1.3. Автокөліктің тұрақ тежеуішінің құрылысы
ЗИЛ-130 және ГАЗ-53А автомобильдерінде барабан типті орталық кол тежеуіші орнатылған. ЗИЛ-130 автомобилінде симметриялы қалыптар оған бекітілген фрикциялық бастырмалармен және сухарьлармен бірге тежеуіштің кронштейніне бекітілген бір тірек осіне топсамен тіреледі (2-сурет). Кронштейн осымен бірге берілістер корабынын жетектегі білігі подшипнигінің және спидометр жетегі корпусынын қақпағы қызметін атқарады. Кронштейн берілістер корабының артқы қабырғасына болттармен бекітілген. Ортаңғы бөлігінде қалыптар бобышкалармен кронштейннің дөңесіне тіреледі және бүйірлік ауытқудан болттармен қысылған дистанциялық втулкаларға орнатылған шайбалармен ұстатылады.
Тартпа серіппелер калыптарды бастапқы жағдайына қайтып оралтып, оларды жазылмалы жұдырыққа әкеп қысады. Жазылмалы жұдырықтың білігіне сектор түрінде рычаг орнатылған, оған қол тежеуіші жетегінін тартқышы қосылған. Қол тежеуішінің барабаны берілістер қорабының жетектегі білігінің шлицтелінген ұшына фланецпен бірге отырғызылған және гайкамен бекітіліп тасталған. Фланец пен барабанның өзара орыны қос винтпен бекітіледі. Тежеуіштің таяныш дискісі кронштейнге бекітілген және тежеуішті шаң-тозан түсуден қорғап тұрады.
Қол тежеуіштің жетегінде тіркеме тежеуішінің жетегі камерасының штогына әсер ететін қол жетегінің рычагына баратын тартқышты қосып жалғастыру үшін құлақша болады.ГАЗ-53А автомобилінің барабан типті орталық тежеуіші берілістер қорабының картеріне бекітілген жылжымайтын дискіден, берілістер қорабының жетектегі білігіне бекітілген барабанынан, саусақтардың және реттегіш тетіктің көмегімен жылжымайтын дискіге бекітілген қос тежеуіш қалыптан, кергіш серіппеден, жазылмалы тетіктен, тартқышы бар жетектік рычагтан және қол тежеуіштің рычагынан тұрады.
Қол тежеуіштің рычагын кері айналдырғанда оның төменгі ұшы тартқыш арқылы жетектік рычагты қозғалысқа келтіреді. Жетектік рычаг өзінің ұшымен шарикті жазылмалы стерженьге барып тіреледі, ол қозғала отырып, қалыптарды орнынан қозғайды және оларды тежеуіш барабанға қысып, оны тоқтатады.
Достарыңызбен бөлісу: |