Ақтөбе облысы Ойыл ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы мониторингі бойынша жедел есептілік



бет8/11
Дата25.02.2016
өлшемі1.19 Mb.
#22184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тілдерді дамыту

1.Мақсатқа жету

Атауы

Өлшем бірлігі

2013 жылдың

жоспары

Факт


Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Негізгі бағыт 2. Әлеуметтік сала.




Мақсат 9. Өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, тілдерді дамыту




Міндет 1. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және шоғырландырушы функцияларын кеңейту

17

Нысаналы индикаторы

Мемлекеттік органдардағы құжат айналымындағы жалпы көлеміндегі мемлекеттік тілідің іс қағаздарын жүргізудің көлемі



%

100

100


2013 жылы аудан бойынша 7974 кіріс құжаты келіп түссе, оның 7775 мемлекеттік тілде (97,5%) тіркелген. Шығыс құжаты 7916 болса, оның барлығы мемлекеттік тілде орындалғаны 7916. (100%)

17.1

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік қызметкерлер санының өсуі

%

100

100

Аудан бойынша мемлекеттік қызмет атқаратын мемлекеттік қызметкерлердің саны- 119. Ұлты қазақ, барлығы қазақ тілінде сөйлейді, іс-құжаттарын қазақ тілінде жүргізеді.


2.Іс-шараларды орындау



Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6




Мақсат 9. Өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, тілдерді дамыту




Міндет 1. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және шоғырландырушы функцияларын кеңейту




Аудан көлемінде тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шаралар жоспарын жүзеге асыру

2011-2020жж

МжТДБ

2013ж

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген мемлекеттік органдардағы тіл саясатының жүзеге асырылуы жайына мониторинг жүргізу үшін, ай сайын Ойыл ауданы бойынша тілдік ахуалды анықтап, облыстық тілдерді дамыту басқармасына жіберіліп отыр. Ауданда ономастикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында жұмыс тобы құрылды. Алдағы уақытта ауылдарға, нысандарға, көшелерге атау беру кезінде жинақталған құжаттар жұмыс тобының сараптамасынан өткеннен кейін облыстық ономастикалық комиссияға жолданатын болады.

22

Мемлекеттік тілдің және аудан көлеміндегі өзге халықтардың тілдерін дамыту мақсатында фестивальдер мен конкурстар өткізу (10 шарадан кем емес)

2013ж

МжТДБ

2013ж

Жыл басында «Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» аудандық тіл фестивалінің жоспары бекітіліп, мемлекеттік тілді дамытуға бөлінген қаражат есебінен «Оралхан Бөкей тіл шебері» аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, «Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты Абай оқулары байқауы, «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты мемлекеттік қызметкерлер арасында байқау, «Тілдарын 2013» аудандық олимпиадасы, 16 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған «Елім деген жанымды ұқ» атты ақындардың жыр мүшайрасы ұйымдастырылды.

33

«Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау (мақалалар жарияланымы, т.б)

2013ж

МжТДБ

2013ж

Барлық өткізілген шаралар аудандық «Ойыл» газетіне жарияланды.


3.Қаржылық қаражаттарды игеру.


Қаржыландыру көзі

Жоспар

Мың теңге

нақты

Мың теңге

Пайдаланбау себептері

1

2

3

4

Мемлекеттік тілді дамытуды насихаттауға бағытталған әр түрлі үлгідегі шараларды ұйымтастыру

216,0

216,0




Жиыны

216,0

216,0





5. Талдамалы жазба хаты

Мемлекеттік тілді дамыту бойынша: Жыл басында «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» аудандық тіл фестивалінің жоспары бекітіліп, Мемлекеттік тілді дамытуға бөлінген қаражат есебінен:«Оралхан Бөкей – Тіл шебері» аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, «Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты Абай оқулары байқауы, «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте» атты мемлекеттік қызметкерлер арасында байқау,«Тілдарын-2013» аудандық олимпиадасы, 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған «Елім деген жанымды ұқ» атты ақындардың жыр мүшайрасы ұйымдастырылды.

Байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әртүрлі бағалы сыйлықтар мен алғысхаттар табыс етілді. Барлық өткізілген шаралар аудандық «Ойыл» газетінде жарияланды. Жергілікті бюджеттен бағдарламаны жүзеге асыруға 2012 жылы 202,0 мың теңге, 2013 жылы 216,0 мың теңге бөлініп игерілді.

Ауданда өткізілген «Оралхан Бөкей – Тіл шебері» атты көркемсөз оқу шеберлері байқауының жеңімпазы Саралжын орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қожиденова Дариға облыстық байқауға жолдамамен қатынасып облыстық тілдерді дамыту басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

Өзге ұлт өкілдерінің арасында өткізілген «Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты облыстық Абай оқулары байқауына Шәрбәну Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Луцева Екатерина Сергеевна қатынасып, облыстық тілдерді дамыту басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

«Тілдарын-2013» облыстық байқауына Шәрбәну Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын пәні мұғалімі Гүлзат Төреханова қатынасып алғыс хатпен марапатталды.

«Тіл шебері» облыстық байқауына аудандық оқушылар үйінің ағылшын пәні мұғалімі Қуанышова Анар Нұрланқызы қатынасып алғыс хатпен марапатталды.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген мемлекеттік органдардағы тіл саясатының жүзеге асырылуы жайына мониторинг жүргізу үшін, «Ойыл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі ай сайын Ойыл ауданы бойынша тілдік ахуалды анықтап, облыстық тілдерді дамыту басқармасына жіберіп отыр.

Аудан бойынша тілдік ахуал мемлекеттік мекемелерде 2012 жылдың 12 айында іс жүргізудегі кіріс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлесі 98,5 пайыз болса, 2013 жылдың 12 айында 97,5 пайыз болып отыр.

Шығыс құжаттары 2012 жылдың 12 айында 99,8 пайызды құраса, 2013 жылдың 12 айында 100 пайызды құрайды.

Ауданда ономастикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында жұмыс тобы құрылды. Алдағы уақытта ауылдарға, нысандарға, көшелерге атау беру кезінде жинақталған құжаттар жұмыс тобының сараптамасынан өткеннен кейін облыстық ономастикалық комиссияға жолданатын болады.



1.Мақсаттарға жету

Атауы

Өлшем бірлігі

2013

жылдың жоспары

Факт


Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Негізгі бағыт 2. Әлеуметтік сала

Мақсат 10: Бұқаралық спортты дамыту

18


Нысаналы индикаторы.

Дене шынықтыру мен спортпен

айналысатын барлық жастағы

тұрғындардың үлесі

%

20,5

20,0

Дене шынықтырумен спортпен айналыстаын барлық жастағы тұрғынждардың қамтылуы 20,0 пайыз, аудан тұрғындарына шаққанда

Міндет 1. Дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу мен республикалық және халықаралық сайыстарға спортшылардың қатысуын қамтамасыз ету

18.1



Дене шынықтыру мен спортпен

айналысатын балалар мен

жасөспірімдердің үлесі


%

11,5

18,3

Аудан бойынша балалармен жасөспірімдердің спортпен айнаыстасындар үлесі (2025) 18,3 пайызды қамтып отыр.


2. Іс-шараларды орындау




Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6




Мақсат 10: Бұқаралық спортты дамыту




Міндет 1. Дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу мен республикалық және халықаралық сайыстарға спортшылардың қатысуын қамтамасыз ету

1

Мемлекеттік қызметкерлердің арасында мүгедектер арасында, мәдениет жұмысшылары және БАҚ –нің арасында неше түрлі спартакиада өткізу

Іс шара

БДШжСБ

2013

Мемлекеттік қызметкерлердің арасында , ауыл спортшыларының жазғы аудандық спартакиадасы өткізілді. Волейбол, шағын футболдан аудандық жарыстар өтті.

2

2


Шаңғы спортын дамыту

Іс шара

БДШжСБ

2013




3

Спортшылардың облыстық, республикалық жарыстарға қатысуы

Іс шара

БДШжСБ

2013

Қазақ , белбеу күресінен облыстық біріншілкке 20 спортшы қамтылған. ҚР чемпионатына еркін күрестен 3 спортшы қатынасты, Мүмкіндігі шектеулі мүгедек спортшылар арасында өткен Параолимпиадалық Азия ойындарына ауданнан 1спортшы қатынасты. Облыстық «Ақ бидай» селолық спорт ойындарына ауданнан 30 спортшы қамтылды.

4

Аудан аумағында мүгедектердің қатысуымен спорттық жарыстардың санына көбейту

Іс шара

БДШжСБ

2013

Мемлекеттік қызметкерлердің арасында , ауыл спортшыларының жазғы аудандық спартакиадасы өткізілді. Волейбол, шағын футболдан аудандық жарыстар өтті.


4. Қаржылық қаражаттарды игеру

Қаржыландыру көзі

Жоспар,

мың. тенге



Факт, тыс. тенге

Пайдаланбау себептері

1

2

3

4

РБ










ОБ










МБ

1883,0

1883,0




Жиыны

1883,0

1883,0





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет