Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет58/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   143
Кітап Тәрбие

Сараңдық мінезді тәрбиелеу
Қанағатсыздықтан, дүние құмарлықтан, іштарлықтан, қараниеттіліктен, қанпезерліктен, көзтоймастықта пайда болатын сараңдық мінез – жазылма дерт.
Сараң мінезде қанағат болмайды. «Кедей байға жетем дейді, бай құдайға жетем дейді». «Қанағатсыздықтан – қарын тоймайды». Ол «алсам» дейді, біреуді ойламайды. «Жетіқат дүние» оған аз болып көрінеді. Байыпсыз жан бар дүниенің бағасын білмейді, тек жинайды.
Дүние құмар сараң дүниені қанша жинаса да, оның қадірін білмейді және де пайдалану жолдарын ойламайды. «Сараңдықтың – іші тар, айтатыны – зар» деп, халық ішітармен сараңның «сан соғып қалатынын» ескертеді. Іштарлық ірітеді, қоғамға кесірін тигізеді.
Сараң адам – қараниет. Ол ешкімге де тіпті анасына да жақсылық жасамайды, қара ниеттілікпен халыққа зиян келтіретін кесерлі әрекет жасайды ды, елден қарғыс естейді.
Сараңдық қастектекілік әрекет жасап, жақсының жанына тиіп, аяғынан шалып, айуандық жасайды.
Қарнын ойлап, қан пезерлікпен халықты тонап, байыса өз еліне сыймай отансыз болып, отандарынан кететін көз тоймастар болады.
Көзтоймас көрлаттық құлықпен ақша үшін анасын сатқан, санасы сырсыған сараңдар – қоғамның шіріген жұмыртқасы болып, іріген әрекет жасайды.
Сараң «жоқ» деп қайталайды, «бар» деп айта алмайды, «Сараңның жүрісі – дара, ниеті – қара» деп халық сараңдық мінезінен аулақ болуды ескертеді.
Сараңдық мінезді дәлелдеу, түсіндіру, көзсету, көзін жеткізу тәсілдері арқылы тәрбиелеудің әсерлі әдістемесі керек.
Тәккәпарлық мінезді тәрбиелеу
Мастанғандықтан, мансапқорлықтан, менменшілдіктен, асқынудан, ақымақтықтан пайда болатын тәкапарлық жеке тұлғаның жетесіздігін көрсетеді.
Байлыққа, мансапқа, бақытқа, атаққа мастанған адам есі кете, елеріп, танауын көтеріп, тарпақтанып, әдепсіздік көрсетеді. «Екі көзің елеріп, құр қарайсың аспанға» деп, Абай дана масаиған адамды қатты мінейді.
Мансапқа ие болса, маңғазданып, марғау тартады, туғанына тура қарамай, еліне елеріп мансапқор «Құдайды құлағынан ұстағандай» тәккәпарланып, тантып кетеді. «Ұлық болсаң да кішік бол», «кішілікте - кісілік» дейді халық.
Менмаясы тасып, менменшілдік жеңген адам өзін басқа өр адам жоқ деп өркөкректеніп, өрге қарап, өз меділігін адам баласына адамша қараудан қалады. Менмендіктен мейірі жоғалып, қандасына қарайып, халқына қасірет әкелетін тәккәпарды өмір өркендетпейді.
Тәккәпар адам мейірімсіз болады. Ол анасына да барланып, әкесіне әкіреңдеп, туғанына ту сыртын бермей, халқын қапаландырады. Отбасында от шашады, досы жоқ «доқ» болады, қолынан билік кетсе, қор болып, қоңқи түседі
Тәккәпарлықтан асқындаған адам өзін «данышпан санап», даңқын шығармақ болады, дандайысып далағы шығады. «Көп асқанға бір тосқан» дейді халық. Ондай асқан адам өз қылығынан өзі соққы көріп, соры қайнайды.
Тәккәпарлық, негізінен, ақымақтықтан пайда болады. «Кішілікте - кісілік» деп халық ақылды адамның кісілігін жоғары бағалайды. Есті ер, ақылды адамның болмайды, әдепті, мейір – шапағаты болады.
Тәккәпар адам өз мінін мойындайды, оның іс-әрекетін, жүріс–тұрысын дәледеу, көрсету, сынау, жазалау тәсілдері арқылы тәрбиелеу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет