Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет50/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   143
Кітап Тәрбие

Зұлымдық мінезді тәрбиелеу
Көреалмастық, қаскүнемдік, қастандық, айлакерлік, қараниеттілік, азғындық, пәлеқорлық арқылы пайда болытын бұл мінез жеке адамға ғана емес, қоғамға, әлеуметке кесірін тигізеді.
Зұлым адам басқаның жақсылығын көре алмай, жақсыны жоққа шығарып, жарқынды жақтырмай, жан біткенді жамандап, дүниені тарылтып жүреді. Оған ешкім жақпайды.
Зұлым адам қаскүнем болады. «Етекті тартып, аяқты шалып, жақсының жауы» болады. «Зұлым қырт – жұлым құрт» деп, халық зұлымды танып, талақ етеді. Саналы адамдар сақтанса да, зұлым адамдар қаскүнемдігін қоймайды.
Зұлым адам қалай етсе де, қастандық жасаудың амалын тауып, сүйкенгенін сүріндіреді. Біреуді мұқатса, сүріндірсе мәз болып, (көңілі уақытша) жай табады. Ол қастандықты мықтылық деп ұғады. Адамгершілік пен ар-ұят ода болмайды да, қиянат жасап, қылмыс өрбітеді.
Зұлым адам айлакер болады, жамандық жасауға, жанын жаулап, арамдықтың амалын табады. Ол – жалақор, пәлеқор, қастек болып, алға басқанның «албастысы» болады. Жеке тұлғаның өсуіне кесір кедергі жасайды.
Қара ниетті, қаскүнем адам «теріс ойлап» жақсылыққа жамандық жасайды. Әрбір адамның жақсылығымен жамандығы бар. Ал зұлым адам тек жамандықты көріп, көрге кіргенше «көрсоқырлығын» тия алмайды.
Азғындық жасап, адамзатқа тек жамандық жасап, дағдыланған зұлым адам, қоғамға, әлеуметке әділетсіздік жасап, әділетсіздікпен халықтың тәлімдік қағидасына зиян келтіреді
Пәлеқорлық іс-әрекеттерімен зұлым адам, қоғамды білдіреді. «Басшы болса зұлым, қор қылар елдің үнін» деп, халық, әсіресе басшының зұлымдығы өте қауіпті екенін ескертеді.
Зұлымдық мінезді сынау, дәлелдеу, мойындау, жазалау арқылы тәрбиелеу керек.
Зымияндық мінезді тәрбиелеу
Қитұрқылық, екісөзділік, қаскүнемдік, қараниеттілік, ішмерездік, кекшілдік, қаныпезерлік арқылы пайда болатын бұл мінез – қауіпті мінез.
Зымиян адам «амалын тауып» жамандық жасауға бейім болады. Іштарлық көреалмастық ниетпен жолдасын жолдан тайдырады.
Екіленіп, екісөзді болып, өз пайдасын ойлап зымияндықпен «тақырға» отырғызып кетеді. «Екі сөзді - елдің жауы»
Зымиян адам, көбінесе, қаскүнеділігін қадірлі адамдарға жасап, өз мақсатына жеткендей болады. Өйтпесе мұңданады, қабағын ашпайды.
Ол жақсылыққа жамандық ойлап, азғындайды. Бәсекеден бәле іздеп тауып, ойламағанға ор қазады.
Ол іштарлықпен жақынына да, жамағайынға да жамандық ойлап, қызғаныштың қызыл отына жанады.
Зымиян адам – кекшіл, күншіл, жоқ жерден кінә тағып, жұрттың басын қатырады.Ол кесірліде ешқандай кешірім болмайды.
Ол зымияндықпен қылмыс жасап, азабын өзі тартады.
Зымияндық мінезді дәлелдеу, жазалау, талап қою, талқылау, тақылетіне келтіру тәсілдерімен тәрбиелеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет