ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуы - ұлы батырлар мен дала даналарының қаһармандықтары мен данышпандықтарының жемісі. Түркі дүниесінің негізін құраған Көкбөрі, Бөден хан, Ескендір Зұлхайнариді ерлікпен де, ақыл-айламен де жеңген Шу батыр, Евразияны ерлікпен билеген Еділ батыр (Атил) ерліктерін жалғастырып, қазақ жерін бекемдеп, қазақ ұлтын қалыптастырған батырлар Мұрын жырау жырлаған «Қырымның қырық батыры» жырларынан бастап қырық томдық жыр болады. Үндіні билеген Бабыр, Египетті билеген Бибарыс қассақ (қазақ) тегінің ерлігі мен даналығын көрсетеді..
«Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы» Тәуке ханның «Жеті жарғысы», Жаныбек ханның ұлттық мемлекет құруы қазақ ұлтының тегінен бастап телегейіне дейін дамып қалыптасқан ұлт екендігін мақтан тұтамыз
Қазақ халқы – дарынды халық: қазақ халқының ақын халық екендігі дүние жүзіне белгілі. Эпостық жырлар, айтыс өнері жөнінен қазақ халқы дүние жүзінде бірінші орында. Қазақ халқының күйшілік өнері, яғни қазақ күйлері оркестрлік күйлердің бәріне негіз бола алады. әл-Фарабидің домбырасы, Қорқыт атаның қобызы дүние жүзілік саз өнерінің ноталық желісі болды..
«Мен бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай сезінемін» деп поляк жиһангері Янучкевич айтқандай, қазақ халқы - әнші халық.
Жиренше шешеннен бастап ондаған шешендердің шешендік өнері және қазіргі ұрпақтың шешендік сайыстары қазақ халқының шешен халық екендігіне дәлел бола алады.
Қазақ халқы меймандос, мейірман халық. Кең жерге ие болған кеңпейілді қазақ халқы жүз қырыққа тарта ұлт өкілдерін құшағына алып, бауырына басып, олармен «бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығарып» тату-тәтті өмір сүріп отыр.
Қазақ халқының ұлттық мақтаныштары – келешек ұрпақтың ұлттық тәрбиедегі қозғаушы күші болып табылады.
ҰЛТТЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Қазақ халқының ұлттық болмысындағы ұлттық дағдылар: қайырымдылық, мейірімділік, мейандостық, үлкенді құрметтеу, еркіндік, бірлікшілдік, ақиқатшылдық, әдептілік, инабаттылық, жадылық - ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтар болып табылады.
Дағдыға айналған ұлттық - тәрбиелік құндылықтар ұлттық тәрбиенің барлық саласында қолданылады.
Әлі де болса, сирек кездесетін жалқаулық, енжарлық, дарашылдық, өсекшілдік, қызғаншақтық, іштарлық дағдылармен күресте тәлімгерлер тәжірибелі әдіс-тәсілдерін қолданады.
Ұлттық дағдылардағы шындық үшін күрес - ұлттың намыстық кредосы болып табылады. Ал , жасқаншақтық белең алған мына заманда, халық жеке тұлғаларды шындықпен шынықтырады, шындықты айта алмайтындар - нағыз ұлттық тұла емес. Құқықтық тәртіпті бағалау, жақсы сөзді тыңдай білу, тыныштықты қастерлеу, көп оқу бірлікті, еркіндікті бағалау дағдылары арқылы ұлттық қасиеттерді қастерлей білетін тұлғаны халық «өнегелі адам» деп жоғары бағалайды. «Арым, ұятым - барым миятым» деп, жеке ұлттық тұлға «ұят» пен ұялшақтық екі мағына екенін ашық айтады, жеке тұлғаның «Ұялшақтық» дағдысын қатты сынайды.
Жеке тұлға мен ұлттық болмысты ажырата біліп, «келеңсіз дағдыларды ұлттық қасиетке таңуға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |