Қазақ КҮресі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы ш ымкент 2019ж (075. 8) Ббк 75. 715 я7


І-ТАРАУ. Қазақша күрестің даму тарихы және күрестің теориялық негізі



бет2/27
Дата03.04.2024
өлшемі0.59 Mb.
#497535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Қазақ күресі

І-ТАРАУ. Қазақша күрестің даму тарихы және күрестің теориялық негізі.


1.1. Қазақша күрестің даму тарихы.

Қазақ халқының өте ертеден қалыптасқан спорт ойындарының бірі – қазақша күрес. Қазақша күрес көшпелі халықтың тіршілігімен бірге жасасып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Қазақша күресттің басқа халықтардың ұлттық күресімен салыстырғанда өзіндік бір ерекшелігі бар. Қазақша күрес негізінен әдет –ғұрыпқа байланысты және еңбек процестерін дәріптейтін жиын –тойларда өткізіледі. Кезінде қазақша күрес «күш атасын танымайды» деген ұранмен, еш салмақ дәрежесінсіз –ақ, үлкен –кішіге қарамай, тіпті баласы мен әкесі де күресетін болған. Онымен қоса белгілі бір жүиеленген белдесу ережесі де болмаған. Осылайша күш аталары өздерін қарсыласы мен халықының алдында паш етебілген. Мұндай күш аталары халық тарихында, ауыз әдебиетінде жырға қосылған. Әсіресе, тарихтағы халық батырларымен қоса ел арасында аты әйгілі – Қажымұқан, Балуан Шолақ, Битабар секілді алыптар да бар. Белдесуге шыққан палуандарды бір қолды астынан – бір қолды үстінен алып белдестіретін. Бұл белдесуді қазақтар «қоянқолтық» ұстасу деп атайды. Белдесу барысында қолды белбеуден босатуға болмайды.


Қазақша күресте қолданылатын айла – тәсілдердің негізгі түрлері;
-иықтан асыра лақтыру әдісі;
-қарсыласын жамбасқа салып жығу;
-іштен шалып жығу;
-сырттан шалып жығу;
Егер де қарсыластың біреуі әдіс қолданып, екіншісі қарымта жасап бірде құлап түссе, онда «итжығыс» деп, төреші оларды орындарынан тұрғызып қайтадан белдестіреді. Белдесу барысында тең түсу, я ұпай санымен ұту деген болмаған. Белдесудің уақыты шектелмегендіктен міндетті түрде қарсыластың біреуі жеңіске жетеді. «Қазақша күрес» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. 1950 жылы үш түрлі – 66 кг (жеңіл), 82 кг (орта) және 82 кг (ауырсалмақ) дәрежесі бойынша жарыстар өткізіліп тұрды. Жарыс уақыты белгіленді. Әр белдесуге 10 минут уақыт бөлінді. Белдесудің саны шектелді. Бір күнде төрт реттен артық белдесу өткізуге болмайды. Әр белдесуден кейін ең аз дегенде 20 минут дем алуға уақыт беріледі, болмаса одан да көп уақыт берілуі мүмкін. Кілем үстінде белдесудің дұрыс өтуін бақылайтын төреші жүреді. Кілем үстіндегі төреші палуандарды «қоянқолтық» ұстастырғаннан кейін күресті бастауға ысқырық арқылы рұқсат береді. Белдесу барысында ұпай саны емес, таза жеңіс қана есепке алынады. Демек, қарсыластардың біреуінің жауырыны жерге тигенде ғана белдесу тоқтатылады. Белдесу тең айақталмайды. Ондай болған жағдайда 10 минут аралығында қолданған айла –тәсілдер ғана ескеріледі. Белдесу кезінде қарсыласының қарқынынан қорыққан палуан тең түскісі келсе, тізерлеп отыра қалса болғаны, оған айла –тәсіл қолданып одан ары оны жауырынына жатқызуға болмайды. Және сегіз (52, 57, 62, 70, 78, 87, 97 ) одан жоғары салмақ дәрежесіне сәйкестелген. 1971 жылдан бері қарай «Қазақ ССР спорт шебері» деген спорттық жоғары атақ белгіленді. Жарысқа қатысушы палуандар міндетті түрде дәрігерлік комисиядан өтеді және жарыс кезінде дәрігерлік бақылауда болады.
Қазақша күрес біздің барлық палуандарымыздың айла –тәсілдерін жетілдіре түсетін нағыз бұқаралық спорттың бір түрі. Жарыс белгіленгінер ереже бойынша өткізіледі. Командалар салмақ дәрежесі бойынша өзара кездеседі де, ұтылған команда жарыстан шығады. Осылайша, жарыс қорытындысы командалық есеп бойынша шығарылады.
Еліміз егемендік алып, ел еңсесін көтере бастаған тұста, күрестің қыр-сырын білетін Серік Түкеев, Бауыржан Жаналин, Марат Жақитов, Диханбай Биткөзов, Бақытжан Жаңбырбаев секілді ағаларымыз осы ұлттық спорт түрін жаңа биік деңгейге шығуына зор үлестерін қосты. Өзімдің төлтума спортымызды тар шеңбер мен шекарадан асырып, әлемдік деңгейде шарықтатуға тәуекел жасап, бел будық.
Бұл жолда, ең алдымен, оны сырттан таңылған, кірме ұғымдардан аршып алу қажет еді. Ол кезде Кеңес тұсынан қазақ күресінде «бір балл, екі балл» деген сияқты орысша бағалау терминдері, сосын еркін күрестен алына салынған айла-тәсіл атаулары араласып жүрген, олардан арылу керек болды. Содан төрешілік бұйрықтарды, әдіс-айла атауларын, күрес тәсілдерін қайтадан қазақшаланды. Мәселен, «бір балл, екі балл» дегеннің орнына қазақи қалыппен «жамбас», «бүк» сияқты баға айту керектігін белгіледік. Анау жапондар мысалға, өз күрестерінде – дзюдода «иппон», «кока», «юка» деп бекіткен, орысың да, ағылшының да әрқайсысы өз тіліне тартпай, тілін бұрап, осылай жапонша атайды. Бізде де солай болуға тиіс. Мысалға, жапондар «хаджиме!» дейді, қазақша күресте біз «баста!» дедік. Сосын оларда– «иппон», ал бізде – «таза жеңіс». Оның сыртында, біз «тоқта!», «жартылай жеңіс» сияқты көптеген бұйрықтарды бекіттік. Қиын ештеңесі жоқ, қазір мұны бәрі үйреніп алды. Бірінші қазақша күрестен әлем чемпионатында барлық шетелдіктер осылай қазақша сөйледі.
Бұл жерде тағы бір мәселе болды: бұған дейін балуандардың кілемге шығатын киім үлгісінде де бей-берекетсіздік жайлағаны жасырын емес. Бір кезде балуандар мен төрешілер қазақтың шапанын киіп шығып та жүрді. Бұл – өте ыңғайсыз әрі өте ебедейсіз болатын, әрі салтанатқа киілетін қазақ шапанын додаға салу, демек, қорлау келіспейтін іс еді. Бірақ соған қарамастан, бәрі бір-екі жыл сөйтіп жүрді. Алайда бұл кейіппен әлемдік аренаға шығу өзіңді өзің мазақ қылумен тең еді. Сол себепті өркениетті әлемнің талабына жақындатып, жаңа киім үлгісін бекітілді.
Дүниежүзілік деңгейге көтерілудің ең бір биік шыңы – Олимпиялық ойындар қатарына қосылу болып табылады. Дәл қазір күрестің үш түрі – еркін күрес, грек-рим күресі және дзюдо сол қатарға жатады екен.
Қазақ күресі әлгі үшеуінің қай-қайсының да «қабырғасын» қақырата сөгуге қауқарлы. Бұл әлгілердің ешқайсысына ұқсамайтын ерекше күрес қой. Мұнда партер деген атымен жоқ. Қазақша күрестің ең бір жақсы жері – мұнда тік тұрып күресесің. Бір балуанды төрттағамға жүрелетіп, екіншісінің оның артынан жабысуы деген жоқ. Нағыз еркекше күрес, ерлер күресі! Сосын мұнда «жатқанды төмпештеме» деген адамгершілікті, әділетті қағида жүреді. Лақтырдың ба, тұруы керек. Ар жағында оны басып-жаншу қажет емес. Тек «мықты болсаң, құлама» дейді. Құладың ба, бітті.
Анау жапондар келгенде, солар да қатты таңғалды. «Сендердің күрестеріңде мықты балуандарды еш төреші аман алып қала алмайды екен» дейді. Мықты балуан бабы келіспесе, мұнда аяғы аспаннан келуі мүмкін, ал басқа күрестердің барлығында мықтылар 1-2 балл алып қойып, қашып жүреді. Бізде ондайға жол жоқ. Сосын бізде төреші шешпес үшін теңбе-тең болғанда, белдесу қолданылады. Екі балуан бір-бірін күресіп ала алмаса, белдесуге жіберіледі. Белі күшті балуан жеңеді. Қазақ күресінің соңғы ережесіне байланысты жеті салмақ дәрежесінде (54, 60, 66, 74, 82, 90,+90 және қосымша түйе палуандық белдесулер) жарыстар ұйымдастырылуда. Қазақ күресін әлемдік аренада ойып алар орыны бар, оған себеп кәзіргі таңда «Қазақ күресінен» үш әлем чемпионатын, бір Еуропа чемпионатын және үш Азия чемпионаты өткізіліп қажырлы еңбек жасалуда. Ел еңсесі көтеріліп қазақ күресін жанына серік еткендер саны көбейгені қуантарлық жағдай. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда «Қазақша күрес» күресі бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті — Төкеев Серік Адамұлы. 2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақша күрес» күресі бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне «Қазақша күрес» күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқалары бар. Биылғы жылдың шілдесінде Монғолияда «Қазақша күрес» күресі бойынша ІІ Азия Чемпионаты өтті. 2011 жылы тамызда қазақша күрестен Қазақстан біріншілігі болып өтті. Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады. Күресетін палуандар жаңадан енгізілген ереже бойынша жасына қарай 3 топқа, салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес мерзімі ересектер үшін 10 минут, жас өспірімдер үшін 5 минут. Кейде жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигізу шарт емес. Бұл күрестің басты шарты — күшін, әдісін асырып, талассыз жығу. Кейде жыққан адам жығылған адамның басынан аттап «күш алу» деген байырғы жеңіс белгісі жасалады. Қазақша күрес аудандың, облыстық, республикалық спартакиадалардың программаларына кіргізілген, спорттық командалары бар ресми түрде жұрт таныған өнер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет