Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы


Ұлттық тәрбие отбасынан басталады. От басын құру, шаңырақ көтеру (үйлену), тұрмыс құру, баланы дүниеге келтіру кезінде ұлттық тәрбиенің негіздері қаланады



бет61/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   143
Кітап Тәрбие

Ұлттық тәрбие отбасынан басталады. От басын құру, шаңырақ көтеру (үйлену), тұрмыс құру, баланы дүниеге келтіру кезінде ұлттық тәрбиенің негіздері қаланады.
Неке тәлімі ата-ананың отбасылық үлгі-өнегелерін үйреніп, жар таңдау, балашақта балалы болуды арманадумен ұштасады. Екі жастың психологиялық үйлесімі, махаббаттық сезім, татулық, кешірімділік салты, қамқорлық, мейірімділік, ақыл-сана, білім, қабылет, нышан, дарын, болашаққа сенім ауқымы, ата тектік дәстүр (жеті атаға дейін аталаспен үйленбеу), некелік заңдар бәрі-бәрі әрбір ұлттық тұлғаның некелік тәлім негіздерін қалайды да, болашақта балалы болу, баланы тәрбиелеуге даярлану әрекеттері – ұлттық тәрбиенің бастауы болып табылады.
Отбасындағы тәрбиеде жеке тұлғалар тәрбие iсiнде отбасындағы өзiнiң орнына, туыстық қатынастарына, ұлттық тәжiрибеге (халықтық педагогикаға) әулеттiк және әлеуметтiк дәстүрлерге сүйенедi.
«Отбасындағы тәрбиеде ата-ана қандай дәуiрде, қандай қоғамда өмiр сүрiп отырғанын ескеру керек» (А.С.Макаренко. Лекции о воспитании детей. А., 1988).
Отбасындағы тәрбие ұлттық тәжiрибеге (халық педагогикасына) сүйенумен қатар, сол халық педагогикасының негiзгi арқауы – ұлттық мәдениет (этика, эстетика, имандылық, әдептiлiк) екенiн ескерiп, ұлттық (отбасылық) тәрбиенiң негiзгi мақсаты баланы ең әуелi игi әрекетке (еңбекке) баулу болса, сол игiлiктiң өзiнде ұлттық мәдениет көрiнiстерi қалыптасқан жас ұрпаққа жан-жақты секемсiз сезiндiре, тұлғаға тұшындыра бiлу арқылы ақылшы ата-ана, үй-iшiндегi үйелмендер дәстүрлi iс-әрекетпен тәлiм-тәрбиелiк өз мiндеттерiн орындайды.
Отбасындағы тәлiм-тәрбие жұмыстары қоғамдық, әлеуметтiк құрылыстың мақсаттарымен сабақтасып жатады (ұлттық дәстүрлердi қастерлеу, отан үшiн қызмет етудi отбасынан бастау, отбасы мен оқу-тәрбие мекемелерiнiң байланысы т.б.).
«Отан отбасынан басталады», «Отбасы – шағын мемлекет» деп, халық отбасындағы тәрбиенi жоғары бағалайды, «Ұяда ненi көрсе, ұшқанда соны iледi», «Анасын көр де, қызын ал», «Ағасы бардың жағасы бар», «Iнiсi бардың тынысы бар» деп, халық отбасындағы тәрбиеде әрбiр жанұя мүшесiнiң тәрбиелiк мiндеттерiн дәстүрлi түрде қасиетпен қалыптастырған.
От басындағы бала тәрбиесі «құрсақ тәрбиесінен» басталады. Бала көтеретін ананың жан тазалығы мен тән тазалығы,өмірге бейімділігі мен аналық міндеттері, аналық парыздарды толық білуі, аналық тұлғаға қамқорлық, шарананың жатырдағы өсуі мен денсаулығы, ананың тамақтануы мен «жерігінің» қануы, көңілінің қаяусыздығы, музыка тыңдауы көңілді көріністерді ынтыға көруі бәрі-бәрі ұлттық рәсімдер мен әдепті әрекеттер арқылы әдеппен іске асырылады да, құрсақтағы шарананы іште тәрбиелеп, жарық дүниеге адам етіп шығарады.
Шілдехана кезінде (алғашқы жетіде) нәрестенің жарық дүниеге бейімделуі, ауыздануы, уақтылы тамақтануы, тынышталып ұйықтауы қалыптастырылады. Ананың айығуы, қалжасының кенеулі болуы, ана сүтімен нәрестені тойғыза білуі, қажырының қалыптасуы, бәрі ұлттық рәсімдермен орайлы орындалады да нәрестенің болашақ тәлімімен сабақтасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет