Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет81/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   143
Кітап Тәрбие

Мадақтау – айқын, дәлелдi, баянды, әдiлеттi, лайықты болу керек. Тәрбиеленушiнiң имандылығын дәрiптеген ұстаз, оның имандылық қасиеттерi мен игi iс-әрекеттерiн айқындап, дәлелдi түрде, жеке тұлғаға лайықтап мадақтау тәсiлiн қолдануы тиiс. «Жағымпаздарды», «көзге түсiп қалуға тырысушыларды» мадақтаудан сақ болуымыз керек. Мадақтау тәсiлiн қолдануда, тәрбиелеушi, көбiнесе, ұжымның мақұлдауына арқа сүйейдi.
Мадақтаудың көпшiлiк алдында, немесе жеке түрде алғыс айту, сыйлық беру, мақтау грамотасымен, түрлi белгiлермен (алтын белгi т.б.) мадақтау, наградаға ұсыну сияқты негiзгi түрлерiмен қатар, тәрбиелеушi керек деп тапқан т.б. мадақтау тәсiлдерiн қолданады.
Тәрбиеленушiнiң мiнез-құлқын қалыптастыру үшiн жазалау тәсiлi қолданылады. Жазалау әдiсi, тыйым салу, сыңай бiлдiру, емеуiрiн таныту, сындау, ескерту, сөгу, сөгiс беру, айыптау, жұрт алдында айыбын тарттыру, айыптау заңына байланысты т.б. жаза түрлерiн қолдану арқылы iске асырылады.
Жазалау әдiсiнiң тиiмдi тiрегi – мойындату болып табылады. Нағыз ұстаз жазалау тәсiлдерiн әдеп сақтап, сабырлылықпен қолданады. Аздаған кiнәсi үшiн шәкiртiн жекiп, дауыс көтерiп, дiңкiлдеп, өз қауқарын көрсеткен ұстаздың «жазалау тәсiлiнен» еш нәтиже шықпайды. Қайта, психологиялық қырыстығына байланысты, кейбiр шәкiрттi ондай «ұстазсымақтар» ерегестiрiп алады да, өзiнiң беделiн жояды.
Тәрбиеленушiнiң кiнәсiн мойындатып, оның мiнез-құлқының «түзелуiне» әсер ететiн қуатты күш – оның айналасы (жора-жолдастары) және ұжымы болып табылады. Әрине, ұсақ-түйек кiнәсi үшiн ұжымның талқысына салу – жақсы тәсiл емес. Ал, жалпы ұжым қабылдап, қалыптастырған тәртiптi бұзудың «ұсақ-түйегi» жоқ.
Қазақтың халық педагогикасында «ер намысын қорғау», «қыздың абыройын қорғау» үшiн тыйым салу тәсiлдерi қолданылған. «Ердi намыс өлтiредi, қоянды қамыс өлтiредi» деп, халық намыссыздыққа тыйым салып, баланы елiн қорғауға, ерiнбей еңбек етуге, ата-анасын ардақтауға, өнер үйренуге, күштi (жiгерлi) болуға, айтқан сөзiнде тұруға, әдiлеттi болуға, бiреуге жалынышты болмауға, кiрiптар болмауға, әйел адамды құрметтей бiлуге, жасық болмауға, оқып, бiлiм алуға т.б. тәрбиелейдi де, соған қарсы нәрсенiң бәрiне тыйым салады. Бұл әрекеттердiң баланың мiнез-құлқын қалыптастыруға үлкен себi тиедi.
Қазақ халқы қыз абыройын жоғары бағалап, «мiн мiнезде», «қыз қылығымен жағады», «қызға қырық үйден тыю» деп, мiнезде болатын кейбiр келеңсiз жағдайларға, қыз баланың iс-әрекетiндегi жағымсыз құбылыстарға тыйым салып, оның мiнез-құлқының жақсаруы үшiн тиiмдi тәсiлдер қолданады. Ал қазiргi жағдайда тәрбиеленушiге керi әсерiн тигiзетiн «әрекеттерден» тыю тәсiлдерi өмiр тағылымына байланысты.
Тәрбиеленушiнiң мiнез-құлқын қалыптастыру үшiн қолданылатын ескерту тәсiлi, көбiнесе, жеке тұлғаға сыпайы түрде қолданылады. Ал сөгу, сөгiс беру тәсiлi, негiзiнен, мойындату тәсiлiнен соң қолданылады. Сол сияқты, айыптау, жұрт алдында айыбын тарттыру тәсiлдерiн, көбiнесе, жалпы ұжым болып қолдану – тиiмдi.
Жазалау әдiсiнде, тәрбиеленушiнi кiнәсi үшiн ұжымнан оқшау қалтыру, кемсiту, азап шектiру, тән жазасын қолдану, қорқыту – жақсы нәтиже бермейдi. Мұндай «тәсiлдердiң» әрқайсысы тәрбиеленушiге де, тәрбиешiге де көптеген зиян шектiредi. Бұл «тәсiлдер» демократты өркениеттi елдердiң мектептерiнде, негiзiнен, қолданылмайды.
Жазалау әдiсi нәтижелi болу үшiн, оның шыншылдығын, әдiлдiгiн, орынды екендiгiн жазаланушы терең ұғынып, әсерлi сезiну керек. Жазалау әдiсi жеке адамға қолданылады. Бiр тәрбиеленушiнiң кiнәсi үшiн, оның ұжымын, айналасын, тобымен жазалау – қате екенi белгiлi. Әрине, жеке тұлғаның кемшiлiгi үшiн оның айналасы да, ұжымы да кiнәлi. Бiрақ, жазаны сол жазаның иесi (кiнәлi тұлға) тарту қажет.
Жазалау әдiсiн қолданғанда жазаның лайықты болмай (не кем, не артық) әдiлдiктен ауытқуы тәрбиеленушiнiң жан-жүйесiн бұзады, тәрбиешiнiң беделiне нұқсан келтiредi. «Әлсiз жазалау тәрбиеленушiнi, ұжымның пiкiрiн, тәрбиелеушiнiң бағасын сыйламауға және елемеуге үйретедi» (Т.А.Ильина. Педагогика. А., 1977. 381-б).
Тәрбие әдiстерi әдептiлiкке баулу үшiн жүргiзiлетiн әңгiмелер, салыстырмалы тәсiлдер, iс-әрекеттi мiнез-құлықпен сабақтастыру тәсiлдерi, жеке тұлғаның үлгi-өнегесiн уағыздау, жиналыстарда пiкiрлесу, пiкiрталас ұйымдастыру тәсiлi мен жағдай жасау, iс-әрекеттi, жағдайды алмастыру, тәсiлдерi арқылы iске асырылады.
Қазақ этнопедагогикасы пәні бойынша өтілетін әрбір дәрістің алтын арқауы – ұлттық тәрбие болып табылады. Мысалы «Батырлар жырлары» тақырыбын өткенде ұлттық намыс.перзенттік парыз, ерлік,отансүйгіштік адамгершілік ар-намыс туралы ұлттық тәрбие беру мақсаттары орындалады.
Ұлттық тәрбиенің аудиториядан тыс өткізілетін түрлерін ұйымдастыра білу – тәрбие мақсаттарын орындау ауқымын көрсетеді
Қазақ этнопедагогикасы пәні бойынша өтілетін әрбір дәрістің алтын арқауы - ұлттық тәрбие болып табылады. Мысалы «Батырлар жырлары» тақырыбын өткенде ұлттық намыс перзенттік парыз, ерлік отансүйгіштік адамгершілік ар-намыс туралы ұлттық тәрбие беру мақсаттары орындалады.
Ұлттық тәрбиенің аудиториядан тыс өткізілетін түрлерін ұйымластыра білу - тәрбие мақсаттарын орындау ауқымын көрсетеді
Сахналық шығармаларды ұлттық тәрбиеге
пайдалану ісінің әдіс-тәсілдері

Өмірдің өзі сахналық құбылыс, ал этнопедагогиканы оқытуда шығармаларды сахналап көрсетудің тәсілдерін оқытушы жан-жақты терең білуге тиіс. Мысалы: "Ұстаздар күнін" атап өту дәстүріне байланысты "Ұстазым менің" атты тақырып бойынша сценарий түзіп, оны сахнада, немесе аудитория алдында көрсету үшін даярлау, дайындалу, жаттығу, соңғы көркем жаттығу, сахнада көрсету жұмыстары ұйымдастырылады. Сахналық шығармаларды көрсету үшін ұйымдастыру, даярлану, сахнада көрсету тәсілдерін оқытушы жақсы білуге міндетті. Әсіресе, әрбір рольді атқарушының сол рольге сәйкестілігі мен икемділігі ескерілуі қажет. Сол сияқты, "Қобыланды батыр" инсценировкасын жазып, оны сахнада көрсету үшін, этнографиялық материалдармен қатар, ойнаушылардың актерлық шеберліктерін арттыру (жаттықтыру, жаттату) жұмыстары жүргізіледі. Кез келген этнопедагогикалық шығарманың инсценирокасын көркемдеп көрсете білу этнопедагогикалық мақсаттардың толымды орындалуына әсерін тигізеді.


Студенттердің драма үйірмесінде дайындалып, сахнада көрсетуі үшін біз "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" инсценировкасынан үзінді келтіріп, оны студенттердің сахнаға қоюын ұйымдастырып, әңгіме өткізу.
Әңгіменің сұрақтары:

  1. "Қозы Көрпеш—Баян сұлу" жыры қай ғасырларда пайда болған?

  2. Қозы мен Баянның ғашықтығы туралы мысал келтіріңіз.

  3. Сүйіспеншілік, махаббат, сыйласым туралы өз пікіріңізді айтыңыз.

  4. Мөлдір махаббат, шынайы махаббат туралы өз ойыңызды айтыңыз.

  5. "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" қойылымының көркемдік болмысы және кейбір кемшіліктері туралы айтыңыз.

Этнопедагогикалық шығармалардың тәрбиелік мәнін аша түсу үшін аудиториядан тыс мына төмендегіше сахналық және визуалдық жұмыстарды ұйымдастыруға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет