Түркілік наным-сенімдер.Діни-мифологиялық элементтер едәуір орын алады.
Жырда Көк тәңірімен, Көк бөрімен байланысты оқиғалар бар. Оғыз жорықтарын көк бөрі бастап отырады. Бұл исі түркі тайпаларының өз тегін көк бөріден таратуына байланысты. Мысалы, алғашқы түркі қағандарының бірі "Ашин өзінің арғы ата-бабасы қасқыр тұқымынан тараған деп білген" (Л. Гумилев. Древние тюрки"). Ұйықтап жатқан батырдың шатырына көктен сәуле түседі.Сәуле ішінен көкжал қасқыр шыға келеді. Оған тіл бітіп:
О, Оғыз мен сені бастап барайын,-дейді.
Исламға дейінгі Көк тәңірге, Жер-су тәңіріне,Ұмай анаға сыйынатын адамның жаралуын да аспан денелерімен баланыстырып қарағанын. Осында элементтер "Оғыз қаған" жырында да бар.
Оғыз алған екі қыз да Көк тәңірінің бұйрығымен жолығады. Алғашқысы нұрдан пайда болады. Нұр-түркі аңыздарына ортақ, нышандық мәні бар нәрсе. Ол-Тәңірдің құдіреті.
Кейіпкерлер.
"Оғыз қаған" жыры-оғыз руларының ата-тегін бір адамнан тарату идеянынан туған жыр. Тарихи негізі бар әдеби образ жасалған" (Қ. Өмірәлиев).
Оғыз. Оғыздың кім екені жайлы еңбектер мол және олардың Оғызды танып-білуі әр алуан:
1. Оғыз кісі аты болуы, оның күллі оғыз руларын түпкі атасы болуы;
2. Тарихи бір болған кісінің прототипі
Бұл жырды алғаш зерттеушілердің бірі тархшы ғалым Я.И. Бичурин ғұн державасының қағаны Моде Оғыз хан атымен белгілі екендігін айтқан. Шығыстанушы неміс ғалымы Иозеф Маркварт Оғыз бейнесінен Шыңғыс хан тұлғасын көреді. Г.Н.Потанин Оғыз белгілі бір тарихи бейне емес, эпостыұ қаһарман деген пікір айтады. Рашидаддин мен Әбілғазының айтуынша, Оғыз хан төңірегіне топтасқан елдің жалпы атауы- Алаша хан елі. Қазақ аңыздар өзінің шығу тегін үш оқтан таратып, содан үш жүзге бөлінген дейді. Алаша ханның екі баласының бірі-Сейілханнан түрікменді, Жайылханнан қазақ пен қарақалпақты шығарады. Жырдағы Оғыз балалары боз оқ және үш оқ болып бөлінуі осы аңызға байланысты болса керек. Оғыз қағанды А. Македонский, қазақ ханы Жәнібекдеп божам жасаған ғалымдар да бар.
М. Жолдасбеков: 9 ғасырдағы түркі тайпалары тарихындағы Оғыз немесе Уыз атты хан бар. Әңгіме сол жайында болуы тиіс. «Уыз» сөзінің этимологиясына байланысты:1. анасының уызын қорек етуінен; 2. Оғыз-Уыздың өзгеруі (ғ-элизия).
Оғыз-қас батырға тән өжет мінезді, ер қимылды.Қару-жарақ асынып, есепсіз қол жинауға аттанған жас Оғыз ұзақ жорық сапарынан еліне қартайғанда оралады.
Оғыз атының шығуын А. Қыраубайқызы өгіз тотемімен байланыстырады.
Ай қаған-оғыздың анасын ғалымдар көбінесе от басының қамқоршысы Ұмай-ана бейнесімен байланыстырады.
Қалың әскер ішінде Оғыздың бектері деген категорияға кіріп, өз атымен аталған төрт кейіпкер бар: Қыпчақ, Улуғ Орду бег, Қағарлық ер, Қалач Төмурдү Қағұл чебер, Қаңлы Бармақлуғ Жостун Білліг чебер
"Жырда әңгіме болатын қағарлықтар-қаңлы тайпаларының елесі" (А. Қыраубаева). Қарлұқтың болат, жұз(сәбек), ташлы рулары болған.Кей аңыздарда қазақтың үш жүзінің негізі осы үш тайпадан шығады. "Оғыз қағандағы" рулар аты түгелімен М. Қашқаридың кітабында бар.
Ұлуғ Орду бек эпоста өзі бек, өзі жауынгер
Қағарлық ер-қаңлы тайпасының жиынтық образы
Қалач төмүрдү қағұл ер –оғыз қарауында болған, соларға қараған өзге жұрттың қалач руының прототипі. (Қ. Өмірәлиев)
Орыс бек-Киев княздарының бірі болса керек деген болжам бар.
Алтын қаған. Қ. Өмірәлиев: "Тарихи негізі бар образ. Ол Модэ бірінші рет аттанып барып шабатын Дун-Ху жұртының, Оғыз хан бірінші рет аттанып барып шабатын татар жұртыны қағанының прототипі"
Урум қаған Қ. Өмірәлиев: " Кісі атына айналған Рим империясы. Модэ Шығыс Түркістанды, ОРта Азияны, Каспийге дейінгі жерді жаулап алды. Оның ұрпақтары1-5 ғ.ғ. Каспий теңізі үсітемн барып Еділ суын кеше Қара теңіз жазыңын басып барып 371 жылы Гот королі Германарихті жеңіп, 5-ғасырды Дунайға жетті. Рим империясы жеріне кіріп, бірнеше шекаралық қалаларын қиратты. Соның елесі"
Ұлық Түрік. Оғыздың ақылшысы Ұлық түрік Қорқыт атаға, Тоныкөкке жақын бейне. Ол ақ сақалды, ақ шашты, шексіз өнерлі кісі, әрі түсемел, сәуегей, әулие. А. Қыраубаева, М. Жолдасбеков: :Жырды шығарушы Ұлық Түріктің өзі болуы мүмкін.М. Жолдасбеков: Қорқыттың прототипі емес пе ?
Әйелдері.
Алғашқы қызда Оғыз тәңірге жалбарынып отырады. Үйлену Оғыздың ісі емес, тағдырдың өз ұйғарымынша екені баяқалады. Сол кезде көктен бір жарық сәуле түседі. Онда маңдайында алтын қазықтай меңі бар сұлу қыз отырмайды. Қыз аты аталмайды, себебі ол көк тәңрінің қызы. Діни сарында алла тағала адамды жаратпас бұрын Мұхаммет пайғамбардың нұрын жаратқан. Әл-Фарабидің айтуынша, дүние ғалам бір шапақ нұр сәуледен пайда болған.
Екінші әйелін аңға шыққанда кездестіреді. Көл арасында, ағаш қуысында отыр. Жерлік зат, Аты жоқ-Жер-Ананың қызы. А. Қыраубаеваның пікірінше, кіші әйелінің ағаш қуысында отыруы қыпшақ қызы екенін аңғартады (ғалымның айтуынша, түркілердің қыпшақ бұтағы өздерінің шығу тегшін ағашпен байланыстырған).
Балалары. Оғызхан-Қарахан баласы. Аңыз бойынша Оғызханнан алты бала туады. Рашидеддин, Әбілғазы: Оғыздың 6 ұлы болған: Күн, Ай,Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз. Олар аңда даладан үш алтын оқ, үш алтын садақ тауып алады. Оларды қалай бөлу керек деп әкесіен сұрағанда, әкесі алтын садақты үлкен үш ұлына, ұш алтын оқтыкіші балаларына береді де: «Алтын садақ алғанұлдарымның ұрпағы Боз оқ, ұш оқ алған ұлдарымның аты Үш оқ болсын»,-дейді.
Ә. Қоңыратбаевтың көрсетуі бойынша, олардың шежірелері мынандай:
Боз оқ:
Күнхан
Қай (қият)
Баят
Алқарйлі
Қараүйлі
Айхан
Ярыз
Дукер
Додырда
Баярлы
Жұлдызхан
Явеш
Қырық
Бекдили
Қарқын (Қалаш)
Көкхан
Баяндур
Биха
Жаудір
Чипини
Таухан
Салор
Имур
Алаюнтухи
Узгыз
Теңізхан
Яндыр
Букдур
Бинва (Бандун)
Қынық
Үш үлкен (Күн, Ай, Жұлдыз) ұлын алтын жай бар таң атар жаққа, Көк, Тау, Теңіз атты кіші ұлдарын үш күміс оқ кеткен түн тарапқа аң аулауға жұмсайды.
Оғыздың 24 тайпасы болған . Қ. Өмірлиев: "Оғыз тайпаларының 24 рулық жүйесі, 6 топқа бөліну жігі, әр үш топтың оңға және солға бөліну жүйесі Модэ дәуіріне тән 24 старшинадан құрылған, яғни түмен басы деп аталған Қаған кеңесшілерін, Қағанаттың Орда бөлігінен басқа оң және сол қол деп бөлінген екі кіші хандығын, оң және сол қолды билейтін екі кіші хан мен екі орынбасарды және әр оң жақ пен сол жақтың әр үш атасының басында отырған 6 биін еске түсіреді (алты баласының оты ойдан шығарылған)".
Қат. Жырдағы Қат-жалмауыз аң бейнесі. А. Қыраубаева: "Жырдағы Қат-жалмауыз аң бейнесі Төбекөзді еске түсіреді. Алтай жағында Қат дейтін аң болғандығы жөнінде ауызекі әңгімелер бар. Суреттеуіне қарағанда, ол пілге ұқсайды... Оғыздың Қатпен соғысы оғыз-қият рулары арасында болған қақтығыс-соғыстардың ізі болса керек". Жармұхамедов: мүйізтұмсық.
Географиялық атаулар. Мұнда кездесетін географиялық атаулар туралы Шағам-Шам (Дамаск), Сінду-Индия, Терең өзен-Днепр өзені т.б. болжамдар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |