Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. Қазақ философиясының


* * * * *  Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық философиясы



Pdf көрінісі
бет36/57
Дата28.03.2024
өлшемі2.98 Mb.
#496759
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57
annotation23044

* * * * * 
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық философиясы. Ш. Уәлихановты 
терең толғандырған қазақ халқының тағдыры, оның жаппай сауаттануы, 
қазақтарды жалпыадамзаттық құндылықтар мен прогреске қосудың жолдары 
туралы маңызды мәселелер көрнекті қазақ ойшылы Ыбырай Алтынсарин үшін 
де басты мәселе болды. Зұлымдықпен, әділетсіздікпен және азғындықпен күрес 
идеялары екі ойшылдың да философиялық көзқарастарына тән. 
Ыбырай Алтынсариннің жоғары өнегелілік пафосқа толы шығармашылық 
мұралары - әлемді философиялық түсіну мен гуманистік бағыттың жарқын 
үлгісі. Ы. Алтынсарин өзінің қалыптасуы барысында шығыстанушы В.В. 
Григорьевтің, К.Д. Ушинский бастаған педагогикалық қозғалыстың әсерін 
сезінді. Ол халықтың болашағы ең әуелі балалардың жаппай сауат алуына 
байланысты деп қарады. Өзі құрастырған “Қазақ хрестоматиясын” “ғылыми, әрі 
байыпты басшылыққа негізделген, қажетті танымдар мен пайдалы мағлұмат 
бере алатын ”жол нұсқаушы ретінде бағалады (Алтынсарин И. Собр. соч. Т.1. 
С. 78).
Ы. Алтынсарин халықтың қамын жеу қазақ зиялыларының адамгершілік 
парызы деп білді. “Біздің үлесімізге бәрін әлі құру, енгізу қажеттігі бар ең ауыр 
да жауапты ауыртпалық тиіп отыр ...қараңғы ортаға жаңалық енгізу, шамамыз 
жеткенше, қолымыздан келгенше жарық сәуле түсіру”,- деп жазды ол (Сонда. 
Т. 3. С. 63.). Ы. Алтынсариннің түсінігі бойынша, қоғам игілігінің, өз 
Отанының байлығын өсіру мен оның күш-қуатын арттырудың қамын жеу, оның 
экономикалық және мәдени дамуына ықпал ету 

осының бәрінің орындалуы 
өмірінің мәні болып табылатын әр бір ұлтжанды азаматтың негізгі міндеті. 
Ойшыл ұлтжанды азаматқа тыныш, уайымсыз өмір жоқ, оның жаны өз 
отанының дамуына үлес қоспаса, өз қызметінің жемісін көрмесе жай таппайды 
деп санайды. Ол: “Менің үнемі ұмтылысым жан-тәніммен пайдалы адам болуға 
бағытталды, ал қазір осыған қол жеткіздім деген ой мені жұбатады”, - деп 
жазды (Сонда. С. 26. ). 
Ы. Алтынсарин өзінің ағартушылық философиясында жас ұрпақтың 
тағдырына халықтың рухани қайта өрлеу үмітін артып, осыған байланысты 
педагогикалық (ұстаздық), психологиялық көзқарастарын дамытты. Өз 
көрінісін ақындар айтысынан, қисса, хикая, жаңа эпикалық поэмалардан тапқан 
эстетика жаңа даму кезеңіне шығып, жарқырай дамыды. Музыка (әуез) өнерінің 
өркендеуі Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Ықылас, Біржан сал, Мұхит, 
Ақан сері, Жаяу-Мұса, Зілғара, Құлтума, Сара, Сералы, тағы басқа ақын-
әншілердің есімдерімен байланысты (Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. Алматы: 
Жазушы, 1989. 1-т. 203 б. ). Әрине, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың 
басындағы қазақ философиясының биігі Абай шығармашылығынан көрініс 
тапты. Ол туралы кейінірек айта кетеміз. 


251 
Біз философиялық ой-пікірлері туралы айтайық деп отырған Ыбырай 
Алтынсарин, қанағат мәселелері туралы көп ой толғады. Ол мөлшерді сезінуді 
сақтамай бақытты болу мүмкін емес деп ойлады, онымен қоймай, ойшыл бақыт 
пен байлық - ынсаптылықта деп санады. Өзіңде барда қанағат қылудың 
қажеттілігі туралы Ыбырай Алтынсарин былай деп жазды: “Сараң адам қанша 
малды болса да, өз байлығына риза болмайды, ал керісінше малы аз болса да, 
өзінде барға қанағат қылған адамның жаны жай тауып, тыныштықта болады” 
(Алтынсарин И. Собр. соч. Т. 1. С.131.). Ы. Алтынсарин сараңдық, өзімшілдік 
және басқа да кемістіктер адам өмірінің мәнін жоғалтады деген пікірде болды.
Қанағат 

адамда қызғаншақтық, сараңдық, нәпсіқұмарлық, ысырапшылдық 
тәрізді жағымсыз әдеттердің дамуына қарсы тұру қажеттілігінен туған 
моральдық құбылыс екенін айта кету жөн. Қанағат – тек қана адамның 
материалдық тірліктерді пайдалануда өзіне-өзі шек қоя білуі емес, сондай-ақ 
құмарлық әсерінен туған әр түрлі жамандықтардан сақтаушы рухани күш. 
Сабырлық, 
ұстамдылық 
адамды 
еңбек 
сүйгіштікке, 
мейірімділікке, 
жомарттыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Бір қызығы, қанағат адамға шек 
қоя отырып, оны еркін етеді.
Ы. Алтынсарин өзі философ әрі педагог ретінде бағалаған Я.А. 
Коменскийдің еңбектерін мұғалімдер үшін өте пайдалы материал деп есептеді. 
XVІІ ғасырдың көрнекті чех педагог-философының “Ұлы дидактикасымен” 
қазақ ойшылы таныс болды. Я.А. Коменскийдің идеяларымен Ы. 
Алтынсариннің оқушыларға “заттарға дұрыс көзқараспен қарау”, “табиғаттан” 
үйрену, “кітаптағыдай түсінумен” шектелмеу, “ғылым мен өнер” үлгілері мен 
тәжірибеге сүйену сияқты талаптары сәйкес келіп жататынын баса айтқан жөн.
Көне грек ойшылдарының философиялық ойларынан бастау алатын, тек 
қана ізгіліктік туралы біліммен шектелмейтін, сонымен қатар қоғам үшін 
практика жүзіндегі ізгілікті адам болу 

Я.А. Коменский ілімінің талаптары. 
“Ұлы дидактикасында” Я.А. Коменский өзі философия саласының үлкен беделі 
деп санайтын, Аристотельге көп сүйенеді. Аристотельдің тәрбие жөніндегі 
негізгі ұстанымдары мен әдістеріне чех ойшылы бас иді. 
Я.А. Коменский сияқты қазақ ойшылы да кісілермен тікелей қарым-қатынас 
жасау арқылы ғана адам тұрмыстық және адамгершілік тәжірибе жинайды деп 
есептеді. Ы. Алтынсарин Я.А. Коменскийдің адал еңбегіммен күн көріп жүрмін 
деп айта алатын адамдар ғана шын бақытты дейтін философиялық 
ұстанымдарына сүйенуге кеңес береді. 
К.Д. Ушинский де жеке бастың қалыпты өнегелілік дамуына еңбектің 
ықпалы зор екенін айтқаны белгілі. “Еңбектің психологиялық және тәрбиелік 
мәні” деген мақаласында орыстың белгілі педагог-философы “адам денесі, 
жүрегі, ақыл-ойы еңбекті талап етеді және бұл талаптың күштілігі сондай, егер 
адамның қандай да бір себептермен жұмысы болмай қалса онда ол сара жолын 
жоғалтады, оның алдында екеуі де жамандыққа әкеп соғатын екі жол тұрады: 
бірі - өмірге еш уақытта риза болмаушылық, бейқам енжарлық пен түпсіз сары 
уайым жолы, екіншісі – балаларша шолжаңдау немесе жануарларша рахаттану 
сезіміне дейін құлдырауға түсіретін өз еркімен, байқаусыз, өзін-өзі құрту жолы” 
(Ушинский К.Д. Избр. педагог. соч. Москва, 1953. Т. 1. С 308.) деген. 


252 
Адам өміріндегі еңбектің рөлін терең түсіну, оған адам жанын 
жамандықтан, жалқаулықтан, әрекетсіздіктен қорғаушы деп қарау, еңбек 
адамның табиғи қажеттілігі деген пікірдің болуы Ы. Алтынсарин 
шығармаларына тән сипат. “Атымтай жомарт” деген әңгімесінде ойшыл 
адамның өнегелілік өміріндегі еңбектің мәні мен мағынасын сипаттайды, ал 
“Өрмекші, құмырсқа һәм қарлығаш” деген әңгімесінде қарапайым мысал 
арқылы тіршілік ету мен артына ұрпақ қалдыру үшін еңбектің табиғи 
қажеттілігін көрсетеді. Ы. Алтынсарин адам еңбек етуге және соңына ұрпақ 
қалдыруға тиіс деп біледі. Қазақ ойшылы өмірдің қызығы еңбекте, еңбектің 
арқасында ғана адам өзінің армандаған мақсатына жете алады деген байлам 
жасайды. 
Оның ойынша, адал еңбек пен қанағатшылдық – адам бақытының негізі. 
Еңбек, ізгілікке ұмтылу, адамгершілік адамға лайықты өмірді қамтамасыз 
ететінін Ы. Алтынсарин “Таза бұлақ” деген әңгімесіндегі мысал арқылы 
дәлелдейді. 
Қазақ ойшылы ізгілік деп халыққа пайда әкелетін іс-әрекеттерді санады. 
Оның көзқарасы бойынша, ізгілік жасау әр адамның адамгершілік парызы. Ы. 
Алтынсарин экономиканың дамуы, ақыл-ой прогресі өнегеліліктен ажырамау 
керек екенін пайымдайды. Дәстүрдің сақталуы, қазақтар бұрыннан тұрып 
жатқан жерді тартып алуға қарсы тұру, халықтың “өнегелілік саулығын сақтау 
қажеттілігі” – Ы. Алтынсариннің халықтың болашағы туралы ой-
толғауларының басым бөлігі.
Ыбырай Алтынсарин “қырғыздардың жас ұрпағы орыс тілі мен сауатына 
мәдениет пен білімінің жалғыз тілі ретінде қарайтын және оған құмарланып 
орыс дәстүрінде дами алатын” (Алтынсарин И. Собр. соч. в 3-х томах. Т. II. А., 
1976. 238-239 бб.) уақыт туралы шын жүректен армандады. Осы арманды іске 
асыру үшін Ы.Алтынсарин маңызды тәжірибелік нақты қадамдар да жасаған 
болатын. Отаршылық биліктің кедергілері мен жергілікті ескішілдіктің 
сарқыншақтары мен соқыр сенімдерін жеңе отырып, ол белсенді әрекеттер 
жасап, қазақ даласында қазақ балалары үшін бірнеше мектептердің негізін 
қалады. Оның табандылығы мен жігерлілігінің арқасында мектептерде балалар 
өз ана тілінде түрлі пәндерді өтумен бірге, орысша сауатын да ашты.
* * * * * * 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет