Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет48/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   143
Кітап Тәрбие

Жалқаулық мінезді тәрбиелеу
Ерітуден, осалаңдықтан, жатағандықтан, жан аяулықтан, жатыпішерліктен, жауапсыздықтан, топастықтан пайда болатын бұл мінез - еріншектіктің асқынған түрі.
Жалқаулық ерінуден пайда болады. «Еріншектік ердің жауы», ол күрделеніп, әдетке айналып, жалқаулыққа жадыланып қалғанын өзіде білмейді.
Ер жігітте еселі ісін елемейтін есалаңдық пайда болады да, өз ісін өлтіреді. Істің түрі көбейіп, түңілдіреді де, жалқаулық жанды езіп, мақсат-мүдде, ар-намыс жоғалып кетеді. «Жалқауға жан жуымас» деп халық, оның көптен тыс қалып, көріксіз өмір сүретініне өкінеді.
Жалқау адам «жатаған» болады. «Жатқанды ешкім ұрмайды, - жатуға тағы болмайды» дейді Абай дана. Жалқау-ұйқышыл «Нас басқанды ұйқы басады» дейді халық. Жалқаулық-настық, «нас басқан» адам ертеңін ойламайды.
Жан аяғыш жалқау ұжымдық істе «қолының ұшынтигізіп», қопарып еш нәрсе істемей, әдеп сақтамай, әріптестерін ұятқа қалдырады.
Басқаның табысын пайдаланып, жатып ішер болған жалқау, «көзге түскен сүйелдей» көпке жек көрінішті болады. «Жатып ішер» жалқау ұжым абыройын төгеді.
Жауапсыздықтан пайда болған жалқаулық – елге қырсық. Өз өмірін, отбасына, Отанына зиян келтірген жауапсыз жан қылмыскер.
Тоғымарлық пен топастық жалқаулық мінезді қалыптастырып қасіретке ұшыратады.
Жалқаулық мінезді сынау, талап ету, мәжбүр ету, дәлелдеу тәсілдерімен тәрбиелеу керек.
Жасқаншақтық мінезді тәрбиелеу
Именуден, жасқанудан, батылсыздықтан, сескенуден, секем алудан пайда болатын бұл мінез ер азаматтың езгісін шығарып, ерлік бейнесін жасытады.
Үлкеннен, күштіден, бастыдан именіп жасқаншақ адам жарқын іс-әрекет жасай алмайды. «Жақсы істен жасқанба»деп халық жақсылыққа жан арқылы керек екенін уағыздайды.
Жасқаншақтық мінез, көбінесе, жасқанудан пайда болатынын еске салып, халық «Жасқанған жақсыдан құры болады» дейді. Жасқаншақтық өзіне-өзі сенбегендіктен пайда болады. Әрбір адамда сенім деген қозғаушы күш болуға тиіс.
Ынжық әрекет, ырықсыз тірлік жасқантып, жеке тұлғаның тұғырлық кейпін бұзып, кескінсіздік бейнесін көрсетеді. Ынжық адам өзінің сыбағасынан құр қалып, өкінеді.
Әр іске батылдығы жетпеген адам қорқақтап, қолайсызданып іс-әрекетінде тындырымсыз болады. «Қорқаққа қос көрінер» деп халық, «көз – қорқақ, қол - батыр», бастаған істе «тәуекел» болуын уағыздайды.
Әр нәрседен сескену, «секем алу» жасқантып, жарқын әрекет жасауға кесірін тигізеді. «Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – бес дұшпанның білсеңіз» деп Абай дана мақтаншақты «бес дұшпанның» бірі деп көрсетеді. Жасқаншақ адамда сенім құдіреті болмайды. Сенім бомаған жерде «өнім» болмайды да, адамның асыл қасиеттерін жойып жібереді.
«Жасқаншақ жігіт оңбайды, жақсылық оған қонбайды», «жасқаншақ болма, жалынды бол, жалпы жұртқа мәлім бол», «жасқаншақтық – жанға қайғы», «жасқаншақ адам жау жеңбес» деп, халық жастарды жасқаншақ болмауға тәрбиелейді. Жасқану – жас жалынның жан дүниесін бүлдіреді де, адами қасиеттерін қалыптастыруы кедергі жасайды.
Жасқаншақтық мінезді сендіру, батылдандыру, тәсілдері арқылы тәрбиелік жүйемен тәлім беруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет