1.2. Тежеу жүйелерінің арналуы мен түрлері
Тежеу жүйелері қозғалыстағы автокөлік жылдамдығын қалаулы қарқындылықпен тіпті тоқталуға дейін төмендету үшін, сондай-ақ оны тұрақ кезінде орнына тұрғызуға қызмет етеді.
Сенімді тежеуіштердің болуы автокөлікті пайдалану тиімділігін жоғарылататын қозғалыстың орташа жылдамдығын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Көптеген автокөліктерде үш тежеу жүйесі болады: жұмыстық, қор және тұрақтық.
Автокөлік жұмыстық және тұрақтық тежеу жүйелерімен жабдықталған.
Жұмыстық тежеу жүйесі алдыңғы дөңгелегінде дискті тежеу механизмі, ал артқысында – атанақтысы бар, екі камералы басты цилиндрден гидрожетектің екі бөлек контурымен: бірі – алдыңғы дөңгелектің тежеу механизміне, басқасы – артқы дөңгелектің тежеу механизміне.
Тұрақтық тежеу жүйесі таратқыш қорабының артында орналасқан және артқы кардан білігіне әсер ететін атанақты тежеу механизмі бар. Жетегі қолмен механикалық.
Жұмыстық тежеу жүйесі көлік құралының қозғалыс жылдамдығын және оның тоқталуын реттеуге арналған. Жұмыстық тежеу жүйесі жүргізуші аяғының астында орналасқан тежеу басқышын басу арқылы қозғалысқа келеді (мыналарды қоспағанда – жүргізу қағидаларына үйрету үшін автокөліктер, қосымша басқыш тобы инструктор аяғының астында орналасады). Жүргізуші аяғының күші барлық төрт дөңгелектің тежеу механизмдеріне беріледі. Тежеу жүйелері сонымен қатар жетек түрлері бойынша – механикалық, гидравликалық, пневматикалық және аралас болып бөлінеді. Осылайша жеңіл машиналарда негізінен гидравликалық жетек, ал жүк машиналарында – пневматикалық және аралас қолданылады.
Тежеуіш басқышына түсетін күшті азайту үшін вакуумды немесе пневматикалық тежеу күшейткіші орнатылады. Жұмыстық тежеу жүйесі алдыңғы және артқы дөңгелектің тежеу механизмдеріне екі контурлы бөлек пневматикалық жетектен тұрады, ол автокөлік қозғалысының қауіпсіздігін едәуір жоғарылатады. Контурдың бірінің істен шығуы кезінде екіншісі қор тежеу жүйесі ретінде қолданылады, яғни ол жұмыстық тежеу жүйесінің бөлігі болып табылады.
Қор тежеу жүйесі. Қор тежеу жүйесі жұмыстық тежеу жүйесі қатардан шыққан кездегі көлік құралын тоқтатуға арналған.
Тұрақтық тежеу жүйесі.Тұрақтық тежеу жүйесі көлік құралын жолда қозғалыссыз ұстап тұру үшін қызмет етеді. Тек қана тұрақта емес, көлік құралы көтеріле бастағанда артқа сырғанауын болдыртпау үшін қолданылады. Тұрақтық тежеу жүйесі тұрақтық тежеу тартқышы көмегімен қозғалысқа келтіріледі. Жүргізуші артқы дөңгелектің тежеу механизмдерін қолмен басқара алады.
Қосымша тежеу жүйесі қозғалтқышпен тежеу есебінде тұрақты жылдамдықты ұзақ ұстауға (керілісті түсуде) арналған, ол қозғалтқыш цилиндріне жанармайдың берілуін тоқтату және шығару құбыржолдарын жабу арқылы жүзеге асады.
Қазіргі заманғы автокөліктерде жұмыстық дөңгелек тежеуіші ретінде ең көп таралған – қалыптың ішкі орналасуымен атанақ типтес қалыптың тежеуіштер. Жеңіл автокөліктерде алдыңғы дөңгелектерде орнатылған дискті тежеуіштер кеңінен қолданылады.
Жүк автокөліктерінің көпшілігі атанақ типтес қалыпты тежеу механизмдері бар жұмыстық тежеу жүйелерімен жабдықталады.
Тежеу механизмдері екі реттеуден тұрады – аралық және толық. Аралық реттеу пайдалану барысында қалыптар мен атанақтар арасында нормалды саңылауды қалпына келтіру үшін жүргізіледі. Толық реттеу қалыптар ауысқаннан кейін немесе қаптамаларды қайта қармаудан кейін жүргізіледі.
Тежеу механизмдері жоғары жұмысқа қабілеттілікке ие болуы қажет және берілген тиімділіктегі автокөліктің тежелуін қамтамасыз ету керек. бұған босату механизмінің конструкциясы, сондай-ақ үйкелісті кернеу тетіктерінің өлшемдері айтарлықтай әсер етеді.
Тежеу жетегінің негізгі тапсырмасы болып тежеу педалін басқандағы жүргізушінің түсіретін күшінің автокөліктің барлық дөңгелектерінің тежеу механизмдеріне берілуі саналады. Айтып өткендей, қазіргі автокөліктерде жұмыс элементі ретінде арнайы тежеу сұйықтығын қолданатын пневматикалықтежеу жетектері пайдаланылады.
Механикалық жетек-тұрақтық тежеу жүйесінде қолданылады. Механикалық жетек тұрақ тежеуішінің тұтқасын артқы дөңгелектердің тежеу механизмдерімен қосатын тартым, тұтқа және арқандар жүйесі болып табылады. Ол келесілерді құрайды:
жетек тартқышы;
реттелетін ұштық;
арқанды түзегіш;
арқандар;
қалып жетегінің тартқыштары.
Автокөліктердің кейбір үлгілерінде тұрақтық жүйесі қозғалысқа пышақты басқыш арқылы келеді, яғни пышақты жетегі бар тұрақтық тежеуіш.
Соңғы уақытта тұрақтық жүйеде электрожетек кең қолданылады, ал қондырғының өзі электромеханикалық тұрақтық тежеуіш деп аталады.
Артқы дөңгелектің тежеу механизмінің дөңгелекті тежеу цилиндрі ішінде тығыздағыш резеңкелі көмкермесі бар екі алюминий піспек орналасқан шойын тұрқыдан тұрады. Піспектің бүйір жақ бетіне тозуды азайту үшін болат төрткілшелер қойылған. Цилиндр екі жағынан қорғайтын резеңкелі қораптармен жабылған. Сұйықтық цилиндр қуысына біріктіргіш жалғастық оралған тесік арқылы ағады. Цилиндр қуысынан ауаны шығару үшін сыртынан резеңкелі қақпақшамен жабылған сорып алу клапаны қолданылады. Цилиндрде оның тұрқысына тартыммен қойылған серіппелі тірек сақинасы болып табылатын қалып мен атанақ арасындағы саңылауды реттеуге арналған қондырғы болады.
Тежелу уақытында цилиндр ішінде сұйықтық қысымы туындайды, оның әсерінен піспек қозғалады және тежеу қалыбын сығады. Фрикционды жапсырманың тозуынан піспек жүрісі тежелу кезінде көбейеді және ол өз белдемемен тірек сақинасын оның тұру күшін жеңе отырып, қозғалтатын уақыт келеді. Қалыптың қайта қозғалуы кезінде керу сеппесінің әсерінен тірек сақинасы жаңа күйде қала береді, өйткені керу серіппесінің күші оны артқа жылжытуүшін жеткіліксіз. Осылайша, жапсырмалардың тозуын компенсациялауға жете алады, сондай-ақ қалып пен атанақ арасындаға минималды саңылау автоматты белгіленеді.
Алдыңғы дөңгелектің тежеу механизмінің дөңгелекті цилиндрі тек бір қалыпқа әсер етеді, сондықтан артқы дөңгелектің дөңгелекті цилиндрінен сыртқы өлшемдерімен және піспек санымен ерекшеленеді; артқы дөңгелек цилиндрінде екі піспек, алдыңғысының цилиндрінде – біреу орналасқан.
Цилиндрдің басқа да тетіктері, тұрқыны санамағанда, құрылымы бойынша бірдей. Тежегіш-машинаның жылдамдығын азайту не тоқтатуға, және қозғалысты орнына келтіруден сақтайтын құрылғы. Қозғалыс кезінде бір бөлігін жоғалататын кинематикалық энергия көбінесе үйкеліс арқасында жылуға айналады.
Рекуперативті тежелу кезінде энергияның көп бөлігі маховикке, конденсаторда сақталады не қалпына келеді, немесе генератор көмегімен айнымалы тоққа айналады, батареяда арығарай қолдануға болатындай түзіледі және сақталады.
Бірінші тежелу жүйелері гужалық көліктерде қолданылған. Ат арба үлкен жылдамдыққа дейін ұмтылды, бірақ өзі тоқтай алмайтын. Алғаш механизмдер доңғалақтарды қолмен басқарылатын рычаг не рычагтар жүйесімен тежелінетін. Ағаш қалап доңғалақты қысып, оны тоқтатады. Жаңбыр кезіңде бұл жүйе тиімсіз болатын. Тежегіш механизм үлкен эвалюцияны бастан өткізді. Тежелу жүйесінің үлкенқарқынмен дамуы автомобильдің пайда болуының арқасында болды.
Бірінші автомобиль тежегіштері барабанды болады, олар осынша жыл ішінде қатты өзгерген жоқ және әлі де кең қолданыста. Қазіргі заманғы автомобильдер тиімді тежелу жүйесімен қамтылған.
Өтімділігі жоғары автомобильдердің тұрақты тежелу жүйесі 2-суретте көрсетілген. Бұл жүйеге артқы тежелу механизмі және механикалық тежегіштің жетегі кіреді.
Өтімділігі жоғары автомобильдің механикалық тежегіш жетегі: қолмен басқарылатын рычаг 3, алдыңғы трос 2, бағыттаушы 9, артқы трос 14, разжималдық рычаг 13, кергілі тақтайшалар 12. Рычаг 3 таспа арқылы 1 тысы бар 7 таянышқа бекітілген және алдыңғы орындықтар арасында автомобиль кузовының полына орнатылған.
Тұрақты тежегіш жүйе:
суппорт
екі немесе бір тежегіш цилиндрінен
тежегіштің екі қалпы
тежегіш дискісі
Суппорт автомобильдің алдыңғы доңғалағының бұрылу жұдырықшасына бекітілген (1-сурет). Онда тежегіштің екі цилиндрі және тежегіштің екі қалпы орналасады. Қалыптар екі жағынан доңғалаққа бекітілген және сонымен бірге айналатын тежегіш дискке бекітілген. Тежегіш педалін басқан кезде піспек цилиндрден шыға бастайды және тежегіштердің қалыптарын дискіге қосады. Жүргізуші тежегіш педалін жібергенде қалып пен піспек дисктің ақырын соғуының арқасында орнына келеді.
1-сурет. Тұрақты тежелу жүйесі
1 – тыс; 2,14 – тростар; 3, 8, 13 – рычагтар; 4 – нұқма; 5, 11 – серіппе;
6 – тартқыш; 7 – таяныш; 9 – бағыттағыш; 10 – төлке; 12 – тақтайша;
15 – контргайка; 16 – бұрандалық
Достарыңызбен бөлісу: |