Қазақ КҮресі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы ш ымкент 2019ж (075. 8) Ббк 75. 715 я7



бет4/27
Дата03.04.2024
өлшемі0.59 Mb.
#497535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Қазақ күресі

1.3. Күрестің теориялық негізі.
Күрестің техникасы - бұл жеңіске жетуге бағытталған жүйе. Күрес тәжірибесінде кездесетін қолайлы құрылымдар іріктеуде шабуыл, қорғаныс және қарсы шабуыл болып жіктелетіні белгілі. Осылардың ішіндегі техникалық шеберлікке қажеттісі шабуыл кезеңі.
Күрес техникасын әлсіз меңгерген балуандар әдетте қолайсыз, сапасыз әдістерді қолданып қарсыласының әдіс-тәсілдерінен өтуді ғана көздейді. Қарсыласы тек күшке сенгенде ғана бұл әдіспен жетістікке жете алады. Күрес техникасын жақсы меңгерген балуандар дене дайындығы мықты қарсыластарын жеңген кездері жиі кездеседі. Ол үшін ішкі және сыртқы күшпен әдістің құрылымын іштей бейнелеп сол арқылы дұрыс шешім қабылдап қимылдау керек.
Күрес техникасының заңдылығын анықтау үшін балуанның негізгі қимылдарының барлығын талдау керек. Ол үшін балуанның әдіс қолдану кезіндегі механикалық күшінің қатынасына қараған жөн. Өте қарапайым қимыл жасау үшін де орталық жүйке жүйесінің басқаруы мен адам денесінің барлық бөлімдері қызмет атқарады.


1.4. Тепе-теңдік қалыпын сақтау ережесі.


Кез-келген күрес - тұру қалпынан басталады. Сондықтан балуан қимыл кезінде тепе-теңдік сақтаудың заңдылығын ұмытпаған жөн.
Күрес кезінде шабуыл әдісін қолдану үшін балуан қарсыласын тік тұру қалпынан айыруға тырысады, ал екіншісі - тепе-теңдік сақтап қана қоймай қарсыласының тепе-теңдігін бұзу керек. Сонымен күрес кезінде екі балуанда да тұрақтылық және теңсіздік сәттер кездеседі.
Балуанның жеңіске жетуде орындалған алғашқы қимылының жетістігі - тірек қызметін сақтап қалу. Тірек қызметінің беріктігі балуанның тұру қалпына байланысты және осы қалыпты ұстауға бұлшық еттің әрекеті де әсер етеді.
Жалпы салмақтың орталығы (О.Ц.Т) деп салмақтың түскен нүктесін айтамыз. Ж.С.О адам денесінде материалды нүктеге жатпайтын кезі, яғни денесінен бөлек жерге де (қатты еңкейгенде немесе шалқайғанда) ауысады. Күресу кезінде екі балуанға ортақ (ұстасқанда) жүйе, яғни жалпы салмақ орталығы пайда болады. Күрес кезіндегі қозғалысына байланысты екі балуанның Ж.С.О өзгеріп отырады: көтеріледі, түседі, денеден бөлек ауысады. Оның ығысатын соңғы сызығы тірек аппаратының соңы. Жалпы салмақ орталығының ауысуы балуандардың ұстасқан жеріне байланысты емес. Күресу сәтінде Ж.С.О адам денесінің төменгі бөлігінде болады. Ж.С.О бір-біріне жақындағанда немесе одан өткен кезде тепе-теңдік бұзылады. Қозғалған кезде ескертетініміз, салмақ орталығы, орталық тірек алаңына жақын болса, онда тірек тепе-теңдігі сенімді болады.
Балуанның денесінің тұрақтылығы белгілі бір бағытта - тұрақтылық бұрышы деп сипатталады.
Тұрақтылық бұрышын - бұрыш деп атап, салмақ орталығынан төмен тірек сызықтары бейнеленеді. Сонымен тұрақтылық бұрышы, салмақ орталығынан төмендесе, тірек көлемі ұлғаяды. Сондықтан күрес сәтінде дене қалпы тұрақты болсын десек, аяқты кең ашып, тізені жартылай бүксек болғаны. Дегенмен аяқтың арасын кең ашып, тізені қатты бүксек, күресу кезінде жылдам қимылдауға кедергі болады. Өте кең қойылған аяқта, жақсы тұрақтылықты қамтамасыз ету қолайлы.
Негізінде күрескен сәттегі бастапқы қалып - бұл балуанның тұру қалпы. Бұл қалып: аяқ иық көлемінен кеңдеу, бір аяқ (оң және сол) келесі аяқтан ара қашықтығы бір табан алда; тізе аздап бүгілу, бұлшық етті бос және тез қозғалуға дайындықты сақтап тұру; кеуде алға сәл еңкіш, иық аяқтың орналасуына байланысты бір бағытта бұрылу. Негізгі зейінді Ж.С.О қалпының тірек орталығына түсуін қадағалау керек. Тірек бұрышын үлкейтіп «қауіпті бағытқа» қарай, арттағы аяқты алға немесе алдағы аяқты артқа салып қарсы тұру қалпын сақтау. Күрес уақытында бір аяғын екінші аяғына жақындату немесе айқастыру, «қауіпті бағытты» бір жаныңа жіберу, салмақты бір аяққа түсіру, тепе-теңдіктен айырылу кездерінде, тез бастапқы қалыпқа келу қиын болады. Балуанның дұрыс тұруы, дұрыс қозғалуы қорғаныс және шабуыл кезінде белсенді қимылдауына себебін тигізеді. Шабуылды бастағанда, балуан әдетте өзін техникалық әдістерімен дайындап алады. Дұрыс қалыпта шабуылдың тепе-теңдігі сақталады. Шабуыл кезінде қарсыласы төмендегі қалыпты сақтауға тырысады:

  1. Бұрынғы қалыптан тез өзгеріп еттерін қатайтып алады.

  2. Дененің негізгі салмағын бір жағына ауыстыру, қарсы жұлқыну немесе қарсыласын итереді.

Бұл белсенді қарсыласуға балуанның барлық денесі көмектеседі. Аяқты және қолды дұрыс қою, жақсы тірек орнықтыру, осы айтылғандарды толық орындауға көмектеседі. Шабуылшы өзінің шабуылын қарсыласының тепе-теңдік, тірек қалпын аңду барысында жасау керек. Көп әдістер қарсыласының тепе-теңдігінің жоғалған сәтінде бағытталады. Күресте негізінде шабуылдау және қорғану кезінде дене қалпының тұрақтылығын сақтауды меңгерген жөн. Бұл төмендегі жолмен сипатталады:
Дененің қалпын тез өзгерте білу, «қауіпті бағытқа» тұрақтылықтың көлемін кеңейтіп бағыттау, орталық тірекке сәл қисаю арқылы белсенді шабуылдау барысында аяқ көлемін өзгерту.
Шабуыл, қорғаныс, қарсы шабуыл кезіндегі қарсыласының тепе-теңдік жоғалтқан сәтін пайдалана білу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет