Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. Қазақ философиясының


Ресейдің ықпалды таптарының өкілдерінің қазақтарға деген бұндай



Pdf көрінісі
бет33/57
Дата28.03.2024
өлшемі2.98 Mb.
#496759
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57
annotation23044

Ресейдің ықпалды таптарының өкілдерінің қазақтарға деген бұндай 
қатынасы қазақ ағартушылары тарапынан наразылық туғызды және 
олар отарлаушыларды қатал сынға алды. Олар, шын мәнінде, 
Қазақстандағы патша әкімшілігінің шенеуніктерінің тонау әрекеттерін 
қатты сынады. Мысалы, Ш. Уәлихановтың “Сот реформасы туралы 
жазба” деген мақаласы, Ф.М. Достоевскийге, А.Н. Майковқа, К.К. 
Гутковскийге және т.б. жазған хаттары, жұмыс нұсқасындағы еңбектері 
Қазақстандағы патша үкіметінің шенеуніктері қазақ халқының артта 
қалуы мен сауатсыздығын пайдаланып, ауқымды байлық жинағандарын 
көрсетіп жазады. Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша, “рулық тұрмыс заңы” 
қазақтардың “табиғи” даму кезеңін жақсы көрсетеі, “ол тек қана, - деп 
жазды Ш. Уәлиханов, - бай қырғыздардың мансапқұмарлығын 
қанағаттандыруға және лай суда балықты жақсы ұстай білетін орыс 
шенеуніктерінің баюына қызмет етті” (Валиханов Ч. Собр. соч. Т. 4. А., 
1985. 93 б. ). Ф.М. Достоевскийге жазған бір хатында ол өзінің шынайы 
тапқырлығымен және айқын көрініп тұрған жек көрушілік сезімімен 
губернаторлық хатшы, туған жері Мюнхенді тастап, аты "сһен"-мен

аяқталатын қарындасымен бірге тәуелсіз Татариядағы қырғыздарды 
алдап, олардың ақшасына әйеліне арнап “цитрондық лентасы бар 
померанцтық көйлек тіктіргісі” келетін барвар немісі туралы жазады 
(Сонда. Т. 5. 151 б.).
 
Қазақстандағы отаршылдық үкіметтің жоғарғы дәрежедегі шенеуніктері 
жеке бас пайдасы үшін бір-бірімен үздіксіз қырқысып, бір-бірлерінің артынан 
сөздер айтты және әр біреуі өз шаруасын бітіруге тырысты. Осының 
нәтижесінде өлкеде тәртіпсіздік, озбырлық және шенеуніктердің өз білгенін 
істеуі кең етек алып, онсыз да қазақ еңбеккерлерінің қиын жағдайын ауырлата 
түсті.
Зардап шеккен халықтың ауыр тағдырын жеңілдету жолдарын табу үшін 
шын ниетімен қам жеген Ш.Уәлиханов Ресейдің прогрессивті адамдарына 
үндеу тастап, күреске көмектесуді сұранды және олардан қолдау іздеді. 
Ш.Уәлиханов қатты ашу-ызамен әлгілердің алдында қазақ даласына орныққан 
орыс қанаушыларының халық байлығын бөлу үшін өзара күресін және олардың 
шексіз сараңдықтарын, еңбекшілер арасында шексіз пайда табу ниеттерін ашық 
көрсетіп, 1864 жылдың наурызында К.К.Гутковскийге былай деп жазады: 
“Облыстық басқарма мен канцелярия өзара соғысуда. Канцелярия жағынан 
жауынгер болып Крохолев шықты және қырғыздардың ақшасын өзіне алды, 


245 
басқаруға ешкім аяқ баспайды. Ивашкевич ашулы және Майделді азғыруда, 
бірақ тікелей әрекет етуге батылы жетпейді, дегенмен де клуб ішінде ұрысып-
керісуде. Барлығы да жаңа тәртіпті күтуде және жартылай патшашылдық күйді 
пайдалануда. Ашық әрі сұмдық алады, жұмыстан кетті деп бүгін жазады, ертең 
ақшаны алып, шешімді жояды және де тағы сол сияқтылар” (Сонда. 162 б.). 
Ш.Уәлихановтың шығармашылық мұраларының мәні өте зор. Оның 
ғылыми дарыны этнология, тарих, география, әдебиет, тіл білімі, заңгерлік, 
әскери ғылым, философия саласында танылды. Ш. Уәлиханов өзі зерттеген 
ғылымның барлық саласында айқын із қалдырды. Ойшыл өмір сүруге тура 
келген, қазақ халқы үшін қасіретті кезең оның шығармашылығында көп 
қырлылығымен, 
көп 
жақтылығымен, 
қасіреттілігімен 
және 
қарама-
қарсылықтылығымен сипатталады. Қазақстанда отарлау, яғни мемлекеттікті 
ғана жоғалту емес, сонымен бірге ұлт азаттығын жоғалтумен сипатталатын 
қазақ тарихындағы өзгерісті кезең, Ш. Уәлиханов дәуірін сипаттайтын 
ерекшелік. Ұлттық рухтың маңыздылығы, осы рухты білдіруші Ш. 
Уәлихановтың ұлылығы сол 

ол көшпенділердің іргелі негізін – бостандығын 
– жоғалтқанына қарамастан бұл жағдайды түсіне білді. Қазақ ағартушысының 
әлем ғылымы мен өзінің халқының алдындағы сіңірген зор еңбегі – ерекше 
этнос ретіндегі қазақ халқының тарихи құқығын анық және логикалық 
дәлдікпен қалпына келтірді, оны ғылыми тұрғыдан әлем халқы қатарына қосты.
Ш. Уәлиханов – жаңа заманда Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан, 
аймақтың нағыз өзегіне, оның адамына жол ашқан алғашқы ғалым. Адам 
мәселесі ойшылдың дүниетанымында маңызды орын алады. Бұл тақырыпқа ол 
жан-жақты қарайды: өлкенің географиясы, тілі, салт-дәстүрі, этнографиясы, 
фольклоры, этносы, тайпалар мен халықтар тарихы, қоғамның әлеуметтік 
құрылымы. 
Қазақ 
ағартушысының 
шығармаларында 
адамгершілік 
тұжырымдар, адам өмірінің мәнін орынды бағалау мен адам жер бетінде 
толыққанды, бақытты өмір сүруге толық құқылы деген түйін бар. 
Ш. Уәлиханов шығармаларында адам мәселесінің әлеуметтік-философиялық 
мәселелері көп қаралған. Адам тұрмысының мәні мәселесін шешуде ол бақыт 
ұғымына баса назар аударады. Ойшыл қоғам мүддесінің өмірде жүзеге асуына 
ықпал етпеген адам бақытты бола алмайды деген нық сенімде болды. Бақыт 
мәселесіне осындай көзқарас қазақ ағартушыларының бәріне тән. Олар қоғам 
игілігі ең жоғары игілік деп санады. Қазақ ойшылдарының, оның ішінде Шоқан 
Уәлихановтың да, әлеуметтік-этикалық көзқарастарының өзегі – халықтың 
бақыты, сонымен бірге жеке адам бақытты. “Пайда”, “игілік” ұғымдары 
“мүдде” ұғымымен сәйкес. Бұдан жеке адам мен қоғам мүддесі қатынастары 
мәселесін шешуге ұмтылу байқалады. 
Жеке адамның және қоғам мақсаттары мен міндеттерінің үндесуі (халықтың 
пайдасы, қоғам игілігі, халық қажеті т.б) Ш. Уәлиханов үшін жеке бастың, да 
сондай-ақ қоғамның мүддесін де ескере отырып, жүзеге асыруды күтіп тұрған 
әлеуметтік-этикалық мұрат болды. Ойшыл сол кезеңдегі қазақ халқы өзінің 
мүддесін түсінбегеніне қатты өкінді. 
Жеке бас пен қоғам мақсаттары мен міндеттерінің үйлесуіне кедергі келтіріп 
тұрған нәрсе ағартушылықтың жетіспеуі деп санады Ш. Уәлиханов. Ол 


246 
үндестік пен бірлікке ағарту іс-шараларын жүргізу арқылы жетуге болады деп 
есептеді. Ойшыл білімге негізделген заңдар ғана адамдар арасындағы 
қайшылық-тарды жоюға, нағыз бақытқа жетуге және адамды жақсы 
қасиеттердің дамуына қажетті алғышарт бола алады деген сенімде болды. 
Ш. Уәлиханов білімділік пен ар-ұждан туралы түсінік болмай тұрып 
өнегелілік туралы сөз қозғау артық деп есептейді. Бұл қасиеттердің болмауы 
дегеніміз өнегелілік жоқ деген сөз. Яғни оның орнын өнегесіздік басады деген 
қорытындыға келеді ойшыл. Ол өнегелілік түсініктердің белгілі бір шегімен 
анықталады, ал тазалық дегеніміз адамның ішкі дүниесінің таза болуы деп 
түйіндейді. Білімділік пен ар-ұждан, нағыз өнегелілікті қамтамасыз ететін, 
адами құндылық. Ш. Уәлихановтай оқымысты, Ш. Уәлихановтай ақсүйек үшін 
білімділік пен ар-ұждан әрі биік адами құндылық болып саналады. 
Қазақ ағартушысы еркіндік адамда жағымды өнегелілік қасиеттің дамуына 
ықпал етуге ең қажетті нәрсе дегенді баса айтты. Бірақ толыққанды 
өнегелілікке жетуге бір ғана еркіндік жеткіліксіз, себебі сол еркіндікті дұрыс 
пайдалана алу керек. Осы еркіндікті көзі ашық адам ғана пайдалана алады, 
надан адамның қолынан бұл келмейді. Мұнымен қоймай ойшыл надандық 
еркіндікті дұрыс пайдалануға кедергі жасап қана қоймайды, сонымен қатар 
адамдарды азғындауға итермелейді деп түйіндейді. 
Ш. Уәлиханов өзінің “1858

1859 жылдардағы Алтышар немесе Қытайдың Нан-
Лу провинциясының шығыстың алты қаласының (Кіші Бұхарлығы) жағдайы” 
еңбегінің “Жергілікті тұрғындары” деген бөлімінде еуропалықтар үшін жат 
дәстүр, бұл елде әйелдердің осында келген жат жергіліктермен уақытша некеге 
тұратыны туралы айтады. “Әйелдерге таңдауы мен сезіміне толық еркіндік 
берілсе де, білімділік пен ар-ұждан туралы түсінік болмағандықтан, осы 
дәстүрдің әсерінен некелік одаққа мән бермей қарау пайда болады және Шығыс 
Түркістанның әйелдері керемет өнегелі деп айтуға келмейді”, – деп жазды ол / 
Валиханов Ч.Ч. Собр соч. в пяти томах. Т. 3. Алма-Ата: Главная редакция 
Казахской советской энциклопедии, 1985. С. 166. /. Ойшылдың осы және басқа 
да айтқандарының білімділік пен ар-ожданның мәні адамда нағыз өнегелілік 
қасиеттің дамуына еркіндіктен кем емес екендігі анық байқалады. 
Өзінің мәдениет туралы ой-толғауларында Ш. Уәлиханов өркениет дегеніміз 
тек қана материалдық мәдениет емес, ол – өркениетті адам деп түйеді. Сауатты, 
әрі бай елде тұрып жаңалық ашып жүрген адам, поэзияға, әдебиет пен ғылымға 
жақын адам. Ойшыл ілгері ұмтылушылық пен ағартушылық идеяларына 
қаныққан өнегелілік тәрбие мен білім ұлттың өзіндік даму болмысы болып 
табылады, ал мәдени жаңғыруға жасалған алғашқы қадам – бұл жаппай 
сауаттылық деген тоқтамға келеді. Ш. Уәлиханов халықтардың мәдени 
дамуына қажетті шарт олардың өзара бірігіп әрекет етуі мен жақындасуы деген 
идеяны ұсынды. Ол “Сот реформасы туралы жазбасында” былай дейді: “Біз 
еуропалық, жалпы адамзаттық сауаттылыққа үйренуге тиіспіз және осы 
мақсатқа жетуге кедергі келтірушілерге қарсы қажырлы күрес жүргізу – 
мәдениетке, дамуға мүмкіндігі бар барлық халықтар үшін түпкі мақсат болуы 
керек деп ойлаймыз” / Сонда. 1984. Т. 4. С. 80. /.


247 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет