Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. Қазақ философиясының


сайлау олардың қолында әртүрлі келісімдер арқылы мансапқұмарлық



Pdf көрінісі
бет35/57
Дата28.03.2024
өлшемі2.98 Mb.
#496759
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57
annotation23044

сайлау олардың қолында әртүрлі келісімдер арқылы мансапқұмарлық 
мақсатқа жету және халықты қанау құралына айналып кетуі мүмкін деген 
қорқыныштар негізсіз емес еді. Ол осыған орай былай деп тікелей жазды: 
“Егер де қырғыз шенеуніктері мен бай жылқы табындарының иелерінің 
мансапқұмарлық ынталарына сүйенсек, билерді сайлау формалды 
сайлауға бағындырылады, бұл өз алдына даладағы сот төрелерінің 
ақшалай келісімдер және де т.б. істер арқылы табын-табын жылқылары 
бар байлар мен бай саудагерлердің қолына өтеді...” (Сонда. 93 б.). 
Осындайдан құтылу үшін Ш.Уәлиханов орыс үкіметіне “қазіргі уақытқа 
дейін жеткен қазақ халқының билер сотын бұрынғы күйде сақтап қалуын 
ұсынады, яғни сотқа жүгінген қырғыздың сотты істерде renomme-сі бар кез-
келген адамға жүгінуге құқығы бар, тура біздегі сияқты, ауру адам 
медициналық беделі бар адамға баратын болса, сол сияқты болмақ. Сотталушы 
атақты қорғаушыларға (адвокаттарға) жүгінеді” (Сонда). 
Ресми сайлауға келсек, Ш.Уәлхановтың пікірінше, “жоғары талаптарды 
ешқашан қанағаттандыра алмайды”, себебі, ол әрі қарай былай деп жазады 
“сайланған шенеунік болып алғаннан соң, олар (яғни билер – О.С.) біздің 
басшыларға ұқсап кететін болады, олар барлығынан пара алады және 
барлығына өзі де пара береді” (Сонда
). 
Ш. Уәлихановтың мәдениетке біртұтас әлеуметтік феномен ретінде қарауы, 
даму логикасы ойшылдың саяси-идеялық эволюциясына сәйкес келетін


248 
біршама тиянақталған тұжырым-дардан тұратынын айта кету жөн. Мәдениет 
мәселелері оның аса көпқырлы мұраларын іштей жақындастырып тұрған 
шиеленісті де, өткірі де болып табылады. Ш. Уәлихановта “мәдениет” 
ұғымының өзі, оның әр жақты әрі шын мәні, тек нақтылы кең мәтінде ғана 
айқындалады. Көбінесе, “білімділік”, “сауаттылық” сөздері “мәдениет” сөзінің 
синонимі ретінде жұмсалады. Сол сияқты “мәдениет” тәрбиелілік, өнегелілік 
жай-күй, адам мен қоғам ізеттілігі ретінде түсіндіріледі. Жоғарыда айтылған 
мағыналарды жинастыра келе Ш. Уәлиханов “мәдениет” деп адамның іс-
әрекеттерінің нәтижесін (рухани немесе материалдық, не екеуін де қоса), 
табиғи және құдай жаратқан әлемнен ерекшеленетін, адам өз қолынан 
тұрғызған әлемді түсінеді деп айтуға болады. Ол адамның шығармашылық 
күшін іске асырушы мәдениеттің ізгіліктік мәні туралы терең ой айтты. 
Ш. Уәлихановтың Шығыс халықтарының өмірлерін терең зерттеу барысында 
олардың мәдени және мәдени-тарихи даму процестері туралы айтқандары, сол 
кезде пайда болған прогресшіл бағыттағы шығыстануға қосылған баға жетпес 
үлес болып табылады. Оның мәдениеттанулық тұғырнамалары (тұжырымдары) 
шығыстанудағы нәсіпшілдік, шовинистік және еуропаорталықтық теорияларға 
қарсы бағытталған. Оған “ғылыми еуроорталық” (Н.И. Конрадтың термині) 
(Конрад Н.И. Запад и Восток. М., 1972. С.24.) деп аталатын көзқараспен де, 
яғни Шығыс туралы Еуропа ғылымындағы теріс экстраполияциялық өлшеммен 
де күресуге тура келді.
Қазақ ағартушысы қазақ халқының төл мәдениетін қорғауға бел шешіп 
кірісті және дәстүр мен жаңаның үйлесімді қосылуы нәтижесінде мәдениеттің 
интернационалдануы туралы терең прогресшіл идеялар айтты. Ш. Уәлиханов, 
шын мәнінде, этникалық тұйықтықтан шығуға және әлемдік мәдениетке 
қосылуға бағдарланған жаңа қазақ мәдениетінің бастамашысы болды. Бұл 
жерде ол өз халқын тіпті де орыстандырғысы келген жоқ, өз Отаны, Қазақ 
даласының, мәдени өрлеуі – көне ұлттық дәстүрлердің жалпыеуропалық 
мәдениет элементтерімен үндесе қосылуы, әлемдік өркениетті елдердегі 
жағымды нәтижелерді сіңіруі деп түсінді. Оның айтуынша, барлық жаңалықтар 
дәстүрді ескере отырып, енгізілуі керек. Жаңа өміршең мазмұн ала отырып, 
мәдениет өзінің ұлттық төл тумалылығын сақтауы керек. 
Ш. Уәлихановтың көшпелілердің рухани мәдениетінің ерекшеліктері мен 
көшпелі өмір салты жағдайындағы сабақтастықтың өзіне тән формалары 
туралы ой-толғауларының орны бөлек. Ол көшпелі халықтардың поэтикалық 
шығармашылыққа, әсіресе суырып салма ақындыққа ерекше бейім екендігіне 
алғашқы болып назар аударғандардың бірі. Көшпелілердің өлең-жырға 
бейімділігінің, суырып салма ақындық өнердің болуының себептерін Ш. 
Уәлиханов олардың өмір сүру салтымен байланыстыра түсіндіруге тырысты
(Валиханов Ч.Ч. Собр.соч в пяти томах Т. 1. Алма-Ата: Главная редакция 
Казахской советской энциклопедии, 1984. С 304.). 
Көшпелі халықтардың ауызекі өнерінің ерекшелігі 

ұрпақтан ұрпаққа 
тарихи, генеалогиялық, құқықтық, тұрмыстық мәліметтері, салт-дәстүрі, 
өнегелері беріліп отырады. Ол мұндай ерекшеліктерді ауызекі өнерге, оның 
ішінде “...бір рудан бір руға, ұрпақтан ұрпаққа көне Грекияда рапсодтардың 


249 
Гомер жырларын жеткізгені сияқты, қазақ ақындары да ауызша жеткізген” 
(Сонда. С. 285-286. ), дей келе, халық поэзиясына талдау жасай отырып, соны 
ашып 
көрсетеді. 
Ш. 
Уәлихановтың 
ойынша, 
халықтың 
ауызекі 
шығармашылығы, әсіресе көшпелілерде, “өмірдің очерктері, олардың өзінің 
қоғамы туралы түсініктері мен оған қатысы болып табылады”, әрі қазақ 
халқының және басқа да көшпелі халықтардың тарихын зерттеуде құнды 
қосымша материал бола алады.
Философияың маңызды саласы - эстетика мәселелеріне өзінің қатынасын 
қазақ ойшылы, әсіресе халықтың ауызекі өнерін зерттеу барысында ашып 
көрсетті. Қазақ, қырғыз халықтары өздерінің ауызша жеткен поэзияларының 
бірнеше варианттары туралы толық мәліметтерді алуда, тіпті кейбіреулерінің 
мазмұнын білуде де Ш. Уәлихановқа қарыздар десек асыра айтқанымыз емес. 
Ол тарихта бірінші болып қырғыз халқының атақты эпосы “Манасты” 
жыршының айтуы бойынша қағазға түсіргені белгілі. Шығыстанушы 
зерттеушілер мен фольклоршылардың арасында бірінші болып бұл поэмаға 
білікті әрі жоғары баға берді. “Манас” – халықтың ертегілері, аңыз-әңгімелері, 
географиялық, діни, ақыл-ойлық танымдары мен адамгершілік ұғымдары 
біртұтас, бір уақытқа, бір адамның – Манас батырдың – төңірегіне 
топтастырылған энциклопедиясы. Манас – тұтас халықтың туындысы, 
ғасырлар бойы өсіріп, жинаған жемісі, Дала Иллиадасы іспеттес халық эпосы”, 
– деп жазды Ш. Уәлиханов (Валиханов Ч.Ч. Собр. соч в пяти томах. Т. 1. Алма-
Ата: Главная редакция Казахской советской энциклопедии, 1985. С. 70.). 
Халық ауыз шығармашылығына ойшыл халық даналығының туындысы деп 
қарады және оқиғаларды сипаттауда әсірелеушілік басым болса да, өмір 
шындықтары көрініс тапқан деп санайды. Қазақтардың поэзиялық ой-
толғауларындағы аңғал реализм мен айтушылардың берілген материалдарға аса 
ұқыптылықпен қарайтыны сияқты ерекшеліктерді көрсете отырып, Ш. 
Уәлиханов қазақ ауыз әдебиеті “...бір адамның аузынан шыққан тәрізді 
сезілетін халықтық туынды” (Сонда. Т. 1. С. 302) және бұл шығармалар тарихи 
мәліметтерге сәйкес келеді деп жазды. 
Ол өнер, яғни халықтың ауызекі өнері, өмірді сипаттайды дейді. Қазақ 
ойшылы бұл оның мәні мен мағынасы деген байламға келді. Онымен қоса Ш. 
Уәлиханов халық ауыз шығармашылығының құндылығын оның адам 
қоғамындағы нақтылы тарихпен, өмірмен байланысына қарай бағалады.
Қазақ ойшылының эстетикалық ой-толғауларында халықтың ауызекі өнер 
туындылары әр уақытта шындықты барлық ерекшеліктерімен қоса сипаттайды 
дегенін ескеру керек және оның фольклордың формасы мен мазмұны туралы 
түсінігінде, өнердің теориялық мәселелерін шешуінде оған ғылыми тұрғыдан 
келу үрдісі бар екені байқалады. 
Ш. Уәлиханов этикалық және эстетикалық теорияларды жасауды алдына 
мақсат етіп қоймаса да этика, эстетиканың негізгі мәселелеріне өзінің 
көзқарасын біршама айқын көрсетті. Адамдардың өнегелілік мінез-
құлықтарының, олардың эстетикалық түсініктерінің табиғи негіздерін және 
жалпы көркем туындылардың заңдарын ашуға үнемі тырысқаны оның ең басты 
әрі ең маңызды ерекшелігі деп бағалауға болады. Шоқанның ой-толғауларының 


250 
өзегі ойшылды өмір бойы толғандырға ең күрделі мәселе – халқының өмірінің 
қайнар көзі, халқының тағдыры, оның жалпы адамзаттық құндылықтар мен 
прогресске қосылу мүмкіндігі. Ш. Уәлиханов ғұмырын ақыл-ой мен ізгілік 
идеяларының салтанат құру үшін күреске арнады, бұл жолда аянбай еңбек етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет