Басылуы, зерттелуі. Париж ұлттық кітапханасында сақтаулы. Көшірген ақын-Берке Факих. Транскрипциясын поляк ғалымы А. Зайончковский 1961 жылы латын әрпімен жаниялаған.
Қазақ тіліне аударып, тілдік тұрғыдан зерттеген-Ә. Ибатов.
САЙФ САРАИ
(шамамен 1320-1396) Қыраубаева
"ГҮЛСТАН" (14 ғ.)
"Гүлстан"-парсы және түркі әдебиетіне ортақ мұра. Бұл кітапты алғаш 12-ғасырдың аяғы мен 13-ғасырдың басында парсы ақыны Сағди жазса, 1391 жылы Сарай қаласынан шыққан ақын С. Сараи түркі тіліне аударған. Сағдидың бұл кітабы орта ғасырдың өзінде көртеген тілдерге аударылды. Соның ішінде Сараи бірінші аудармашы болды.
Көптеген қысқартулары, өзінің жанынан қосқан жерлері де бар.
Екіншісі өзінің төл шығармасы "Суһаил мен Гүлдірсін". Дастанның оқиғасы: бір соғыста Суһаил атты жігіт тұтқынға түседі. Оған ғашық болған шахтың қызы Гүлдірсін жігітті босатып алып, бірге қашып кетеді. Бірақ жол азабынан Гүлдірсін қайтыс болады. Қайғыға шыдамаған жігіт өзіне –өзі қанжар салып өлтіреді. Бұл дастанда Темірдің қызы мен Тоқтамыстың ұлы жайлы халық арасындағы аңызға сүйеніп жазған.
Өмірі. Ғалымдар Х.Ю. Миннегулов, Н.А.Давроновтар
Сараи қазіргі Саратов, Қырым, Орал маңынан шыққан ақын екендігін айтады. Ол өмір сүрген 14-ғасырда қыпшақ ақындары Алтын Орданы тастап, сол кезде ірі мәдени орталықтардың бірі болған Египетка кеткен. Сол кезде Египетті қыпшақтар билеп тұрған (Мәмлүктер). С. Сараи да Арай қаласынан шыққанмен кейін Мысырға кеткен, өмірінің соңын сонда өткізген ақын.
Басылуы, аударылуы, зертелуі. Орыс тіліне 19-ғасырдан аударыла бастады (1882 ж. Москва, И. Холагоров). Бұдан басқа 1972 ж. Е.Э.Бертельстің аудармасы. Қазақ тіліне М. Әлімбаев аударған.
С. Сараи шығармашылығын арнайы зерттеген ғалымдар Х.Ю. Миннегулов, Н.А.Давроновтар. Ол ғалымдар Сараи қазіргі Саратов, Қырым, Орал маңынан шыққан ақын екендігін айтады.
Жалпы. КітаптаСараидың өз жанынан шығарған өлеңдері де бар. Онда "әйел-дос" желісі, "әйел-ғашық" желісі сөз болады.
Әйелің-адал жарың оны сүй әзіз ер,
Әрбір ауыр жаңдайда дәйім сені демер.
Оған дос бол, оны сүйіп
көңіл бер,
Оның сөз теңізінен гауһарларын тер.
А. Қыраубаеваның ойынша С. Сараи түркі поэзиясында "әйел-дос" тақырыбын алған көтерген. Қорқыт әйел төрт түрлі болады депті: ниеті қураған әйел, ынсапсыз әйел, үйдің
құты болған әйел, кесір әйел. Ж. Баласағұн: сұлу әйел, атақты әйел,
бай әйел, адал жар. Абай:
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар,
ұяты бар
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма.
Сараидың "әйел-ғашық" тақырыбындағы өлең жолдары қисса түрінде жазылған, мінсіз әйел бейнесін берген:
Жаңа туған айдай қасың, уа көріктім,
Сені
ораза тұтқан кісі көрсе, оразасын ұмытып тойлар еді.
Су ішкен ерніңнен су тамса,
Ол жерде қант пен шекер пайда болар.