Атырау облысы білім беру басқармасы



бет38/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47
акушер умк

2.4. Гинекологиялық аурулар

  1. Гинекологиялық аурулар себептері

  2. Емдеу, алдын алу шаралары

Сарпайдың жарақаттануы (Cantusio vulvis). Көбінесе, сиырда кездеседі, жыныс ернеулерін сиыр мүйізімен сүзіп жібергенде, ол қатты соғылып езілгендіктен ісінеді, қан ұйып гематома пайда болып, абсцесске айналуы мүмкін, кейде жалбырап жыртылып кетеді, тіпті, сарпай мен анус қосылып кетуі де мүмкін (ондай жағдайды клоака деп атайды).
Сарпайдың жыртылуы бірінші тумаларда және туа алмай жатқан малға көмек көрсеткенде болуы мүмкін.
Жыныс ернеуінің жыртылған жерін дезинфекциялық ерітіндімен жуып тазартып, жараның шеттерін жаңартып 2-3 түйінді тігіс салып, бекітеді. Жазды күндері жараға шыбын қонбау үшін креолин, йодофарм жағып қояды.
Гематома, абсцесс болса, оны тіліп ішіндегі жиналған іріңді экссудатты, ұйыған қанды шығарый тастап, орнына стрептоцид пен йодоформ ұнтағын араластырып сеуіп қояды.
Сарпайдың, қынаптың қабынуы (Vulvitis vestio litusvaginitis). Себептері: қабыну үрдістері негізінен бұл органдардың туу кезіндегі езіліп, жыртылып зақымдануынан және шағылысу кезінде немесе қолдан ұрықтандыру кезінде, қынап арқылы зерттеу жұмыстары кезінде инфекция түсуінен болады.
Клниникалық белгілері: қабынған органдар ісініп, қызарып, кілегей қабығында жолақтанып, нүктеленіп, қанталаған жерлері байқалады. Ұстап қарағанда, қолға ыстық болып білінеді, мал ауырсынады, сырттай қарағанда, құйрығын сәл көтеріп, белін бүкшитіп күшеніп тұрғынын көреміз. Жиі – жиі зәр шығарады, жыныс органдарынан шырышты экссудат, кейде ірің ағып тұрады. Құйрығына, сауырына ағып шыққан жалқыаяқ қатып, қабыршақтанып тұрады. Малдың жалпы жағдайы көп өзгермеген.
Егер де қабыну үрдісі некрозды түрде өтетін болса, қынап кіреберісі мен қынаптың кілегей қабығы іріп – шіриді де, өлі жараға айналып, одан иісі сасық қара – қошқыл түсті сұйық ағып шығады, оның құрамында бөлшектеніп, шіріп түскен ұлпаны көреміз. Малдың жалпы жағдайы нашар, тамыр соғуы әрең білінеді, тыныс алуы жиілеген.
Емдеу шаралары. Қынап ішін, сарпайын марганец қышқылды калий ерітіндісімен (1:2000) тазалап жуады. Басқа дезинфекциялы ерітінділермен фурацииллин (1: 5000), риванол (1:1000), қос көмірқышқылды соданың 2 % - дық, ерітіндісімен, ихтиолдың 2 – 3 – дық ерітіндісін қолдануға болады. Содан кейін қабынған органдардың кіелегейлі қабығына май дәрілерді жағады немесе май дәріге малынған анжа салып, оның ұшын сыртқа шығарып қояды. Бұл мақсатқа көбінесе, қолданылатыны 5 – 10 % - дық ихтиол майы, 5-10 %-дық стрептоцид, 2 %-дық ксероформ, 2 – 3 % - дық йодофлом, синтомицин майы немесе Вишневский бальзамы. Бұл дәрілерді қолданар алдында дене температурасына дейін қыздырады.
Некрозды үрдіс кезінде бұған қосымша бұлшық етке антибиотиктер, венаға 2 %-дық стрептоцид, 5-10 %-дъіқ норсульфазол, уротропин салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет