Қазақ мемлекеттік қыздар



бет17/17
Дата02.07.2016
өлшемі1.16 Mb.
#172885
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, әлеуметтанушылар зерттеуде. Мысалы, Иохан Хейзингтің «Ойыншы адам», Д.Б.Элькониннің «Ойын психологиясы», Эрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А.В.Вербицкий, Т.В.Кудрявцев, И.П.Пидкасистый, қазақстандық ғалымдар: Н.К.Ахметов, Ж.С. Хайдаров, Г. М. Қасымова т.б.

Балалар ойындарындағы ұстаздардың рөлі өте зор. Ұстаз – көбіне-көп сол ойынды ұйымдастырушы. Ойынның мән-маңызын түсіндіріп, ақыл-кеңес береді. Шәкірттердің дау-дамайлы мәселелеріне әділ қазы да бола біледі.

Ұстаз балалардың ойын кезінде де қилы сезімдерде болып, көңіл күйінің мың құбылатынын (мақтану, қуану, ренжу, қызғану, өкіну) білуі тиіс. Мұндай көңіл күйдің ұтысқа, не болмаса ұтылысқа байланысты болатыны бесенеден белгілі. Көп жағдайда, ойын үстінде топ мүшелері жұмылған жұдырықтай, тату-тәтті қарым-қатынаста болады. Кей кездердегідей талас-тартыс, ашу-реніш дегендер атымен ұмытылады. Ұжым бір адамның баласындай ортақ бір мүдде үшін күреседі. Алайда, ойын барысында жағымсыз жағдаяттардың да туындауы мүмкін нәрсе. Шәкірттердің бәсекелес қарсы топты дұшпан көріп, келеңсіз іс-әрекеттерге баруы ғажап емес. Мәселен, қарсы ойыншылар ұтып кеткенде, намыстанып, қызғанып, жеңіс жалауын қолдан бермеуге тырысып, жеңіске жетудің қитұрқы жолдарын жасауы мүмкін. Мұндайда ұстаз әділ төрелігін айтып, екі жақты да ренжітпеуі тиіс.

Балалардың еңбегінде, қарым-қатынасында, танымдық үдерісінде және тұлға болып қалыптасуында ойынның алатын орны үлкен. Тәрбиенің теориясы мен практикасындағы балалардың ойын әрекетін күшейту туралы мәселенің қойылуы тұлғаның қалыптасуы мен ойын әрекетінің көптеген мүмкіндігіне және осы мақсаттардың іске асуына негізделген. Ойынның мәні мен оның тәрбиедегі маңызын екі жақты бағалауға болады. Біріншіден, кең мағынада қоғамдағы адамгершілік тұрғыда адамға деген қамқорлығы мен соның ішінде, өсіп келе жатқан ұрпаққа деген жанашырлық. Екіншіден, нақтырақ алсақ, педагогикалық мәнде: білім беру мен тәрбиедегі нақты мәселелерді шешуге негізделген.

Ойын үнемі екі түрлі уақыт өлшемінде: қазіргі уақытта және болашақта орындалады. Бір жағынан тұлғаны сол мезетте қуанышқа кенелтеді, оның туындаған өзекті мәселесін шешуде қанағаттанушылық тудырады. Ал екінші жағынан, ойын үнемі болашаққа бағытталған. Өйткені, онда өмірлік жағдайлардың болжамдары мен модельдері жасалады. Ойын арқылы тұлғаның әлеуметтік, кәсіптік, шығармашылық функцияларына қажетті қасиет, сапа, жағдай, біліктілік, қабілеттіліктер қалыптасады, сонымен қатар дамып келе жатқан ағзаның физикалық дағдылары да қалыптасады /1/.

Б.Г. Ананьевтің айтуынша, «Балалар психологиясы саласындағы көптеген мамандар ойын баланың ең алғашқы туылған кезеңнен мектепке дейінгі кезеңді қамтуына ерекше көңіл бөлген. Бірақ ойын адамның барлық өмірлік кезеңдерін қамтитын ерекше іс-әрекет түрі ретінде өзіндік тарихы бар. Адамның жасөспірім және бозбала, жас және орта жаста, тіпті егде тартқан кезінде де ойынның сан түрлері қолданылады» /2/. Бұдан біз ойынның қандай кең ауқымда қолданатынын байқаймыз.

Ойынның психологиялық аспектісіне психологтар Б.Г. Ананьев, М.Я. Басов, Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, Д.Б. Эльконин, И.Д. Ливитов, Л.С. Славина және т.б. терең талдау жүргізген. Ойын теориясы мен модельдеуде олардың қосқан үлесі зор. Олардың шешкен және алға қойған мәселелері: 1)ойын генезисі; 2) тәрбие әсерінен туындаған және қалыптасқан ойын түрлері; 3)ойынның психологиялық құрылымдық компоненті; 4) баланың үлкендердің әлеуметтік қарым-қатынасымен танысу шарты ретіндегі қысқартылған немесе жалпыланған ойын әрекеті; 5) адам іс-әрекеті аумағындағы ойынның сензитивтілігі; 6)адамдардың қарым-қатынасы мен олардың іс-әрекеті балалар ойынының негізігі мазмұны ретінде; 7) ойын іс-әрекетінің түрткісіне жағдайдың рөлі мен қиялының әсері; 8) баланың психикалық дамуына ойынның әсері. Д.Б. Эльконин өзінің «Ойын психологиясы» еңбегінде негізгі кеңестік және шетелдік балалар ойынының тұжырымдамасына талдау жасады және балалар ойынының теориялық жүйесін жасады /3/.

Қазіргі кездегі бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне көптеген жаңа тәсілдер енгізіліп жатыр. Соның ішіндегі ең бір маңызды да қолайлы тәсіл – ойын арқылы баланың психикасы мен ойлау қабілетінің ең алғашқы компоненттерін дамыту. Сондай-ақ, оқушылардың оқу материалдарын жақсы қабылдауына әсерін тигізетін тиімді әдістердің бірі - ойын. Ойын - баланы адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы. Сабаққа ойын мен ойын тәсілдерін енгізу оқуды қызықты етіп, балалардың сергек болуына, оқу материалын қабылдау барысындағы кездесетін қиындықтарды жеңуіне жағымды әсер етеді. Ойын – оқушыға білім мен тәрбие беру әдістерінің тиімді амалдарының бірі. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларына қолданылатын ойындарға олардың дене бітімінің қалыптасуына арналған ойындар, қимыл ойындары, сөйлеу, шешендігін, тілін дамыту ойындарына рөлдік ойындарды жатқызуға болады. Міне, осындай пайдалы ойындардың түрлері сан алуан.

Ойындар бастауыш сынып оқушыларының меңгеруіне қиындық келтірген жағдайда мұғалім өз ойынан әр алуан ойындарды құрастырады. Бұл бағытта мектептерде жүргізіп жатқан іс-тәжірибелер айтарлықтай. Сондай әдістердің бірі – сабақта ойын элементін пайдалану. Ойын арқылы оқыту технологиясы, әсіресе, бастауыш сыныптарда өте тиімді. Осы технологияны пайдаланып, кіші мектеп оқушыларына ойын сабағын өткізуге болады.

Бастауыш сыныптарда оқушылардың проблемалық жағдаяттан шығуына мүмкіндік беретін ойындар қолданылады. Оқушылар ойын ережесіне байланысты әрекет етеді, сондай-ақ рөлге еніп имитация жасайды. Ойын барысында зейіні, еркі, өзін ұстау, жаттығу, тапқырлық, тез реакция, білгенін тәжірибеде қолдану, талдау, салыстыру, қорытынды шығару, бірігіп шешім қабылдау сияқты қасиеттері дамиды. Сабақ барысын, сынып сағаттарын, сыныптан тыс сабақтарды ойын арқылы өткізудің өзіндік пайдасы бар. Өйткені, ойын баланың өміріндегі ең маңызды іс-әрекеті. Балалық шақта ол уақытының көбін осы ойын ойнауға жұмсайды. Ойын арқылы баланың психикалық даму деңгейі өседі. Ол жеке тұлға ретінде қалыптасады.

Ой қорыта келгенде шығатын тұжырым: бастауыш сынып мұғалімдері ойшылдарды ойынға әділ жолмен қызықтыра білсе, оқу-тәрбие үрдісінде ойын әдістерін тиімді ұйымдастырса, оқуға жағымды қарым-қатынас қалыптасады да өздігінен білім алу дағдысы, өз-өзіне сенімі, еңбек ету мәдениеті арта түсетіндігіне сенімділікпен қарауға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Педагогика и психология игры. /Межвузовский сборник научных трудов. Новосибирск 1985г. С. 14

  2. Ананьев Б.Г. Человек как предмет воспитания: Избранные психологические труды. М., 1980 Т.ІІ, С. 20.

3. Эльконин Д.Б. Психология игры. – М.: Педагогика, 1976. – 304с.

4. Проблемы дошкольной игры, психолого-педагогический аспект. Москва «Педагогика» 1987.


ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада ойын мәні мен оның бастауыш сынып оқушыларын дамытудағы мүмкіндіктері туралы сөз қозғалған
РЕЗЮМЕ
В статье говорится о значение игровых методов, применение в учебно-воспитательном процессе младших школьников.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет