Қазақ КҮресі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы ш ымкент 2019ж (075. 8) Ббк 75. 715 я7


Қазақ күресінің тактикасы (тәсілі)



бет7/27
Дата03.04.2024
өлшемі0.59 Mb.
#497535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Қазақ күресі

2.3. Қазақ күресінің тактикасы (тәсілі).

Тактика - жеңіске мақсат тұта отырып, қарсыласының күресу ерекшелігіне байланысты, ерік-жігер, дене күшін және техникалық дайындығын біріктіріп, көрсете білуі.


Даярлаушы тәсіл - шабуылшының қорытынды тәсіл жасауына бағытталып көзделген, қарсыласына қорғаныс тәсілін жасауға мәжбүр ету.
Шабуыл - жеңіске жетуді көздеген техникалық әрекет. Шабуылдың құрамына тәсіл және қорытынды тәсіл қолдану тактикалық дайындықтары кіреді.
Тактикалық дайындықтың амалдары - балуанның әрекеті нәтижесінде, (даярлаушы тәсілде қосылады) іштей жоспарланған тәсілін орындауға ыңғайын келтіруі.
Жүргізу - әрекеті шабуылшы қарсыласының айналып жүруіне мәжбүр ету.
Тәсілдердің түрлері - күрделі тактикалық техникалық әрекет, нәтижесінде шабуылдаушы тәсіл қолдану арқылы, қарсыласын өзінің ойлаған қорғану тәсілін жасауға мәжбүр ету.
Барлау - қарсыласы жөнінде анықтаманы жинақтауға бағытталған, балуанның тактикалық әрекеті.
Жасырыну (перделену) - балуанның тактикалық әрекеті, қарсыласынан өзінің шынайы көздеген мақсатын жасыру.
Қауіп төндіру - шабуылшының тактикалық әрекеті, қарсыласын қорғаныссыз немесе әрекетсіз күйде қалдыру.
Алдамшы әрекет - тәсіл, қарсы тәсіл, ұстау, сілкі, жұлқу әрекеттерін толық орындамай, әр кез қарсыласының қорғаныс жасауға әрекеттендіру.
Қосарлы алдау - балуанның тактикалық әрекеті, алдаудан соң нақты тәсілді орындау.
Шақыру - бұл тактикалық әрекетте шабуылшы қарсыласын нақты әрекет жасауға шақыруы.
Кері шақыру - бұл тактикалық әрекет, балуан өзінің белсенді әрекетін тоқтатқандығын және қарсыласынан сондай белсенділік күтетіндігін білдіреді.
Қайталау шабуылы - шабуылдауда бірінің тәсілін екіншісінің үздіксіз қайталап орындауы.
Қазақ күресінің тактикасы дегеніміз — палуанның техникалық, жан-жақты дайындығы және ерік күші мүмкіндіктерін шебер пайдалану. Мұның өзінде жарыстардағы нақты жағдайларда қарсылысының ерекшеліктері де есепке алынады. Күрес тактикасы техникамен қоса алған палуанның, спорттың шеберлігінің негізі болып табылады.
Спортшылар мен жаттықтырушылардың творчествосы арқасында күрес тәсілдері ұдайы жетіліп, байи түседі. Күрі тәсілдері жарыс ережелеріне де байланысты болады және сол ережелерде көрсетілген өзгерістерді енгізу арқасында жаңарып отырады. Мұндай жағдайда бір әдіс (ережеге сай) аз қолданылып, екіншілері, керісінше, тиімді бола бастайды. Сөйтіп, күресудің жаңа әдістерді қолданылатын варианты пайда болады.
Палуанның тәсілқойлық шебері оның техникалық жан-жақты дайындықтарына, ерік күшіне байланысты. Онын, техникасы өсетін болса, жаңа әдіс-айла игере сөйтіп күрес әдісін әрі қарай жетілдіріп жаңалап және өзгерте түсудін, алған шарты жасалады. Техника тактикалық міндеттерді шешуге қажетті шарт және әр орындаудың негізгі құралы болып табылады. Сондықтан палуанның тәсілқойлығы ең алдымен оның қандай техниканы игергеніне байланысты. Палуанның техникалық шеберлігі неғұрлым жоғары болса алғашқы жағдайда (тұрып күрескенде) өзінің қалаған әдістерін неғұрлым көбірек қолдана алатын болса, шабуылдау үшін қолайлы сәтті таңдап алу оған соғұрлым оңайырақ, творчестволық мүм-кіндіктері соғүрлым байырақ, тәсілдері де түрліше әрі көбірек болады.
Техниканы ұдайы жетілдіріп, байыта түсу — тактикалық шеберлікті арттырудың міндетті шарты, Егер палуан күрескен жағдайда ең болмағанда, бір жаңа әдіс қолдана алатын болса, онда соған сай оның тактикалық әрекетінің шеңбері де кеңи түседі.
Палуанның техникалық дайындығы жан-жақты болса, ол жеңіске жету үшін өзінің жақсы көретін, әбден үйреніп алған әдістерін ғана қолданып қоймайтындығын атап көрсету қажет. Ол сондай-ақ жеткілікті игеріп алмаған техникалық әрекеттерін де, ал кейде, қолайлы сәті келіп қалған болса, тек танысқан әдістерін де қолданады.
Техникалық арсеналы аз болса, палуанның мүмкіндіктері шектеулі болады, ол күрескенде тек бір әдісті ғана қолдана береді. Сондықтан бірнеше әдіс түрлерін ғана меңгеріп алған спортшыға турнирлер жарыстарда жеңіске жетем деп үміттенуге болмайды. Бір белдесуде өзінің жақсы көріп қолданатын әдісін көрсетіп алғаннан кейін, оны екінші жолы қолдана қоюы едәуір қиынға түседі. Алғашқыдағыдай ол күтпеген тәсіл бола алмайды, оның ойын қарсыласы оңай біліп қояды да, қарсы айла қолданып, алдырмайды.
Спортшының күресіндегі және жарысқа түскендегі әдіс қолдану мүмкіндіктері сондай-ақ оның өзінің жақсы білетін амалдарын қай жағынан да (оңы мен солынан) және қандай жағдайда да (тұрып күрескенде де, партерде де) дұрыс қолданып кетуіне байланысты.
Қай жағынан келсе де әдіс қолдануға шебер палуан қарсыласын қиын жағдайда қалдырады, оған өзінің шын қауіпті қай жағынан төндіретінін білуге мұршасын келтірмейді. Мұны былай қойғанда, ондай спортшы шабуыл жасап жеңіске жету жолында қосымша бірқатар сәттерді пай-далануға мүмкіндік алады.
Палуандардың техникалық дайындығының жан-жақты болуы керектігі жөнінде айтқанда, біз олардың әр түрлі топтағы амалдарды мінсіз орындай алулары, шабуылға шыққанда жиі қолданылатын амалдарға қарсы амал қолданулары, сондай-ақ барлық амалдардан да қорғана алулары қажеттігін есте ұстаймыз.
Егер спортшы қандай болмасын бір амалдан қорғана алмайтын болса, оның әлсіз жерін біліп қалған қарсыласынан сөзсіз жеңіліп қалатындығын күні бұрын-ақ айтуға болады.
Палуанның кілемде өзін еркін ұстауының, жеңіл қозғалуының, артық күш жұмсамай қимылдауының да маңызы бар. Егер кімде-кім кілем үстімен әр түрлі бағытта еркін қозғала алмайтын болса, онда әр түрлі техникалық және тактикалық тәсілдерді қолдана алмайды, шапшаң және күтпеген жәрдем әрекет ете алмайды.
Палуанның тактикалық мүмкіндіктер көбінесе оның физикалық қабілетіне байланысты. Шапшаң, қайратты, икемді және көпке дейін шаршамайтын болса, атлет жеңіске жету үшін әр жолы өзіне қолайлы сәтті қолдана алатын болады. Мысалы, палуан көпке дейін шаршамайтын болса қарсыласының кім болуына қарай неше түрлі қарқынмен күресе алады.
Икемі мол, шапшаңдығы әбден жетілген спортшының күресті үнемі шиеленістіре түсуге, қарсыласының алдын ора кете беруге, оның ізін аңдып, амал қолдануға мұрша бермеуге мүмкіндігі болады.
Әр түрлі амал-айланы жүзеге асырудағы күш пен шапшаңдықтың мәнін айтып жеткізу қиын. Егер палуан күресті тәсілдерін баяу және тиісінше қайрат көрсетпей қолданатын болса, ол тәсілін қанша ойланып істегенімен мақсатына жете алмайды, қарсыласы мұндай жағдайда оңай қорғана алады.
Күрес кезінде палуанның әрекеттерінің көбі қарсыласының қимылына қарсы әрекет болып табылады. Сондықтан спортшының терісі мен бұлшық етінің сезгіштігінін, үлкен маңызы бар. Өйткені оның қарсы әрекетінің шапшаңдығы едәуір дәрежеде палуанның осы сезгіштік қасиетіне байланысты болады. Терісі мен бұлшық еті өте сезгіш, сонымен қатар техникасы жетілген әрі тәжірибелі болса, спортшы күрес кезінде болатын әр түрлі күтпеген жағдайларға дер кезінде әрі дәл жауап беріп, палуанның аса маңызды тактикальг құралы — қарсыласының алдын алып әрекет етеді.
Жан-жақты дайындығы, күші, шыдамдылығы, икемі т. б. жетілген сайын палуанның тактикасы да өзгеріп отырады. Тактика жөніндегі білім тереңдесе, ол палуанның әрқилы мүмкіндіктерінің толық көрінуіне ықпалын тигізеді. Мысалы, күрескен кезде жарыстарда күшін тактикалық жағынан сауатты пайдаланатын бслса, тез шаршамайды да ұзақ уақыт күшін сарықпай күресе алады. Спортшының тәсіл қолдану шапшаңдығы мен қарсыласына әсер ету күші оның күрескен кезде сәт сайын өзгеріп отыратын жағдайды қас қағымда қабылдап, дұрыс бағалай алу, ец қолайлы сәтте әрекет ету қабілетіне байланысты.
Палуанның тактикалық мүмкіндіктеріне оның техникалық және жан-жақты дайындығымен қатар психологиялық даярлық та әсер етеді. Батыл және инициативасы мол спортшының тактикалық айла-тәсілдері де көп әрі бұрын-соңды кездесе бермейтіндей болып келеді, сондай-ақ ол күрескен кезде қарсыласына өзінің ойға алғанын істете алады. Салқынқандылық, төзімділік, ұстамдылық, табандылық, ерік күшінің басқа да қасиеттері палуанды күрестің қиын-қыстау кезінде жол табуға, қолайлы тактикалық вариант таңдап алып, оны жүзеге асыруға қабілетті етеді.
Тиісті психологиялық дайындығы болмаса, спортшы өте-мөте толқиды, сөйтіп оның күрестің қалай аяқталатынын ойлап болатыны сондай, тіпті кілемге шыққанда өз әрекетін бақылаудан қалады және тактикалық жағынан дұрыс ойлау қабілетінен айрылады. Мұндай палуан айқас кезінде енжар қимылдайды, жағдайды дер кезінде және дұрыс қолдана алмайды, қарсыласының қимыл-әрекетінен кешігіп қимылдайды.
Шамадан тыс мазасызданып, батылдығы мен табандылығынан айырылғандықтан спортшының реакциясы кешігіп қана қоймай, күшін де дұрыс мөлшерлеп жұмсай алмайды, қарсыласының жалған қимылдарына барын сәлып әрекет етіп, сөйтіп оның шабуылға шығуын оңайлатады. Қи-ындықтан жасқанатын палуан қарсыласының еркіне бағынады да, сөйтіп, айқастың тактикалық жоспарын орындау мүмкіндігінен, олай болса алға қойған мақсатын орындап шығу мүмкіндігінен айрылады. Жағдайға қарай өзгеріп стыратын әр түрлі тактика спортшыдан ұдайы батылдық, белсенділік, тапқырлық, творчестволык инициатива көрсетуді талап етеді. Өйткені айқасқанда және жарыс кезінде палуанның өз бетімен әр түрлі тактикалық міндеттерді шешуіне тура келеді.
Қиын әрі ұдайы өзгеріп тұратын айқас жағдайында дұрыс бағыт тауып, дұрыс шешімге келу үшін, өзгерістерге дәл жәке дер кезінде көңіл аударып, қимыл көрсету ушін спортшының логикалық ой толғауы жақсы жетілген болуы және ол әрбір тактикалық амалдарын ойлап істеуі керек.
Тактикалық ойлау жан-жақты ойластырылған есепке негізделуі тиіс және ол тез өсуі керек. Әсіресе, айқас кезінде тез ойлауға үлкен талап қойылады. Сондықтан жағдайды бағалау және шешім қабылдау кейбір эпизодтарда көп ойланбастан (автоматты түрде) жүзеге асырылуы тиіс.
Палуанның ойлау қызметі қиын жағдайда (күш жұмсау, қарсыласының тәсіліне ілініп жеңіліп қалу қаупі, әр түрлі эмоциялар, шаршап-шалдығу) өтеді. Сондай-ақ, ойлау қызметі бірқатар факторларға, оның ішінде спортшының жарыстарға қатысу тәжірибесіне, өзінің көңілінің басқара алуына (бөлу, аудару, басқа жайға аудару) байланысты. Жоғарыда айтылған осы қасиеттердің тіпті біреуі жеткілікті дамымаған болса, спортшының тактикалық ой қорытуының нәтижесі төмендейді.
Тактикалық ойлаудың аса маңызды ерекшелігі көрегендік болып табылады.
Көрегендік жасау дегеніміз — ойша алға «көз жіберу», болатын жағдайды елестете алу, айқастың және тұтас жарыстың нәтижесіне байланысты болатын ондағы басты, шешуші нәрсені дөп басу.
Айқастың және тұтас алғанда жарыстың қандай бағытта өріс алатынын палуанға көрегендікпен болжауға көмектесеті ойлау қызметінің негізі — спорттық күресті терең білу. Сонымен қатар қарсыласының шеберлігінің және күресу жағдайының ерекшеліктерін ескеріп өзін қарсыласының орнына қоя білу, оның ойы қандай қимыл көрсететінін қателеспей табу қажет.
Егер палуан қарсыласының ойын тауып, оның жасауы мүмкін әрекетін алдын ала білетін болса, мұндай спортшыны бұл айқастағы техникалық және тактикалық мүмкіндіктері арта түседі де ол өзін қолайлы жағдайда болады деп батыл айтуға болады. Қарсыласының қимылы оған белгілі болғандықтан, ол мұны жығып кете алмайды. Өйткені спортшы бәсекелесінің шеберлігіндегі осал жерін пайдаланып, алдын-ала қарсы амал қолданады, сөйтіп қарсыласы күтпеген жерде шабуылдай алады.
Алайда бәрін күні бұрын білу мүмкін емес. Күрескенде және жарыс барысында күтпеген жағдайлар болып, палуанға ойға алғанын орындауға қолбайлау болатын әр түрлі кедергілер ұшырасуы ықтимал. Көбінесе қарсыласы спортшының ойын да үмітін де жоққа шығарып отырады. Сондықтан спортшының тактикалық ойы жағдайға қарай жедел өзгерте алуыны өте үлкен мәні бар.
Әр түрлі күтпеген жағдайға дайын болуы, қандай жағдайда болса да тактикалық бағытын дұрыс анықтау үшін ойланып әрекет етуі керек. Спортшының тактикалық ойы жақсы дамып жетілген болса, орын белгіленген әрекет ету жоспарына иісті түзетулер енгізіп, қарсыласынан басым түсуге көмектесетін жаңа жолдар табуға мүмкіндік береді.
Тактика бірқалыпты бола алмайды. Әрдайым бір түрлі амал қолдана беретін болса, спортшының жақсы нәтижеге жетуі қиындайды, өйткені оның қарсыласы әр уақытта қарсы амал дайындап үлгереді де, оны пайдалануға мүмкіндік алады.
Жаңадан әр түрлі жол табу, қандай болмасын тактикалық міндетті шығармашылықпен шешу, әрдайым жаңаша іздену табысқа жетудің бұлжымайтын шарттары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет