Ауыл шаруашылық ғылымдары Агрономия ауыл шаруашылық Ғылымдары



бет17/51
Дата17.06.2016
өлшемі13.85 Mb.
#141851
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51

Анализ полученных данных свидетельствует, что с возрастом происходило снижение интенсивности роста как всего скелета полутуши, так и его отделов. При этом в первые месяцы жизни молодняка интенсивность прироста костной ткани скелета полутуши выше, чем в последующие.

Так, в послеотъемный период среднемесячный прирост массы костной ткани у баранчиков снизился на 82 г (45,30 %), у валушков – на 65 г (41,67 %) и у ярочек – на 43 г (35,25 %). В заключительный период выращивания среднемесячный прирост костной ткани у молодняка всех групп характеризовался невысокими показателями, что говорит о замедлении роста линейных размеров костей. Так, изучаемый показатель снизился у баранчиков в 9,39 раза, валушков – в 4,60 раза и у ярочек – в 2,58 раза по сравнению с показателем среднемесячного прироста за период 0-4 мес., и по сравнению с периодом 4-8 мес. данный показатель уменьшился в 6,46, 3,25 и 1,91 раза соответственно.

При этом во все возрастные периоды динамика среднемесячного прироста отделов скелета носила сходный характер с изменением всего скелета.



При анализе данных динамики среднесуточного прироста отделов и всего скелета туши видно, что с возрастом у животных всех групп проявились характерные биологические особенности роста костной ткани, что связано с полом, физиологическим состоянием и направлением продуктивности подопытных животных. Дополнительным свидетельством этого является коэффициент увеличения с возрастом массы всего скелета полутуши и его отделов (таблица 3).
Таблица 3 – Коэффициент увеличения абсолютной массы костей отделов и всего скелета, г


Возрастной период, месс

Весь скелет

Осевой отдел

Периферический отдел

группа

I

II

III

I

II

III

I

II

III

0-4

4,52

3,98

3,35

5,02

4,41

3,74

4,10

3,62

3,02

4-8

1,54

1,53

1,52

1,57

1,55

1,55

1,51

1,50

1,49

8-12

1,06

1,11

1,18

1,06

1,11

1,18

1,05

1,10

1,17

0-8

6,94

6,06

5,08

7,87

6,84

5,80

6,18

5,42

4,49

0-12

7,32

6,94

5,98

8,32

7,59

6,85

6,49

5,96

5,27

Скорость роста костей периферического отдела скелета по данным таблицы значительно ниже, чем осевого отдела и ниже коэффициентов увеличения всего скелета полутуши с возрастом. Особенно эта разница заметна в первые 4 мес., когда организм овцы вытягивается в длину, затем данные показатели выровнялись.

При этом за весь период выращивания масса костей осевого отдела скелета у баранчиков увеличилась в 8,32 раза, валушков – в 7,59 раза и ярочек – в 6,85 раза, масса периферического отдела за изучаемый период увеличилась в 6,49, 5,96 и 5,27 раза соответственно. Наибольшую энергию роста всех отделов скелета во все возрастные периоды показали баранчики, наименьшую – ярочки, средние показатели были у валушков. Однако, в возрастном периоде 8-12 мес. наблюдалась обратная динамика распределения энергии роста подопытного молодняка, что свидетельствует о влиянии пола и физиологического состояния животных.

Полученные результаты изучения весового роста и развития скелета и его отделов наиболее полно вписываются в проявление так называемой "гравитационной памяти" и структурного следа, оставленного миллионами лет эволюции живых систем в гравитационном поле Земли.



ЛИТЕРАТУРА


  1. Беляев, А. И. Состояние и перспективы развития мясного скотоводства России / А. И. Беляев, И. Ф. Горлов / Разработка и широкая реализация современных технологий производства, переработки и создания пищевых продуктов: Матер. междунар. науч.-практ. конф. – Волгоград. – 2009. – С. 3-8.




  1. Ерохин, А. И. Влияние кастрации баранчиков на их мясную производительность / А. И. Ерохин, Е. А. Карасев, Т. А. Магомадов, И. М. Лебедева // Овцы, козы, шерстяное дело. – 2007. – № 2. – С.13-18.




  1. Помигалов, А. С. Состояние, динамика и тенденции в мировом овцеводстве / А. С. Помигалов, М. В. Розовенко, С. А. Ерохин // Овцы, козы, шерстяное дело. – 2006. – № 4. – С. 8-11.

ӘОЖ: 636.088.31
«ҚАРАМАН-К» ЖШС-ДЕ ӨСІРІЛЕТІН ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАС

ТҰҚЫМЫ ЖАС МАЛДАРЫНЫҢ ЕТ ӨНІМДІЛІКТЕРІ

ЖӘНЕ СОЙЫСТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Ж. К. Аубакиров, аспирант
Қостанай мемлекеттік университеті
«Қараман-К» ЖШС-де өсірілетін қазақтың ақбас тұқымының генотипі әр түрлі бұқашықтары мен өгізшелерінің ет өнімділіктерін талдау жұмысы малдардың еттілігіндегі айырмашылықтарды анықтап берді. «Алабота» асыл тұқымды зауыты мен немістің сары тұқымы бойынша ½ қандылық үлесі бар Саго 6152 өндіруші-бұқаларынан алынған бұқашықтардың ет өнімділіктері жоғары болды.
Анализ мясной продуктивности молодых бычков и кастратов казахской белоголовой породы различных генотипов в ТОО «Караман и К» показал довольно значимые различия в мясности животных. Наибольшая мясная продуктивность отмечена по бычкам от быка-производителя племзавода «Алаботинский» и быков – производителя Саго 6152.
The analysis of meaty productivity of young bulls and castrated bulls (eunuches) of Kazakh white-haird breed of various genetic types in Ltd «Karaman» has shown rather significant differences in meaty state of the animals. Young bulls born from breeding bulls of «Alobotinskiy» breed farm and breeding bulls of Sago 6152 have been marked with the greatest meaty productivity.
Өсу және еттің қалыптасуы түсініктері қатар жүреді, өйткені жас малдардың дамуы кезінде тірілей салмақтың артуы бұлшықет ұлпасының өсуіне тікелей байланысты. Малдардың жастары ұлғайған кезде ғана эргастикалық заттардың қалыптасуы және ағзада жинақталуы артады. Ұша мен оның құрамдас бөліктері ұлпалардың өсуі негізінде қалыптасады [1].

Ет өнімділігі ағзаның морфо-физиологиялық ерекшеліктерінің кешеніне тәуелді түрлі көрсеткіштермен сипатталады. Сонымен қатар дәл, нақты, әрі мінсіз бағаны тек малды сойғаннан кейін ғана алуға болады [2].

Зерттеуді өткізудің мақсаты – генотипі әр түрлі қазақтың ақбас тұқымының бұқашықтары мен өгізшелерінің еттілігіндегі айырмашылықтарды анықтау.

Тәжірибеге бұқашықтардың 3 тобы мен өгізшелердің 3 тобы қойылды: І және IV – «Ключев» асыл тұқымды зауытының өндіруші-бұқаларынан алынған бұқашықтар мен өгізшелердің тобы, ІІ және V – «Алабота» асыл тұқымды зауытының өндіруші-бұқаларынан алынған бұқашықтардың тобы, ІІІ және VІ – немістің сары тұқымы бойынша ½ қандылық үлесі бар Саго 6152 өндіруші-бұқасынан алынған бұқашықтардың тобы.

Бақылау сойымының нәтижелері көрсеткендей, «Алабота» асыл тұқымды зауытының өндіруші-бұқаларынан алынған және немістің сары тұқымының ¼ қандылық үлесі бар ұрпақтар дене тұлғасының созымдылығымен ерекшеленді. 18 айлық жастарында «Алабота» асыл тұқымды зауытының өндіруші-бұқаларынан алынған және немістің сары тұқымының ¼ қандылық үлесі бар ұрпақтар «Ключев» асыл тұқымды зауытының ұрпақтарынан ұшасының ұзындығы бойынша 13,1-15,3 см-ге (6,7-7,9 %), ал 21 айлық жаста – 14,3-19,7 см-ге (7,2-9,9 %) басым түскенін атап өту қажет (1 кесте).

Өгізшелер топтары бойынша бұл айырмашылық «Алабота» асыл тұқымды зауыты мен немістің сары тұқымының ¼ қандылық үлесі бар ұрпақтарда басым болды: 18 айлық жастарында 4,8 см (2,8 %) және 5,8 см (3,6 %), ал 21 айлық жастарында 5,3 см (3,1 %) және 6,8 см (4,2 %) құрады.


1-кесте – Тәжірибеге қойылған бұқашықтардың ұшаларының өлшемдері


Көрсеткіш

Жасы, ай

Топтар

I

ІІ

ІІІ

ІV

V



Дене тұлғасының ұзындығы, см

18

122,0

129,8

130,2

119,5

125,3

127,8

21

123,3

132,5

135,7

121,2

128,7

130,6

Санының ұзындығы, см

18

72,3

77,6

79,4

70,6

74,2

76,4

21

75,4

80,5

82,7

73,5

78,3

79,7

Ұша

ұзындығы, см

18

194,3

207,4

209,6

190,1

199,5

204,2

21

198,7

213,0

218,4

194,7

207

210,3

Санының орамы, см

18

100,1

107,8

110,9

93,5

99,3

102,8

21

107,3

115,3

118,4

99,7

106,5

108,5

Ұша салмағы, кг

18

238,9

266,6

276,6

220,6

231,5

250

21

268,1

302,2

319,7

242,4

260,4

266,3

Еттілік коэффициенті

18

123,0

128,5

132,0

116,0

116,0

122,4

21

134,9

141,9

146,4

124,5

125,8

126,6

Санының орындалу айшықтығы

18

138,45

138,92

139,67

132,44

133,83

134,55

21

142,31

143,23

143,17

135,65

136,02

136,14

Барлық топтардағы жас малдардың арқа мен бел бөліктері, сандары бұлшықетке толы болғанын атап өту қажет.

Санының ұзындығы мен оның орамы бойынша «Алабота» асыл тұқымды зауытының өндіруші-бұқаларынан алынған және немістің сары тұқымының ¼ қандылық үлесі бар ұрпақтар «Ключев» асыл тұқымды зауытының ұрпақтарынан басым түсті. 21 айлық жастарында санының орамындағы артықшылық 8,0-11,1 см (7,5-10,3 %, Р < 0,05) құрады. Осындай көрініс өгізшелер тобында да орын алды.

Алынған мәліметтерді талдау негізінде, жастары ұлғайған сайын бұқашықтардың бұлшықет ұлпасының екпінді түрде дамуы ұшаларының еттілік коэффициентін 11,9-14,4 % шегіне, ал өгізшелерде – 8,5-9,8 % шегіне арттырғаны анықталды. Санының орындалу айшықтығы сәйкесінше 3,5-3,8 % және 2,19-3,2 % артты.

Барлық жағдайларда «Алабота» асыл тұқымды зауыты мен немістің сары тұқымының ¼ қандылық үлесі бар ұрпақтары «Ключев» асыл тұқымды зауытының ұрпақтарынан басым түсіп отырды. Ұшаларының еттенуі бойынша 21 айлық жастарында «Алабота» асыл тұқымды зауытының өндіруші-бұқаларынан алынған және немістің сары тұқымының ¼ қандылық үлесі бар бұқашықтар «Ключев» асыл тұқымды зауытының бұқашықтарынан сәйкесінше 5,2 және 8,5 %-ға, санының орындалу айшықтығы бойынша 0,6 %-ға, өгізшелері сәйкесінше 1,04-1,69 және 0,3-0,4 %-ға басым түсті.

Өз кезегінде, «Алабота» асыл тұқымды зауытының өндіруші-бұқаларынан алынған V топтың бұқашықтары VІІІ топтың өгізшелерінен аталған көрсеткіштер бойынша сәйкесінше 12,8 % және 5,3 %-ға; ал VІ топтың бұқашықтары ІХ топтың өгізшелерінен 15,6 және 5,2 %-ға басым түсті.

Барлық ұшалар етке толып, май қабатымен жабылды, әсіресе бұл белгі өгізшелерде жиі кездесті. Сонымен қатар малдардың жастары ұлғайған сайын, олардың ет өнімділігінің негізгі көрсеткіштері де артатыны анықталды (2 кесте).

Сөйтіп, ІV топтың жұп ұшасының салмағы 21 айлық жасында 18 айлық жасына қарағанда 29,2 кг-ға (12,2 %), V топтікі – 35,6 кг-ға (13,4 %) және VІ топтікі – 43,1 кг-ға (15,6 %) артты. Ұша шығымы сәйкесінше 1,1; 2,0; 2,8 %-ға, ал сойыс шығымы 1,16; 2,02; 2,75 %-ға артты. Сөйтіп, «Алабота» асыл тұқымды зауыты мен немістің сары тұқымының ¼ қандылық үлесі бар өндіруші-бұқаларынан алынған ұрпақтардың ұша салмағын қосуы «Ключев» асыл тұқымды зауытының өндірушілерінен алынған ұрпақтарына қарағанда екпінді (0,7-1,5 %-ға) өткені анықталды.


2-кесте – Бұқашықтардың бақылау сойымының нәтижелері, (±), n=3


Көрсет

кіш

Жасы, ай

Топтар

I

ІІ

ІІІ

ІV

V



Сояр алдындағы салмағы, кг

18

495,7±16,45

538,6±18,64

542,4±20,15

463,5±8,1

480,3±9,5

483,6±10

21

543,8±21,40

586,7±23,54

593,8±17,64

501,8±8,1

530,4±11

532,6±9,1

Ұшаның салмағы, кг

18

238,9±10,32

266,6±8,75

276,6±12,5

220,6±6,4

231,5±7,5

250,0±8,3

21

268,1±12,40

302,2±10,43

319,7±9,75

242,4±11

260,4±16

266,3±17

Ұшаның шығымы, %

18

48,20±0,52

49,5±0,32

51,0±0,39

47,6±0,23

48,2±0,15

51,7±0,42

21

49,30±0,31

51,5±0,40

53,84±0,28

48,3±0,36

49,1±0,56

50,0±0,41

Іш майының салмағы, кг

18

12,0±0,20

13,5±0,96

14,8±1,23

11,4±0,5

11,6±0,9

11,3±0,7

21

13,5±0,23

14,8±0,38

15,6±0,48

15,2±1,7

17,5±2,5

17,8±2,9

Сойыс

салмағы, кг

18

250,9±8,20

280,1±7,23

291,4±10,6

232,0±0,53

243,1±0,21

261,3±0,54

21

281,6±0,46

317,0±4,60

335,3±2,04

257,6±0,24

277,9±0,74

284,1±0,23

Сойыс шығымы, %

18

50,62±0,62

52,01±0,21

53,72±0,48

50,05±0,55

50,61±0,67

54,03±0,74

21

51,78±0,41

54,03±0,42

56,47±0,25

51,34±0,61

52,39±0,74

53,34±0,25

Сойыс көрсеткіштері бойынша «Алабота» асыл тұқымды зауытының ұрпақтары мен немістің сары тұқымының өндіруші-бұқаларынан алынған будандар «Ключев» асыл тұқымды зауытының өздерімен қатарлас малдарынан басым түсті.

Тәжірибеге қойылған топтардың жұп ұшаларының салмақтары арасындағы айырмашылық 18 айлық жастарында анықталды. Сөйтіп, талдау жүргізу кезеңінде «Алабота» асыл тұқымды зауыты ұрпақтары мен немістің сары тұқымы будандары ұшаларының салмақтары 22,21 және 31,0 кг-ға (13,4 және 18,5 %, Р < 0,05) басым түсті.

21 айлық жастарында аталған малдардың үлесіне тиетін айырмашылық сәйкесінше 28,8 кг (15,9 %, Р < 0,05) және 45,8 кг (24,3 %, Р < 0,05) құрады.

Ұшаның шығымы бойынша топтар арасындағы айырмашылықтарды талдау барысында, олардың статистикалық дәйексіз және дәл болмағандығын атап өтуіміз қажет. Дегенмен, аталған көрсеткіш бойынша будандардың таза тұқымды малдардан басым түсуі байқалды.

21 айлық жастарында «Ключев» асыл тұқымды зауытының өндірушілерінен алынған бұқашықтардың сойыс шығымы 51,78 % құрап, «Алабота» асыл тұқымды зауытының ұрпақтарынан 4,35 %-ға, ал немістің сары тұқымының ¼ қандылық үлесі бар ұрпақтарынан 9,06 %-ға кем түсті.

Өгізшелер тобы бойынша бұдан бұрын анықталғандай, бұқашықтар тобында «Алабота» асыл тұқымды зауыты мен немістің сары тұқымының өндіруші-бұқаларынан алынған ұрпақтардың басым түсуі байқалды.

Сөйтіп, «Қараман-К» ЖШС асыл тұқымды шаруашылығында тез жетілгіш типті «Ключев» малдары, әрі бұлшықет пен майдың оптималды қатынасы қалыптасуы үшін өсіру кезеңі ұзағырақ уақытты құрайтын «Алабота» асыл тұқымды зауытының және немістің сары тұқымының ¼ қандылық үлесі бар ұрпақтары өсіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет