Даналық – көргендік, көргенділік, ұлылық қасиеті
Жомарттық – кеңпейілділік, қайырымдылық
Зиялылық – біліктілік, ұлағаттылық, мәдениеттік белгісі
Имандылық – тақуалықты, пәктікті көрсететін әдеп
Кісілік - әдептілікті, ізеттілікті, салауаттылықты көрсету
Кішіпейілділік - әдептіліктің, имандылықтың көрінісі
Қонақжайлылық – қайырымдылық, мейірімділік, әдеп белгісі
Мұсылмандық – имандылық, тақуалық, әдептілік белгісі
Парасаттылық – инабаттылық, пайымдылық, мейір белгісі
Сабырлылық – байыптылық, ақыл – парасаттылық белгісі
Салауаттылық – адалдық, тазалық, сергектік белгісі
Ұлтжандылық – ұлттық сана, ұлттық намыс, ұлттық рух көріністері
Бұл салада әрбір мінез болмысы туралы анықтамалар мен түсініктемелерді біз «Мінез және ұлттық тәрбие» деген бөлімде жан–жақты баяндаймыз.
Қазақ халқының ұлттық мінезі ғасырлар бойы елдің тұрмыс–тіршілігіне, тарихи жағдайларға байланысты дамып, қалыптасты. Қалыптасып, халықтық әдепке айналған ұлттық мінезге заман зардабы әсер етпей ме? Әрине, әсері болар, бірақ ұлт тұрған жерде оның мінезін өзгерту «күші» күлде қалады.
Жас ұрпақты тегіне тербеп, олардың бойына ұлттық қасиеттерді (мінезді) сіңіре білуіміз үшін, мінездің ұлттық ерекшеліктерін жан-жақты терең зерлеп, тәлімдік тәсілдерін қолдана білу қажет болады.
Мінез – жеке тұлғаның болмысындағы психологиялық (сезімдік, ұғымдық, түйсіктік) қасиеті. Ол меланхолик, флегматик, сангвиник, холерик сияқты темпераменттік қасиеттер арқылы ұрпақтан–ұрпаққа жалғасып келе жатқан генотиптік (тектік) адами ерекшелік.
Мінез болмысқа (текке), тұрмысқа, қоғамдық құрылысқа, кәсіпке, әлеуметтік жағдайларға байланысты ыңғайлануға, бейімделуге, құбылуға сай болады.
Достарыңызбен бөлісу: |