Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет74/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   143
Кітап Тәрбие

7. Экологиялық тәрбие – тәрбиеленушiнiң табиғат қалыптылығына, айналасының айқындығына, тiршiлiк заңдылығына, адам өмiрiне, қоғамның әлеуметтiк жағдайларына қамқорлық жасап, оның қалыптылыққа қайырымдылық қатынасын қалыптастырып, жақсылыққа жауапкершiлiгiн арттыру үшiн жүргiзiлетiн мақсатты әрекет.
Экология – ағзамның (тiрi дененiң) қалыптылығы және оның айналамен қарым-қатынасы туралы ғылым. Экологиялық қалыптылық бұзылса, табиғатта, тiршiлiкте, өмiрде (тұрмыста) тепе-теңдiк заңдылықтары «бұзылады». Жан азығынан тән азығы басым болса, адамның адамдық қасиетi азады. Сондықтан да, халық «құдыққа түкiрме», «аспанға тас лақтырма», «малды теппе», «есiктi керме» т.б. сол сияқты ырым-тыйымдар жасап, жас ұрпақты «бұлақ көрсең, көзiн аш», «жас талды қырықпа», «жол бөгеген тас болса, алып таста», «құс ұясын бұзба» деп, табиғатты қорғауға, «орынсыз, бекер мал шашпа», «ақша – тиыннан, жылқы – құлыннан» деп, ысырап жасамауға тәрбиелейдi.
Заманына байланысты, экономикалық, тұрмыс-ахуалдық қалыптың бұзылуы жеке тұлғаның ой-санасына, мiнезiне әсер етедi. «Заманға жаман күйлемек, жаманды заман билемек, заманнан жаман күйремек» (Абай) деп халық фәлсафалық тұжырыммен экологиялық келеңсiз жағдайға қарсы ұрпағын жамандықпен («бұзылумен») аянбай күресу керек екендiгiн уағыздайды.
Экологиялық тәрбие тәрбиеленушiнiң табиғатты флора (өсiмдiк), фауна (жануар) әлемiн қорғауын, оны жер бетiндегi калыпты өмiр үшiн күресе бiлуге үйретудi, экологиялық тепе-теңдiктi сақтай бiлудiң жолдарын насихаттауды көздейдi. Айналадағы өмiр заңдылықтарын дұрыс түсiнiп, оны қорғай бiлу - әрбiр жеке тұлғаның адамдық парызы екендiгiн ұғындыра тәрбиелеу үшiн, тәрбиешi адамзаттың және табиғат апаттарының дүниенi «бұзып» жатқан ойрандарын тәрбиеленушiнiң көрiп, сезiнiп, безiнiп, күресе бiлуiн ұйымдастыру жолдарын, оның әдiс-тәсiлдерiн қарастырады.
Арал теңiзiнiң тартылуы, биосфералық, стратосфералық «бұзылулар», Семей т.б. полигондарының экологиялық апаттары мен опаттары, өзендердiң тартылуы, көлдердiң құрғай бастауы, жан-жануарлардың азғындауы – бәрi экологиялық тәрбие жүргiзумен қатар, жас ұрпаққа экологиялық апаттарға қарсы ғылыммен де, еңбекпен де күреске шығу жолдарын үйретудi қажет етедi.
«Аттан, Қазақстан», «Семей – Невада» қозғалысы адамзатқа апат әкелген атом бомбасын жаруға тыйым салуды талап етсе, «қорықтарды қорғау», «демографиялық ақуал» бағдарламалары табиғаттың, адамның азғындауын тыю үшiн не iстеу керек екендiгiн бағдарлап көрсетедi. Экологиялық «бұзылуға» қарсы күрес – экологиялық тәрбиенiң қозғаушы күшi. Жаппай қарулану, жаппай қыру апатына қарсы, Хиро-Симо, Наго-Саки опаты туралы әлемдiк, үлттық, мемлекеттiк шаралар қолданылып жатқанын әсерлi баяндайтын әңгiмелер мен кинокадрлар, экспонаттар – экологиялық тәрбиенiң әсерлi құралдары.
Қоғамдағы тән азығын ғана күйттеп, жан азығына көңiл бөлмей, айуандық жолға түскен тұғырсыз тұлғалардың кесапат-кесiрлерi тәрбиеленушiнi жиретiндiретiндей болу үшiн, оның мiнез-құлқына әдеп, иман, iзгiлiк сияқты қасиеттердi сiңiру үшiн, тәрбиешi өмiрдегi келеңсiз жағдайлардан әсерлi мысалдар келтiрiп, оны экологиялық тәрбие iсiне жан-жақты пайдалануы қажет.
Экологиялық тәрбие мектептегi барлық сабақтарда, мектептен тыс тәрбие жұмыстарында (үйiрмелер мен кездесулер, театр, кино) қолданылады. Ол үшiн тәрбиешi экология ғылымдарын (абиотика, биотика, қалыптылық экологиясы, экологиялық жүйе, эндогенетикалық экология, гологентикалық экология) жақсы бiлуге тиiс.
Мектептерде сыныптан тыс; «табиғат күнi», «орман-тоғай күнi», «құстар күнi», «Алтын күз», «Бұл қай жануар?», «Жер – ана» т.б. тақырыптар бойынша сахналық қойылымдар қойылып, экологиялық тәрбие жұмыстары жүргiзiледi. Онда әдебиет материалдары, салт-дәстүрлерге байланысты рәсiмдер мен рәмiздер, ырым-тыйымдар пайдаланылады. Пiкiрлесу, пiкiрталас әңгiмелерi арқылы тәрбиеленушiлердi экологиялық күреске ынталандыру iс-әрекеттерi ұйымдастырылады.
Фаунадағы ауытқулар, жер бетiндегi эрозия, коррузия, биосферадағы озон, демографиядағы «қалыпсыздық» бәрi, көбiнесе, адамзаттың өз кесапатынан болғандығын талдап, дәлелдеген тәрбиешi айқындау, ұғындыру тәсiлдерi арқылы экологиялық тәрбиеде өз мақсаттарына жетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет