ЖЕТКІНШЕК ШАҚТАҒЫ АГРЕССИЯ
Угланова Н.Ш. психология ғылымдарының магистрі
(Алматы қ., Қазмемқызпу)
Қоғамдағы әлеуметтік- психологиялық өзгерістер, белсенді тұлғаны қалыптастыруға деген талаптардың жоғарлауы, іс-әрекет пен мінез-құлықтың нақты субъектісіне қатысты агрессия мәселесін маңызды әлеуметтік қажеттілік ретінде зерттеуді қажет етеді. Агрессивті мінез-құлық адам өмірінде көп орын алады, жас ерекшеліктеріне қарамастан барлық адам баласын да көп кездесетін құбылыстардың бірі. Агрессия ұғымын көптеген зерттеушілер тұлғаның қасиеті және мінез-құлықтың ерекше формасы деп анықтайды. Мінез-құлықтың агрессивті әр түрлі формалары жарамды болсын, мейлі әлеуметтік жарамсыз болсын индивидтермен өзара әрекетте қалыптасады. Көптеген балалардың проблемді жағдайға тап келуінің басты себебі коммуникация мен қарым-қатынастағы базалық әлеуметтік ептіліктердің жеткіліксіздігімен байланысты. Өзінің әлеуметтік үйрену теориясында А.Бандура агрессивті мінез-құлықты талдаудың үш кезеңін бөліп көрсетті: 1) әрекеттерді меңгеру тәсілдері; 2) олардың көрінуіне себеп болатын факторлар; 3) солар бекітілетін жағдайлар. /1/. Сонымен қатар мұндағы тағы бір маңызды жағдай кері байланысты алу мүмкіндігі, қоршағандардың ойын интерпретациялау. Ситуациялық факторлар үлкен рөл атқарған сайын әлеуметтік сипаттағы агрессивті мінез-құлыққа үйрену процесі де соғұрлым үлкен мәнге ие болады.
Әлеуметтік үйренудің когнитивті- бихевиористік концепциясы тұрғысынан (А.Бандура) социализация процесі индивид өмір сүретін қоғам мен сонда қабылданған әдеттегі жауап реакцияларының дамуымен байланысты. Когнитивті-бихевиористік концепция шеңберінде жеткіншіктердегі агрессияны әлеуметтік үйренудің нәтижесі деп қарастыруға болады. Агрессиялы мінез-құлықты бекіту мен даму негізін ата-аналар баланы алғашқы жылдарда қалай тәрбиелегенде және кейінгі кеш кезеңдерде, атап айтқанда, жеткіншек кезеңіне байланысты іздестіру керек.
Агрессивті мінез-құлықтың қалыптасуына әсер ететін шартсыз факторлардың бірі- жанұядағы қатынас. Көптеген шет елдік зерттеулер көрсеткендей агрессивті балалардың ата-аналары физикалық жазаларды қолдануға бейім болған және бір-бірімен келісушілік болмаған, балаларға жек көрушілік қатынаспен және эмоциялық суықтықпен қараған. Балалардағы агрессивтілікті зерттей келе жанұяның 3 вариантын сипаттайды: 1)Ата-анасының біреуі агрессивті болғандықтан және агрессивтілік және қылмыстық тенденцияны туындататын күрделі конфликтер себебінен бала агрессивті болады.
2) Ата-анасының ешқайсысы агрессивті болмайды. Ата –аналары агрессивті емес, балаларын қатал жазалаушы және жанұялық конфликт аз болған, бірақ балалар физикалық жазалауға ұшырайды.
3) Баланың агрессивті мінез-құлқына шектен тыс қамқоршылық жанұяның ішінде бекітіледі. Тек осының салдарынан бала нақты сол агрессивті мінез-құлықтың жағымсыз жақтарының басымдылығын таразылауға үйренеді. Сонымен қатар ата-ана жағынан агрессивті мінез-құлықтың шектен тыс болуы да зиян болады. Бала міндетті түрде өзінің ашу ызасын ішіне жинауға мәжбүр болған жағдайда оның агрессивті сезімдері соғұрлым күшейе түседі. Қатал жазалау жаңа фрустрацияларға әкеледі. Яғни сол жағдайлардан шығар жол таппаған кезде жаңа агрессивті сезімдерге әкеледі. Егер бұл қайталанатын болса, негативті шиеленісті іздеу ретінде қарастырылатын мінез-құлықтың моделі қалыптасады. Жасырын агрессивтілік болған жағдайда балада мазасыздану және жайсыздық (дискомфорт) пайда болады. Агрессивті мінез-құлыққа анасының және әкесінің ашуын көтере алмаған жағдайда және фрустрацияға жауап бере алмаған кезде балада мазасыздану жоғарылай бастайды. Агрессивтілік туралы Сирстің ойы қисық сызықты түрде көрсетілген болатын. Бұл тұжырымды И.Г.Морозова да /1993/ ұстанады. Оның пікірінше, просоциалды жағымды жанұяда өскен балаларға ашық түрде өзінің агрессивтілігін қанағаттандыруға шек қойған жағдайда, яғни асоциалды жеткіншектерге тән сана астындағы комплекстерді қанағаттандырудағы агрессивті садистік фантазиялау негізіндегі стереотиптегі формаға айналуы мүмкін.
Социализацияның тиімді және мінез-құлықтың агрессивті формаларының қалыптасуын ескертудің маңызды шарты үйір болу мотивациясы, балалар сол арқылы қоршағандардың оның ішінде әсіресе өз ата-аналарының қолдауын, назар салуын, қызығуларын тілейтін әрекеттерге үйір болады. Содан кейін екінші бекіту ретінде үйір болу баланың әлеуметтік талаптар мен шектеулерге бейімделуін шарттандырады.Осыған байланысты агрессияның дамуының маңызды шарты тек әлеуметтік үйрену ғана емес, ата-ана махаббатының болмауы немесе олар жақтан үнемі жазалаудың болуына байланысты туындайтын фрустрация да жатады.
Жеткіншектердегі агрессияның көріну формалары мен әлеуметтік – психологиялық факторлары да маңызды сұрақтардың бірі, көптеген зерттеулердің көрсеткіштері бойынша, агрессивтіліктің көрінуі индивидумның өмірлік тәжірибесіне байланысты. Агрессивтіліктің көрінуі бұл белгілі- бір кедергілерге немесе түсірілген ауыртпашылыққа байланысты болатын жауап мүмкіншілігі. Мәнді мақсатқа жету жолында кедергілер пайда болған кезде индивидум, фрустрацияны қаншалықты бастан өткерсе, нақты мақсатқа жету талпынысы да соншалықты жоғары болады. Фрустрация агрессивті мінез-құлық үшін күшті мотивациялық жүйені қалыптастыра отырып, агрессивті сезімдерге әкеледі.
Қазіргі жаңа психологиялық бағыттарда агрессия мәселесі өте аз зерттелінуде, алайда соған қарамастан көптеген теориялық және эксперименттік зерттеулер арналды (С.Н.Еникополов, 1976, Л.П.Колчина 1976, Т.Н. Курбатова 1996, Л.М.Семенюк 1999, А.И.Фурманов 1996, С.М.Шурухт 1996, және басқалар). Бұл жұмыстар Ресейдің әр түрлі мекенді елдерінде тұратын адамдардағы агрессияны жыныстарына, жастарына, білімдеріне, кәсіптеріне, ұлтына, мәдениетіне қатысты зерттейді А.К.Осницкийдің (1994) зерттеулері көрсеткендей балалар агрессиялы мінез-құлық моделдері жайлы білімдерді үш түрлі ақпарат көздерінен алады екен. 1) Отбасы бір уақытта агрессиялы мінез-құлық моделін көрсетеді және оның бекітілуін қамтамасыз етеді. Агрессиялы мінез-құлықтың ықтималдылығы олардың өз үйлерінде агрессиялық әрекетпен тікелей кездескен жағдаймен байланысты анықталады. 2) Агрессияның көрінуі құрбыларымен өзара әрекетте де кездеседі. 3) Балалар агрессиялық реакцияға тек реалды мысалдар да ғана емес, бұқаралық ақпараттар арқылы да үйренеді.
Агрессивті мінез-құлық формасына аутоагрессия (төменгі өзіндік бағалау және өзін қабылдамау) жатады, ендеше аутоагрессия паттерндерін жеткіншектер үшін тағайындауға болады, атап айтқанда, аутоагрессиялы паттерндерін характерологиялық субблоктары (интроверсия, педантизм, депрессия, невротизм, демонстрациялық), өзіндік бағалау субблоктары (жалпы өзіндік бағалау, парциалды өзіндік бағалау, тәуелсіздік, автономия) интерактивті субблоктар (әлеуметтік адаптацияның сөттілігі- сәтсіздігі), әлеуметтік перцептивті субблоктар (басқа адамдарды қабылдау).
Ғылыми қызығушылықты өткір туғызатын тақырыптардың бірі балалар мен жеткіншектердегі аутоагрессиялы паттерндердің интерактивті субблоктары және әлеуметтік перцептивті субблоктары мәселесі. Аутоагрессия тұлғаның сәтті әлеуметтік адаптациясын қабілеттілік не қабілетсіздікпен және микросоциумдегі тұлғааралық өзара әрекеттегі сәттілігімен- сәтсіздігімен байланысты. Аутоагрессияның деңгейлері тұлғаның көпшіл жатырқамау сапасымен теріс, ал тұйықтық сапасымен оң корреляцияланатыны белгілі. Тұлғаның аутоагрессия паттерндерінің әлеуметтік- перцептивті субблоктары басқа адамдарды қабылдаумен байланысты. Жеткіншектердегі аутоагрессия деңгейі басқаларды қабылдаудың негативизациясымен байланысты емес, керісінше “басқаларды” позитивті қабылдаумен корреляцияланады. Аутоагрессияның деңгейінің өсуімен байланысты басқаларды позитивті қабылдаудың күшті тенденциясы жеткіншектерде мұғалімдермен, ата-аналарымен қатынастарында көп байқалады. Аутоагрессияның деңгейі “басқалар мені қалай көреді” деген түсінікпен (екі жақты рефлекция) ғана теріс байланысты болады. Субъектінің аутоагрессиясы жоғары болған сайын ол туралы басқалардың бағалаулары жайлы түсініктер соғұрлым негативті бола түседі.
Әлеуметтік- перцептивті субблоктар тұлғаның аутоагрессивті паттерндерінің өзіндік бағалау субблок ерекшеліктерімен тура байланысты болатынын айтып кетуге болады. Аутоагрессия агрессияның басқа шкалаларымен корреляцияланбайды, ендеше аутоагрессия мәселесі агрессия психологиясының ішкі жалпы мәселесі болып табылады. Субъектінің өзіндік қабылдамау феномені аутоагрессиялы тұлғаның негізгі сипаттамасы деген ойды тұжырымдауға болады.
Жеткіншектердегі агрессия мәселесіндегі тағы бір маңызды сұрақ агрессивті реакцияларының жеткіншіктің өзіндік бағалауымен корреляциялану мәселесі. Өзіндік бағалау жоғары болған сайын жалпы агрессия көрсеткіштері де соғұрлым жоғарылай береді. Мұндай өзара байланыс инструменталды агрессия да, жауласқан агрессияға да тән болады. Өзіндік бағалау жоғарылаған сайын физикалық агрессияның көрінуге деген бейімділік те жоғарылайды (А.Реан, 1997). Парциалды өзіндік бағалау, яғни лидерлікке қабілетті өзіндік бағалау , өзінің “физикалық Менін” бағалауға бейімділік негативизм сияқты агрессия формасымен корреляцияланады.
Кейбір зерттеулер көрсеткендей агрессивті жеткіншектерде экстремалды өзіндік бағалау не шамадан тыс жоғары, не төменгі өзіндік бағалау көп байқалады (Н.Б.Трофимова). Жеткіншектердің агрессиясын түсіну үшін тек өзіндік бағалауды ғана емес, сондай-ақ өзіндік бағалау мен сыртқы бағалаудың (референті тұлғалар, мысалы мұғалімдері, құрбылары) ара қатынасын талдау керек. Егер де өзіндік бағалау сыртқы әлеуметтік кеңістікте қажетті сүйеніш таппаса, егер де жеткіншекті қоршағандардың бағалауы оның өзіндік бағалауынан төмен болса, онда агрессияны фрустрация деп қарастырылу керек.
Жеткіншектер жасындағы мінез-құлықтың бұзылуы және агрессиялықтың негізгі себептері психикалық зақымданулар, отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктер мінездің акцентуациясы, әр түрлі конфликтілермен байланысты болады.
Жеткіншек үшін барынша тезірек ересек адамның статусын жаулап алуға тырысу өзбетінше тез тәулсіздікке жету жағдайы ерекше болады. Өзінің даму кезеңін бастан кешіріп жүрген балалардың көп бөлігінде мінез-құлықтың екі түрі қалыптасады Бірінші типтегі жеткіншектер өзінің жеке позициясын сақтау үшін қоршаған орта мен өзара әрекетін өзгертуге тырысады, мәселен, олардағы негативизмді, қырсық мінезді қарсыласуды және шектен шығу сияқты сапаларды айтуға болады.
Екінші типтегі жеткіншектер микроортаның кері әсерімен ерекшеленеді, себебі қоршаған орта мен мінез-құлықтық қатынас эталоны әлі қалыптаспайды. Осының нәтижесінде өзіне, басқаларға деген қатынастарда сарапшыл емес, өзара қарым-қатынастың жағымсыз жағын норма ретінде қабылдайды. Нәтижесінде мінез-құлықтық бағдардың қалыптасуынан жеткіншектер өзіндік даму сипатын өзгертуге тырысады, алайда мінез-құлықтық бағдардың жеткіліксіз даму себебінен мақсатқа жетудің адекватты құралын таба алмайды. Сондықтан олардың динамикалық тенденциялары негізінен мазмұнды, мағыналығынан басым болады.
Егер бала өзінің агрессивті импульсивті әрекетттерін қадағалауды үйренбесе, ол жасөспірімдік жасында басым болып, жеткіншек кезеңде де өз жалғасын табады.
ӘДЕБИЕТТЕР
-
Мухина В.с. Возрастная психология М. 1998г
-
Немов Р.С. Возрастная психология М. 1995г
-
ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология негіздері №2.
-
О.В. Хухлаева Психология подростка М. 2005г.
-
Кле М. Психология подростка М. 1991.
-
И.С. Кон Психология ранней юности. М. 1989.
ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақалада жеткіншек шақтағы агрессияның кейбір ерекшеліктері қарастырылады.
РЕЗЮМЕ
В этой статье расматривается некоторые особенности агрессии подросткого возраста
АГРЕССИЯ ЖӘНЕ АГРЕССИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ
Ысқақ Г.Т. оқытушысы (Алматы қ., Қазмемқызпу)
“Агрессия” ұғымы қазiргi таңда кең көлемде қолданылады, сондықтан оны жеке мәндерден шеттету керек.
Әр түрлi авторлар өздерiнiң жұмыстрында агрессия және агрессивтiлiктi әр түрлi анықтайды: адамның туылған кездегi “орналасқан территориясынан қорғану”(Лоренц ), үстемдiлiкке ұмтылу, жеке адамның қоршаған ортадағы жау адамдарына реакциясы (Хорни, Фромм). Агрессия және фрустрацияға байланысты теорияларда да кең көлемде қамтылады (Маллер, Дуб, Доллард).
Агрессивтiлiк мәселесi бүгiнгi психологияның маңызды мәселелерiнiң бiрi. Адам өмiрiнiң маңызды оқиғасы, адамдар тіпті басқа адамдардың өміріне зиян келтіріп отырады.
Неге адамдар қоршаған ортасына зардап шектiруге ұмтылады. Неге әке – шешелерi өз балалаларын ұрады? Өз- өзiн өлтiрген адам, қалай өзiне қол көтередi?
Агрессия туа берiлген, инстинктивтi феномен болып табылады ма деген сұраққа психолог, физиолог, этолог, философтардың түрлi көзқарастары бар.
Бүгiнгi күнгi агрессия теориялары, адамның агрессивтi мiнез- құлқының себебiн және механизмiн түрлiше түсiндiредi.
Бiреулерi агрессияны инстинктивтi құмарлықпен (З. Фрейд, К. Лоренц), басқалары агрессивтi мiнез- құлық фрустрацияға деген реакция ретiнде тiркеледi. (Дәл Доллард, Л.Берковитц), үшiншiден, агрессия әлеуметтiк үйрену нәтижесi ретiнде қарастырылады. (А. Бандура).
Неғұрлым эксперименталды дәлелденген агрессияның фрустрациялық теориясы және әлеуметтiк үйрену теориясы. Дегенменде агрессияның биологиялық шартталуы туралы пiкiр-таластар жүруде. Бұрушыдан басқа, агрессия тағы бейiмделу функциясын орындайды яғни пайдалы болып табылады. (Э. Фромның анықтамасы бойынша). Ол өмiрдi қолдауға қабiлеттендiредi және виталды қажеттiлiк қаупiне деген реакция. К.Лоренц ойынша, агрессия эволюциялық дамудың маңызды элементi.
Жануарлар мiнез-құлқын бақылай отырып, түр бойынша қарсыласына бағытталған агрессия, бұл түр үшiн ешқандай зиян емес, керiсiнше, ал оның сақтау қызметiн орындайды, деген қорытындыға келедi.
Агрессия дегенiмiз не? Агрессия формалары немен байланысты? Оны модификациялауға болады ма? Оның деңгейiн ұлғайтатын немесе азайтатын факторлар қандай? Агрессияға анықтама беру қиын, агрессияны түсiнудi жақсарту үшiн, агрессияның әдеттегi түсiнiгiнен, деструктивтi мiнез- құлықпен байланысты түсiнiктi айырып алу керек.
Басқаша айтсақ, басқа адамға зиян келтiретiн мiнез- құлық пен зиянсыз мiнез-құлық арасындағы айырмашылық анықтау керек. Агрессия анықтамасы тек әрекет нәтижесiне ғана сүйенбеу қажет, ол қылық жасаған адамның ниетiн де ескеру қажет. Көптеген психологтар агрессияны басқа адамға зиян келтiруге бағытталған мiнез- құлық ретiнде бағалауға бейiм.
Э.Фромм агрессияға неғұрлым кең анықтама берген- ол тек адамға немесе жануарға шығын келтiру емес, сондай- ақ жансыз затқа да зиян келтiру. Соңғы уақыттары психологтар “агрессия” және “агрессивтiлiк” түсiнiктерiнiң синоним еместiгiн айтады.
Агрессивтiлiк – бұл агрессияға деген дайындығында, сондай- ақ басқаның мiнез-құлқын жаулық ретiнде қабылдауға және интерпретациялауға бейiмдiлiкте көрiнетiн тұлға қасиетi. Агрессияның пайда болу және дамуының бiрнеше алғы- шарттары, тұлға ерекшелiктерiне және мiнез қасиеттерiне, сондай- ақ нұсқауларға шоғырланған. Агрессияны ыстық, шу, тарлық, лас ауа сияқты сыртқы белгiлер күшейтуi мүмкiн. Бұл себептер ситуативтi сипатқа ие.
Агрессияның индивуалды детерминаттары үнемiлiк сипатқа ие, олар тұрақты. Адам, тұлғаның тұрақты қасиеттерi бекiтiлетiн мiнез- құлықтың сәттi моделiн “көбейтуге” бейiм, сондықтан қорлауға деген бейiмдердi кеңiнен қолданылатын құралдар: өлшемнiң күшеюi, жазалау уақытын ұлғайту т.б. көмегiмен қайта жасау сирек кездесетiн жағдай. Олар үшiн агрессия мақсатқа жету құралы болып табылады. Ол, олардың тұрғылық құрылымында терең тамырланған және мiнез- құлық моделi ретiнде көңiлден шығады, олар соққымен жауап беруден бас тартпайды. Бұл мәселенi шешудегi кiлт, өз- өзiне сенiмдiлiк деңгейiн жоғарлатуға, өмiрге және басқа адамдармен қарым- қатынастың қалыптасуын жоғарлатуға бағытталған психотерапия болуы мүмкiн.
Неге бүгiнгi адам өмiрлiк қиыншылықты шешу тәсiлi ретiнде агрессияға жиi жүгiнедi? Жоғарыда көрсетiлгендей, адам агрессияға үйренедi яғни агрессияның әлеуметтену үрдiсi туралы тұлғаның агрессивтi мiнез-құлық дағдыларын игеру және агрессивтi дайындығының дамуының нәтижесi ретiнде айтуға болады. Агрессияны дағдыны және үйренудi талап ететiн әлеуметтiк мiнез-құлық ретiнде қарастырады. Агрессивтi әрекет ету үшiн, адам көп нәрсенi бiлуi қажет. Мысалы, қандай сөз және әрекет зардап көрсетедi, қандай тәсiлдер ауыр тиедi т.б. Бұл бiлiмдер туа берiлмейдi, адамдар өздерiн агрессивтi үстем етіп кқрсету үшiн үйренеді.
Агрессия шынайы мадақтауды алып келедi. Басе ойынша агрессия, үлкен адамдарда да мадақталады. Агрессивтi мiнез-құлықты бекiтудiң жақсы тәсiлi – бұл тiкелей қолдау.
Мадақтау, материалды мадақтаулармен бекiту өте тиiмдi. Агрессивтi реакцияларды өзiнiң тәжiрибесiне игеру маңызды рөлге ие, бiрақ бақылау арқылы үйрену тiптi көбiрек әсер етедi.
Көптеген балалар үшiн агрессивтi мiнез-құлық үлгiсiнiң басты қайнар көзi отбасы болып табылады. Зерттеулердiң көрсетуiнше, агрессивтi балалар шығатын отбасылары үшiн, отбасы мүшелерiнiң арасындағы қарым-қатынас ерекше сипатқа ие. Осындай тенденцияларды “зорлық циклi” деп суреттеген. Агрессияға бейiм балалар, ата-аналарының бiр-бiрiне деген өзара қарым-қатынасының түрiн - қайталайды.
Баламен қатал қарым-қатынаста болу, оның құрдастарымен қарым-қатынасyда мiнез-құлықтың агрессивтiлiгiн жоғарылатып қана қоймайды, сондай-ақ, есейген шақта физикалық агрессияны тұлғаның өмiрлiк стилiне айналдыра отырып, зорлыққа бейiмдiлiгiн қабiлеттендiредi.
Спонтанды агрессия – бұл, тұлға басқа адамдардың қиыншылығын бақылай отырып сезетiн, санадан тыс қуаныш. Бұл ойламаған жерден пайда болатын, бiреудiң көңiл-күйiн бұзу, ашуландыруға деген себептелмеген қалау.
Реактивтi агрессия – адамдарға деген сенбеушiлiкте көрiнедi, ренiштi кешiрмейдi және оны ұзақ ұмытпайды.
Агрессия әлеуметтенуiнiң ординарлы және парадоксальды типтерiн бөлiп көрсетедi.
Агрессияның ординарлы әлеуметтенуi – бұл тiкелей агрессивтi мiнез-құлық дағдыларын меңгеру және тұлғаның агрессивтi дайындауының дамуы.
Агрессияның парадоксында әлеуметтенуi кезiнде тұлғаның өзгерiсi жоғарыда аталған факторларға тәуелсiз өтедi. Агрессивтiлiк тұрақты тұлғалық сипаттама ретiнде өзiндiк креомазицация мүмкiндiгiнiң басылуының мәндi тәжiрибесiнiң салдарынан қалыптасады. Бұл бағыт, тұлғаның “тұйық” және спонтанды агрессивтiктiлiк сияқты қасиеттердiң тiкелей байланысты туралы мәлiмет алуымен дәлелдендi.
Агрессияны түсiндiруде бiзге екi тiкелей түсiнiк қажет болады. Қажеттiлiк генетикалық бағдарламаланған тiршiлiк иесiнiң белсендiлiгiнiң қайнар көзi болып табылады, организмнiң iшкi күйiмен анықталады, абстрактiлi және тек мотивация арқылы көрiнуi мүмкiн.
Мотивация есте объект бейнелерiнiң және әрекеттердiң белсендiлiгiнiң физиологиялық механизмi, солармен байланысты қажеттiлiктi қанағаттандыру үшiн көптеген мотивация болуы мүмкiн. Агрессия дербес қажеттiлiк болып табылады яғни туа берiлген, абстрактiлi және өзіндік жеткілікті болады.
Агрессия өмiрлiк тәжiрбиенiң жиналу үрдiсiнде басылуы немесе күшеюi мүмкiн, бұл жерде агрессия қажеттiлiк емес, мотивация ретiнде қарастырылуы керек. Бұл мотивация туа берiлген компонентке ие, тiршiлiк иесiнiң өмiр ағысында кеңейедi және тасымалданады, мiндеттi түрде эмоциямен байланысты. Ол түрлi қажеттiлiктерге қызмет етуi мүмкiн, тiптi, жеңiл жүзеге асатын мотивацияға айналуы мүмкiн.
Агрессивтi мотивация спецификалық мотивациялармен қатар организмнiң түрлi қажеттiлiктерiн қанағаттандыруы мүмкiн. Агрессияға беретiн бiздiң анықтамамыз: Агрессия- бұл спецификалық емес, спецификалық мотивациямен үйлесе отырып организм қажеттiлiгiне қызмет ететiн көмекшi мотивация.
Агрессияның типтерiнiң бiрнеше жіктемесі бар:
Иерархиялы агрессия; түрлi жыныс өкiлдерi арасында болуы мүмкiн, мақсат – басқаның бағынуына жете отырып, өзiнiң әлеуметтiк статусын жоғарлату;
Жыныстық агрессия, мақсат – тыныштық бақталастан құтылу; иерархиялы агрессиямен тығыз байланысты.
Аналық агрессия: өз балаларын қорғау.
Территориялық агрессия және оның жеке жағдайы топаралық агрессия: территорияны қорғау;
Қорқынышпен шақырылған агрессия, критикалық агрессия сияқты. Мақсат-жақындау ара-қашықтығын сақтау.
Кедергiмен шақырылған агрессия: қандай да бiр әрекеттi жасау мүмкiн еместiгiмен байланысты, агрессивтi реакцияның кең спектрлi. Мақсат –кедергiнi шеттету.
Құрбанға жыртқыштың агрессиясы. Бақталасқа деген агрессия. Өзге Балаларға деген агрессия. Адамға деген агрессия.
Бұл агрессия типтерi көрiну және әсер ету объектiсi сферасы бойынша бiрiгуi мүмкiн. Әлеуметтi-жыныстық агрессия.
Бiрiншi, ең үлкен топ жыныстық, аналық және иеархиялы агрессияны бiрiктiредi яғни әлеуметтi – жыныстық мiнез-құлық контексiнде көрiнедi. Бұндай агрессияның типi әлеуметтiк серiкке бағытталған.
Мұндай агрессивтi реакцияның басқалардан ерекшелiгi – оның биохимиялық негiзi.
Территориялық және топаралық агрессия.
Агрессивтi мотивацияның бұл типi әләуметтi –жыныстықпен тығыз байланысты, бiрақ бөлек қарастырылуы керек. Территориялық агрессия кең мағынада сыртқа бағытталған, мұндай агрессияның объектiсi тек басқа түр ғана емес, сондай-ақ белгiлi бiр ситуациядағы кез-келген тiрi объектiлер, жоғары құнды территория зонасын бұзушы.
Тағы да бiр агрессивтi мiнез-құлықтың аспектiсi, топаралық агрессиямен байланысты – бұл “жау бейнесi”.
Адреналин – тәуелдi агрессия. Адреналин кез-келген агрессивтi реакциямен байланысты.
Қорқынышпен шақырылған агрессия, қызықты, К. Лоренц терминi бойынша критикалық реакция. Бұл вариантта агрессивтi мотивация өз-өзiн сақтау қажеттiлiгiн қанағаттандыруда қамтамасыз етедi. Агрессия қаншалақты күштi болса, қорқынышта соншалықты күштi.
Кедергiмен шақырылған агрессия, ситуация тобын қамтиды. Ол кез-келген қажеттiлiктiң қанағаттануына мүмкiндiк жасайды. Егер қандай да бiр объект қажеттiлiктi қанағаттандыруға кедергi жасаса, агрессивтi реакция мiндеттi шешуiнiң ыңғайлы тәсiлi бола алады .
Агрессивтiлiктен жеке адамның, деструктивтi тенденциясын сипаттайтын, негiзгi субъективтiлiк қарым-қатынас облысындағы қасиетiн ұғынуға болады. Адам белсендiлiгiнiң деструктивтi компонентi іс-әрекеттi жасауға қажеттi, индивидуальды даму қажеттiлiгi секiлдi.
Агрессивтiлiк сапалық және сандық сипаттарға ие. Барлық қасиеттер секiлдi, ол әртүрлi деңгейдi көрсетедi: толық жоқтықтан оның дамуының шегiне дейiн. Әрбiр жеке адам агрессивтiлiктiң анық деңгейiне ие болады. Жоқтық оны пассивтiлiкке, конформға әкеледi. Дамудың тым артық кетуi жеке адамның барлық кейпiн анықтайды яғни саналы кооперацияға қабiлетi жоқ, конфликтiлi болуы. Агрессивтiлiк субъектiнi саналы қауiптi етпейдi, келесi бiр жағынан, агрессивтiлiк және агрессия байланысының пайда болуы қаталдықты көрсетпейдi, агрессия актiсi өзi қауiптi және ұнатпаған формаларды саналы түрде қабылдамауы да мүмкiн. Агрессивтiлiк күнделiктi санада “жаман ойлың деструктивтi мiнез-құлық құндылыққа жету iс-әрекет мотивiн итермелейдi.
Сыртқы практикалық әрекетi ұқсас болуы мүмкiн, бiрақ олардың мотивациялық компоненттерi тiкелей қарама-қарсы. Осыған орай агрессивтiлiктiң пайда болуын 2 негiзгi типке бөлуге болады: бiрiншi-мотивациялық агрессия, өзiн-өзi бағалау ретiнде, екiншi-инструменталдық, тәсiл ретiнде (осыдан түсiнiп, сол және басқасы сананың бақылауында пайда болуы мүмкiн, одан тыс және эмоциялық бастан кешiрулерге iлесетiн: ашу, жауластық) Практикалық психологтарды жеке адамның деструктивтi тенденцияға қатысып тiкелей жүзеге асып пайда болуындағы мотивациялық агрессия қызықтырады. Мұндай деструктивтi тенденцияның деңгейiн анықтай отырып, ашық мотивациялық агрессияның пайда болу мүмкiндiгiн болжауға болады. қолайлы диагностикалық әдiс Басса-Даркидiң сұрақтар тiзiмi болып табылады.
А.Басс, агрессия және жауластық ұғымдарын бөле отырып соңғысын: “негативтi сезiмнiң дамуы, адамның және негативтi бағалау реакциясы” ретiнде анықтады. Агрессия және жауластықтың пайда болуына орай өзiнiң сұрақтар тiзiмiн құра отырып Басса .Дарки реакцияның мынандай түрлерiн бөледi:
1. Физикалық агрессия-қарсы адамға физикалық күш жұмсау.
2. Жанама-агрессия, астыртын жолмен басқа адамға бағытталу немесе ешкiмге бағытталмау.
3. Ашу-түкке тұрмайтын күйлерге негативтi сезiмнiң пайда болуына дайын болуы (ашуланшақ, дөрекiлiк).
4. Негативтiлiк-қарсы әдет-ғұрыпқа және заңдарға пассивтi қарсылық мiнез-құлықтан активтi күреске дейiнгi оппозициялы манера.
5. Ренiш-айналадағы шын және жалған әрекеттерге күншiлдiк және жек көрушiлiк.
6. Күмәндi-басқа адамдарға зиян әкелу және жоспарлауға байланысты, сенбеу және сақтық диапазонынан бастап басқа адамдармен қарым-қатынасына сенуге дейiн.
7. Вербальды агрессия-негативтi сезiмдi форма (айқайлау, у-шу) арқылы көрсету, сонымен қатар сөздiк жауаптың мазмұны арқылы (қарғыс, байбалам).
8. Кiнә сезiм-субъектiнiң мүмкiн сенiмдерiн көрсету, яғни оның жаман адам болып табылуы, жамандық жасауы, сонымен қатар олардың намысына тиюi.
Сонымен , агрессия бұл тіршілік ету үшін де қажет. Агрессияны дағдыны және үйренуді талап ететін әлеуметтік мінез-құлық ретінде қарастырылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Бирюшев Р.Р. Психология агрессивности и делинквентности.-Из-во. Кокшетауского ун-та. 2003
2. Беркович Леонард. Агрессия: причины, последствия и контроль.-СПб прайм-УВРОЗНАК, 2002.
3. Аронсон Э., Уилсон Т., Эйкерт.Р. Социальная психология. Психологические законы поведения человека в социуме.-М.;-СПб.: прайм. ЕВРОЗНАК, 2002.
ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақалада агрессия және агрессивті мінез-құлықтың табиғаты жайында айтылады.
РЕЗЮМЕ
В этой статье рассматривается агрессия и природа агрессивного поведения.
П С И Х О Л О Г И Я Н Ы Ң Б Ү Г І Н І М Е Н Б О Л А Ш А Ғ Ы
Достарыңызбен бөлісу: |