Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. Қазақ философиясының


Хұсам Кәтиб шығармаларындағы дүниетанымдық пайымдаулар



Pdf көрінісі
бет22/57
Дата28.03.2024
өлшемі2.98 Mb.
#496759
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57
annotation23044

Хұсам Кәтиб шығармаларындағы дүниетанымдық пайымдаулар 
Шығыстың XIV ғасырдағы түркілік терең ойлы ақындарының қатарына 
Хұсам Кәтибті жатқызамыз. Жеке өмір баяны туралы мәліметтер аз болға-
нымен біздің ғасырымызға дейін рухани мұра болып жеткен «Жұмжұма 
сұлтан», «Жәһаннам» жырларының маңызы зор деген ойдамыз. Өйткені, бұл 
еңбектер нағыз этикалық принциптер негізде жазылған. 
Бұл шығармалардың терең ойлары өмірдегі философиялық іргетастарды, 
мәндік негіздерді іздеуден тұрады. Хұсам Кәтиб өзінің оқырманымен сұхбат-
таса отырып «Дүниеде мәңгіге жаралған нәрсе бар ма?» деген сауал қояды. 
Кезінде ұлы пайғамбарлар болған пенделер қайда, ғашықтықтың теңізінде 
жүзіп жүрген кейіпкерлер қайда, батырлар мен байлар қайда? дей келіп, 
әлемнің жартысын билеген Шыңғыс хан да өткен жоқ па бұл дүниеден деген 
тұжырымды келтіреді. 
Міне, осы жағдайдың өзі өмірлік қағида екенін жақсы түсінген Хұсам Кәтиб 
өмірден түңіліп, бұл дүниені жалған екен демейді, керісінше, болашаққа 
жасампаздықпен қарайтын ойды ұсынады: 
Келдің дүниеге – кетпек керек, 
Бар күшің жеткенше жақсылық етпек керек. 
Әрбір адам бұл дүниеде өзінің барлық қабілетіне қарай жақсылық жасауды 
мақсат тұтса, онда әлеуметтік болмыс жетіле түсеріне ақын сенімді. Ал, енді 
жамандық жасаудың ақыры адам үшін тозақ азабына түсу екендігін өз 
замандастарына да, кейінгі келген жас ұрпаққа да ескертеді ортағасырлық 
ойшыл. 
Ол өзінің «Жұмжұма сұлтан» поэмасының негізгі кейіпкері етіп Ғайса 
пайғамбарды алады және соның Жұмжұмаға қойған сұрақтары мен оған 
алынған жауаптары арқылы бұл тіршілікте асып-тасып кетуге болмайтын-
дығын, адамның ғұмырлық міндеті қайырымдылық жасау қажеттігін айтады. 
Бұл өмірмәндік мәселелер екенін белгілі және олар этикалыұ нормаларға 
сүйену арқылы шешімін табады. 
Жұмжұманың тағдыры адамзат тарихында талай қайталануы мүмкіндігін 
өзінен кейінгі ұрпаққа ескертіп отырғаны байқалады. Шынымен де өмірдің 
барлық кіндігін, іргетасын тек материалдық байлықтан іздеу қазіргі заманға тән 
әдет, дәстүр екенін жасыруға болмайды. Нарықтық қатынастардың мақсаты да 
сол сияқты. 
Сөйтіп, ақын Жұмжұма сұлтанды сөйлете отырып, өз заманының ғана емес, 
одан кейінгі ғасырлардың мықтымын деген пендерлеріне данагөйлікпен 
ескертпе жасайды. Адамның мәні табиғи әлсіздігін қанағаттандыруда емес, 
рухани дүниесінде екендігіне жақын емеурінді білдіреді, оқырманын 
ойлантады, өзі де бірге ойланады. 


167 
Келесі «Жәһаннам» жыры «Жұмжұма сұлтанның» жалғасы іспетті. Автор 
бұл жырда адамның ішкі табиғатының әр қилылығын сипаттай келіп, әрбір 
пендеге тән кемшіліктердің жан-жақты қырларын ашып көрсетеді. Әсіресе, 
адамның рухани жетілуіне кедергі болатын қасиеттердің бастауы менмендіктен, 
өзімшілдіктен туындайтындығын дөп басады. Шын мәнінде тұлғаның жетілуіне 
кедергі болатын құбылыстар әрбір адамның өзінің табиғи қасиеттерімен 
астасып жататындығы белгілі. Ол туралы діни кітаптар «Інжіл» мен «Құран» да 
үнемі ескертіп отыратынын зерттеушілер жақсы біледі. Бірақ өзімшілдікті 
толық ауыздықтаған адамды тарихи процестен атап өте алар ма едік. Әрине, 
адамзат тарихында белгілі бір зерделі деңгейде шектеу жасауға тырысқан 
тұлғалар болғанын мойындауымыз керек. Міне, солардың аттарын атағанда 
оларды даналықтың, әулиеліктің биігіне көтерілген кісілер деген пікірді 
ұстанамыз. 
Хұсам Кәтиб өз заманының сұлтандары, ұлықтары мен бектері туралы айта 
отырып, дүниенің мән-мағынасына үңілуге шақырады. Онсыз тіршіліктің 
ақыры жөнді болмасына толық сенімін білдіреді. Өте нәзік жанды болып 
келетін ақындардың осындай қатал да болса, шыншыл және әділетті шешімді 
жырға өрнектеуі бір жағынан өз заманындағы әлеуметтік әділетсіздікке деген 
қарсылық болып табылады. Сонымен қатар ойшылдың барлық мақсаты 
адамның адам бола түсуіне қажетті тетіктерді іздеуге ұмтылыс екені рас.
Ал ондай тетіктерді Хұсам Кәтиб тапты ма, таба алмады ма? Оған толық 
бірізді жауап беру мүмкін емес. Себебі, адамзат тарихындағы барлық данагөй 
ойшылдардың бәрі де осы мақсатқа азды-көпті еңбектерін сіңірді деген ой-
дамыз. «Мәдени мұра» бағдарламасының құрамына осындай философиялық 
ойлардың қордалануының өзі осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға ұмты-
лыстардан туындайды. Бұл әрекеттердің нәтижесі біршама жылдардан кейін 
сезілетіні анық. 
Кәтибтің «Жұмжұма сұлтан» атты еңбегін көптеген салыстырулардан кейін 
қазақтің тіліне А. Қыраубаеваның аудармасында оқырмандарға таныс екені 
белгілі /10/. Әрине, бұл саладағы қазақ фолклорисі Жұмашев Мәулікей мен 
татар ғалымы Хатип Госманның да өткен ғасырлардағы еңбектерін атап өтпесе 
болмайды. Жалпы түркі әлемінің ортақ рухани мұрасы болғандықтан әлі де 
ойшылдың шығармаларының өзіндік вариантары мен мәтіндері кейбір елдерде 
кездесуі мүмкін. Бұл енді болашақ зерттеушілердің нысандарына айналатын 
ізденістер болып табылады. 
Міне, сөйтіп, ортағасырлық ойшылдың керемет поэмасының мәтінінің 
қазіргі ұрпаққа жетуі үшін көптеген еліміздің және шет елдердің зерттеушілері 
дәнекерлік еткені байқалады. Даналық ойларға байланысты осындай 
дәнекерлікті «философиялық мұраны» халқымызға ұсынушы топтың да 
атқаратынын айтқан жөн іспетті. Жалпы кез келген білім ұрпақтан ұрпаққа 
тасымалданып отырса ғана ол өзінің нағыз халыққа, адамзат мәдениетіне қа-
жетті рухани құндылық екенін танытады. Ал ондай құндылықтарын бағала-
маған халық өзінің рухани әлемін жүдетеді, жұтаңдатады, жастарының мате-
риалдық әлемнің нәпсілік қажеттіліктеріне байлана түсуіне жол береді. Бұл 
рухани дағдарыстың белгісі. 


168 
Әрине, тарихи процесте пайда болған шығармалардың бәрі бірдей рухани 
құндылықтар жүйесіне ене қоймайды және бірте-бірте тарих қалтарыстарынан 
аса алмаған туындылардың тағдыры ешкімді де онша қобалжыта қоймаса 
керек. Сондықтан, айтқан сөзім қалай халықтың жадында қалады екен деп, «он 
ойланып, мың толғанған» жан ғана шығармашылықтың биігінен көрінетін 
көңілге қонымды, зердеге зейінді дүниені халқына ұсынары анық. Сондай 
тарихи тұлғаның қатарына Хұсам Кәтибті жатқызсақ қателеспейміз.
Хұсам Кәтибтің поэмасында келтірілген сюжеттер басқа әлемдік әдебиетте 
кездесе ме? деген сұрақ та туындауы мүмкін. Иранның ақыны Фарид-ад-дин 
(ХІІғасыр), италияндық ақын Дантенің (ХІІІ-ХІV ғасырлар) шығармаларында 
осы тақырыпқа жақын мәселелер жырланатыны белгілі. Бұл шығармалардағы 
негізгі бағыт адамның бұл дүниедегі әрбір ісінің артында зейнеті, немесе 
бейнеті тұрғанын жеткізу. Тіршілікте ондай іс-әрекет үшін тікелей есептесу 
болмаса, онда адам бақилық болғаннан кейінгі о дүниелік өмірдегі жағдайын да 
көз алдымызға келтіруге тырысуымыз қажеттілігі пайымдалады. Жоғарыдағы 
ойшылдардың туындылары дүниедегі барлық процестердің ішкі сырына 
үңілуге үйрететін, адамдардың әрбір ісіне өте терең жауапкершілікпен қарауға 
баулитын тарихи шығармалар десек те артық кетпейтін сияқтымыз. 
Діни дүниетанымның құрылымымен, құндылықтарымен келіспейтін адамға 
Хұсам Кәтибтің айтқан тұжырымдарының маңыздылығы шамалы болуы 
мүмкін. Бірақ, бұл жерде Ғайса пайғамбардың мәртебесін көтеру арқылы 
өлгендермен тіл табыстырудың кереметін көрсету (спиритуалистік байланыс) 
мақсаты қойылмайды және сол арқылы христиан дінінің артықшылығы да 
насихатталмайды. Ғайсаның түркілер әлеміне тараған беделінің көрінісі 
байқалады. Мұсылман мен христиан діндеріндегі әулиелердің түпкі мақсаты 
бір жерден түйісетініне мегзейді. Сондықтан Кәтибтің еңбегін конфессияларды, 
халықтарды бір-біріне жақындатушы, өзара келісімге шақырушы рухани күш 
ретінде қарастыруға болады. Жалпы жоғарғы руханилықты белгісі адамдарды 
әлеуметтік ортадағы біріктіруші қызметімен анықталады. Ал халықтар 
арасында іріткі түсірушілердің, дін аралық алауыздықты уағыздаушылардың, 
бір халықты екіншісінен биік қоюшылардың рухани әлемі барынша кірленген 
десе де болады. 
Ойшылдың метафоралық жолмен өз оқырмандарының зердесіне жеткізген 
тұжырымдарын әрі қарай философиялық мағынада түсіндіруді, ұғынуды 
жалғастырсақ, онда көңілге төмендегідей ой-тұжырымның келетінін 
байқаймыз. Поэманың негізгі кейіпкері Жұмжұма сұлтанның жырдағы 
баяндалу сарынына сәйкес өз заманында халқына жасаған жақсылығы біршама 
болғанға ұқсайды. Орташа деңгейдегі адамзат өкіліндей моральдік нормалардан 
шықпаған адамның кейпіне ұқсайды. Дегенмен, ол күнделікті тіршіліктің 
қалтарыс кезінде өз сүйіктісімен махаббатқа мас болып жатқан шақта қайыр 
сұрап келген пақырға «өз уақытысында келмедің, ретсіз мазаладың» деген 
қатынасын білдіріп, оның көңілін жығады. Жалпы пақырларға көмек беріп, 
мейірімділік жасаудың не екенін біле тұрып, өзінің нәпсісінің шеңберінен шыға 
алмай қалғанына кейін өкінеді. Бірақ, істелген іс істелді, рухани құлдырау 
процесі өз дегенін жасайды. Яғни содан кейін Жұмжұманың Әзірейіл келіп көп 


169 
ұзамай жанын алады. Басқа кезде жақсы адам болуға тырысқан пенде бір сәтте, 
нағыз өзі күтпеген сәтте қатыгездіктің, мейірімсіздіктің сомданған бейнесіне 
айналып шыға келді. Міне, сөйтіп, бұл жерде адамға жоғарыдан келетін рухани 
сынақты пенде кейде байқамай қалуы мүмкін деген ой тұжырымдалатын 
сияқты. 
Бір көргенге, үстірт бағалаған адамға тіршіліктегі бір кішкентай әрекет үшін 
өмірді тоқтату, тіптен, тозақ отына күйдіру өте қатал жаза емес пе? деген сауал 
туындауы да мүмкін. Адамдардың көбі үшін бұл дүниеде әр түрлі қателіктер, 
тіптен, күнәлар жасау үшін де мұрсат берілетін сияқты. Сондықтан көбіміз бір 
қателігімізді мойындаймыз, ал кейбіреуін басқалардың мойнына іліп қойып, 
өзімізді ақтап алуға тырысамыз. Сөйтіп, пендешілік айдынында үнемі 
сырғанаумен айналысамыз. 
Дүниеде зұлымдықтың онша жазаланбайтындығына сенімді замандаста-
рымыздың уәжі бойынша қаншама ашықтан ашық кылмыс пен жауыздық 
жасап жүрген пенделердің өзі бірталай уақыт тіршілік етеді. Тіптен, кейбіреуі 
бақытты өмір сүріп жатқанға ұқсайды. Ал, өмірінде Жұмжұма сұлтан сияқты 
қайырымдылық жасаған адамдардың кішкене ғана шалт басқаны Жоғарғы 
Рухтың әмірімен қатал жазаланады. Сырттай қарағанда бұның бәрі үлкен 
әділетсіздік іспетті. Бірақ шын мәнінде бұл әрекеттердің астарында терең 
мағыналы қисын бар. Яғни Жұмжұма сұлтан сияқты биікке әлеуметтік, рухани 
және саяси сатыларға биік көтерілген адамға тағдыр соншама көп игілік беріп 
тұр және онымен қоса дүниедегі ненің жақсы, ненің жаман екенін түсінетіндей 
парасат беріліп тұрғанын ескеруіміз керек. Яғни соншама құндылықтар әлемін 
жинақтаған жанның басқалардан артықшылығы неден білінуі тиіс еді.?
Әрине, ол рухани дамудың өз замандастары үшін үлгісіне айналуы тиіс 
болатын. Яғни оның бұл қасиеттерінің иеленуіне сәйкес жоғарыдан кәдімгі 
тіршілік етушілерден оған әлде қайда биіктеу талап қойылады. Бес саусақ 
бірдей емес. Ал, енді ондай талаптарға сәйкес өмір сүруден ауытқушылық 
түбінде жақсылыққа әкелмейтіндігін Жұмжұма тарихынан аңғарамыз. Кімге 
ерекше қасиеттер, игіліктер көп берілсе, онда одан да рухани сұраныстар көп 
болары анық. Адамдардың тағдырының әр қилы болатындығы да осыдан. Бұл 
заңдылықтардың түпкі астарын түсінбеушілік кез келген адамды мансабына, 
атағына, дәулетіне, сіңірген еңбегіне қарамай рухани дамудың дағдарысына 
әкеледі. Рухани құлдыраудың бір межесі адамдарды тіршілік ету мүмкіндігінен 
айырады. Ол, сөйтіп, өз денесіндегі өмірін тоқтатып, жанының рухтар әлеміне 
кетуіне мәжбүр болады. Бұл өмір мен өлім арасындағы өзара өтпелі сәтінің 
кейпі болып табылады.
Ал адам өзінің бойындағы барлық агрессиялық ұмтылыстарын тежей ала-
тын рухани биіктерге көтеріле алса, дүниеге деген қатынасын барынша руха-
нилыққа негіздесе жанының белгілі бір ағзада ұзағырақ болуға мүмкіндігі 
көбейеді. Әрине, өмірдің осындай сан қырлы қасиеттерін бір ғана мақалада, 
немесе бір ғана кітапта ашып бере қою қиын. Дегенмен Ақиқатқа қарай бет 
бұрудың өзі адамның шынайы өмірінің бастамасы боларына күмән 
келтірмейміз. Сондықтан Хұсам Кәтиб ғұламалардың дүниетанымындағы 
жасырын даналық көздерін ұғынуға тырысу қазіргі ұрпақтың міндеті іспетті. 


170 
Бұл жерде рухани дамудың бастауы болатын діни білімнің маңыздылығын айта 
түсуге тиістіміз. Тек діннің шынайылығы мен адамның болмысын ашатын 
нағыз Сенімге негізделген формасы жеке пендеге көмектесетіні айқын. Дін 
атын жамылып алып, пендешіліктің, екіжүзділіктің көсеуін тіршілікте көсеген 
жан Жұмжұма сұлтанның кейпіне жетпесіне ешкім кепілдік бере алмайды. 
Сондықтан әрқайсымыз бұл дүниеде рухани биіктеген сайын өмір ұсынған 
сынақтардың қиындарына үнемі дайын болуды үйренуіміз керек деген 
даналықты ұмытпағанымыз жөн сияқты. Сонда бақытты болудың да, өмірдің 
нұрлы болуының да есігі ашылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет