Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


Топырақтың капиллярлылығын анықтау



Pdf көрінісі
бет24/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   79
Зоогигиена каз китап

3.1.7 Топырақтың капиллярлылығын анықтау
Капиллярлылық деп топырақтың капиллярлармен төменгі
қабатынан жоғарыға қарай суды көтеру қабілетін айтады, ол
топырақтың механикалық құрамына байланысты, яғни топырақ
бөлшегі неғұрылым ұсақ болса, соғұрылым ылғалдың капиллярлық
көтерілуі жоғары болады. Жоғары капиллярлылық салдарынан сәйкес
шаралар (гидроизоляция) қолданылмаса, төсеніш пен қоралар сыз
тартуы мүмкін. 
43


Талдауды жүргізу: Штативке бірқатар (топырақ үлгілеріне
байланысты) диаметрлері 2-3 см болатын, биік 50 – 100 см
сантиметрлерге бөлінген шыны түтіктерді орнатады. Әрбір түтікті
зерттелетін топырақпен толтырады. 
Түтіктердің төменгі ұштарын матамен орап, суы бар астауларға
0,5 см тереңдікке батырады. Топырақ түсінің өзгеруі бойынша су
көтерілуінің жылдамдығы мен биіктігін бақылайды. Су деңгейін
сантиметрмен 5; 10; 15; 20 и 60 минут сайын, кейіннен әрбір сағат
сайын су көтерілуі тоқталғанша белгілейді.
3.1.8 Топырақтың су өткізгіштігін анықтау
Су өткізгіштік деп топырақтың суды жоғарғы қабатынан
төменге өткізу қабілетін айтады. Су өткізгіштік (фильтрациялық
қабілет) уақыт бірлігінде белгілі бір топырақ қабытынан өткен су
мөлшерімен анықталады және топырақ дәндерінің мөлшеріне,
коллоидты бөлшектер болуына, сондай ақ топырақ үстіндегі судың
биіктігіне байланысты.
Құмды топырақтың су өткізгіштігі – 5-8 мин, сазды топырақта –
15 мин және одан көп.
Талдауды жүргізу: Диаметрі 3-4 см, биіктігі 25-30 см болатын
шыны түтікті алады. 
Түтіктің төменгі ұшын матамен орап, 20 см биіктікке дейін
құрғақ ұсақталған топырақпен толтырады да, түтік қабырғасын
шертіп біркелкі орналастырады. 
Топырағы бар түтікті штативке бекітеді де топырақ үстіндегі су
деңгейін 4 см етіп түтіктің мата түбінде алғашқы су тамшысы пайда
болғанша тұрақты ұстап, су құяды. 
Су өткізгіштікті анықтау барысында суды құюды бастағандағы
уақыт пен алғашқы тамшы пайда болған уақытты белгілейді. Уақыт
айырмасы 20 см топырақ қабатынан судың өту жылдамдығын
көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет