Сәйф Сараи хикаяттарындағы тағылымдар
XIV ғасырда өмір сүрген Сәйф Сараидің шығармашылығында поэзия мен
проза қатар болғаны белгілі. Ол Сағдидің «Гүлстанын» парсы тілінен түркі
тілінен аударып қана қоймай, әр түрлі хикаяттар арқылы тағылымдық мы-
салдарды рухани мұра етіп қалдырады. Онымен қоса «Жәдігернама», «Сүһаил
мен күлдірсін» атты шығармасы да қазіргі заманға дейін жетіп отырғанын айта
аламыз. Бұл шығармалардың әрқайсысында шығыстық нақыш, терең ділдік
ерекшелік айқын байқалады. Әсіресе, әрбір ойшылдың хикаятты адамды
руханилыққа қарай бағыттайтын бағдаршам іспетті. Қасиетке ие болған десе де
болады. Мәселен, «бейнет көрмеген адамның рахаттың қадірін білмес» деген
тұжырым адамды күнделікті өмірдің ауыртпалығын мойымай көтеруге
шақырады, өмірдің қиындығы бекер кетпейтіндігіне меңзейді.
Сараи хикаяттарында достықтың қадірін көтеру, әрқашанда жақсылық үшін
қызмет етуге дайын болу сияқты ойлар барынша қомақты түрде көрініс береді.
Бірақ дегенменде әлемге деген дихотомиялық (қарама-қарсы) тұрғыдан қатынас
жасауды, яғни жақтас пен жаудың айырмасын білуді ескертеді. Мәселен,
«Дұшпанға рақым етпе, сен қолға түссең, ол саған рақым етпес» деген
тұжырымдарының төркіні түркілік тарихи кезеңдегі жаугершілік өмір салтынан
хабардар етеді.
Ал, енді жақсылық жасауға адамның сараңдығы болмауы керек екендігін
төмендегі сөздерден ұғынамыз: «Кімде-кім құдіретті болғанда кісіге жақсылық
қылмаса, басына іс түскенде құтыла алмас». Яғни әркімге берілген нақты
мүмкіндіктер негізінен жақсылық жасау үшін іргетас болу керек ұстанымды
байқаймыз және оны түркілік моральдің негізі десе де болады.
Лұқман әкім туралы хикаятта керемет терең астарлы мысал келтіріледі.
Яғни адам әдепті кімнен үйренуі мүмкін деген сұраққа «данагөй қарттан немесе
ақылды жаннан» деп жауап бермейді. Ол, керісінше, логикалық негіздерге
сүйене отырып мен оны әдепсіздерден үйрендім деген жауапты береді. Бұл
жауаптың астарында әрбір адамның алдынан кездескен кез келген жанның
өмірде шынайы ұстаз бола алатындай қырлары бар деген терең ойлы даналық
жатыр. Яғни жамандықты көріп, біз жамандық істеуден бас тартсақ,
жауыздықты көріп, қайырымды бола түссек, онда Сәйф Сараи көксеген рухани
биіктерге көтерілуге тырысқанымыз болып табылады.
171
Ойшылдың өз заманында көтерген мәселелерінің бірі тәрбие мәселесі болып
табылады. Оның тәрбие көре қоймаған жас жігіттің сипаттамасын бергенде,
оның жақсы тәрбиеге көнбеу себебін қабылдауларының таяздығынан екендігін
тікелей жеткізеді. Шынымен де тәрбие мәселесіндегі ең маңызды нәрсе - әрбір
субъектінің өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы болып табылады. Онсыз ешқандай
тәрбиенің нәтижесі болмақ емес. Тек тоталитарлық қоғам ғана әрбір адамның
жеке-дара ерекшеліктерін елемеуге тырысады. Ал қоғам барынша
өркениеттенген сайын әрбір тұлғаның өзіндік даралылығы айқындала түседі.
Әрине, ол дегеніңіз өзімшілдіктің жолына түсіп, адам мен адам арасындағы
әлеуметтік қашықтың ұлғая түсуі керек деген сөз емес. Өкінішке орай, қазіргі
тарихи кезеңде адамдар арасындағы қашықтың ұлғая түсуде және әлеуметтік
субъектілердің бір-біріне деген сенімсіздігі белең алу үстінде демекшіміз. Бұл
процестердің де рухани биіктерге жетелемейтіні белгілі. Сондықтан шығыстың
даналары жырлаған қайырымдылық идеясы барлық халықтар мен әрбір пенде
үшін әрқашан өз құндылығын жоймақ емес.
Сараидың «Жәдігернамасында» адамдар арасындағы қатынастардың ішінде
негізгілердің бірі ретінде отбасындағы еркек пен әйелдің арасындағы қарым-
қатынастың маңыздылығы аталады. Яғни қай заманда болмасын адамның
отбасындағы өзара түсіністік ең жоғарғы құндылықтардың бірі екендігін
ортағасырлық ақын төмендегі жыр жолдарымен әдемі жеткізе білген деген
ойдамыз:
Әйелің – адал жарың, оны сүй әзиз ер,
Әрбір ауыр жағдайда дәйім сені демер.
Оған дос бол, оны сүйіп көңіл бер,
Оның сөз теңізінен гауһарларын тер.
Түркілік ойшыл отбасындағы адалдықтың адам үшін үлкен маңыздылығын
атай келіп, пенденің сүйіп қосылған жары бірте-бірте нағыз досына айналуы
тиіс деген сұңғылалы ойды тұжырымдайды. Жалпы еркек әйел арасындағы
қатынасты шығыстық ақындар барынша нәзіктікпен, сезіммен жырлай білген
және оның маңыздылығын кейінгі ұрпаққа терең даналықпен жеткізіп отырған.
Қазіргі заманның прагматикалық негіздерге, ұстанымдарға сүйенген қарым-
қатынастары көптеген елдерде отбасылық қатынастардың өзін барынша заңмен
қорғауға, ресми құжаттармен бекітуге дайын тұрады. Яғни адамдардың бір-
біріне деген сенімсіздігін, өзара қатынастардағы жаттанудың көріністерін
осындай «некелік келісім» сияқты қағаздардың екі адамның арасында кейбір
ауытқулардан қорғаудың кепілдігіне айналғанынан байқаймыз.
Қазақ даласындағы талай ғасырлық дәстүрлердің астарын ашып көретін
болсақ, онда адал жарға деген құрметтің үнемі биіктен табылғанын байқаймыз.
Қобыланды батыр өзінің Құртқасын бағаласа, Жиренше шешен үнемі
Қарашашпен ақылдасып отырған. Қазыбек би де әйелінің өмірлік досқа ай-
налған жақын адамы екендігін өзінің жырларында атап өткен. Міне, сөйтіп,
«бақыттылықтың бастауын іздеген адам оны алдымен өзінің отбасынан тапсын,
адал жарын қадірлесін» деген тұжырымның үнемі адамның алдынан шығып
тұратынын қазақ даласының ойшылдарының шығармашылығынан байқаймыз.
Тек қана әйелдің қадірін білмейтін жан ғана оны кемсіте алады, оған жоғарыдан
172
төмен қарай алады. Әйел өзінің балаларын тәрбиелей отырып, ол болашақ
ұрпақтың негізін қалайды. Сөйтіп, ол ұлттың, халықтың тәрбиешісіне
айналады.
Әйел көркін, батырлықты, адалдық пен қайырымдылықты жырға қосқан
Сәйф Сараи өзінің «Гүлстан би-т-түрки» атты шығармасының халыққа, түркі
даласының әрбір азаматына құнды дүние боларына сенімді.
Жыр маржанын сыйлық етіп ұсынайын,
Сыйлығым сол – пайдалы кітап.
Бар сөзі естімеген ойларға толы,
Өзіңе қасиетті болсын осы кітап.
«Кісіге қызметші болып, алтын қылыш тағынғанша, өз үйіңде еркіңмен
отырып қара көже ішкен артық» деген нақыл сөздердің түпкі астарына, фи-
лософиялық пайымдауына үңілетін болсақ, онда адамды алдымен қанағат-
шылыққа шақырумен қатар тіршіліктегі әркімнің айналысатын лайықты кәсібі
болуға тиіс деген ойды зерделейміз. Қазақтың осы сөздерге жақын «Шет елде
сұлтан болғанша туған жерде ұлтан бол» деген мақалы бар.
Яғни адамның лайықты тіршілік етуінің көзі ретінде таңдалатын жолының
өзі оның туған жердің алдындағы парызымен астасып жататындығын
байқаймыз. Жаһандану заманы көптеген елдің адамдарын басқа жұрттан несібе
іздеуге итермелеуде. Нарықтың қыспағы отан алдындағы парыздың өзін
бедерсіздендіріп жібергендей. Ал Сараидың нақыл сөздері бізді белгілі бір
мамандықты жете меңгеруге шақырады. Ал нарық заманында онсыз пенденің
күйі нашарлар түсері хақ.
Сараи өмірдегі кісінің екіжүзділігін сынай отырып түркілік этикалық
прициптердің сипаттамасымен таныстырады. Қай ғасырда да, қандай мәде-
ниетте де адамның адалдығы мен әділеттілігі биік рухани құндылықтар ретінде
танылуға тиіс болатын. Ал, енді ондай принциптерден, ұстанымдардан бас
тартқан қоғам, әлеуметтік қауымдастық бірте-бірте іштей ыдырай бастауы
мүмкін. Сондықтан даналардың барлығының бұл мәселедегі дүниетанымдық
айшықтары көбінесе ұқсас, үндес келеді. Яғни биік деңгейдегі Ақиқат заңы
адамзат атаулының бәріне бірдей ұлтына, дініне, нәсіліне қарамай өзінің
игілікті ықпалын тигізіп отырады.
«Кішілікті ұмытқан адамнан ірілік көрерсің» деген ананың баласына айтқан
сөзі туралы хикая адамдардың парасаттылығын шыңдауға шақыратын
тұжырым-ой болып табылады. Адамның кішіпейілділігінен артық оның ру-
ханилығын білдіретін тетік болмас бұл дүниеде. Себебі, барлық әлемдік қа-
сиетті саналатын діни кітаптарда адамның ең негізгі күнәсі деп мардымсуды
атайды. Адам өзінің басқалардан кейбір артықшылығы, қабілеттілігі бар екенін
тек сөзбен ғана емес іспен де көрсеткісі келеді. Сөйтіп, ол қарапайымдылықтан,
кішіпейілділіктен алыстап өзімшілдіктің, менмендіктің қақпанына түседі. Ал
ондай адам өзінің қалайша рухани құлдырау жолында екенін алғашында сезбей
де қалады.
Әрине, мардымсудың әр түрлі көріністері болады. Біреуі, оның ашық түрі.
Ол пенденің барынша өзін әлеуметтік ортада бекіте түсу үшін жасаған
тұрпайылау әрекеттерінен байқалады. Мәселен, хикаядағыдай мысалды осыған
173
жатқызуға болады. Екіншісі, мардымсудың жасырын формасы. Ол көбінесе әр
түрлі кәсіптің шеберлерінде кездесетін қасиеттерден көрініс табады. Шебер
өзінің кәсібін басқаларға қарағанда жақсы меңгергенін байқайды. Сөйтіп, ол
өзін басқалардан биіктете ұстауды әдетке айналдырады, іштей өзгенің іс-
қимылының нәтижесін төмендетілген деңгейде бағалаумен айналысады. Бұл
кәсіптік шеберліктің көлеңкелі тұстары болып табылады. Ал рухани дамудың
терең сырын игермеген шебер өзінің еңбегінің нәтижесінен жартымды
игілігінде көре алмайды.
Адамның материалдық игіліктерге деген қатынасы зерделі деңгейді құра-
маса, ол өзінің қалай дүниеге, дәулетке тәуелді пендеге айналғанын байқамай
да қалуы мүмкін. Сараидың бұл мәселе жөніндегі хикметтерінде төмендегідей
терең ойлы тұжырымдар бар: «Дәулетті адам – жия білген, жиғанын бере
білген. Дәулетсіз – есіл-дерті мал жию болып, өзі жеуге қимаған. Сөйтіп,
өмірінің өткенін білмеген Адам». Яғни адамға керек материалдық игіліктердің
түпкі мазмұны мен мақсаты адамның өміріне игілікті қызметін атқаруда. Ал
адамның барлық мақсаты тек жиған тергенінің көптігіне мәз болу болса, онда
заттардың, ақшаның, жалпы дәулеттің адамды өзіне толық бағындырғаны
болып табылады. Ол, тіптен, ондай дәулеттің құндылығын адамның өмірінен де
жоғары қоюы ғажап емес. Өкінішке орай, адамзат тарихында бұндай деректер
кездесіп қалатынын да жасыруға болмайды.
Ақынның тағы бір нақыл сөзі өмірдегі шынайы мүдденің неден туындай-
тындығы жайлы. Мәселен, «Жүзімнің тәттілігін бақ иесі емес, жетімдер білер»
деген сөздерден терең астарды ұғамыз. Шыныменде ненің де қадірін адамның
басына күн туғанда нақты сезінуге болады. Қазақ «аштықта жеген құйқаның
дәмі кетпес» деп адам қажеттілігінің өзектіленген кезіндегі құбылыстардың
әрдайым құндылығы жоғары екендігін маңыздылаған. Шөл далада келе
жатқанда пенде үшін бір жұтым судан асқан нәрсенің қадірі жоқ іспетті,
жетімдердің барлық мақсаты бақ ішіндегі жүзімнің дәмін тату. Міне, осындай
даналық тағылымдарынан құралған хикаяттардың біздің заманымыз үшін
философиялық сипаттама ретіндегі құндылығы зор деген ойды тұжы-
рымдаймыз Үнемі осындай даналық көздеріне назар аудару қажеттілігін ес-
керген жөн.
Әдебиеттер
1. Ежелгі дәуір әдебиеті (Құрастырған А.Қыраубаева) Алматы, Ана тілі,
1991 – 280 б. (185-212).
Достарыңызбен бөлісу: |