Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселесі



бет2/23
Дата23.02.2024
өлшемі276.5 Kb.
#493054
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
новая лекция

Табылуы, ашылуы. Селенге, Орхон өзендері бойынан табылған. Бұл ескерткіщтерді тұтқында жүрген швед ойицері Ф.И. Стралленберг тауып, Г. Спасский зерттеп, 1889 ж. орыс ғалымы Ядринцев Монғолия жерінен жаңа нұсқасын тауып, ғылыми оралымға келтіреді.
1893 ж. дат ғалымы В. Томсен оқып, неміс тіліне аударады (1895).
Академик В.В. Радлов 1894 ж. орыс тіліне аударады, 1894,97 ж.ж. жарияланады. Алайда Орхон жазбаларын дәл әрі толық аударған ғалым -С.Е. Малов .Ядринцевтің көрсетуі бойынша биіктігі – 3,45 м., енің – 174 м., қалыңдығы-48 см.
Аударылуы. Орыс тілінде қара сөзбен – В. Раблов, Мелиоранский, С. Малов (дәлірек). Өлең – И.В. Стеблева. Күлтегіннің кіші жазуын – Ғ. Мұсабаев. Қ. Мырзалиев – еркін өлең. М. Жолдасбеков
Кейіпкерлер. Білге қаған – мықты ел басшының қасиеттерін жинаушы тұлға. "Күлтегін" жырындағы оқиғаны ұйымдастырушы негізгі тұлға-Күлтегін жырда оған көп көңіл бөлініп, батыр екендігін дәріптейді.
Жырдағы Білге қаған да ақылды, батыл адам:
Әкеміз, ағамыз құрған халықтың,
Аты, даңқы өлмесін деп,
Түркі халқы үшін,
Түн ұйықтамадым.
Тоныкөк бейнесі қазақ жырауларын еске түсіреді. Сол кездегі түркі қағанатының саяси-әлеуметтік және әскери ісінің барлығын өз қолынан өткізген дана абыз, қаған ақылшысы, кемеңгер жан. Білге қаған тұсында төбе би болған.
Тілі. Малов – ұйғыр жазуы, Аристов, Малицкий – тамға, В.А. Ливщиц, С.Г. Кляшторный – арамей, Айдаров – жалпы түркі тілдерінде.
Жанры туралы бірінші көзқарас – Стеблева – поэзиялық туынды, екінші көзқарас – Щерба – тарихи тақырыптағы деректі әңгіме.
Ескерткіштегі түркілердің наным-сезімі.Қаған көк Тәңірі Ата мен жер Ананың құдіретімен дүниеге келеді. Бұл көне түркілердің аспанды-ата, жерді –ана деп ұғынуының көрінісі.
"Қорқыт ата кітабы"


Қорқыт туралы. Қорқыт тарихи шежірелер мен халық аңыздары бойынша 8-ғасырда Сыр бойында өмір сүрген атақты ақын , асқан күйші, аңыз кейіпкері, заманының ақыл-ойлы биі. Оның 3 хан тұсында уәзірлік қызмет атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар. Қорқыттың бейіті бүгінде Қызылорда облысының Қармақшы станциясынан 18 шақырым жерде тұр. Өзі оғыз тайпасының Баят руынан, анасы қыпшақ қызы. Түркі шежіресін жазған Әбілғазы:" Оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, ақылшы, кеңесші. Ол Оғыз заманындағы үлгі айтып, билік құрған дана кісі,"-деп жазады. Қорқыт есімі түркі тілдес халықтар арасында кеңінен мәлім.
Қорқыттың есіміне байланысты ғалымдар мынадай болжамдар айтады: Ә. Қоңыратбаев: "Хор"-тайпа атына жақын (адам), "Құт"-құт. "Құт әкелген адам". М. Дүйсенов: "Хор"-тайпа аты.
С. Қасқабасов: "Қор" + "құт"-қор болған құт, зиян шеккен, яғни өлген жан.
Қазақ арасына тараған аңыздарда Қорқыт әр түрлің бейнелерде көрінеді. Мысалы, Ш. Уәлиханов есіткен аңызда ол қазақтардың бірінші бақсы шаманы, елге қобыз үйретуші ұстаз, күйші, өлең сазының шеберід. Г. Потанин Қорқыт- қазақтың тұңғыш жырауы десе, И. Кастенье өнерпаз, ұсқаз, балгер деп бағалайды.
Ел аузында Қорқыттың ажалдан қашқаны жайлы аңыз кең тараған. С. Қасқабасов: "Қорқыт бейнесі Прометей сияқты құдайларға қарсы соғысқан кейпкерлердің бұрынғы типі болуы да мүмкін".
Өлім мен өмір тақырыбы адамзат мәдениетінің ең көне құнды деректерін берген "Гильгамеш" (б.з.д. 2500 жыл бұрын) пен "Авест" жазбаларында да бар. Гильгамеш теңіз астынан "мәңгілік гүлді" алып шыққанымен, пайдалана алмайды, оны қаскөй жылан ініне алып кетеді.
Бүкіл түркі жұртына қорған болған Афрасияб өлімнен қорқып, алып болыт қорған орнатады. Сөйтіп, бірнеше жыл қорғаннан шықпа!й қойыпты. Бірақ өлім бәрібір құтқармапты. Бұл бақта жүргенде ол ағаш тасасында тығылып тұрған суық өңді біреуді көреді. Ол келген ажал еді.
Өлімнен қашу тақырыбы "Шахнамада" да бар: Сасанид шахы Яздигир жұлдызшыларды шақырып, ажалының неден екенін сұрайды. Олар ажалының судан екенін айтады. Содан патша суға жоламай жүреді. Бір күні мұрны қанап, тыйылмай, сумен жуса ғана қоятын болған соң, амалсыз сумен жуады. Сол жерде жан тапсырады.
"Қорқыт ата кітабы". Түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, бай танытатын эпикалық, әрі тарихи мұра. Ғалымдар В.Бартольд В. Жирмунский т.б. бұл кітап қырғыз, қазақ, өзбек, түрікмен, әзербайжан халықтары арасында кең тараған ескі аңыз сюжеттері негізінде жасалды дейді.
Сырдың төменгі ағысы (9-10 ғ.ғ), оғыздардың жаңа отаны Кавказда (Әзербайжан) және Кіші Азияның көрші аудандарында (11-15 ғ.ғ) әр түрлі айтушылар туғызған. В.В. Бартольд: 15 ғасыр басында көшірілген (бірақ сюжетер өте ежелгі). Э. Росси: 15 ғасырдың орта шенінде, Х. Көроғлы: 1482 жылы, Ә. Қоңыратбаев: 9-11 ғасырларда туып, 15 ғасырда хатқа түскен. Қорыта айтсақ, "Қорқыт ата" 8-ғасырларда, одан да бұрын туған аңыздардың уақыт бедерінен біраз өзгеріп, 15-ғасырда хатқа түскен.

Эпикалық сарындағы түркі эпостарымен ұқсас. Кітапта Қорқыт дананың ел аузында қалған нақыл сөздері келтіріледі. Осы сөздердің көбі бүгінге дейін қазақ мақал-мәтелдерінде айтылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет