Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселесі


Қазақ жырлары мен аңыз-ертегілеріне ұқсастығы



бет5/23
Дата23.02.2024
өлшемі276.5 Kb.
#493054
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
новая лекция

Қазақ жырлары мен аңыз-ертегілеріне ұқсастығы. Қобыланды", "Алпамыс", "Ер Тарғын" т.б. жырлардың көптеген көріністерімен ұқсас.

  • Олар алыптарша жыл санап емес, күн санап өседі.

  • Олар ер, бірақ аңғал

  • Аты мен жары өзіне сай

  • Батырлар әрқашан үстемдікке қарсы күреседі

  • Балаға зарыға мотиві де ұқсас

  • Батырлардың ерлікпен үйлену сарыны. Мысалы, кәпір елінің қызы Селжан арыстан, бура, бұқаны жеңген жігітке тиемін деуі

  • Батырлардың алып ұйқыға кетуі (М, "Қобыландыда")

  • Қазанның өзі жорыққа кеткенде елін шабуы, түс көруі, шабылған жұртын

көріп зарлауы, елінің жайын қойщысынан сұрап білуі т.б. қазақ жырларын, әсіресе, "Қобыландыны", "Алпамысты" еске салады

  • Бейректің тұтқыннан басау эпизоды "Қобыландыдағы" батырдың Көбікті тұтқынынан босағандары сияқты. Екеуінде де гәуірдің қыздары батырларға ғашық болып, сол ғашықтық сезімдері үшін іс қылады

  • Жетінші жырдағы Жүгенек алып батыр болып суреттеледі. Бұндай дәулер қазақ жырларында да кездеседі. Мысалы, "Қобыландының" бір нұсқасында Қырық құлаш Қызыл ер дегеннің сиқы Жүгенекпен шамалас

  • Бамсы мен Бейрек аналарының құрсағында жүргенде құдаласады. Бұл Сарыбай мен Қарабайдың құдалығын еске түсіреді.

Кейіпкерлер. Кейіпкерлер негізінен оғыз-қыпшақ ұлысының ел қорғаған ерлері.

  • Атақты жырау, ұлы күйші, данышпан Қорқыт атаның өзі.

  • Жойқын алыптардың ұлы ағасы, барлық бектердің бегі Қазан Салор (Қазанбек). "Көроғлы", "Жүсіп пен Ахмет" сияқты түрікмен эпостарында оның есімі аталады. Тарихи Адам. Ол туралыӘбілғазының щежірелерінде кездеседі. "Оғыз намеде " Қазақн алып Қорқыт атаның замандасы, оған ақыл беруші, оғыз-қыршақтардың ұлы қорғаушысы.

  • Жауға қарсы тайсалмай қан майданға шыққан Қазанбектің әйелі Бөрте сұлу Құртқа т.б. қазақ жырларындағы батыр серіктеріне ұқсайды.

  • Әдемі сутертелген образдардың тағы біреуі -ұлы алыптардың бірі Қазанбектің ұлы Оразбек –алып, ақын, қобызшы.

  • Әділдік үшін басын оққа тіккен Бамсы Бейрек

  • Әзірейілге қарсы шыққан ер Домрул қазақ әпсаналарында "Тоқаұлы Домбауыл" және ол қият тайпасынан.

  • Жалғыз көзді дәуді айламен өлтіретін батыр Бисат

  • Күш-қуаты өзінен кем түспейтін қалыңдық іздеген Қан Тұралы

  • Ер Жүгенек-жойқын алыптардың бірі, әрі ер, әрі, қобызшы. Ол "Жауға тау қыранындай қарсы шабады", "Мінгені жел жетпейтін тұлпар-торы айғыр".

Онда исламнан бұрынғы тайпа аттары жиі кездеседі: Ұсун қожа (үйсін), Қағлы қожа (қаңлы), Қазалық қожа (қорлұқ). Рашидидің айтуынша, алғашқы екеуі Қорқыт тұсында өмір сүрген билер. Усун қожа туралы айтылған жырлар түгелімен қазақ жеріндегі үйсін елінің өмірімен байланысты.
Жанр. В.В. Бартольд орыс тіліне аударғанда өлең текстерін бөлмеген, бәрін қара сөзбен аударған. Қара сөз деушілер буын саны 7-8,11,14-15, яғ,и поэзия емес дейді.
Көроғлы текстологиялық салыстырулар арқылы поэзияға тән белгілер үлкен орын алады деген. Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, М. Жолдасбеков және Европа зертеушілері бұл кітапты жыр тілімен жазылған, яғни, жыр үлгісі деп бағалайды. Ол жырларды тудырушы- Қорқыт ата. Олар жырлардың буын санының әр түрлі болуы жайлы мұндай буын саны эпостық жырларда, жырауларда да кездеседі, бірақ екпінмен, мақаммен айтылғанда жымы білінбейді дейді.
Жанры жайлы В.М.Жирмунский былай дейді: "Отношение прозы и стиха в "Книге Коркута" занимает промежуточное положение между этими типами. Прозой передается повествование, стихами-только речи героев, хотя далеко не все речевые партии имеют стихотворную форму.
Төбекөзге байланысты оқиға аңыз, әпсана түрінде, ал Бамсы Бейрек туралы жырдың сюжеті эпос стилінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет