Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет37/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   143
Кітап Тәрбие

Қонақжайлылық мінез тәлімі
Әдептіліктен, қайырымдылықтан, мейірімділіктен, жомарттықтан, кішіпейілдіктен, жанашырлықтан, ұлтжандылықтан пайда болатын бұл ұлттық мінез адамгершіліктің асқақ бейнесін көрсетіп, адамды сүйсіндіреді.
Қазақ халқы әдептілікті уағыздайды, әрбір қазақ әдеп сақтап, қонақжайлылық рәсімдерін орындайды. «Қонақ келсе, қоң етін кесіп беретін» қазақ бейхабар қонақ үшін де «сыбағасын» сақтап, оны күтіп алуға дайын болған.
Қонақжайлылық мінездің негізі – қайырымдылық. «Бір күн қонған, қонақ-құт» деп, қазақ қонақты құп алып, оған қайырымдылық рәсімдерін жасайды.
Қонақжайлы адам – мейірімді. Ол үлкен қонағын құрметтейді, кіші қонағына ізеттілік көрсетеді. Әрбір қонаққа лайықты әдет-ғұрыптарды орындап, қазақы қадірлі шарапат көрсетеді.
«Құтты қонақ келсе қой егіз табады» деп, халық әрбір қонаққа қонақ иесі жомарттық жасауы – міндет екенін уағыздайды. Бізде бар нәрсені қонақ күтуге лайықты пайдалану дәстүрге айналған.
«Үйің тар болса да, пейілің кең болсын» деп, қонақжай адамның жүзі жарқын, әзілі әдемі, сөзі қисынды болады. Қонақжайлылық – адамгершілік қасиет. Адамгершілігі мол адам қонағына адами қасиеттерді көрсете біледі.
Қонақжайлы адам – жанашыр, ол қонағының жоқ-жітігіне, сұранысына, өтінішіне жанашырлықпен жауап беріп, жайдары жанашырлық көрсетеді.
Қонақ күту рәсімдері, әсіресе қазақ халқында қасиетті әрекет ретінде қалыптасқан, бұл ұлттық дәстүрі ретінде басқа ұлттарға үлгі болады. Қонақжайлылық әрбір қазаққа тән қасиетті құлық.
Меймандостық мінез тәлімі
Мейірмандылықты, әдептілікті, ізеттілікті, имандықты, жомарттықты көрсететін бұл ұлттық мінез, қазақ халқының меймандостығын көрсетеді.
Мейірімді қазақ жақсы адамдарды, жақындарын арнайы түрде меймандыққа шақырып, сыбағасын береді, салт-дәстүрлік кәделерін жасайды. «Атың болса, жер таны желіп жүріп, асың болса, ер таны беріп жүріп» деп халық меймандостықты мейірімділік межеде жоғары бағалайды.
Ұлттық әдепке арналған әдет-ғұрып бойынша, ауылдастарын, ағайындарын, сыйлы адамдарды мейман ету тек ас беру ғана емес, сырласу, кеңесу, өнер көрсету, білім сайысу, ғибадат ету, жақсылықпен бақыт қуанышын бөлісу т.б. ниеттермен өтеді. «Таспен атқанды аспен ат» деп, қазақ қастасқанмен достасуды уағыздайды.
Мейманды адам – ізетті болады. Ол кісі күтудің жолын біліп, рәсімдерін орындайды. Мейманды күтіп алу, ас тарту, көңілін бөлу, ойын дамыту т.б. әрекеттер ізеттілікпен орындалады.
Инабаттылық, имандылықпен ұштасып, мейманды тұлғаның мейір-шапағатының өзі үлкен тәлім-тәрбиелік әсер етеді.
Мейманды адам жомарттықпен, кең пейілділікпен, берекелі әрекетімен беделін нықтайды. Тектілік пен кеңпейілділік меймандос, мейірлі адамның қазақи қасиетімен мінсіз мінезімен тәнті етеді. Біз ұлттық тәрбиеде ұрпақты меймандостық мінезден үлгі алуға үйретеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет