Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет34/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   143
Кітап Тәрбие

Жомарттық мінез тәлімі
Мейрімді, қамқор, қайырымды, көпшіл, иманды, жанашыр, кеңпейілді адамның бұл ұлттық мінезі құттылығымен қуантып, жұрттың рухани сезімін оятады.
Жомарт адам, әсіресе, отбасына, отанына мейірімді. Мейір шапағатымен айналасына арайлы таңдай әсер ететін бұл мінез – қазақ халқының жомарттығын көрсетеді.
Халқына халі мүшкілдерге, табиғатқа қайырымды жомарт адам, қолынан келгенінше тек жақсылық жасайды. «Ақ көңілдінің аты азбайды, тоны тозбайды» деп, халық жомарт адамның ақкөңіл адамның мінезін жоғары бағалап, оны сыйлайды.
Ата-анаға, бала-шағаға, елге қамқоршы болып, жомарт адам «көмек көрсету» мақсатын орындайды. Қамқоршы болу міндетін орындау үшін, еңбек етіп «барым миятым-арым ұятым» деп, ар-ұяттылық өнегесін көрсетеді.
Жомарт адам, адам талғамайды, барлық адамды бірдей көреді. «Адам да – құдірет де, Әманда, құрметте» деп, оның адамды құрметтеуге көңілі жарқын, құшағы ашық болады.
Жомарттық имандылықпен ұштасып, жеке тұлғаның ашық-жарқын бейнесін паш етеді. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік жомарт адамның бейнесін көрсетіп, беделін арттырады.
Жаны жайсаң, жанашыр жомарт адам, адамға, айналаға, табиғатқа жанашырлық жасап, игілік істерімен басқаларға үлгі-өнеге көрсетеді, сүйіспеншілікке бөленеді.
Кеңпейілді, жомарт адамда ешқандай қызғаныш болмайды. Адалжүректі, ақпейіл адамның елге де, ерге де пайдасы мол болып, халықты ризашылыққа бөлейді. «Жомарт жоқ демейді, бергенін көп демейді», «жоқ жомарттың қолын байлайды», «жомарттың қолы береке» деп, халық бұл құтты мінезді құрмет тұтады. «Атымдай жомарт» деген аңыз арқылы халық жомарт мінезді жастардың ұлттық қасиетінің бірі – жомарттық деп көрсетіп, ұрпағын жомарттыққа үйреткен. Ұлттық тәрбиеде біз халықтың сол дәстүрін жалғастырамыз.
Зиялылық мінез тәлімі
Әдептілікті, біліктілікті, қайырымдылықты, ұлтжандықты, ұлағаттықты, мәдениеттілікті білдіретін бұл ұлттық мінез көбінесе зиялы қауымда болады.
Ұлттық тілде сөйлеген сөзі де, іс-қимылы да, жүріс-тұрысы да, қарым-қатынасы да әдептілікті көрсетеді. Зиялы адамдар ұлттық әдепті бойына сіңірген «әдепті адамдар».
Зиялылық біліктіліктен пайда болады. Ол білгенін басқаларға үйретуден жалықпайды. «Білген адам білдім демес, білдім десе білгені емес» деп, халық зиялы қауымның үнемі білгенін дамытып отыратын, үлгі-өнегесін уағыздайды.
Зиялы тұлға қайырымды, мейірімді болады. Ол басқаларға барынша жақсылық жасауға тырысады. «Басшы болса зиялы, елге нұрын құяды» деп, халық зиялы тұлғаның мәртебесін уағыздайды.
Ұлағатты іс-әрекет жасап, ұрпаққа үлгі-өнеге көрсететін зиялы тұлғаны «елдің ері - зиялы, ел үшін жанын қияды» деп, халық құрметтейді.
Зиялы адам – ұйымшыл. Ол ұжымдағы барлық әрекетке басшы болып, ұйымдастыра біледі. Ұжымының бір мүшесі ретінде әрбір істі жаупкершілікпен орындайды.
Зиялы адам - мәдениетті. Ол ұлттық мәдениетпен өнерді жақсы біледі. Мінез мәдениеті, сөз, тұрмыс мәдениеті бойынша, ол басқаларға үлгі көрсетеді.
Зиялылық мінезді тәрбиеде үлгі-өнеге ретінде көрсете біліп, жас ұрпақты зиялылыққа баулимыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет