Автокөлікті ағымдағы жөндеуде орындалатын жұмыс түрлері



бет4/13
Дата03.12.2023
өлшемі405.98 Kb.
#485305
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
9. Темирлан

Зерттеудің нысаны: жол- құрылыс машинасының тұрақ тежеуіші


Зерттеудің пәні: жол- құрылыс машиналарын техникалық пайдалану


Зерттеудің мақсаты: Тұрақ тежегішіне ағымды жөндеуді ұйымдастыру жолдарын айқындау.


Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, кәсіпорын сипаттамасынан, негізгі бөлімнен, есептеу бөлімінен, графикалық бөлімнен, экономикалық бөлімнен, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 3- кестеден, 12 суреттен қамтылған.



І. Негізгі бөлім
1.1. Автокөлікті ағымдағы жөндеуде орындалатын жұмыс түрлері
 Автокөлікті ағымдағы жөндеу кезінде кемшіліктерді жою бойынша кең таралған жұмыс түрлері дәнекерлеу, қаңылтырлық, арматуралық және кузовтық болып табылады. Олар тозған бөлшектерді қалпына келтіру, сызаттар, жарықшақтарды дәнекерлеу, ойықтарды жамау кезінде орындалады. Қаңылтырлық пен дәнекерлеу, арматуралық пен кузовтық жұмыстарға кузовтың, кабинаның, қанаттардың, қанаттанудың зақымданған бөлшектерін бөлшектеу, құрастыру, түзету және дәнекерлеу операциялары жатады. Қаңылтырлық-дәнекерлеу бөлімшелерінде жөндеуге қажетті қосалқы жөндеу бөлшектері (ҚЖБ): панельдер, ендірмелер, жамаулар және т.б. жасалады.
Бөлшектеу-құрастыру жұмысында ағымдағы жөндеу кезіндегі еңбек шығыны автокөлікті ағымдағы жөндеудің жалпы еңбек сыйымдылығының 60-65 % құрайды. Бұл жұмыстар механикаланған құралмен (пневматикалық немесе электрлік сомын бұрағыштармен) жабдықталған бекеттерде жөндеу шеберханаларында орындалады. Бөлшектерді слесарлық қол өңдеу оларды верстактағы қыспаққа егеу, қол ара, қырнауыш, тескіштер жиынтығы бар бұрғы немесе басқа да мамандандырылған құрал немесе тетіктер көмегімен бекітілгеннен кейін жүзеге асырылады. Бөлшектерді слесарлық өңдеудің үлгісі ретінде бүлінген бұранданы плашка (сыртқы бұранда үшін) немесе таңбалаушы (ішкі бұранда үшін) көмегімен қалпына келтіру болуы мүмкін.Корпустық бөлшектердегі ішкі бұранданың зақымдануы зақымданған бұранданы бұрғылап кеңейту және бұрандалық ендірмелерді қою арқылы жойылады. Жөнделген механизмдер автокөлікке орнатылады, қажет болса олар қиыстырылып, реттеледі.
Ұсталық жұмыстар ұсталық-рессорлық бөлімшеде қыздыру қолданылатын бөлшектерді жөндеу немесе дайындау кезінде жасалады. Осы бөлімшеде төмен серпінділігі бар рессорлар жөнделеді, рессорлардың жекелеген сынған табақтары ауыстырылады және т.б.
Жапсырмалау жұмыстарына отырғыштардың арқалықтары мен жастықтарын қаптау, автокөлік отырғыштарына тыс дайындау және қозғалтқыштарға жылытатын тыс дайындау жатады. Отырғыштардың арқалықтары мен жастықтары шаңды жою үшін сорып шығаратын құрылғымен жабдықталған арнайы верстакта бөлшектеледі. Зақымданған металл қаңқалар мен отырғыштардың негіздері жөндеу үшін арматуралық усағкеге бағытталады, ал сынған немесе босаңсыған серіппелер жаңасына ауыстырылады. Мыспен жұмыс жасауда дәнекерлеу кең таралған. Ол жанармай багы радиаторларын, жанармай өткізгіштерін, электр жабдығы аспаптары мен бөлшектері мен қоректендіру жүйелерін жөндеуде пайдаланылады. Дәнекерлеу деп қатты қалыпта қалған қыздырылған металл бөліктерін олардың арасында қалған саңылауға негізгі металға қарағанда балқу температурасы төмен балқытылған дәнекерді, металды немесе қорытпаны енгізу арқылы біріктіру үрдісі түсіндіріледі. Балқытылған дәнекер біріктірілетін беттердің барлық кедір-бұдырын толтырып, жібітеді де, суығанда қатайып осы беттерді біріктіреді. Мыспен жұмыстарға 500°С төмен температурада балқитын, жұмсақ немесе тез балқығыш және 500°С жоғары температурада балқитын, қатты немесе баяу балқығыш деп бөлінетін дәнекерлер пайдаланылады. Жұмсақ дәнекерлерге ПОС-30 және ПОС-40 таңбалы дәнекерлер жатады, олардың құрамына қалайы мен қорғасын кіреді; қатты дәнекерлерге ПМ.Ц-36 және ПМЦ-48 таңбалы дәнекерлер жатады, олардың құрамына мыс пен мырыш кіреді.
Жұмсақ дәнекерлер радиаторлар мен жанармай бактарын дәнекерлеу үшін, қатты дәнекерлер ауа, жағармай және жанармай өткізгіштерін дәнекерлеу үшін пайдаланылады. Алюминий қорытпасынан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу үшін алюминий дәнекерлер (силуминдер) қолданылады. Радиаторлар, бензин бактары, жанармай және жағармай өткізгіштері және басқа да бөлшектер мыспен жұмыс усағкесінде жөнделеді.
Электротехникалық жұмыстарға электржабдығы аспаптары, аккумулятор батареясы, генератор мен стартерларды жөндеу жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет