Атырау облысы білім беру басқармасы


Жыл бойында үзбей орындалып отыратын мал дәрігерлік шаралар



бет37/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47
акушер умк

1.Жыл бойында үзбей орындалып отыратын мал дәрігерлік шаралар:
а) Жемшөптің санитарлық сапасын-бақылау;
Ә) Суалған сиырларды, төлдегенге дейін және төлдегеннен кейінгі кезеңде миниральді және витаминді заттармен қамтамасыз ету;
б) Төлдеген сиырларды гинекологиялық тексеруден өткізу;
в) Сауылып жүрген және суалған сиырларды желінсауға
тексеру;.
г) Мал төлдейтін қоралардың тазалығына бақылау жасап, төлдеу жұмыстарын ұйымдастырып, туа алмай жатқан малға көмек көрсету;
ғ) Туғаннан кейінгі аурулардың алдын алатын жұмыстар; д) Қолдан ұрықтандыру жұмысына бақылау жасау (кәсіптік деңгейі, тазалық жағдайы);
е) Туғаннан кейінгі кезеңнің ауруларына ұшыраған
сиырларды емдеу;
ж) Бірнеше рет ұрықтандырғанда тоқтамай жүрген
сиырлардың жатырына алдый ала тазарту емін жүргізу;
2. Айына бірнеше рет жүргізілетін мал дәрігерлік шаралар:
а) Тік ішек арқылы қашырған сиырларды буаздыққа тексеру;
ә) күйілмей жүрген, бірнеше рет күйлеп, қашырғанға тоқтамай жүрген сиырларды гинекологиялық тексеруден өткізу;
б) Сауылып жүрген сиырларды (бақылау өткізетн күндері) жасырын желінсауға тексеру;
в) Табындағы сиырлардың физиологиялық-клиникалық жағдайларына талдау жасау;
г) Жасырын желінсаумен ауырған сиырларды емдеу;
ғ) Қысыр (бедеу) сиырлардың жыныстық циклін қалпына келтіретін емдеу шараларын қолдану.
3. Әр тоқсанда бір жүргізілетін малдәрігерлік шаралар:
а) Ұзақ уақыт қысыр қалған, емдеу нәтиже бермей жүрген сиырларды комиссияның гинекологиялық тексеруінен өткізу;
ә) Өсіп – өну қабілетінен біржола айырылған сиырларды жарамсыз деп тауып, етке өткізу;
б) Қажет болса инфекциялы, инвазиялы ауруларды анықтауға зертханалық зерттеу жүргізу;
в) Жем –шөптің сапасына агрохимиялық талдау жүргізу;
г) Әртүрлі физиологиялық топтағы сиырларға (сауылатын сиырларға, суалған, туғаннан кейінгі кезеңдегі, қысыр сиырларға) әр топтан екі – үшеуінің қанына биохимиялық талдау жасап, зат алмасу процесінің деңгейін анықтау;
ғ) Малды өз төлінен өсіру жұмысына талдау жасай келіп, жылдың аяғында қанша төл алатынын болжау.
Бақылау сұрақтары:

  1. Акушерлік – гинекологиялық диспансерлеу дегеніміз не?

  2. Жыл бойында үзбей орындалып отыратын мал дәрігерлік шараларды атаңыз?

  3. Айына бірнеше рет жүргізілетін мал дәрігерлік шараларға не жатады?

  4. Әр тоқсанда бір жүргізілетін малдәрігерлік шараларға не жатады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет