Сот реформасын дайындауға Ш.Уәлиханов та тікелей қатысты. Бірақ
оның
әрекеті
патша
әкімшілігі
мен
қазақ
компрадорлық
аристократиясының істеріне қарама-қарсы келді. Ш.Уәлиханов “Сот
реформасы туралы жазба” деген аталған еңбегінде үкіметтік комиссияның
жұмыс жасау әдістерін қатты сынға алды, себебі олар қазақ халқының
ұлттық ерекшеліктері мен даму деңгейін елемей, халық пікірімен
санаспай,
өз
тұжырымдарында
тек
қана
даланың
жоғарғы
аристократиясының пікіріне сүйенеді. Комиссия жұмысының негізі болып
табылатын әдістерінің жамандығы мен жарамсыздығын Ш. Уәлиханов
деректермен дәлелдеп, ашып көрсетті, яғни ауызша сауалнаманың
сауатсыздық жайлаған және басылып, қорғалақ болып қалған халықтың
шынайы мүддесі туралы дұрыс көрініс беруі мүмкін еместігін көрсетті.
Билеуші таптың пікірлеріне келетін болсақ, қазақ ағартушысының
талабы бойынша, олардың пікірін көңілге алуға да болмайды, себебі
реформа жеке сословиенің пайдасы үшін емес, жалпы ұлттың пайдасы
үшін жасалып отыр ғой. " Сұлтандардың және билердің пікірі аз құрметке
лайық, - деп жазды ол, – өйткені бүтіндей ұлттың мүддесі, әділдікке орай,
жеке сословиенің пайдасынан да артық көріну керек” (Сонда. 1984. Т. 4. С.
80.). Ол батыл түрде: “Қоғамда артықшылығы бар таптардың пікірлерін,
халық қажеттілігінің керісінше бейнесі ретінде қарастыру керек, себебі
жоғарғы өркениетті қоғамдардың өзінде де олар көп жағдайларда
көпшіліктің мүддесіне қайшы келеді” (Сонда. 77 б.).
Бай-феодалдардың билерді сайлауды формалды сайлауға бағындыру
әрекетіне орай қазақ ағартушыларының үрейленуінің негізі болды. Бұл
Достарыңызбен бөлісу: |