Қазақ КҮресі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы ш ымкент 2019ж (075. 8) Ббк 75. 715 я7



бет8/27
Дата03.04.2024
өлшемі0.59 Mb.
#497535
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Қазақ күресі

2.4. Кездесудегі тактикалық жоспарлар.

Айқасқанда жақсы нәтиже көрсету үшін палуан алдын-ала (күрес басталмай тұрғанда) кездесу кезінде қалай әрекет ететінін жоспарлап алуы қажет. Мұндай тактикалық жоспарда күресті жүргізу тактикасының негізгі сәттері болуы тиіс.


Күресті жүргізудің тактикалың жоспарында мыналар міндетті түрде көзделеді: айқасудың мақсаты, оған жетудің жолдары мен әдістері, шешуші техникалык әрекет жасайтын жері, тактикалық дайындық әдістері және айқасқа күшті бөлу жекпе-жектің жеке сәттеріндегі күрес қарқыны. Қажет болған жағдайда палуан қалай тұрып күресетінін, сондай-ақ қандай ара қашықтықта болатынын белгілейді. Айқастың сәтті аяқталуы көбінесе тактиканың дұрыс белгіленуіне байланысты. Тактикалық жоспарды жасаған уақытта күрестің ең мүмкін болатын нұсқаларын болжап, ол кезде өзінің не істейтінін ойластырып қоюы тиіс. Палуанның, күрес кезінде алға қоятын міндеттері, оған жету жоллдары мен әдістері өзінің мүмкіндікте міндетті түрде сай келуі керек.
Белгісіз қарсыласымен белдесу жоспары күреске түсер алдында асалады да күресушінің өзінің мүмкіндіктеріне (техникалық, тактикалық, физикалық, ерік күшінің даярлығы) қарай құрылады, сондай-ақ жарыста орын алған нақты жағдайлар да ескеріледі.
Белгісіз қарсыласпен айқасудың алдын ала жасалған жоспары шындыққа сай бола бермейді. Сондықтан басты міндеттердің бірі айқас кезінде тікелей барлау жолымен езінің жақсы көретін әдістерін қолданудың ең қолайлы сәтін іздеу.
Таныс қарсыласпен кездесуге дайындалу үстінде палуан күресті жүргізудің бірсыпыра дәл келетін жоспарын алдын-ала жасап, оны орындап шығу үшін жаттығу жүргізе алады. Мүның алдындағы жағдайдағыдай палуан кілемге шығуға аз қалғанда өзін кездесуге дайындайды, сөйтіп бұл кезде ол жоспарының негізгі сәттерін ой елегінен өткізеді.
Белгілі қарсыласпен күресудің такти-калық жоспарын жасағанда өзінің физикалық деректерін қарсыластың ерекшеліктерімен (оның физикалық, техникалық, тактикалық және психологиялық даярлығымен) дұрыс салыстырудың маңызы бар. Оның тактикалық жоспарын ойлап табу керек, содан соң өзінің күшті жақтарына сүйене отырып, қарсыласынан басым түсуге тырысу қажет. Осы мақсатпен палуан өзіне қолайлы жағдай туғызуы керек және ол жағдайда қарсыласы сеніммен қимылдай алмайтын болғаны жөн.
Тактикалық жоспар жасаған кезде ескерілуі тиіс факторлар.
Белдесудің мақсатын анықтау, бүл үшін өзінің де, қарсыласының да мүмкіндіктерін ескеру қажет.
Мысалы, өзінен гөрі әлсіздеу қарсыласымен күреске түскенде палуан алдына таза жеңіске жету міндетін қояды, ал күшті қарсыласпен күрескенде ұпай саны бойынша жеңіске жету мақсатымен шектеледі. Нақты белдесудің мақсаты жарыстың барысындағы жағдай, атап айтқанда, палуанның (команданың) жағдайымен оның негізгі бәсекелестерінің турнир кестесіндегі жағдайы ескерілмей анықталмауы тиіс. Бұл жағдайлар палуанның тек қана таза жеңіске жетуін немесе басымдықпен жеңуін қажет ете бермейді, кейде ол ұпаймен жеңсе де жетіп жатыр.
Өзінің жағдайын ескеріп, палуан өзі алға қойған мақсатына сай келетін және осы қарсыласымен күрескенде жеңіске жеткізетін техникалық әдістерді таңдап алады.
Әр түрлі әдістерді таңдап алуға және оларды тактикалық жағынан даярлауға қарсыласының қорғанысының күшті және әлсіз жақтары ғана емес, сондай-ақ оны орындау ерекшеліктері де әсер етеді. Қарсыласының қорғану реакциясын білетін болса, палуан соған сай келетін амалдар варианты мен комбинацияларды жоспарлап, амалдар құрамында кейбір өзгерістер болуын көздеп, жеңіске жеткізетін қарсы әдістер мен қорғану тәсілдерін таңдап ала алады.
Техникалық және тактикалық әрекеттерді және олардың нұсқаларын таңдап алуға палуанның және оның қарсыласының дайындығы да ықпалын тигізеді.
Қандай болмасын бір қасиеті жағынан қарсыласынан асып түсетін палуан өзінің, осы артықшылығын көрсете алатын техникалық әрекеттерді орындауға ұмтылуы тиіс.
Жарыстың кәзір қолданылып жүрген ережелеріне орай айқастағы орны мен қолданатын әрекетін жоспарлағанда артық балды бірінші алған спортшының қолайлы жағдайда болатындығын есте ұстау қажет.
Осыған байланысты белдесудін, жалпы бағытын күрестің алғашқы кезеңінде жеңіске жететіндей етіп немесе ұпай бойынша басым түсетіндей етіп құру қажет.
Әлсіз немесе ұзақ уақыт шаршамайтын қарсыласымен күрескенде кездесудің басында батыл шабуылға шығуды жоспарлау керек. Әп дегеннен батыл қимылдап, тізгін алып, шабуылдау және қарсы шабуылдау әдісін өзінің баяу қимылдайты қарсыласынан алға озуды көздеу спортшыға да қолдану қажет. Өйткені белдесудің бас кезінде әлі күш жұмсамай тұрғанда ғана тез қимылд, болады.
Егер палуан ұзақ уақыт шаршама артықшылығын пайдаланғысы кел болса, ол алдымен жалған шабуыл арқылы қарсыласын әбден қалжырату керек те, содан соң батыл қимылға көшуі тиіс.
Батыл қимылдау палуанның және қарсыласының психикалық ерекшелікіне де байланысты. Белдесудің барысы олардың мінез-құлқы едәуір өзгер ұшырайды. Бірқтар спортшылар бір артық балл алған сон, психология ерекшеліктеріне байланысты батыль болып, үрдіс қимылға көшеді. Ал қарсыласы алға шығуы-ақ мұң екен, мұндай спортшылар өзінің жақсы қасиеттерінен айрылып қалады. Мұндай қарсы пен жарысқа түскен жағдайда палуан белдесудің басында ең болмағанда бір артық ұпай алу үшін барлық қабілетін салуы қажет.
Белдесудің қарқынын анықтау жақсы дайындалған палуан тез шаршайтын, бірақ одан күші де, техникасы артық спортшымен кездескенде ғана жоғары қарқынмен күресемін деп жоспарлауы тиіс. Әдетте кездесудің жоғары карқыны қарсыласынан моральдық жағынан басым түсу, сөйтіп оны жасыту сатымен ұйымдастырылады.
Күшті және ұзақ уақыт шаршамай бірак, тез өзгеретін жағдайда жол та шыға бермейтін қарсыласымен күрес де де палуан айқасты жоғары қарсы өткізуді көздеуі тиіс. Бәсеке кезінде дайындайдың қайта-қайта шапшаң өзгеріп қарсыласынан ұзаққа төзімділікті емес, көзді ашып-жұмғандай уақыт амал табуды да қажет етеді.
Ұзаққа шыдайтын палуанмен күн кенде күшін сарқып алмай есеппен жұмсау керек. Қарсыласының әрекет тоқырататын әдіс қолданып, маневр жасап, сөйтіп қарсыпасының күресті жоғары қарқынмен жүргізуіне мүмкіндік бермеу қажет. Мұндай белдесу кезінде шамадан тыс күш алмай өзін еркін ұстаудың маңызы зор. Бұл күшін артқа сақтауға ықпал етеді сонымен қатар палуанның самарқау болмауына және бүкіл белдесу бойы әрбір мүмкіндікті шабуылдауға пайдаланып алуға әзір жүруге көмектеседі.
Арақашықтықты анықтағанда да қандайй арақашықтық палуанның ойға алған техникалық әрекеттерін орындауға мүмкіндін беретіндігін, ал қарсыласының ондай әрекеттерді орындауына қиындық келтіретіндігін ескеру қажет. Егер палуан қарсыласы өзінің жақсы көретін тәсілдерін қай жағынан жақсы орындай алатынын және қалай тұру оған ыңғайсыз екендігін ілетін болса, онда ол өзі қорғама алатындай, сондай-ақ қарсы тәсілдерді орындай алатындай болып тұра алады.
Қарсыласының тактикалық ойын ескеру. Жеңіске жетудің сенімді әрі тиімді жолын таңдап алу үшін палуан қарсыласының тактикалық ойын біліп алуы, сөйтіп оны ескеріп, оның әрекетінің алдын алуы тиіс. Сонда ғана ол қарсыласынан тактикалық жағынан басым түседі. Палуан сөйлеп қарсыласының көздеген әрекеттерін орындатпауға, қарсы шаралар қолдануға, онымен қатар өзінің тактикасын орындауға, яғни қарсыласына күтпеген жерден кіл қолданып, жеңіске жетуіне тырысады.
Егер палуан өзін ойша қарсыласының онына қойып, сол құсап тактикалық ойға беріле алатын болса ғана, оның ойға алғанын біліп оның істеуі мүмкін әрекеттерін шамалап, өзінің жоспарында оған қарсы шаралар орындауды көздей алады. Ол үшін өзінің қарсыласы жөнінде білетіндеріне сүйеніп, жарыстын, жағдайын және өз мүмкіндіктерін ескеруі қажет.
Айқастардың алдында өзінің айқас кезінде жасайтын әрекеттерін және жүріс-тұрысын жоспарлап алудың қаншалықты маңызы болатындығын белді спортшылардың тәжірибесі көрсетіп берді. Егер жоспар жан-жақты ойланып жасалса, ол және нақты мүмкіндіктерге негізделген болса, өзімен тең түсетін спортшыны ғана жеңіп қоймай, техникасы және жан-жақты дайындығы жағынан басым қарсыласын да жеңуді қамтамасыз етеді.
Ең дәл жасалды деген жоспарды да жүзеге асыра білу қажет. Жекпе-жекке түскен кезде күні бұрын белгіленген тәсілдерді қолдануды қиындататын сәттер жиі болады. Өзіне сенімі аз, әлсіз не тәжірибесіз палуан мүндай жағдайларда көбінесе белгіленген жоспарынан бас тартып, қалай болса солай әрекет етеді де, соның салдарынан қарсыласының еркіне көніп, кей жағдайда жеңісті қолдан береді. Тактикалық жоспарды жүзеге асыру дегеніміз — қарсыласьін өз еркіне көндіру. Сондықтан барлық ерік күшін, табандылығын палуан жарыс кезіндегі қиындықты жеңуге жұмсап, ілгері ұмтылып, қарсыласын өзінің тактикасын орындауға еріксіз көндіруі тиіс. Бұл үшін ең алдымен көзделген техникалық және тактикалық әрекеттерді аса жетік меңгеру қажет. Күрес кезінде ақылмен қауіпті қимылға да барып, белсенді әрекет ету де керек. Әйтпесе қарсыласынан басым түсетін көптеген қолайлы сәттерден айырылып қалып, сөйтіп белгіленген жоспардың орындалмай қалуы мүмкін.
Белдесу кезеңінің арасындағы үзілісте палуан өзінің әрекеттерін талдаудан өткізуге, сөйтіп жағдайды сын көзімен қарап бағалауға және қажет болған жағдайда күрестің келесі кезеңіндегі айқас тактикасына түзетулер енгізуге мүмкіндік алады. Бұл жағдайда палуанға жекпе-жекті қарап отырған жаттықтырушы немесе командадағы одан гөрі тәжірибесі молырақ жолдасы көмек көрсете алатын болса тіпті жақсы. Бірақ олардың нұсқаулары мен кеңестері әрі қысқа, әрі әбден түсінікті болуы тиіс.
Бәсекеге түскен екі спортшы да алдарына жеңіске жету міндетін қояды. Сондықтан бәсекеге түскен кезде олардың біреуінің жағдайы екіншісінен жақсырақ болып шығатыны табиғи нәрсе. Белдесудің бір кезеңінде жеңіске жететіндей артықшылық алғаннан кейін жекпе-жектің тағдыры шешілді деп есептеп, арқаны кеңге салуға мүлде болмайды. Төрешінің финалдық ысқырығына дейін палуан жинақы, ықтиятты, абай болуға, қандай болса да күтпеген жағдайға әзір түруға тиіс. Жеңілетін жағдайда қалған қарсыласы әр уақытта күшін жинап, шабуылға шығу үшін сәл мүмкіндіктін, өзін пайдаланып кетуге әзір жүретінін есте сақтап, палуан қапы қалмау үшін ерекше сақ болуы керек. Сонымен қатар оған инициатива алу-ға да мүмкіндік беруге болмайды. Осы мақсатпен палуан маневр жасайды, ұстау әдісін және айқас қарқынын өзгертеді, қарсыласын тұқырта ұстап, оның күш жинап, әдіс қолдануына дайындалуына мүмкіндік бермейді. Бәсекелесінің инициатива алып кетуіне, сондай-ақ жалған шабуылдар да кедергі жасайды. Оны шын шабуыл ретінде көрсете жүріп, палуан қарсыласын қорғануға көшуге мәжбүр ете алады.
Есе қайтаруға тырысып баққан палуан мен күрес кезінде сондай-ақ оның белсенділігін де, қауіпті шабуылға шығуға әрекеттенуін де пайдалану керек. Сөйтіп бүрынғы ұпай бойынша артықшылығы нығайта түсіп, таза жеңіске жетуге болады. Егер палуан айқаста жеңіліп жатқан болса, ол жағдайын өзгерту үшін ең соңғы секундқа дейін барын салып күресуге тиіс. Қиын жағдайдағы ең басты қасиет - рухын пәс етпеу, ұнжырғасы түспеу. Оның керісінше төзімділік көрсетіп, еркі мен көңілін ұтылмау жағына, сөйтіп жағдайын жақсартуға бөлуі тиіс. Асығыстықтың, күйгелектіктің, жүйкеге ерік берудің айтың барысын нашарлата бергеннен басқа пайдасы жоқ. Оның орнына салқынқандылықпен қарсыласының қалайша басқа түскендігін (қалай тұрғанын, жағдайын қалай екенін, бұдан былай оған мұндай қолайлы жағдай туғызбау үшін қандай техникалық және тактикалық әрекет жасауы керектігін) саралап, айқан пайдасына шешуге тырысуы тиіс.
Жеңіліп бара жатқан жағдайда белсендірек қимылдауы керек те, сөйтіп,шабуылға шығып, инициативаны өз қолына алуы шарт. Ақылмен қауіпті қимылдар жасап барып, өзінің жақсы білетін техникалық әдістерін қолдану үшін қарсыласының қорғанудағы осал жерлерін пайдаланғаны жөн.
Егер қарсыласы қорғанысқа көшкен болса, оны белсенді қимылдауға мәжбүр ететін амалдар қолданған орынды.
Бәсеке палуанның пайдасына шешілмейтін болған қиын сәттерде барлық күшін де, барлық шеберлігін де өзін жеңіске жеткізетін тәсілдерді орындауға жұмсағаны жөн.
Жарыстарға қатысу тактикасы. Жарыстардағы тактика ең жақсы нәтижеге жету үшін палуаннын, (команданың) барлық мүмкіндіктерін шебер пайдалануға саяды.
Жарыс қарсаңында әрбір кездесудің мақсатын, жан-жақты дайындықты, күрестің техникалық және тактикалық құралдарын барынша тиімді пайдалану жолдарын анықтайды. Сонымен қатар сол жарыстың ерекшеліктерін (масштабын, сипатын, өткізу жағдайын) және нақты жағдайды ескереді.
Тіпті сипаты жағынан бірдей жарыстардың өзінде де палуанның тактикасы түрлі болады, өйткені ол түрліше жағдайға қарай жасалады. Сонымен бірге палуанның тактикалық әрекеттерінде бірдей жағдайлар да болады.
Турнир басталғанға дейін палуан жаттықтырушымен бірге айқастардағы мақсаты мен жарыстардағы міндеттерін анықтап алады. Салмағын өлшеп, жеребе тартып болғаннаи кейін спортшы жарысқа қатысушылардын, саны және турнир таблицасында кімнің нөмірі қандай екені жайында мағлұматтар алады. Алты ай ұпай алғаннан кейін шығып қалатын ұйымдастырылған жарыстарда бұл мағлұматтар турнирде белгілі бір орың үшін палуанның шамамен неше айналымнан өтуі екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол алғашқы екі жекпе-жекте кіммен кездесетінін, бір-екі айқаста өзінің қарсыласы кім болатынын біле алады.
Палуанның жарыста алға қойған мақсаты әрбір жеке айқастарда көрініс табылуы тиіс. Сондықтан алдын-ала жасалған жоспарында, жарысқа қатысудың тұтас мүддесіне орай, ол қандай айқасты таза жеңіспен немесе артыкшылықпен аяқтайтынын белгілейді немесе ұпаймеи жеңу міндетін алдына қояды.
Әрбір салмақ категориясындағы жарысқа қатысушы спортшылар саны көп (шамамен 25 адам және одан да артық) жарыстарда палуанға финалға шығу үшін (алты айып ұпай алғаннан кейін турнирден шығып қалатын жағдайда) әдетте, кілемге ең кемі алты рет шығуға тура келеді. Мұндай жағдайда қарсыластарына техника жағынан едәуір басым түсуге болады, бірақ белдесулерде тек қана ұпай бойынша жеңіске жетсе, бірінші орын ала алмай қалады. Сондықтан палуан ең кемі бір белдесуде басым түсіп, таза жеңіске жету үшін барлық мүмкіндігін пайдалануы тиіс. Егер палуан алдағы жекпе-жекке дейін бір немесе бірнеше кездесу өткізіп, айып ұпай алып қалған болса, енді осы белдесуде жарысты әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік беретін нәтижеге жетуді жоспарлауы тиіс. Мысалы, 4 айып ұпайы болса (алты ұтылыс ұпайын алғаннан кейін шығып қалатын жарыстарда), палуан бұл жолы ең кемі ұпай санымен жеңіске жетем деп жоспарламаса болмайды. Бес айып ұпайы болса, палуан тек қана таза жеңіске жетуге ұмтылады. Бірақ бұл екі жағдайда да ерекшелік болуы мүмкін. Мысалы, егер бәсеке финалға шығу үшін немесе турнир кестесіндегі жақсы орын үшін өткізілетін болса, палуанды жоғарыда айтылғандағыдан төмен нәтиже де қанағаттандыра алады.
Өзінің бәсекелестері кездесу өткізгеннен кейін кілемге шығатын палуанға алдағы жекпе-жектің мақсатын анықтау оңайға түседі. Мұндай артықшылықтың финалға шығу алдындағы үлкен бәсеке үстіндегі, сондай-ақ тікелей финал кезіндегі пайдасы мол.
Турнир кезінде үлкен салмақ түсетінін ескеріп, палуан басы артың күш жұмсаудан, сондай-ақ жүйкесін шаршатудан аулақ болғаны жөн. Бұл үшін әрбір айкас кезінде күшін дұрыс жұмсаудын, жарыс кезінде палуанның өзін-өзі ұстауының және жұмсаған энергиясын қалпына келтірудің ролі зор. Егер палуан жарыс кезінде өзін-өзі дүрыс ұстамаса, атап айтқанда, режимді сақтамаса, айқас арасындағы үзілістерде демалмаса, оның жақсы нәтижеге жетуі қиын.
Жеке біріншілік және командалық жарыстарда палуан жеңілетін жағдайда болса (оның балл бойынша қандай айырмашылықпен жеңілетінінің маңызы жоқ, тек қана жеңіске жетуі керек болғанда), ол барынша батыл және тайсалмастан шабуылға шығуы, өзіне қауіп төнетін қимылдарды да жасауы, жеңіске жетудің қандай мүмкіндігін болса да пайдалануы тиіс.
Сыр білдірмеу. Сыр білдірмеу дегеніміз палуанның қарсыласынан өзінің шын пиғылын жасыру үшін оның барлау жүргізуіне кедергі келтіріп, сөйтіп өзінің даярлығы жөнінде жаңылыста болуын қамтамасыз ететін тактикалық әрекеті.
Палуан өзінен әлсіздеу қарсыласымен кездескенде (егер ол күшті бәсекелесімен кездесуге дейін өтетін болса) аса қажет болмаса күшті қарсыласын жеңу үшін қолданам деп жүрген техникалық мүмкіндіктерін көрсетпеуі тиіс.
Сондай-ақ, қарсыласының алдында, ол соны пайдаланып кетпеуі үшін, өзінің, қандай күйде екенін білдірмеуі керек. Жағдайдың және айқастағы тактикалық ойдың өзгеруіне байланысты өзінің шаршағанын сездірмей, күші әлі де мол екенін білдіретіндейі сергектік көрсетуі немесе кез келген сәтте шабуылға шығатынын сездірмеу үшін сылбырлық танытып, тез шаршайтын болып көрінуі қажет болады.
Қарсыласына білдірмей сырын жасыру көбінесе палуанның тапқырлығына, байқағыштығына және тәжірибесіне байланысты. Сыр жасырудың бір амалы мен әдісін ұдайы қолдана берсе, оның ойын қарсыласы оңай тауып алады. Сондықтан палуан сыр жасыру өнеріне үлкен мән беріп, оны үнемі жетілдіре бергені дұрыс.
Барлау. Жарысқа жақсы даярланып, табыспен күресудің негізгі шарттарының бірі сол жарыстың ерекшеліктерін, сонымен қатар болашақ қарсыластарының шеберліктерін жақсы білу болып табыла-ды.
Қарсыластары және жарыс жайлы деректерді палуан алдын-ала және тікелей айқас кезінде жүргізетін барлаудың нәтижесінде алады.
Жарыстың ерекшеліктері туралы мәліметтер. Алдағы жарыс туралы ережелермен алдын-ала танысып, палуан оның мақсатын, масштабын, сипатын (турнирлік немесе матчтық), өткізу жағдайын (2 рет жеңілгеннен кейін шығып қалу немесе айналым жүйесі), есеп жүргізу ерекшелігін, жарыс уақытын және өтетін жерін біледі.
Осы деректерді білген соң палуан жарысқа мұқият даярлану жоспарын жасай алады. Мысалы, жарыс масштабы (ерікті спорт қоғамының біріншілігі, қалалық, республикалық, т. с.с. біріншілік өткізу әдісін және оған кімдердің катысуына рұқсат берілетінін білсе, жарысқа қатынасатындардың саны мен сапалы құрамын анықтап, ең қауіпті бәсекелестерінің ішінде кімдер болатынын болжауға болады.
Қарыласы туралы мәліметтер. Осылар қарсылас болады-ау деген спортшылар жайында палуанға неғұрлым көбіре белгілі болса, жарысқа ол соғұрлым жақсырақ дайындала алады. Қарсылас саны жөніндөгі тіпті аз мәліметтің өзі де оның шеберлігі жайлы хабардар болуға мүмкіндік береді.
Қарсыласы жөніндегі мәліметті спортшы күні бұрын және тікелей жасау арқылы алады. Алдын-ала барлау жасау үшін баспасөзді оқиды, спортшымен кілемде кездесіп немесе бақылап, білетін адамдармен әңгімелеседі.
Болашақ қарсыластарының техникасы мен тактикасын алдын-ала зерттеудің маңызды құралдарына оның қатынасқан жарыстары кезінде түсіріп алынған кино және фотоматериалдар жатады.
Кілемнің шетінде күресу тактикасы, Көпшілік жағдайда тактикалық жағынан алғанда белдесуді палуанның қарсыласы кілем шетіне жақын және оған арқасымен тұратындай етіп жүргізген дұрыс болады. Оның себебі мынада. Кілем шетіне арқасын беріп тұрған қарсыласы бірқатар дәрежеде сенімсіздеу болады, оған әдіс-айла қолдану, жалтарып кету қиынырақ соғады. Оны былай қойғанда ондай спортшының тәсіл қолдану әрекеті зая кетуі мүмкін, өйткені спортшының екеуі де кілемнен шығып кетеді.
Сонымен қатар палуанның қарсыласы кілем шетінде тұрса, оның қолайлы орьм алуға, сөйтіп еңкейіп, арқадан асырып лақтырған кезде кілемнен шығып кетпеуге тырысып жұмсаған күшін өз пайдаск на жаратуға мүмкіндік туады.
Қарсыласын кілемнің қолайсыз жеріне тұрғызып, өзі ондай жағдайдан аулақ болуы үшін жақсы жалтарып, тез бұрылып кете алатын болуы керек. Бұл үш тәжірибелі спортшылар жиі қолданатын мынадай әрекетті ұсынуға болады.
Қарсыласынан қашық тұрған күйінде спортшы шеңбер бойымен жылжығанда қысқа адымдап, кілемнің ортасына бара береді, бұл кезде ол қарсыласына қарсы қарайды.
Күрес тактикасын зерттеу және жетілдіре түсу. Палуанның тактикалық жағынан даярлануы техникалық әрекеттері айқастарды жүргізудегі, сондай-ақ жарыстарға қатынасқандағы білімдарлығы шеберлігіне және дағды алуына саяды.
Спортшы күрес тактикасын спорттық жаттығу принципіне сай ұдайы зерттеп, жүйелі және дәйекті түрде жетілдіріп отыруы тиіс.
Тактиканы игеріп, жетілдіру жолында жұмыс істегенде жаттығушылардық сол материалдың мәніне қаншалықты терең бойлағандығының маңызы үлкен. Сондықтан тактикаға үйреткенде жаттығушылардың творчестволық белсенділігі мен инициативасын ұдайы арттыру, өзінің әрекеттерін сын көзбен және бүге-шігесіне дейін талдау, тактикалың тәжірибесін тұжырымдау қабілетін дамыту қажет. Егер палуан тапсырманы ойланбай орындай салатын болса, белсенділік және инициатива көрсетпесе, бұрын жинақтаған тәжірибесін пайдаланбаса, ондай спортшы-дан ештеңе шықпайтындығында сөз жоқ. Мұндай палуан тапқырлық көрсете алмайды, күрделі тактикалық міндеттерді өз бетінше шешуге оның қабілеті жетелейді.
Өзі жоспарлаған әрекеттерінен қандай болса да ауытқыса (ал мұның өзі жарыста жиі болады), спортшы саса бастайды, қиын жағдайдан амал тауып шыға алмайды, сөйтіп жеңіліп қалу қаупіне ұшырайды. Инициативасы мол, творчестволық оймен қимылдайтын палуан тез арада тактикалық тәжірибе жинақтап, оны ұдайы байыта береді.
Егер жаттықтырушы палуанды оның өресі жетеді деген барлық жағдайда да өз бетінше шешім қабылдай алатындай етіп үйретсе, егер оны айқаста және жарыстарда кездесетін қиын жағдайлардан өз бетінше жол тауып шығуға баулыса, қандай спортшының творчестволық белсенділігі артып, шеберлігі шыңдала түседі. Осы мақсатпен спортшының өз бетінше жұмыс істеу формасын (әдебиеттерді оқу, үйде әр түрлі тапсырмаларды орындау) кеңінен қолданған жөн.
Сонымен қатар жаттығуы, жарыстарға қатысқандығы жайлы күнделігіне жазып жүруге үйретіп, дағдыландыру керек.
Егер сабақ кезінде оқулық фильмдер, сондай-ақ жеке жарыстар хроникасы, кинограмма, т. с. с. пайдаланылатын болса, тактиканы игеру және жетілдіре түсу едәуір оңай болады. Сондай-ақ жарыстарға көрермен ретінде қатысу, аса күшті шеберлердің жаттығуын көру де едәуір пайда береді. Осының барлығы палуанға әр түрлі техникалық және тактикалық әрекеттерді тереңірек талдауға, сөйтіп оны бүге-шігесіне дейін білуге, ол жөніндегі өзінің түсінігін кеңейте түсуге мүмкіндік береді.
Тактикалық даярлықтың әр түрлі әдістері мен құралдарын жаттығып жүргендердің жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып пайдаланғанда ғана палуандардың қажетті қабілеттерін дамытуда жетістікке жетуге болады. Жаттықтырушының палуанға қоятын талабы омың мүмкіндіктерімен ұштастырылуы тиіс. Бірдей тапсырманы бір спортшының орындауға күші жетуі, ал екінші спортшы оны орындай алмауы мүмкін. Қандай тапсырма болса да жеткілікті дәрежеде қиын болуы керек, бірақ оны спортшы орындай алатындай болуы тиіс.
Әрекеттерді жеңіл жағдайда орындап жүріп, асығыстық жасап, бірден ауыр жағдайға көшіп кетсе (әсіресе, палуан әлі жеткілікті үйренбеген болса, арі жарысқа түсіп дағдыланбаса), спортшының материалды игеруіне елеулі нұқсан келеді. Сондықтан сабақтарда тактикалық міндеттердің оңайынан бастап бірте-бірте қиындата беру ережесін сақтауға және әр палуанның жеке басының ерекшеліктерін ескеруге көңіл бөлу қажет.
Оқу-жаттығу кезінде алған білімін, шеберлігін және дағдысын жақсы игеріп кетуіне үдайы көңіл аударып отыру керек. Бұл үшін палуан игерген материалды әр түрлі жағдайда сан рет қайталауы тиіс.Сабақтарды уйымдаетыру формасы. Күрес тактикасын палуан практикалық және теориялық сабақтарда оқып үйренеді.
Практикалық сабаңтарға мыналар кіреді: оқу-жаттығу, күрестен жаттығу жане бақылау сабаңтары, таңертең бой жазу, сондай-ақ жарыстарға қатынасу. Бұл сабақтардың әрқайсысының өзінің тактикалық бағыты болуы ықтимал.
Оқу-жаттығу сабақтары ең алдымен күрес тактикасынан жаңадан білім алып, шеберлікке үйреніп, дағдылануға бағытталады. Бұған сондай-ақ, бұдан бұрын игерген тактикалық әрекеттерді жетілдіре түсу, оны орындаудағы кемшіліктерді түзету де жатады. Мұндай сабақ бақылау үшін жұргізілген немесе жарыстарда өткізілген айқастарды практикалық жағынан түгелдей немесе ішінара жалдауға арналуы мүмкін.
Жаттығу сабақтарының негізгі мақсаты — жарыс жағдайына жақын жағдайда палуанның тактикалық шеберлігін жетілдіре түсу. Арнайы жаттығу және айқас арқылы спортшылар өздері жақсы көретін тактикалық амалдарды қайталап, жарысқа тән ар түрлі жағдайда әр түрлі қарсыластармен кездесуде болуы мүмкін күрес тактикасын шыңдай түседі.
Бақылау сабақтары палуанның жарыстарға даярлық дәрежесін аныңтау, оның тактикалық даярлығындағы жақсы жақтары мен кемшіліктерін білу мақсатында өткізіледі. Ондай сабақтар жарыс жағдайына барынша жақындатылған жағдайда өткізілуі тиіс. Сондықтам оны басқа кол-лективтердің палуандарымен бірлесіп өкізген пайдалы.
Жарыстарға қатысуды практикалық сабақтардың аса маңызды түрлерінің бірі деп есептеу қажет. Тек сол жерде, күрделі жауынгерлік жағдайда ғана палуанның оқу-жаттығу, жаттығу сабақтары кезінде күрес тактикасынан алған білімі, шеберлігі, дағдысы одаи ары шыңдала түседі. Масштатбы, сипаты әр түрлі жарыстарға қатыса отырып, палуан тактикалық тәжірибесін толықтырып байытады, сондай-ақ өзінің қарсыластарьгн іс жүэінде біледі,
Сондықтан кейбір жарыстарда палуанның эксперимент жүргізіп, өзіне қолайлы деген тактикасын үйренуін де көздеу қажет.
Ертеңгілік бой жазу да (ертеңгі жаттығу) палуанның тактикалық даярлығу ұшталуына көмектеседі. Бұл үшін мүндай даярлықтың екінші бөлімінде әр түрлі тактикалық амалдарды игеріп, одан әрі жетілдіре түсуге арналған арнайы жаттығулар жасап, оны екінші палуанмен қосыла орындаған дұрыс.
Теориялық сабақтарға мыналар жатады: күрес тактикасы жөніндегі әңгімелер, лекциялар; жарыстар және жаттығулар жайлы көрнекі үгітті (плакаттарды, кинограммаларды, оқулық кинофильмдерді, т.б.), қарап талдау; болашақ қарсыластың шеберлігін талдау, арнайы әдебиетті өз бетінше оқу; негізгі бәсекелестерге спорттық мінездеме жасау жөнінде үйге берілген тапсырмаларды орындау, сондай-ақ белгілі қарсыласпен айқасудың тактикалық жоспарын жасау, т. с. с.
Теориялық сабақтың беретін пайдасы мол. Сол арқылы спортшылар тактикалыц әрекеттердің маңызын терең түсінеді, тактикалық ойлау қабілеті артады.
Теориялық сабақтар мазмұнды әрі қызықты болуы тиіс. Түсіндіріліп жатқан материал практикадан алынған сенімді, әсерлі мысалдармен, сондай-ақ көрнекті үгітпен көрсетіліп отыруы тиіс. Жеке жағдайларды практика жүзінде көрсету де керек. Оны жаттықтырушы немесе сол әдісті жетік білетін палуан орындап бере алады.
Палуанның шеберлігінің арта түсуі және олардың жарыстарда жеңіске жетуі қарсылас болуы мүмкін палуандардың шеберлігін талдауға арналған теориялык сабақтардың, жарыстарды талдауға арналған тағы басқа сабақтардың сапасына байланысты.
Тапсырма беру әдісі дегеніміз палуанның қандай да болмасын тактикалық тапсырманы орындап түруы. Соның арқасын да ол белгілі бір тактикалық әрекеттерді игеріп кету жолында, тек сол мақсатта жатпай-тұрмай жаттығу жасайды. Бұл әдіс жаттығу кезінде де, жарыстарда да қол-данылуы мүмкін.
Оқу-жаттығу процесінде тапсырма беру әдісі жаттығушы палуан үшін де, онымен бірге жаттығушы спортшы үшін де пайдаланылуы мүмкін. Әсіресе, осы жағдай үшін жаттығушы қарсылас табу қиын болған кезде осы әдісті пайдаланған жөн. Сонда жаттығушы қарсыласқа тиісті тапсырма беріп, кемшіліктің орнын толтыруға болады. Мысалы, палуанның айқастың басында шешуші әрекеттер жасап, содан соң қорғанысқа көшетін қарсыласпен күресу үшін керекті тактиканы игеріп, жетілдіруі керек болса, ал мұндай ерекшелігі бар палуан табылмаса, онда жаттығушы қарсыласқа тап осындай тапсырма беріледі.
Тактикалық тапсырмаларды жаттығушы қарсылас қандай тапсырма алғандығы тек бір палуанға немесе барлық палуанға белгілі болған жағдайда да немесе жаттығушы қарсыластың қандай тапсырма алғаны ешбір палуанға белгісіз болған жағдайда да орындай беруге болады.
Тактикалық тапсырманы тек жаттықтырушының өзі беріп отыруы шарт емес. Палуанның өзі де алдына қандай мақсат болса да қойып, оны айқас кезінде орындау үшін жаттыға алады.
Ерекше көңіл бөлгізу амалы дегеніміз тактикалық әрекеттерді орындағанда жаттығушының сол әрекеттің жеке бөлігін атқаруға ерекше көңіл бөлуі. Егер палуан бір мезгілде бір емес бірнеше әрекетті жетілдіретін болса, онда ол оның жеке бөліктеріне емес, қандай да болмасын бір тұтас әрекетке ерекше көңіл аударуы мүмкін.
Тоқтату амалы — жаттығушының орындап жаткан әдісін бақылап тұрған жаттықтырушы шартты белгі (алақан соғу, ысқыру немесе «тоқта» деп дауыстау) арқылы палуанның және онымен жаттығу өткізіп жатқан қарсыласының қимылын тоқтатады. Жаттығушы мен оның қарсыласы белгі берілген кездегі дене қимылын тоқтатқаннан кейін жаттықтырушы осы нақты жағдайды талдап, жіберілген кемшіліктерді көрсетіп, мұндай жағдай жарыс кезінде бола қалса не істеу керектігін түсіндіреді.
Тоқтату әдісі жаттығып жатқан палуанға қатесіне іс жүзінде көз жеткізуге, бұл әрекеттін, тұтас алғанда қалай орындалатындығын анық түсінуге мүмкіндік береді, Бұл методикалық әдіс палуан тактиканы жаттығулар арқылы, жаттығушы қарсыласымен бірге немесе оқу-жаттығу айқастары кезінде үйренгенде қолданылуы мүмкін.
Ұмыттыру әдісі. Бұл әдісті қолданғанда палуанға оның жіберетін қатесін түзеттіру үшін әрекетті әдейі ережедегіден өзгеше орындау жөнінде тапсырма беріледі. Мысалы, палуан қолынан тартып түсіру әдісінен аяқпен қағып түсіру әрекетіне ерте кірісіп кететін болса және бірнеше рет көрсеткеннен кейін сол қатесін қайталай берсе, оған бұл әрекетті орындауға қажет болған кезден гөрі кешірек кірісу жөнінде тапсырма берген пайдалы.
Техникалық әрекеттерді жүзеге асыру жөніндегі тактиканы оқып үйрену және жетілдіре түсу ісі техниканы игеру және жетілдіре түсу ісімен тығыз байланысты жүргізіледі.
Егер палуан жаңа әдіс үйренетін болса, онда оны орындау тактикасы мынадай ретпен игеріледі:
үйренетін әдісті орындаудың тактикалық алғы шарттарымен танысу;
күрес жағдайына барынша оңай келетін қолайлы кезде әдісті орындау;
тактикалық даярлықтың қолайлы жағдайларының амалдарын игеру;
әдісті онын техникалық құрылымының кейбір детальдарын тактикалық тұрғыдан өзгертуді талап ететін жағдайда орындау.
Осы әдісті орындаудың тактикалық шеберлігін одан әрі игеріп, жетілдіре түсу процесінде жоғарыда келтірілген орындау ретін сақтау міндетті емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет