Автокөлікті ағымдағы жөндеуде орындалатын жұмыс түрлері



бет11/13
Дата03.12.2023
өлшемі405.98 Kb.
#485305
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
9. Темирлан

4.2. Техника қауіпсіздігі
Жол құрылыс машиналарын жөндеу мен техникалық қызмет көрсету жұмыстарына машиналар мен қондырғыларда қызмет көрсету кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін білетін адамға рұқсат етіледі.
Жол құрылыс машиналары мен қондырғыларға жөндеу мен техникалық қызмет көрсету жұмыстары тек қана арнайы берілген орындарда, яғни жақсы жарықтанған және машинаның барлық тетіктері мен элементтеріне қолайлы мүмкіндік болатындай болуы шарт.
Жөндеу кезінде қозғалтқыш тоқтатылады (тек қана оны реттеу кезінде болмаса), трактор, тягач тежеледі және бірінші берілісті қосады. Қозғалтқыштың қосулы кезінде тек қана бульдозердің, скрепер күрекшесінің және басқа да қондырғылардың түсіру мехнизмдері мен қайырмасын көтерілуін тексеру рұқсат етіледі.
Техникалық қызмет көрсетуді ілмекті және тіркемелі қондырғылар (бөліпкескіштер, бульдозер, скрепер т.б.) базалы машинадан ажыратулы болуы шарт.
Жөндеу және техникалық қызмет көрсету орындары массасы 50 килограммнан жоғары болатын машинаның жекелеген бөліктерін көтеруге арналған көтеру құрылғыларымен жабдықталады. Тальдар, блоктар және басқада көмекші құрылғылар жұмыс алдында ақаусыз болуы керек және үздіксіз жұмыс істеуі шарт. Механизмдер мен көмекші құрылғылардың рұқсат етілген жүк көтергіштігін артық пайдалануға қатаң рұқсат етілмейді.
Жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарында тек қана қажетті құралдар мен құрылғылар ғана қолданылуы қажет. Сәйкес келмейтін кілттерді, кілтті ұзарту және ұзатқыштар қолдануға болмайды.
Ілмекті немесе тіркемелі қондырғысы бар машиналарда жұмыстық органдар астында, көтермелі және сүйеулі арқандарда, механикалық, гидравликалық немесе басқа да басқару жүйелерінде дайындау, қадағалау, реттеу, жөндеу және басқа да жұмыстар жүргізу тыйым салынады.
Жұмыс істеп тұрған қозғалтқышы бар машиналар мен қондырғылармен монтаждау-демонтаждау, жөндеу жұмыстарын жүргізуге болмайды. Жұмыс істеп тұрған кезде қозғалтқышқа жанармай құю, май ауыстыру және оның жүйелерінде, редукторларда және басқа да элементтерінде майлау жүргізуге болмайды. Гидравликалық жүйенің сақтандырғыш клапанын манометр арқылы механик реттейді және міндетті түрде пломбылайды.
Техникалық қызмет көрсету жұмысынан кейін машина жұмысын тексеру кезінде кабинада бөтен адамның болуына тыйым салынады. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмысынан кейін машинаны бос жүрісте және жүктеме астында тексереді, сосын ғана жұмысқа жібереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет