Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет143/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

 
 


329 
Надирбаева К.А. 
(Қазақстан Республикасы, Жамбыл обл., Жуалы ауд.,
 № 25 Ақтөбе тірек мектебі (ресурстық орталық)) 
PIZA ТАПСЫРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН
ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ 
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін 
технологияландыру мəселесін қойып отыр. Оқытудың əр түрлі технологиялары жасалып
білім беру мекемелерінің тəжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің 
интелектуалдық, кəсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жəне де басқа да көптеген адами 
келбетінің қалыптасуына игі əсерін тигізеді. 
Жаңа 
технологиялар 
теориялық 
тұрғыда 
дəлелденіп, 
тəжірибеде 
жақсы 
нəтижелер беруде. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде 
пайдалану үшін, əр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере 
отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа 
технологиялар-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық 
негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін 
дамытуға бағытталған.
PIZA TIMSS зерттеулерінің тапсырмалар негізінде оқушылардың ғылыми 
жаратылыстану сауаттылығын дамыту мақсатында елемізге осы бағытта жұмыс жасау 
негізделіп отыр. Биология сабағында PIZA тапсырмалары арқылы оқушылардың ойлау 
қабілетін, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдай жасау. Біздің еліміз үшін 
халықаралық 
зерттеулерге 
қатысу 
білім 
берудің 
бақылау- 
бағалау 
жүйесін 
реформаландырудың қажеттілігін ескертетін бірқатар факторлар, атап айтар болсақ 
Қазақстандық білім беру жүйесінің əлемдік білім беру кеңістігіне кірігуіне негізгі себеп 
болады. Қазақстанның халықаралық зерттеулерге қатысуы, оқушының өзін-өзі дамытуды 
максималды түрде іске асыруы мен қоғам өмірінде өз орынын табу, өздігінен іздену, талдау 
жасау, құрылымдау, ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. 
Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамытуда PIZA тапсырмаларын беру 
арқылы, сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту, алған білімін өмірде қолдана алуға, өз 
ойын ашық айтатын жан-жақты дамыған жеке тұлған қалыптастыру. 
Міндеті: 
· Оқушылардың биология пəніне деген ынтасын арттыру. 
· Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығы мен ойлау қабілеттерін арттыру 
мақсатында түрлі тапырмалар беру. 
· Оқушылардың оқу сапасын жақсарту. 
PIZA тапсырмаларын беру арқылы оқушылардың пəнге деген қызығушылығы артады. 
Оқушылардың өзіне деген сенімділігі күшейеді, ғылыми көз-қарасы артады. Өз ойын ашық 
айталады, сындарлы ойлау қабілеті дамиды. 
Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мəні 
бар. Баланың жеке басын жан-жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу 
процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады. 
Мұғалім өзінің пəнін жетік білуі керек. Біліктілігі жоғары, жан –жақты іздену, жұмыс 
түрлерін түрлендіруі, сабақты қызықты өткізу керек сонда оқушылардың пəнге 
үлгермеушіліктері азайып немесе мүлдем болмайды. Барлығы мұғалімнің шеберлігімен, 
оқушының қызығушылығына байланысты.
PIZA тапсырмаларын беруде ең алдымен төмендегі талаптарға сай болуы керек. 
· Тапсырманың оқушының жас ерекшелігіне сай құру. 
· Құрылған тапсырмалар өмірмен байланысты болуы керек, яғыни SMART мақсатқа 
негізделу. 
· Тапсырмалар тақырып деңгейінде жасақталу. 


330 
· Тапсырмалар оқушының қызығушылығын тудыратын түрлендірілген тапсырмалар 
болу. 
· Тапсырмалар келесі берілетін тапсырмамен байланысты болу. 
· Əр түрлі оқу пəндерінің əр тақырыбы үшін Б.Блум таксономиясына құрылған 
тапсырмалар жүйесін даярлау; 
·Оқу үрдісіне сыни турғыдан ойлау, нəтижеге бағдарланған технологияларды қолдану; 
·Білім мазмұны, оқу-əдістері мен формалары да осы технологиялардың талаптары 
негізінде анықтау (мысалы, И.Я. Лернердің 4-элементтік негіздегі мазмұн анықтау теориясы 
арқылы оқу мазмұнын іріктеу т.б.); 
· Білім мазмұнын анықтағанда қазіргі ақпараттық технологияның дидактикалық 
мүмкіндіктерін, əсіресе оқушыларды іздену-зерттеуге жетелейтін процесстерді модельдеу 
мүмкіндігін ескеру, негізге алу. 
Тапсырмалар көбіне оқушылардан шыққан нəтижені талдап қорыту, түсіндіру немесе 
негіздеу заңдылықтарын білуді талап етеді. Осы тұрғыда оқыту мақсатының иерархиясы 
мəселелерін зерттеген американдық ғалым Б.С. Блум таксономиясы білімді меңгеру кезеңінде 
мақсат қоюдың мынадай алты деңгейлі тізбегін ұсынады: білу; түсіну; қолдану; анализ жəне 
синтез; бағалау. Ал оқытудың мақсаттар иерархиясына сəйкес академик В.П. Беспалько да 
оқушылардың білімді қабылдауының төрт деңгейлі педагогикалық кешенін ұсынып, белгілі 
бір шамада оқушы тəжірибесінің даму деңгейін көрсететін танымдық іс-əрекетті меңгерудің 
төрт деңгейін анықтағаны белгілі. 
Биология пəнінде PIZA тапсырмаларын құруда Блум тасономиясы негізінде құрылса, ол 
тапсырмалаардың ең төменгі деңгейлік сұрақтардан құрылып бірте-бірте тапсырмлар 
күрделенен отырып жоғарғы деңгейге ауысады. 
Əр тапсырма оқушылардың тек сын тұрғысынан ойландырып қана қоймай, талантын 
жəне дарындылық қабілеттерін аша отырып, көшбасшылық қабілеттерін шыңдау. Бенджамин 
Блум таксономиясы – педагогикалық мақсаттардың классификациялық амалы. Осы тұрғыда 
Блум таксономиясы негізінде тапсырмалар түрлерін құрылу тапсырмалар төменгі деңгейде 
жоғарғы дейгейге дейін күрделенуі керек. 
Дидактикалық матрица Б. Блумның мақсаттар таксономиясы, В.П. Беспальконың 
меңгеру деңгейлері (нəтижелер таксономиясы), олардың сəйкестік көрсеткіштерінен шығатын 
сапалар иерархиясы, ынта, белсенділік, біліктіліктер иерархияларының байланысын 
көрсететін, дамыта оқытудың квинтэссенциясын негізге ала отырып биология пəнінде PIZA 
тапсырмаларын В.П.Беспалькотың 4 
деңгейде 
құрастыру, 
оқушылардың 
биология 
пəнініен ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамыта отырып, сын тұрғысынан ойлануға 
мүмкіндік береді. 
В.П. Беспалькотың білімді қабылдауының төрт деңгейлі тапсырмалар оқушылардың 
биология пəніне деген қызығушылығын арттыра отырып ғылыми зерттеулерге баулиды. 
Оқушылар өз ойларын дəлелмен, тəжірибе негізінде көз жеткізеді, оны күнделікті өмірде 
болып жатқан оқйғамен байланысты екенін көзге елестете алады. Бұлардан басқа ең басты 
нəрсе оқулықтар, оқу-əдістемелік кешендер дайындау барысында жаттығуларды халықаралық 
РІSА, TIMSS зерттеулері тапсырмалары негізінде дайындаудың маңызы зор болатыны 
сөзсіз. Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын арттыру арқылы дамыған 30 елдің 
қатарынан білім жағынан көрінуге мүмкіндік туады. Ел басымыздың осы басатмасы негізін əр 
қарай дамыту. 
Көптеген елдерде жасөспірімдер 15 жаста негізгі білім беру сатысын аяқтап, ересек 
өмірге дайындалады, осыған сəйкес зерттеудің негізгі міндеті он бес жастағы оқушылардың 
өз беттерінше өмір сүрулеріне қажет білім, білік, дағдыларды қаншалықты деңгейде 
меңгергенін анықтайды. 
PISA халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті – білім беру саласындағы 
əлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде объективті 
өлшеулер арқылы алынған айқын нəтижелерді талдау болып табылады. 


331 
Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері əсер ететін жайттар баршылық. 
Сондықтан дарынды ұстаз К. Д. Ушинский айтқандай: «Қызығушылығын туғызбайтын оқу 
бірте - бірте оқушының білімге деген құмарлығын жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген 
оқу оқушының еркін, күш - жігерін тəрбиелемесе мəнін жояды» деген екен. Əр сабағымыз 
оқушылардың қызығушылығын арттыру, яғни интерпритация туғызу. Бала бойында 
дарындылық, таланттылық қабілеттерін аша білу керек. Алдымызға келген əр бір оқушының 
бүгінгі тақырыптан азда болса бір нəрсе үйреніп оны өмірде қолдана алатындай деңгейге жетуі 
маңызды. Осы тұрғыда оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыруда Авраам Маслоудың 
қажеттіліктер ирархиясын ескеру. Бала өзін-өзі таныта білу үшін төменгі деңгелер 
қанағаттануы арқылы оқушы сабаққа деген ынтасы арта түспек. Сабақта оқушының көңіл 
күйін ескере отырып оның сабаққа деген ынтасын арттыру үшін түрлі тренингктер 
үйымдастырылу керек. Оқушының сбаққа дген қызығушылығы болмаса, оқушы бүгінгі 
сабақтан еш нарсе ұқпай кеьтеді. 
PIZA тапсырмаларын құруда маңызды мəселелерді талқылау, тəжірибе арқылы ой 
елегінен өткіз. Тапсырмаларды беруде оқушыға сенім артыра отырып өзі жасауға мүмкіндік 
беру. Түрлі дерек көздерін қолдана отырып оқушының есінде қалатындай жағдай жасау. 
Сабақтың сəтті шығуы ұстаздың берген тапсырмасына толықтай байланысты. Сондықтан 
ұстаздар қауымы əр ұстаз өз маманының шебері бола білуі керек. 
Əдебиет 
1. IMSS халықаралық зерттеуі. Əдістемелік құрал – Астана, 2012, ҰББСБО. - 77 б. 
2. 12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың 
тұжырымдамалық тұғырлары. Əдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 
2013. – 41 б. 
3. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту 
əдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Оқу 
сауаттылығы. Тренерге арналған нұсқаулық // NIS – PEARSON 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет