Нұсқалары. Екі қолжазба нұсқасы сақталған.
Біріншісі Германиядағы Дрезден қалалық кітапханасының сирек кезесетін қолжазбалар қорында сақтаулы. Бұл қолжазба кітаптың мұқабасында көрсетілген аты: “Кітаби дедем Коркут ғали лисани таифаи у озузан” (“Қорқыт атаның оғыз тайпасы тіліндегі кітабы”) Бұл нұсқа он екі жырдан, басқаша айтсақ, он екі оғыз-намеден тұрады. Көшіруші - Абдаллах ибн Фарах.
Екінші нұсқасы Ватикандағы (Италия) Аристолика кітапханасында сақталып келеді. Алты жырдан құралған, ол “Хикаят оғыз-наме Қазанбек уа ғайри” деп аталады. Мұны осы кітапханадан тауып, итальян тіліне түңғыш рет аударған ғалым Этторе Росси болды. Ватикан нұсқасы толық емес, онда 1,2,3,4,7,12 - жырлар бар. Ватикан нұсқасы кейінірек 50-жылдары табылған.
Екі нұсқаның арасында сюжеттік, мазмұндық айырмашылық жоқ. Айырмашылық-тек жекелеген сөз, сөз тікестерінде.
Зерттелуі, аударылуы. Дрезден нұсқасын зерттеу, Европа тілдеріне аудару ісі 19-ғасырдың бірінші жартысында басталған еді. 1815 жылы немістің белгілі ориенталист ғалымы Г.Ф.Диц сегізінші хикасын неміс тіліне аударып, баспасһзде жариялады. Екінші бір неміс ғалымы Теодор Нельдке неміс тіліне толық аударып шықпақ болды. Бірақ бұл іске аспады да, өзінің шәкірті В.В.Бартольдке тапсырды. В.В.Батрольд бұл кітапты зерттеу, аудару ісімен ондаған жылдар бойы айналысты. Сөйтіп, ол кітапты 1922 жылы орыс тіліне аударып шықты. Бұл аударма 1962 жылы академик В.М. Жирмунский мен А.Н: Кононовтың редакциясымен жарық көрді. ТМД елдерінде 1950 жылы Бакуде, 1982 жылы Мәскеуде басылған.
Зерттеуге А.Н. Самойлович, В.В. Вельяминов-Зернов, К.А. Иностранцев, А.Ю.Якубовский, А.А. Диваев сияқты көрнекті орыс ғалымдары да мол үлес қосты.
Әзербайжан ғалымы Х.Г. Көроглы әдеби, тарихи, тілдік тұрғыдан комплексті түрде зерттеді. Бұдан басқа жырларды зерттеуге еңбек сіңірген әзербайжан ғалымдары: Ш.А. Джамшидов, Г.А. Байрамов т.б.
Стамбул университетінің профессоры Эргин Мухаррем толық тексін латын әрпімен транскрипция жасап, бастырып шығарды. Түрік ғалымы Килисли Рыфан 1916 жылы Дрезден нұсқасын араб әрпімен басып шығарған. Түрік ғалымы Фуад Капрюлю де зерттеуге өз еңбегін сіңірді.
Орыс, неміс, италиян тілдеріне аударылған.
Кітаптың сюжетін 1921 ж. Ғалымжан Шарипов "Арслан бек" деген атпен бастырады. Бірақ ол тым еркін болғандықтан, ғылыми жағынан маңызы аз дерек болды.
Қазақ ғалымдарының ішінде алғашқылардың қатарында Ә. Марғұлан 1944 жылы Қорқыттың бақсылығы, сәуегейлігі туралы мақала жазды. М. Әуезов аңыздарды сипаттап, талдаулар жасады. Қорқыт атаны ойшыл деп бағалады. Р.Бердібаев Қорқыт бейнесін ашуда аңыз бен шындық жөніндегі мәселелерді қозғады.
Ә. Қоңыратбеав жырларды жан-жақты талдап, ғылыми зерттеулер жасады, 1986 жылы қазақ тіліне аударып шықты. М. Жолдасбеков те жүйелі пікірлер айтып, қазақ эпосына жақын деп таңдаған жырға талдаулар жасады.
Бұдан басқа қазақ тіліне аударып бастырғандар - Ш. Ыбыраев, Б. Ысқақовтар. Шәкір Ыбыраев осы жырлардың поэтикасын, эпитеттеріне тән құбылыстарды айқындап, еңбек жазды.
Достарыңызбен бөлісу: |