Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы


БАЛА МІНЕЗІН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ПОЭЗИЯНЫҢ РӨЛІ



бет108/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   143
Кітап Тәрбие

БАЛА МІНЕЗІН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ПОЭЗИЯНЫҢ РӨЛІ

Балла психологиясының қалыптасуына оның денсаулығы, өскен ортасы, жағдай, тәрбие әсер етеді. Балалар поэзиясы – бала тәрбиесінің құдіретті құралы.


Бала - сенгіш, адал, қиялшыл, сезімтал.Әсерлі бір сөз оның өмір бақи есінде қалады. Орынды, әсерлі айтылған бір сөзбен-ақ, баланы жағымсыз құлығын тыюға болатынын өмірден білеміз. Балаға,әсіресе, өлең сөз ерекше әсер етеді.
Баланың анаға деген сүйіспеншілігі шексіз ғой, ол айналасындағы адамдардың бәрін де ізгі санап, ілпипатпен қарайды. Бала бойындағы ізгілікті арттырып, сол ілтипаттылықты сүйегіне сіңіретін өлеңдер бар: ол өлеңдерді жаттап айтқан баланың жүрегі елжірейді, өмірбақи мархабатты болуға бейімделеді:
Мен әжемнің аузынан
«Аһ!» дегенде түсіппін,
Мамашымның бірақ та
Емшек сүтін ішіппін.

Мамашымды әжем де,


Мен де жақсы көреміз.
Қартайғанда біз оған
Тіс салғызып береміз. (М. Қыстаубаев).
Әжесін құрмет тұтатын жас балдырған осы тақпақты айта тұрып, әжесіне де мамасына да елжірейді, екеуін де құшады, аналармен аймаласып, балалықтың базарын думандатады. Бұл құбылыс балының мәңгі есінде қалады да, оның анаға деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Анаға сүйіспеншілігі артқан бала оған ізгілікпен қарап, анайы мінез көрсетпеуге тырысады. Демек, мұндай өлеңдер бала мінезін қалыптастыруға игі әсерін тигізеді.
Бал тілді балдырғандардың сөз байлығы тез молайып, былдырлай бастағанда-ақ, олардың сөзін үлкендер қызық көреді. Сондықтан ересектер балдырғандардың дөрекі сөйлегеніне көп мән бермейді де, кейін опық жеп қалуы мүмкін. Баланы сыпайылыққа үйрету үшін, ізгілікке үйрететін тақпақтарды таңдап тауып, бүлдіршінге жалықпай жаттатудың мәні зор. (Мысалы: Ә. Дүйсембиевтің «На деу керек?» деген өлеңі сыпайылыққа үйретеді).
Кішкентай Бақыттың мінезі күрт өзгеріп, ұқыпты бола бастады, ол беті-қолын жуып жүретін болды, апта сайын атасына келіп, тырнағын алдырады. Оның «ұқыпты адам» бола бастауына қандай жағдай әсер етті екен? Байқасақ, Бақыттың мінез-құлқының тез өзгеріп жинақты бола бастауына бір шумақ тақпақ - өлең ықпал жасаған. Егер кішкентай немересінің жуынбай жүргенін көрсе, әңгімешіл, әзілқой атасы күлімдеп, сұқ қолымен оны нұсқай көрсетіп:
Анау бала,
Бетін қара:
Кір-қожалақ, қап-қара.
Тырнағы өскен,
Шашы көптен
Алынбапты-ау, масқара! – дейді.
Бала намысы өткір ғой! Бақыт ызаға булығып, «Мен кір қожалақ емеспін, ата!» дейді, сөйтеді де жуынады, жуынып келіп атасына өзінің «әйәйбала», «аппақ бала» екенін айтып мақтанады, оның атасы қуанышпен қуаттап, үй-іші мәз-мейрам болады. Балдырған Бақыттың мінез-құлқының жақсарып, психологиясының қалыптасуына поэзияның отты қуаты осылай әсер еткен.
Серік деген бүлдіршінге әкесі бірнеше рет «Ертеңмен, төсектен тұрғанда беті-қолыңды жу» деп ескертті. Бірақ үй-іші ертеңгі асқа отырғанда, Серік «әкесінің тілін алмаған» болып шығады. Серіктің ертеңгі асқа деген тәбетін бұруға батынбаған ата-ана оған тағы да ескерту айтумен тынады. Бір күні «Балдырған» журналына ұқыпсыз ұйпалақ Жұматай деген баланың төсектен тұрған бойы, бетін жумай нан жеп отырған суреті шықты. Суреттің астына:
«Бетін жумай Жұматай,
Нан жеп отыр ұят-ай!» -
деп жазылыпты. Әкесі бұл суретті көрсетіп, ондағы жарты шумақ тақпақты айтқанда, Серіктің жүрегі лүпілдеп, маңдайы тершіп кетті «Мен бетімді жуамын, әке!» деді ол сеніммен. Ол сол күннен бастап өз уәдесін берік орындайтын болды. Баланың аты бала ғой. Серік кейде күнделікті әдеті бойынша жуынбаса, әкесі Жұматайдың суретін көрсетіп, әлгі тақпақты қайталайды. Серік ұялып, қызарып өз міндетін орындайды, өзінің аңғалдығына өкініп, бұдан былай айтқан уәдесін айнытпай орындауға, ұқыпты болуға ынталанады, ықыласы артады. Міне, балалар поэзиясы баланың мінез-құлқын осылай қалыптастырады.
Бала мінезін қалыптастыру үшін тәрбие ісіне халық ертеден-ақ балаларға лайықты өлең-тақпақтары кеңінен пайдаланған.
«Асан жаман
Түйе табан» -
деп, кір-қожалақ ұқыпсыз жүретін өренді мазақ етіп, ұялтатын. Баланың ұяты шымбайына қатты батады, өзінің оғаш мінезі үшін ұялған бала, сөзсіз мінезін түзейді, оның адамдық ақыл-санасы қалыптасады.
Құрама! Құрама!
Құлағыңды бұрама.
Талқан шылап бергенше,
Құры босқа жылама! -
деп, мазақтай бастаса, тілі шыққан, намысы тұтанған балдырған, «жылауық» атанудан сескеніп-ақ өкісігін тыя бастайды.
Қисық мінез көрсеткен қиқар баланың қырсықтығын айтып, ашу көрсеткенмен, өрекпеленген ұрыс оның намысына онша тие қоймай, қайта «жөнсіз» деген ой туғызып, ерегестіруі мүмкін. Ондайда нақты дәлелдерді баланың алдына тартып, шыдамдылықпен:
«Кіп-кішкентай Қисыбай
Мінезінің қисығы-ай!» -
деп (М.Әлімбаев) езу тартқан әкенің сөзі әлдеқайда өтімді болады. Бала не істесе де дұрыс істедім деп ойлайды, егер баланың өз іс-әрекетіндегі кесірлікке көзі жетсе, оны қайталамауға бейімделеді.
Баланың мінез-құлқын қалыптастырып, тәрбиелеу ісіне балалар поэзиясының пайдаланудың мәні зор. Ол үшін асқан кішіпейілділік пен сүйіспеншілік, сауаттылық пен талғам, педагогтік қабілет керек.
«Балалы үй - базар». Базардың қызығы мол, берер берекесі көп. Әрбір отбасында бала тәрбиесіне қызмет ететін қымбатты мұра - балалар поэзиясы. Асыл мұраны, алтын қазынаны пайымдап, пайдалана білген ата-ана бала тәрбиесінде өз мақсаттарын қапы қалмай, қанағаттана орындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет