Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет75/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   143
Кітап Тәрбие

Өзiн өзi тәрбиелеу – жеке тұлғаның адамгершiлiк қасиеттерiн үйренiп, адамдық парыздарын iске асыру үшiн жасайтын ықыласты әрекетi.
«Егер естi кiсiлердiң қатарында болғың келсе, күнiнде бiр мәртебе, болмаса жұмасында бiр, ең болмаса айында бiр өзiңнен өзiң есеп ал!» – дейдi Абай дана. Жеке тұлға өзiн өзi тәрбиелеудi ес бiлгеннен өмiрiнiң соңына дейiн қолданады. «Жақсылық көрсем, өзiмнен, жамандық көрсем, өзiмнен» деп, педагог-ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров тауып айтқан.
Жеке тұлғаның өзiн өзi тәрбиеленуiне жалпы тәрбие жұмыстары да ерекше әсер етедi. Эстетикалық мұрат, қызығу, армандау, әсерлену, әрекеттену арқылы әрбiр адам өзiне өзi жақсылық жасауға ынталанады. Жеке тұлғаның өзiн өзi тәрбиеленуiне ұлттық әдеп, салт-дәстүрлер мен салт-сана да үздiксiз әсер етедi. «Жiгiт намысы», «қыз абыройы» дәстүрлерi, үлкендi сыйлау, қайырымдылық, имандылық дәстүрлерi мен ұжымдық дәстүрлерi жеке тұлғаны «қатардан қалмауға», алдыға мақсат қойып, соған жету үшiн әрекеттенуге себепшi болады. Әрбiр адамның өзiн өзi тәрбиеленуiне оның қалыптасқан ар-намысы, ұят-сезiмi әсер етедi.
Қайта тәрбиелеу – тәрбиесi бұзылып, адамдығы ауытқыған жеке тұлғаны жүйелi түрде тәрбиелеу әрекетi.
Жеке тұлғаны қайта тәрбиелеу үшiн, оның психологиялық, материалдық, жанұялық жағдайлары жан-жақты зерттелiп, соған байланысты түрлi әсерлi әдiс-тәсiлдер қолданылады. Ол үшiн оның жанжүйесiне жайлы әсер ететiн жағдайлар жасалынады.
Жеке тұлғаны қайта тәрбиелеудiң қозғаушы күшi – ұжымның қамқорлығы, еңбек және өнер-бiлiм екенiн ұлы педагог А.С.Макаренко өзiнiң балалар колониясындағы ұстаздық шеберлiгiмен әлемге айқын көрсете бiлдi.
Қайта тәрбиелеу үшiн, көбiнесе, жағдай жасаумен бiрге жазалау, мадақтау тәсiлдерi қолданылады.
Тәрбиенің нәтижелі болуы тәрбиелеушінің (тәлімгер ұстаздың) біліктілігіне,ұстаздық шеберлігіне,тәжірибелілігіне байланысты болады.Тәлімгер ұстаздың тұлғалық бейнесі оның қабылетіне,ынта-жігеріне байланысты дамып қалыптасады.

Тәлiмгер ұстаздың ұлттық тұлғалық бейнесi


Ұстаз – ұлы сөз. Өмiрге жол алған әрбiр адамды ұстаз тәрбиелеп, бiлiм берген. Ата-ана баланы асырап, тәрбиелесе, ұстаз баланы тәрбиелеп қана қоймайды, оған бiлiм бередi, рухани болмысын, мiнезiн қалыптастырады. «Ұстазсыз шәкiрт – тұл, шәкiртсiз ұстаз - тұл». Шын мәнiнде нағыз ұстаз болу үшiн, «ұстаз болып туу керек», ұстаздық – ұлағатты дарын. «Мен үйрену, әрекеттену арқылы ғана ұстаздық дәрежеге жеттiм» дейдi тәлiмгер ұстаз А.С.Макаренко.
1. Тумысынан дарынды ұстазды - әулие деуге болады. Ол кез келген шәкiрттiң ең сүйiктi жақыны, жанашыры, қамқоршысы, болашағын болжаушы, адамзатқа «алланың ақ жолын» (өмiр заңдылықтарын) айқындап көрсетушi құрметтi де, құдiреттi тұлға. Дарынды ұстаз шәкiрттерiнiң сапасына адамдық асыл қасиеттер сiңiрiп, өшпес рухани өрнек қалдырады, ең сүйiктi бейне ретiнде оның жүрегiнде мәңгi сақталады. Тәлiмгер ұстаздың тұлғалық бейнесi былайша анықталады:
Ең әуелi ұстаз «сегiз қырлы, бiр сырлы», бiлiмдi, өнерлi болуға тиiс. Мәселен, математика пәнiнен сабақ беретiн ұстаз әдебиеттi де, өнердi де, философияны да, экономиканы да жақсы бiлетiн, жiгер-қайраты толысқан тұлға болмаса, оның «нағыз ұстаз» екендiгi байқалмайды да, ұстаздық беделi белгiлi дәрежеге көтерiле қоймайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет