Педагогикалық менеджмент - оның тиімділігін жоғарылатуға бағытталған, оқу-тәрбиелік және оқу-танымдық процесіндегі басқарудың технологиялық түрі және ұйымдастырушылық түрі, әдісі, принцип комплексі.
Педагогикалық менеджмент – іс-әрекеттік жүйе - өзіне келесі құрылымдық-функциональдық компоненттерін және жүйеүлгілері факторларын кіргізеді:
іс-әрекет мақсаты (жоспарланған, күтілген нәтиже);
іс-әрекет субъектсі (директор, оның орынбасары, оқытушы, оқушылар, студенттер және т.б.);
іс-әрекет объектісі (ол екінші субъект) – жетекшініңң айтқанын орындаушы (оқушы, студент, оқытушы, директордың орынбасары және т.б.);
іс-әрекет мазмұны (оқу, басқару және басқа да ақпараттар);
іс-әрекет қабілеті – (жетекшінінің оқытушымен және оқушылармен, оқытушының оқушылармен арақатынасының стилі мен әдісі және т.б.).
Оқу-тәрбие үрдісін басқару (педагогикалық менеджменттің бір бөлігі ретінде) – жетекшінінің әсерін педагогикалық ұжымға және оқушыларды ғылыми негізде жоспарланған жолға, ұйымдастыру және олардың іс-әрекетін бақылауға бағыттау.
Білім үрдісі – бұл оқыту туралы мақсатқа бағытталған іс-әрекет, жеке тұлғаны өзін-өзі оқытуға ұйымдастырылған оқу-тәрбиелік және оқу-танымдық үрдісі жолымен тәрбиелеу мен дамыту, білім, шеберлік және дағдыны мемлекеттік білім стандартынан кем емес дәрежеде меңгеруін қамтамасыз ету.
Ақпарат – оқу-тәрбиелік және оқу-танымдық үрдістегі менеджердің еңбегінің жемісі және пәні.
Білім үрдісінің мониторингі – жүрісті үздіксіз тексеру, компьютер технологиясын пайдалану арқылы алған білім процесінің эффектілігі мен нәтижесі және ол туралы алған ақпараттың өнімі.
Педагогикалық менеджменттің қалыптасуының тарихи-педагогикалық алғы-шарттары.
Педагогикалық менеджменттің қазіргі заманғы концепцияларын қарастыруда тарихи-педагогикалық алғы шарттарды, олардың қайта туу мен дамуын толығымен көрсетуге болады. Бұл жоспарда Ю.А. Конаржевский жүргізген тарихи ізденістің мәні ерекше.
1920 жылы орта мектептің білім құралында «Бастық жоқ, мектеп меңгерушісі жоқ, сынып жетекшісі жоқ, тек қана мектептің барлық өміріне ұжыммен жауап беретін, бір-бірімен тең дәрежедегі мектеп жұмыскерлері ғана бар»,- деп көрсетілген. Әрине, бұндай жағдайда ішкі мектеп басқаруындағы теория жайында сөз қозғау қиын. 1921 жылы мектеп кеңестерінде өз басқару күшін көрсететін меңгеруші дәрежесі пайда болады.
Соңғы рет ішкі мектеп басқармасы өзінің толық күшін 30 жылдардың бірінші жартысында талап етті. Осы уақытта елімізде әрі қарай халықтық білімнің даму жүйесі мектеп басқармасында жалғыз басшының рөлінсіз болмайтыны анық айқын болды.
Достарыңызбен бөлісу: |