5. Қоршаған ортаны қорғау.........................................................................
|
27
|
|
|
Қорытынды.................................................................................................
|
28
|
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................
|
29
|
|
|
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Автомобильдерді техникалық пайдаланудың негізгі мақсаты берілген пайдалану шарттарындағы автомобильдің жұмыс істеу қабілетін сақтауға кететін шығындарды азайту болып табылады. Бұл міндетті тиімді орындау үшін автомбиль бөлшектерін пайдалануға байланысты бұзылуының физикалық процестеріне негізделген оның техникалық күйінің өзгеруін белсенді бақылау. Автомобильдің негізгі пайдаланушылық қасиеті қозғалыспен байланысты. Олар жүйелердің, тораптардың және агрегаттардың параметрлерімен, және шығу сипаттамаларымен анықталады. Бұл параметрлердің деңгейі конструкциялау және өндіру процесінде қамтамасыз етіледі де, пайдалану кезінде автомбильдің техникалық күйіне тәуелді болады.
Ұзақ пайдалану кезінде автомобильдердің техникалық күйі, барлық машиналар сияқты, нашарлайды. Автомобильді ұзақ пайдалану мерзімінде жұмыс істеуге қабілетті күйде ұстау техникалық баптау (ТБ) жөндеудің негізгі тіндеті болып табылады. Автомобильдің техникалық жағдайының өзгеруінің негізгі себептері мынадай:
- Тозу; - қажу; - коррозия (тоттану)
- бөлшектер мен материалдардың физикалық, химиялық және температуралық өзгеруі.
Тозу – бұл үйкеліс нәтижесінде бөлшектердің үйкелесу беттерінен материалдар ажырап, бөлшектердің өлшемдерінің өзгеру процессі.
Коррозия – материалдардың қоршаған ортамен физика-химиялық әсерлесу салдарынан бұзылу процесі.
Автокөліктің жарамды күйі дегеніміз объектінің нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келетін күйі. Және көліктің жұмысқа жарамдылық күйін сипаттайды. Көліктің жұмысқа қабілеттілігі өз кезегінде көліктің негізгі техникалық-эксплуатациялық қасиетін, яғни, автокөліктің динамикасын, сенімділігін, шыдамдылығын, басқару қабілетін және төзімділігін сипаттайтын.
Автокөлікті пайдалану барысында оның барлық бөлшектерінің жұмысқа қабілеттілігі бастапқы шамасынан өзгеріп, тозу процесі бола береді. Сондықтан автокөліктің техникалық күйі ешқашан өзгеріссіз қалмайды. Олардың бөлшектері кажалуға, үлкен механикалық зақымданулар әсерінен сынуға, коррозияға ұшырауға және т.б зақымдануға ұшырағандықтан көліктің технико-эксплуатаиялық қасиеті нашарлайды.
Жоғарыдағы айтылған өзгерістер тек көліктің жүрісі барысында ғана емес, сонымен қатар көлікке немесе жылыжымалы құрамға қойылған техникалық пайдалану немесе техникалық қызмет көрсету шарттарын бұзудың нәтижесінде де пайда болады.
Автомобиль ағымдағы жөндеуге жіберерден алдын сыртын жуады және оның ақауын диагностикалық құралдармен анықтайды. АЖ бекеттерінде ақауы бар бөлшектер, агрегаттар алмастырылады немесе жөнделеді, сондай-ақ реттеу, бақылау және майлау операциялары да орындалады. операциялардың еңбек сыйымдылығын төмендетеді.
Ағымдық жөндеу көлеміндегі бөлшектеу-құрастыру жұмыстарына моторды, алдыңғы және артқы мостыларды, беріліс қорабын, радиаторды және тіркісті алмастыру және т.б. жатады. Көптеген жұмыстар эстакадаларда, көтергіштерде, стенділерде агрегаттарды алып-салуға арналған домкарттардың және арнайы құрылғылардың көмегімен жүргізіледі. Жұмыс аяқталған соң оның сапасы тексеріледі де автомобиль желіге немесе тұраққа жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |