Сюжеті, композициясы. Әрқайсысы жеке аяқталған сюжетті. Қазақ батырлар жырына ұқсас. Василий Владимировия Бартольд (1869-1930) жыр сюжеттерін мифологиялық, аңыздық, тұрмыстық деп үшке бөледі. Х. Көроғлы тарихи-географиялық жағынан Сыр және Кавказдық деп бөледі. Х. Көроғлы 1,2,3,4,7,8,10 жыр Сырда, 5,6,9,10,11 жырлар Кавказда туды деген пікір айтады. Виктор Максимович Жирмунский (1891-1972) Сыр (Қорқыт, Қазақ Салор, Оразбек, Қара Бодақ сюжеттері) (Бұл Орта Азиялық кезең) және Таяу шығыста туғандары (Қан тҰралы, Домрул, Әмран, Бұқаш туралы) деп бөледі. Ә. Қоңыратбаев 3-ке: оғыздар ұлысының орнығуы, ұйысдасуы, құлдырауы.
Жырлар тарихи-шежірелік арқауға сай 3 кезеңге бөлінеді:
1. Оғыз-қыпшақ ұлысының ұйымдасу кезеңін суреттейтін жырлар.
2. Түрікпен (оғыз) және пешене (печенег) тайпалары арасында 34 жырға созылған алалықты суреттейтін жырлар.
3. Оғыз-қыпшақ ұлысының ыдырау кезеңін білдіретін жырлар.
Мұнда жеке жырлар кейде бір-бірімен үйлеспей, өзара қыбыспай жатады, хронологиялық тәрьіп бойынша орналаспаған. Мысалы, сегізінші жырда Төбекөздің қолынан қаза тапқан қаһармандар бар. Сол алғашқы жырда өліп қалған қаһармандар он бірінші жырда Қазанбекті тұтқыннан құтқарады.
Б. Кенжебаев: «Егер біз жырларды оқиғалардың логикалық жүйесі бойынша ретке келтірсек, онда он екі жыр мынадай тәртіппен орналасқан болар еді: 8,1,3,4,11,2,5,6,7,9,10,12".
Дастанның композициялық ерекшелігі-өлең шумақтары прозалық мәтініне сіңісіп кеткен.
Жырлардың дені 9-11 ғасырлардағы қырғыз-оғыз ұлысы кезіндегі оқиғаларды суреттейді.
Жырлар.1. Дерсехан ұлы Бұқаш туралы жыр. Баласыздық сарыны бар, Мұнда Ислам ұғымы (Қызыр, Ілияс), батыстық элементтер (өгізбен күрес, гладиотарлық) кездеседі. Негізгі сарын-бала ата аруағына берік болсын деген салт, батырлыққа баулу. Әйел-ана монологы өлеңмен берілген (фольклор стилі). Адамгершілікті ардақтау идеясы бар (Бұқаштың өзін жаралап кетен әкесін жаудан азат етуі). Сырда туған.
2. Қазақ Салордың үйін жау шапқаны туралы жыр. Бартольд: "ұзақ және қызықсыз". Сырда туған. "Оғыз-наме" жырының суреттеуі бойынша, алып Батыр Қазан-Қорқыт атаның замандасы. Жирмунский: "Қазақ Салор-түрікмен батыры". Әбілгазыдағы аты – Баршын талор. Мазары Дербенте. Негізгі тақырыбы-оғыздардың көрші тайпалармен өзара қарым-қатынасы. Тотемизм элементтер (Салордың тотемі бүркіт), түс жору, оны жорыту сияқты сенім бар. Идеясы-ел қорғау.
3. Қан Буралы (Байбөрі) баласы Бамсы Бейрек туралы жыр. Сюжет 10-ғасырда Сырда қият (қоңырат) тайпасында туған. Қазақ, қарақалпақ, башқұртта-"Алпамыс", монғолдарда –"Алып Манаш" т.б. Композициясы "Алпамыс" жырына жақын. Сюжеттік тұрғыдан біріші және екінші бөлімдері (дүниеге келу,сүйген қызына үйленуі, қапылыста тұтқына түсіп зынданда жатуы, т.б.) екі жырда бір-біріне ұқсас. Идеясы-елді сүю, ата-ана, халқына деген махаббатты жырлау. Ерліктен гөрі романтикалық сарын басымырақ.
4. "Қазанбектің баласы Оразбектің жауға тұтқын болуы. Сыр бойында туған. Негізгі тақырыбы- бектердің балаларын тәрбиелеу мәселесі. Жастарды соғыс өнерін білуге, ар-намысты жоғары ұстауға, ел-жұртты ерлікпен қорғауға үндейді.
5. "Доқа қожа ұлы ер Домрул жайлы жыр". Сырда туған. Антиисламлық сарын байқалады. Исламға дейінгі дәуірде айтылғаны көрініп тұр. Қорқыттың ажалмен күресудегі басты мотиві осы жырдан көрінеді. Ерлі-зайыртылардың мөлдір махаббаты, адалдығы жырланған. Осы кезде түрікмендер ішінде Домрул тайпасы бар.
6. Қаңлы Қожаұлы Қан Тұралы туралы жыр. Кавказда туған сюжет. Негізгі тақырыбы-әке-шешенің мұрагер баласын үйлендіріп, оған жаңа отау тігуі. Тарихи деректер бойынша, 11-14 ғасырларда түркі елдерін билеген хан балалары алыс өлкелерге жорық жасап, сол жақтан христиан сұлуларын әкеліп үйленуді үлкен мәртебе көрген. Жырда оғыз-қыпшақ, әсіресе, түрікмен батырларының христиан қыздарына үйлену дәстүрі көрініс тапқан.
7. "Қазылық қожаұлы Жүгенек туралы жыр". Басты кейіпкер-сегіз қырлы, бір қырлы, алып ер, қобызшы, ақын Жүгенек. В.асилий Васильевич Радлов (Фридрих Вильгельм) (1837-1918) бұл жырды қазақтың "Хан Шентай" жырына ұқсатады.
8. ""Бисаттың Төбекөзді өлтіргені туралы жыр". Төбекөз грек аңызындағы Полифемге ұқсас. Бисат туралы жыр дүние жүзі фолькелорымен астасып жатыр. . Қаһармандық эпосқа ұқсас сипаттары бар. Алайда Бисат дәуді ерлігімен емес, қулығымен жеңеді. "Мұның өзі жырдың ертегіден туғанын көрсетеді". (Б. Кенжебаев). "Анық Сыр бойында туған, өйткені, мифология сақтар заманына кеткен. Б.э.д. 7-6- ғасырларда Азияға келген гректер жалғыз көзді дәу туралы сақ тайпаларының мифологиясын жазыр алып, "Одиссеяға" қосқан" (Ә. Қоңыратбаев.). 1857 ж. зерттеуші Вильгельм Гримм Циклоп туралы сюжетті талдағанда, оның бір вариантының қатарына қосқан.
9. Бегілұлы Әмірен туралы жыр. Жыр Кавказда туған. Бегіл-Грузия жеріне жіберілген оғыз ұлысының әкімі. Бұл жырда оғыздардың жаңа қонысы-қазіргі Әзербайжан территориясын көшіп келгеннен кейінгі оқиғалар баяндалады. Оғыздар мұнда келген соң Грузия мен Аренияның көптеген жерлерін жаулап алады. Олар оғыздарға салық төлеп тұрған. Грузия мен оғыздар арасындағы шекараны оғыз бектері күні-түні күзетіп тұрған. Жырда осындай тарихи оқиғалардың елесі бар.
10. "Үйсін қожаұлы Секрек туралы жыр". Фольклорда көп тараған сюжеттердің бірі-кенже баланың ерлік көрсетуі тақырыбы қозғалады. Әдептілік, үлкенге құрмет, сияқты бірқатар дәстүрлер сөз болады. Негізгі идея- әдептілік пен ерлік жігітке қаажетті қасиеттер екенін жеткізу.
11. "Қазан Салордың тұтқынға түсуі және оны ұлы Ораздың басып алуы туралы жыр" .Қазіргі Әзербайжан жеріне келген оғыздардың көрші елдермен қарым-қатынасы баяндалған.
12. "Сыртқы оғыздардың ішкі оғыздарға қарсы шығуы және Бамсы Бейректің өлімі туралы жыр". Мұнда батыстық оғыз бен шығыстық оғыз арасындағы 1043 жылғы соғыс, оғыз-қыпшақ ұлысының бүлінуі суреттелген. Осы жылы Оғыз-қыпшақ тайпасында туған ішкі бүліктен соң тайпалар екіге жіктеліп, оғыздың бір қанаты Кавказдағы Селжүк династиясының құрамына енген. Мұндағы бүлікті А. Кононов пешенмен соғыс, А. Якубовский қарлұқтармен соғыс, Ибн Фадлан башқұрт Хазар елдерімен бүлік, Ә. Қоңыратбаев шаманизм мен ислам арасындағы бүлік дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |