Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет36/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   143
Кітап Тәрбие

Кішіпейілділік мінез тәлімі
Мейірімділікті, сый–құрметті, қайырымдылықты, әдептілікті, инабаттылықты, ізеттілікті, мәдениеттілікті көрсететін бұл ұлттық (қазақи) мінез - адами игі қасиеттерді айқын көрсетеді, адамды сүйіндіреді.
Кішіпейілді адам мейірімді болады, ол басқа адамдарға мейір–шапағатын төгіп, олардың жақсылығына қуанып, «ұлық болсаң, кішік бол» деген қағиданы берік ұстанады.
Кішіпейіл адам кішіні сыйлайды, үлкенді құрметтейді. Ол «үлкендігін», «мансабын» бұлдамайды, жаны жарқын, сөзі жылы, жайдары бейнесімен жұртты сүйіндіріп, көңілін көтереді.
Жанашыр, қайырымды іс-әрекеттермен кішіпейілді, ол адам адалдығын ардақтап, қадірлеп, қамқорлық жасайды. «Жақынды жаттай сыйла, жат өзінен түңілсін» деп, халық кішіпейілділік мінездің қадір–қасиетін уағыздайды.
Әдептілігімен әсер ететін кішіпейілді адамның ұлттық ұлағатты бейнесін басқалар сыйлап, құрметтейді. «Кішілікте - кісілік» деп, халық нағыз кісі кішіпейілді болатынын үлгі етеді.
Үлкенге де, кішіге де инабаттылық көрсететін адам өзінің кішіпейілдігі мен адамгершілік қасиетін көрсетіп, қадірлі болады.
Ізеттілік іс-әрекеті арқылы кішіпейіл адам көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленеді, ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетіп, әдептілік әсер қалдырады.
Кішіпейілді адам – мәдениетті тұлға. Оның сөзінен, киінуінен, тазалығынан, жүріс–тұрысынан мәдениеттің мәні айқын көрініп тұрады.
Кішіпейілді мінезді ұяңдықпен, ұялшақтықпен шатастыруға болмайды. Кішіпейілді мінез жасанды болмайды, жан дүниенің жарқындығын көрсетіп тұратын бұл мінезді халық үлгі-өнеге тұтады. «Кішіпейілдіктен кішіреймейсің» дейді халық. «Кісілік кішіліктен танылады» деген халық қағидаларын ұлттық тәрбиеде қолдану арқылы біз ұлттық тұлғаның кішіпейілділігін қалыптастырамыз.
Қайсарлық мінез тәлімі
Әдептілікті, батылдықты, қайсарлықты, қаһарлықты, қажырлықты, өткірлікті көрсететін көрікті мінез азаматтың шыңжаңдығын айқындайды.
Қайсар жан шындық үшін жанын қиятын әділетті болады. «Қорғай білсең шындықты, сонда сенсің шын мықты» деп, халық шындықты қорғай білетін тұлғаны жақсы көреді.
Қайсарлықтың белгісі – батылдық. Батыл адам қиындықтан қымсынбайды, жақсыны жанындай бағалайды. Қайсар жігіт «айтпайды, - айтқанынан қайтпайды» деп, халық қайсар адамның сөзі – берік, бірсөзді, табанды болатынын өнеге тұтады, мадақтайды, мақтайды.
Қайсар адамның қаһарынан сескенген жеңілтек адам, оның айтқан шындығына бас иіп, әділдігін құрмет тұтады. «Қайсарлықтан қаһармандық сезіледі» де, қайсар адам батылдығымен «басып», батырлығымен жеңеді.
Қайсар адам қажырлы болады, ол қандай қиындық болса да, «қиып түседі». Ол өз ісіне жауапкершілікпен қарап, айтқанын атқарады, дегеніне жетеді, әрбір істің қалпын біліп, оны қажырлықпен орындайды. «Әр істің қалпын біл, арыстың салтын біл» дейді халық. Мұны қайсар адам өнеге тұтады.
Сөз өткірлігімен, өзінің өжеттілігімен жеңіске жететін қайсар адамды халық қадірлейді, ұрпақ ұлағаттайды. «Жігіт болсаң, шоқ бол, шоқ болмасаң, жоқ бол» деген халық қағидасын бойына сіңірген қайсар тұлға мінезімен де, жүріс–тұрысымен де, біліктілігімен де ерекше «көзге түсіп» көпті қуантады.
Қайсарлықты дөрекелікпен шатастыруға болмайды. Қайсар адам әдептілігімен сыйланады, әділеттілігімен құрметтеледі. «Бас кеспек бар болса да, тіл кеспек жоқ» деп, қайсар адам әділ айтады, әдепті сөйлейді. Оны үлкен–кіші ізеттілікпен құрметтеп, үлгі алады. Қайсарлық мінездің қажырлы қасиеттерін мысалдар арқылы дәлелдеп, жастарды қайсарлыққа тәрбиелейміз.
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет