолын басқару, ордалардың арасындағы іс жүргізудегі қайшылықтардың және түрлі ата салт-дәстүріне қайшы теріс әрекеттерді қадағалап, ашық сынап, халыққа түсіндіріп қателіктерді жоя білумен, аққу, сұңқарлардың жеке бастарының тақуалық қабілеті, ұлттық бейнесін қалыптастыру істеріне де тікелей байланысты.

Кешегі көрген шындық бүгінгі тарих-шын туралы.

Енді тағы шегініс жасап, ата жолының бұрынғы жағдайына шындығына жүгінсек; Бірде аянмен жоғарғы кернеулі жарық тарату мекемесінің бастығына жолығып, басқару тарапынан төменгі басшылардың жіберіп жатқан кемшіліктерін айтып, сынап жатқан жайымды көрдім. Сонан енді жарық тарату мекемелері болып саналатын муфтият дін басшылығы және ата жолы істерінің керуен басшылығы да болу керек деп шешіп, муфтият тарпынан тікелей мені кім тыңдайды деп және ата жолында Ақ ұлға жәрдемге тұрған, дүние қызығына түскен сауықшыл қауымның, халық пен арадағы тұрғызған күзет қорғанын бұзып өтуден де жалтарып, тек үн парақтар түрінде және шамам келгенше кітап шығарып таратып, ордалар арасына және муфтият, баспасөз орындары, ел басқару мекемелері арасына да таратып көрдім. Бірақ, бұл істерде алдымен қолдау беретін ата-жолдық керуен басқарушы топтағылардың өздері бас болып, керісінше ордаларды аралап жүріп те, басқалай орындардағы да таратқан кітаптарымды өз соңдарына ерген шәкіртеріне оқуға мүлде тиым салуымен аяқталды. Әрине ол кезде барлық аққу сұңқарларда, жалпы ата жолының сарбаздары, шәкіртері де олардың өздерінің ойымен; «Ақ ұл тапсырды» десе болды орындалуы міндетті болған еді. Осындай істерімен де олардың шайтан жамағатына қосылғанына мысал болып, кейбір кітапханаларға және көптеген кітап сататын орындарға өткізген уағыз түріндегі қарапайым «Ақиқат бастауы» аталған бірінші кітаптың өзін ұлт қауіпсіздігі орындарының тарапынан қудаланды. Олай болса олар да ата жолына ендірілген астыртын жансыз шеріктертобы болып, Ақ ұлға рухани жағына соққы берілуге жәрдем бергені де даусыз. Аталарымыз; « Ата жолының асын ішіп, дастаханын тіліушілер көп, араларыңда» деп батамен жиі ескертулер де түскен еді. Ал үкіметтің, қауіпсіздік қызметкерлерінің рухани жансыздық әрекетеріне енді нақты мысал берсек; Қызылорда қаласында сол кездегі дін ісін жетік меңгердім деген жаңадан келген әкімнің пәрменімен ол кітаптың сатылуға тиым салынып, ашық тәркіленген жағдайы да болды. Және бүкіл теле арна мен баспасөз, мешіттер арқылы «ата жолы секта» деген айыптаулар пәрменді түрде атқарылды. Осындай жағдаймен, Құдайдың құдірті өзімен және құдірет қолы аруақпен қарсыласқандықтан және алдын-ала батамен ескертумен, ол обылыста ел басқарушы әкімдердің тік ұшақтан құлауы болып және оны ел басының араласуымен қайта соғатын дауылдан аман қалғанымен, бұндай жағдайдың басқа обылыстарда да адам өлімімен қайталанып, жаратушы тарапынан ашық ескерту берілді және осы кезге дейін жылына бір-екі рет қайталғанмен оған мән беріп, ата жолы ғұмырлық салтымызға қарсы шығарған пәтуаларынан шегінген, құдайдан қорықан үкімет, дін басшыларын көрмейсің. Осындай Құдайдың хикметіне ашық қарсылық білдіріп, халыққа да кесірін тигізіп жатқан уақиғалардың, сынақтардың кешенді түрде жалғасуымен бірге, ата жолының анда санда шығатын жорналын да және ел қауіпсіздігіне әулие-әмбилердің жақсылыққа, бірлікке, иманға, Алла жаққа шақырған батасы да рухани жетілуімізгі, масхабымызға зиянын тигізіп, араптық дін ұстану салтын жояды деген қауіппен, ел басқарушыларының қолдауымен ата жолына, аруақтарын, құдайын да соттаған сот үкімінің шығуы да елімізге түскен жаратқаның ашуын, сынақтары мен азаптарының еселеп артуымен және оған қазіргі таңға дейін ашық көрсетіліп жатқан хикметтерге мән берген бір де бір дін, ел басшылары болған жоқ. Демек ата жолының қарапайым сарбаздары және діни сауатсыз аталған ұлдары мен қыз-қатындары көретін, жаратқанан бүкіл қазақ еліне өліктерді, ортақ ата-аналарын тірілтіп, ашық оқылып жатқан әулие-әмбилер кітаптары мен 12-сүре хикметтері мен дүние істері аяндарын басшыларымыздың жүректері перделеніп, көре алмауынан және осы уақытқа дейін шешім шығармай қасарысып, қартадан ұтылған ойыншыдай құдайды бәрібір жеңбекке тырысқан ел, дін, көш басшыларының болашақтағы халықты тосып тұрған үлкен сынақтарға, апаттарамен жеке өз бастарына төнген азап, зұлымдықтарына алып келе жатқаны да сөзсіз хақ. Және осыдан неше жылдар өткен сыныақ ескертулердің, енді тойып та, тойлап та болдыңдар дегендей Астана маңында үстін-үстін адам өлімдерімен ескерту беріліп жатқаны да әзірше жай ғана ескетудің белгісі ғана деп түсінгеніңіз де жөн. Мұндай ашық ескетумен келен және қауіпсіздік салысында халық алдына мазаққа ұшыратуға соқтырып жатқан сынақтарға да мән бермеген еліміздің басқару саласының тұтқасын ұстағандар білімді-жанды аталғанмен рухсыз, ал дін басшыларымыз болса рухани сезімсіз, тек ішкі бес сезімге ғана негізделген білмен ғана шектелген рухани сезімсіз жандылар тобына жатады. Бұл жағдайға ашық дәлел жаратақан тарапынан түскен шындықтың бірімен ғана мысал бере кетсек; Бірде жолға шығып, бір адамдардың соңынан қалмай еріп келе жатсақ жолымыз тарылып, арты соқпақ онан бір жардың жиегіне келіп тірелді. Енді қарасам әлгі соңынан қалмай еріп келе жатқан адамдарым сақал, шаштары өсіп, киімдері жыртылып, тозып, сирақтары көрініп, өздері жалаңбас азғындап және түрлері маймыл, хайуанға ұқсап кетіпті. «Бұлар жолынан адасып азғындап кетіпті» деп, қасымдағыларды ертіп кері бұрылып, басқалай шығатын жол іздеп келе жатсам, алдымда сым темірмен қоршалған бір мекеме кездесіп, ал үлкен жол сол мекеменің ар жағында қалған екен. Сонан сым қорадан арасынан еңкейіп өтіп, итерін абалатып, алдымыздан күзетшілері жолымызды бөгеп, сөз тартысқа түсіп жатқанымызда оятып жіберді. Сонымен бұл бақшадан қандай гүл алдық, шыны, хақиқаты қайсы? Бұл жағдай алдын-ала осыдан бес-алты жыл бұрын Ақ ұлдың кезінде берілген еді. Ақыры бізді жол көрсетіп соңына еріткендердің азып, соңынан тура жолдың арасын бөгеген ел басқарған мекемелердің өзі болып, дәу иттерін қосып айтақтағанына қарамай және күзетшілерін де ата жолы хикметерімен, акқиқатымен насихаттау, үгіттеу арқылы дінге деген сауаттарын, көздерін ашып, мекеме басшыларынан арнаулы заңдар қабылдатып, ұлықсатын алумен ары қарай тура жолымызға өтуге, жалғануға тиісті едік. Бірақ ол жағдайға әлі де жете алар емеспіз. Негізгі себептің бірі ата жолының іс басындағы соңынан мыңдаған аққу, сұңқарларды ерткен бұл жұмысты атқарушылар болу керек еді. Ал енді қазіргі таңда орта топтық болып қалыптасқан, қауым мүшелері, тамыр-таныс арқылы түрлі мекеме құжаттарын пайдаланып, бас-басына бастық «ақ ұл» болып алып, үкімет тарпынан берілген халықтан жиналған садақамен жеке баю жолына түсумен бірге жүрек көздері де теріске айналып, садақамен тоттанып, жүктеліп те алды. Яғни енді тек халықтан жиналған садақамен күн көріп, дүние жинаумен айналысқанда жартқаннан міндетті болған, артық жүктермен қаралықтармен жүктелумен жаратқанан бекітіп берілген мықты тағдырларын әлсіретіп, садақамен баю жолын түскендерге берілетін үкімнің ордалуымен жандарын тозақтық қылып, жүрек көздерін жауып, соқыр, саңырауға айналған мүфтияттық имамдардың, масхабшылардың кейпіне кіріп алды. Бұндай жағдайда жартқанан өз басыңа керекті құпия аян алып, оны жору, іс қылу түгіл, қарапайым тағдырыңдағы күнәні көретін түсте көру екі талай іс. Бұндай дін істерін орындап сауап жасаумен, Раббымызға жақындаумен егер дүние байлығын қаласаң, оны беріп, бірақ ақирет несібесінен құр қаласың деп ескертеді. Бұндай жағдайдағы иманның әлсіздігімен, қасиеттердің шыңдалуы тоқтап, көңілдің тарылуымен бата тазалығы, тереңдігі, құпиялығы туралы сөздің өзі керек те емес. Осындай себептердің сонау әріден басталғанын және сол уақыттарда осындай ата жолына төніп тұрған білімсіздікті, шариғатқа, ұлтымыздың дәстүріне қайшы аққу, сұңқарлар және ордалар тарпынан болып жатқан кейбір арсыздық істерді көрсетіп, кітап жазылып та және оны таратпақ болған әрекетіме ол кезде аруақтар тиым салды. Мен іштей бұған ренжіп, (әрине ол кезде әлі екіжүзділік тәубенің құлдығында болғаным да сөзсіз) оны енді астыртын ғана кейбіреулерге таныстырумен, Ақ ұлдың қасындағы көмекшілердің кейбіреулеріне түсіндіріп, менің сәлемдемемді жеткізуді және алда тұрған қауіптерді ескертуді сұрап, олардың ата жолының болашақ тағдырына жани аши білетіндіктеріне сеніп, еркін жүре бердім. Бірақ іс жүзінде олай болмай ол пенделер ата жолының нағыз «шайтан» сатқыны болып, оны Ақ ұлдың қазасынан кейін, ақирет өмірден басы көтеріліп, батаға келіп; «Келіп ескертсең болмаспа еді!» деген сөзінен кейін бір-ақ біліп үлкен қателік жібергенімді түсіндім. «Ата –жолының ғылымы құпия сыры менде ғой, қайда барар дейсің, әйтеуір жолдарымыз тоғысар» деген оймен жайбарақаттыққа салынумен, негізгі діншілер тарапына ақпаратық соққы бертін қаруды қоймаға салып тастап жатқан, халыққа келген сынақтардың пайда болуына бір себешінің өзі мына менмін. Бірде осындай ақпараттарды ата жолына жан ашыр бір ғалым шалыма көрсеткенімде; «Мұндай дүниемен сені үкімет тарпынан аранаулы заң шығарумен, түрмеден бір-ақ шығармасын» деген тиым, ескертуіне қарамай, Ақ ұлдың қазасынан кейін; «Ата жолын егер қаласақ мүлде жоқ қылымыз» деп астындағы орындығын сықырлатып шайқалған прокурордың сөзін естігенен кейін, елге төніп тұрған рухани апаттарды, жылда міндетті түрде келетін қыс айларындағы, көктем басындағы сынақтарды ескертумен және ел, дін басқарушыларының қателіктерін ашық жазып, үн парақтар түрінде баспагерлерге, зиялы қауым арасына және ата-жолының сауатты қауымы арасына да таратудан бас тартқанда емеспін және алда әлі жалғаса берері де хақ. Және мекен жайымды ашық та жазып, жазылған мезгілдерін де санмен белгілеп отырғаным да растық. Менің байқағаным 5-6 жыл ішінде сенікі дұрыс немесе бұрыс деген бірде бір діншілер де жазушы, тілшілер де ел басқарушылар да тарапынан ләм-мим жауап болмауы және көптеген ескертілген қателіктердің баспасөз бетерінде қайталанбай, керісінше қазіргі таңда ата жолына оң пікірлердің айтылып, жазылып жатқанына да куә болып, сондай көргенді азаматтарға алғысым да шексіз. Яғни қазақ халқында ел көш басшыларының арасында сынды тыңдау, қабылдау және дұрыс шешімге тәубеге келіп орындау тектілік қасиетін жоғалтқан жоқ, яғни ел басқарушыларының бәрі бірдей екі жүзді «мұныфықтық» сенімде емес, иман дәрежелері, рухани өлім сатылары да жоғарылары да бар екенін білдіреді басқарушы топтың арасында. Олай болса, ата дініміз аруақ заңдылығын да мойындаумен, өз дәрежесінде рухани өлім сатыларын меңгерген иманды азаматтардың ел басқарушылар арасында үлес салмағының артып келе жатқанын айқын көрсетеді. Кешегі Ақ ұл арқылы үш жолдың есігі қазақ халқына ашылып, жапай шындықтың түсуі, енді бүгін шынға-хақиқатқа айнала бастағаны да даусыз. Мөрдің шарапаты барлық саладағы аруақтардың көтерілуімен, өз ұрпақтарын тылсымнан қолдау беріп жетеленіп жатқаны да хақ. Сондықтан ендігі басты мақсат; әрбір сауатты қазақ азаматының, ауылдағы мектептен бастап, жоғарғы оқу орнына дейін дінің тек намаз оқып, арапша сауат ашу емес, бүкіл тал бесікпен, жер бесіктің ғана емес, алдағы жанға берілген мыңдаған жылдық және мәңілік өмірге арналған барлық тағдырлық, қауымдық, ұрпақ сабақтастық іс жоспарды қамтып, әрбір жер басқан пенденің өз тағдырының қожасы бола алатынын ар білімін жетілдіруші әлем халқының қолы жетпей жатқан жаратқанның берген нығметі екенін кең насихаталып, қазақ философиясын Абай-Шәкәрім еңбектерінен бастап, Сәни дәптерді, әрбір қазақ өзі тікелей оқып түсінетін, көңіл кеңістігін және жүрек көздерінің ашылуына жағдай туғызу керек. Сонымен бірге халқымыз ортақ бір кітапқа жүгініп, Құран насихаттарын ең үздік Раббысының ұлықсатымен ғана аударған ғылыми жетілген бір кітап-аудармадан ғана ана тілінде ғана насихатын оқып меңгеру арқылы ғана, ой мен тілдің арасының бүкіл халықтың біртектілігіне келіп және сонымен бірге арап тілінде құпия жабық ғылым сырлары ашылып, ақыл-ойдың жетілуімен, сананың тазарып ашылуын әулиелер батасы, нұсқауларымен және тылсым құпия анық білім кітаптарын меңгеруге жеткізгенде ғана өміріміздің барлық саласында әділдік те теңдікте орнайтынына көздерін жеткізу басты міндет болу керек. Және осындай болашақтың кемел адамдарын қалыптастыруда ата жолынан беріліп жатқан батаның және аққу сұңқарлардың тақуалық үлгілері мен бата, аян алуға негізделген рухани тазарумен күнәлі болмыстардың өлім сатыларын меңгеруге негізделген зияраттау істері мен керуенінің болашақта алатын орны өте маңызды екенін халыққа насихатауымыз керек. Бірақ ол үшін ата жолынан беріліп жатқан баталар мен дін істері масхабымызды зертеп, толықтырып, қайта жетілдіріп, Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына әрбір қарапайым қойшыдан бастап, патшаға дейін ортақ сопылық, тақуалық амалдардың түркілік ендігі тек негізгі мирас егесі болған қазақша үлгісін, ғылым-білімін қалыптастыруға бүкіл ғалымдарымыз, жазушыларымыз, дін имамдарымыз да ат салысып, жақсылыққа пайғамбарлық қасиеттерді меңгеру жолында жарысуды қалыптастыру керек. Осыған дейін алты кітапша шығарып, санмен ойнап, біраз діни сауатты аталған қауым арасына өз әлімізше таратылып, сонда да өздеріне берілген білімге мардамсыған, жартқанның жер бетіндегі білімдерді өзгертуге күші жетпейтіндей, дін ғалымдарымыз өздерінің ескі бағытынан қайтар түрі көрінбейді. Енді сұңқардың «ай балтасын», аққудың «мәткесін» көрсетені мезгіл де туған сияқты. Бұл жағдайды енді жетінші басылымнан танысарсыз. Ал одан әрі «Кер ұлының» «каролін» және Алаш бабамыздан тараған пайғамбар ұрпақтарына берілген нығмет «тұзын» көрсетіп, бүкіл адасқан діншілердің жалған пәтуаларын суға еріген тұздай қылып, әлемнің алдына қазақ дінінің туын желбіретуміз де хақ. Оған әзірге құпия сақтап отырған деректер мен ашық дәлел хикметтерде жеткілікті. Тек осы байлықтың ұстанатын егелері мен күзетшілерін әуелі дайындап алуға ат салысқанымыз абзал. Енді ата жолының әрбір аруақ патшалығына еніп білуге тиісті жақтарын көрсете кетейік. Бұл жерде адам баласының өз тағдырында біліп, білмей істеген күнәлі болмысының жанға өтуімен өзіне тағдыр айнасы болып, алдына келіп түс болып көрініп, егер теріске жақсылыққа жорып намаз амалын, құрбандықтарын шалып іс қылмаса онда сынақ болып жолы жабылып, түрлі жағдайларға түсетін халін оны аян немесе шындық деп атамайды. «Түс қорғасын сияқты», «Түс түлкінің боғы» деп те ескерткен. Осы жағдайды шайтан жамағаттары, діншіліер өз пайдасына айналдырып, арттағы күнәлі түс пен алдыңа келіп егер орындамасаң артыңа қарай өтіп, теріс аятқа тіл-көзге айналатын бастапқы шындықты Раббымыздан келетін аяттарды да мүлде жоққа немесе тек пайғамбарлар ғана меңгерген қасиетке айналдырып, іштен пайда болатын «Мен» елшілік туралы ұғымды мүлде санадан шығарып тастаған. Ал шындық тек адам баласының жанының ұйқы кезінде ақирет өмірінде өз сыңарына кездесіп, ақпарат алумен ерекшеленеді. Бұл жағдайды «Мың өліп мың тірілу» болып және құрандағы сүрелердегі құпия екінші жартыс көктегі кітабынан жалғануды; «Әліф-Лам-Мим» деп атап Ыбрайым пайғамбарымызға түскен сөздер құпиясын шешумен яғни 124-ші (қимасы-7) санмен байланысты, пайғамбарымыздың негізгі сәзждесі 7-сүйек аруақпен байланысты болады. Яғни «Фатиха», «Бірдің» құпиясы шындықпен, ақиретпен, өлімен рухани сананы қалыптастырумен ғана байлансыты болмақ. Адам баласының сансын қалыптастыру дегеніміз тек рухани өліммен кездесуге ғана тәуелді екенін де білгеніңіз абзал.

Ата жолы мен жалпы рухани өлім сатыларымен дәрежелері туралы.

«Сан берген, санат берген. Инсан деп саналыға ол ат берген. Жаратып жалғыз саннан барша әлемді, Шамшырақ нұр сәулесін тарат деген» (Аталар даналығынан,)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет