Қазақ КҮресі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы ш ымкент 2019ж (075. 8) Ббк 75. 715 я7



бет14/27
Дата03.04.2024
өлшемі0.59 Mb.
#497535
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Қазақ күресі

3.4. Жаттықтырудың әдістері.

Жаттығу - балуан даярлығының маңызды бөлігі болып табылады. Жаттығу арқылы арнайы білімдері, дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастыру, дене қасиеттерін тәрбиелеу, техникалық тәсілдерді меңгеру, балуан ағзасының функционалдық мүмкіншіліктерін арттыру, жеке тұлға үшін қажетті қасиеттерді тәрбиелеу жүзеге асырылады. Бұл - білімділік, сауықтыру, тәрбиелік міндеттерімен бірге жүретін көп жақты педагогикалық процесс.


Жаттығудың негізгі мазмұны күрес түрі бойынша, жаттығуды түрліше ұйымдастыру, денешынықтыру ұжымы, балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, олимпиадалық резервтегі арнайы балалар және жасөспірімдер мектебі, жоғарғы разрядты спортшылар үшін жеке бағдарламаларда көрсетілген.
Балуанның жаттығу дене тәрбиесінің жалпы қағидаларының және арнайы қағидаларының негізінде құралды. Жалпы қағидаларды жүзеге асыруда қазақ күресінің ерекшеліктері ескеріледі.
Арнайы топтар үшін мына қағидалар ескеріледі:
Жоғары жетістіктерге бағыттылық. Күрестің негізгі мәні, балуанның ең жоғарғы спорттық нәтижеге ұмтылуы. Бұл қағида ең тиімді әдістерімен құралдары іздестіреді, терең мамандануға, жыл бойына еңбектенуге және көп жылдық жұмыстарға бағытталады.
Жалпы және арнайы даярлықтың бірлігі. Жан-жақты, жалпы дайындық (дене, техникалық) тереңдетілген спорттық маманданудың алдына жүргізіліп және мамандау үшін алғы шарттар жасай отырып, барлық көп жылғы жаттығуларды бойына сіңіреді. Жаттығу кезеңінің үздіксіздігі. Бұл қағида балуанның күреспен белсенді айналысуының барлық кезеңі бойына, жаттығулардың тұрақты жағдайда жылдық және көп жылдық жаттығу процесінде өтілуін қарастырады. Жаттығу сабақтарының саны, олардың мазмұны, жүктеменің сипаты балуанның шеберлігінің артуын қамтамасыз ету.
Денеге түсетін жуктемені біртіндеп көтеру және жоғары деңгейге арттыру. Бұл қағида жарыс кезінде балуанның дайындығын жоғарғы деңгейге жеткізуге даярлау қажеттілігіне негізделген. Жаттығу барысында шектеулі жүктемелерді үнемі пайдалана отырып, жыл бойына және бірнеше жыл қатарынан тапсырманы біртіндеп күрделендіреді. Жүктемелерді арттыруға оның әр түрлі өлшемдері есебінен қол жеткізеді.
Жүктемелердің топ-тобымен өзгеруі. Жүктемелердің топтық сипаты жаттығулардың барлық кезеңдерінде денеге түсетін күш пен ауырлықтың сипаты мен көлемін өзгертуді демалу мен ауырлық күшінің алмасуын қажет ететін шаршау мен қалыпқа келудің заңдылықтарына негіздеген.
Жаттығу кезеңінің қайталануы. Бұл қағида аяқталған жаттығудың құрылымдық бөліктерін: жаттығу тапсырмаларын, кіші, орта және үлкен ырғақты жаттығуларды үнемі қайталаудан байқалады.
Жаттығулардың бағыттары. Жаттығу барысында мынадай бағыттар ерекшеленеді: техникалық, тактикалық, дене, психикалық, теориялық даярлық. «Даярлық» атауы - мұнда «балуанды даярлау» атауымен қолданылады. Жаттығудың бағытын айырып көрсету шарты және жоспарлауды, бақылауды және құралдар мен әдістерді таңдап алуға қолайлы ету үшін жасалады.
Техникалық даярлық. Бұл күрес түрі үшін ерекшеленетін қозғалыс қимылдарын меңгеруге бағытталған педагогикалық процесс. Күрес техникасын үйрету балалық және жеткіншектік жаста басталады. Жастың және спорттық шеберліктің арту деңгейіне байланысты, спортшының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, техника жетілдіріледі. Қорытындысында, түрлі жағдайларда жоғарғы тиімділікке жетуге мүмкіндік беретін қозғалыс біліктілігі қалыптасуы қажет.
Тактикалық даярлық. Жарыс бәсекелестігін жүргізудің тиімді түрлерін меңгеруге бағытталған педагогикалық процесс. Ол өзіне жарыс кезіндегі әрекеттердің заңдылықтарын, спорттың нақты бір түріндегі ережелер мен шарттарды, отандық және шетелдік қазіргі спортшылардың қарсыластарымен кездесулеріндегі, сайыстардағы тактиканың жалпы қағидаларын, алдағы жарыстағы өзінің тактикасын құра білу біліктілігін меңгеруді, жаттығуда және бақылау жарыстарында тактикалық құрылымдарды іс жүзінде меңгеру үшін қажетті жағдайларда өзгертіп отыруға нұсқайды.
Дене даярлыәы. Балуанның дене қасиеттерін тәрбиелеуге және даярлықтың барлық жақтарын жетілдіру үшін қолайлы жағдайлар жасайтын, функционалды мүмкіндікті дамытуға бағытталған педагогикалық процесс. Ол жалпы және арнайы даярлықтарға бөлінеді. Балуанның жалпы дене даярлығының міндеттеріне денсаулықты нығайтуға және жетілген дене даярлығы мен өмірлік қажетті қозғалыс дағдыларын жетілдіруге көмектесуі енеді. Арнайы дене даярлығының міндеттеріне күрес түрі үшін ерекшеленетін -тәрбиелеу кіреді.
Психикалық даярлық. Балуанның жеке тұлғасын, оның рухани және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеуге бағытталған педагогикалық процесс. Ол оқу-жаттығу жиындарында, жарыстарда, жаттығу сабақтарында, ұзақ жылғы даярлықтың барлық уақытында жүзеге асады.
Теориялық даярлық. Бұл балуанның идеялық-теориялық деңгейін арттыратын, оны белгілі білімдермен және оларды жаттығу сабақтары мен жарыстарда пайдалана білуге қаруландыратын педагогикалық процесс. Бұл балуанды дайындаудың барлық кезеңінде жүзеге асады. Жоғарғы спорттық нәтижедегі талаптар, терең біліммен, ақыл-ойды талап етеді. Теориялық даярлықты бағаламау, орындалатын жаттығу тапсырмалардың мәнін түсінбеуге әкеледі. Түсінбеу жаттығуды механикалық түрде қайталауда, жаттығу мазмұнына немқұрайлы қарауға әкеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет