Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет56/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   143
Кітап Тәрбие

Мәңгүрттік мінезді тәрбиелеу
Тексіздіктен, ділсіздіктен, тілсіздіктен, жатжұрттықтан, жаутанымастықтан, отансыздықтан, опасыздықтан пайда болатын мәңгүрттік мінез адами қасиеттерді жояды.
Басқа елде өсіп «басқаша» тәрбиеленгендіктен мәңгүрт адам тегін білмейді. Ататектің асыл қасиеттерін көрмей, білмей өсіп, ұлттық (тектік) болмысы жоқ болады. «Адамға екі нәрсе тірек – тегі: Бірі – тіл, бірі – ділі жүректегі» деп, Жүсіп Баласағұн нағыз адамның, тіректің қасиеттерін түйіндейді. Тілі, ділі ұлттық болмаған соң, ол «миқұла» ұлтын сыйламайды.
Әрбір тұлғаның ұлттық қасиеті өзінің ұлттық тілінде қалыптасады, ал басқа ұлттың ішінде өскен, өз ұлтын білмейтін адамның «қаны бір», жаны басқа болады да, басқа ұлтты (өзінің бірге өскеніне қарай) артық көріп, бірақ ділі дүдәмал, жаны жалтақ, тілі дөрекі болады. Әдептілік, имандылық, инабаттылық, ізгілік, қайырымдылық, өнерпаздық, шешендік сияқты қазақтың ұлттық қасиеттерінің бірде-бірін білмейтін мәңгүрт, тегін кемсітіп, жек көреді. «Ана тілін білмесең, ағайынсың кімге сен?» деп, халық адами қасиет ана тілімен ғана бойға сіңетінін түйіндеп айтады.
Отансыз өскен адам опасыз болады. Онда ұлттық, елдік, отандық сезім болмағандықтан тегіне, отанына жақсылық жасай алмайды, қайта опасыздық жасайды. «Не ол емес, не бұл емес» болып, мәңгүрттің «мәдениеті» де, рухы да күңгірт, күйдіргі болады.
Мәңгүрттік өз отанында жүрген кейбір кесірдің бойында да болады. Өз ана тілін білмейтін, білгісі келмейтін, басқа тілде «батыл» сөйлеп, өзін өзгеден биік санап, санасын сасытатын мәңгүрт адам, адами қасиеттерінен айырыла бастайды. Мәңгүрт өзін-өзі тәрбиелемесе, оған сөз жұқпайды.
Мейірімсіздік мінезді тәрбиелеу
Шапағатсыздықтан, қатігездіктен, қараниеттіліктен, тасжүректіктен, әдепсіздіктен пайда болатын мейірімсіздік – қырсық.
Мейірімсіз адамның адам баласына мейір-шапағаты болмайды. Балаға мейрлену, ата–анасын сүю, туылын туғандай қадірлеу дегенді білмейтін «білешөк»
Қатыгез, қатал адам дөрекі сөйлеп, дөңайбат көрсетіп, жан біткенге жаны ашымай, қатарленетін қаталдық жасайды. «Үлкене мейір болмаса – кішіде пейіл болмайды». Мейірімсіздік ерге зиян, елге жау.
Мейірімсіздік, көбнесе, қара ниеттіліктен пайда болады. Жақсылық істеудің орнына, жамандық жасап, көре алмай «көрсоқыр» болып, қара ниетті адам адамгершілікті жойып алады.
«Байда мейір, кедейде пейілде жоқ, Адастырған екеуін құдайым – ай» деп, Абай дана тас жүрек адамдардың қоғамдағы қорлықтарын ашына сипаттайды. Тасжүректік – адамзатқа қас.
Мейірімсіз адам әділетсіз болады, жақсыны жақсы деп айта алмай, «іші күйеді», әдеп сақталмай, әбірге түсіп, айналасына арсыздықтың уын шашады. «Қатыгез болса мінезің, жалғыз қаларсың өзің» деп, халық мейірімсіз адам түбінде азап көретітін дәлелдеп, жұртқа мейірімді болуды уағыздайды.
Мейірімсіздік мінезді дәлелдеу, мойындату, үлгі өнеге көрсету тәсілдерін тәрбиелеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет