Қазақ мемлекеттік қыздар


РОЛЬ ЭТНИЧЕСКОГО НАСЛЕДИЯ ПРОШЛОГО



бет9/17
Дата02.07.2016
өлшемі1.16 Mb.
#172885
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

РОЛЬ ЭТНИЧЕСКОГО НАСЛЕДИЯ ПРОШЛОГО

В РАБОТЕ С ДОШКОЛЬНИКАМИ .
Тойшыбекова М.К. магистр психологии, преподаватель

(г. Алматы, Казгосженпу)


Каждое новое поколение должно знать самобытное наследие своих предков, познавать духовную культуру народа, постигать тот общественный опыт, который был выработан в ходе исторического прогрессивного развития общества.

Известный психолог А.Н.Леонтьев отмечал, что «детство – это период первоначального фактического складывания личности, период развития личностных механизмов поведения». Именно детские годы формируется самобытность личности, устанавливаются первые связи и отношения, которые образуют новое, высшее единство деятельности и вместе с тем новое, высшее единство субъекта- единство личности.

Следовательно, данные период наиболее важен,т.к. фактически именно в дошкольном возрасте закрепляются психологические стереотипы поведения личности. По мнению профессора Х.Т. Шерьяздановой «воспитание- это общение, прямое или косвенное, опосредственное или непосредственное, осознанное или неосознанное, согласованное или несогласованное». Поэтому особое внимание должно быть уделено вопросам общения в процессе развитии личности ребенка и от того, в какой мере освоит малыш этику общения, зависит и его общее психическое развитие. Вот почему обращение к истокам самобытной этнической культуры казахского народа представляет сегодня не только научный интерес, но и большое практическое значение. Опираясь на теорию Л.С.Выготского о зонах ближайшего развития, следует развивать познавательные интересы детей через постижение богатого культурного наследия прошлого, знакомя детей с творчеством и идеями выдающихся сынов казахского народа,что обогащает дошкольников духовно, формируя положительное отношение к народной мудрости, не утрачивающей свою актуальность и в наши дни. Следовательно, в воспитательной работе в детских садах необходимо ориентироваться на доступное детям усвоение этических и этнических стереотипов общения, издавна принятых в обществе. Известно, что идеалами и ценнейшими качествами национальной самобытности казахов всегда было красноречие и гостеприимство, уважение и терпимость к окружающим, прочность семейных и родственных отношений, память о предках. Приобщение к национальной культуре казахского народа ныне предусмотрено учебными программами по дошкольному и школьному образованию и воспитанию, Однако оно может быть существенно расширено и углубленно, дополнено новыми именами, составляющими гордость казахского народа.

По разработанной, совместно с В.ВЧистовыми, программе по углублению познавательной активности детей по освоению духовного наследия казахского народа были запланированы и проведены практические исследования с детьми старшей и подготовительной групп с детского сада. В ходе проведения занятий и бесед, посвященных знакомству детей с наследием ученого-энциклопедиста Аль-Фараби и великого мыслителя XIX столетия Абая Кунанбаева отмечался положительной эффект по расширению кругозора детей на основе приобщения их к бессмертному наследию предков, их заветам и наставлениям, способствовавших формированию менталитета казахской нации.

Важнейшим этапом работы с детьми было рассматривание портретов мыслителей, чтение вслух книжки К.Сапарбаева «Жас Фараби» и стихов Абая. Картинки, имеющиеся в книге, проецировалась на экран. Дети слушали и смотрели достаточно внимательно. Они узнали о «Большой книге о музыке» и некоторых других трудах Аль-Фараби, искусстве исполнительства и гениальных мыслях ученого об умеренности и других этических принципах поведения. На заданные вопросы по тексту книги о жизни и творчестве Аль-Фараби им известно. Сестра одного из мальчиков учится в Университете им. Аль-Фараби, а у двух девочек родственники живут на проспекте Аль-Фараби. Многие дети подтвердили, что они видели портрет

Аль-Фараби на денежных купюрах. Затем дети также отвечали на вопросы об известных им ныне выдающихся личностях. И хотя не все дети смогли выразить свои мысли словами, они выражали свои эмоции, свидетельствующие об их интересе к прочитанному. Абая Кунанбаева многие дети узнали сразу, вспомнили, что у них уже проходили занятия, посвященные Абаю, также вспомнили, что в г.Алматы есть памятник Абаю и проспект им.Абая. из этого был сделан вывод, что дети способны усваивать подобный материал. Они узнали много нового о его жизни и о его мудрых словах назидания, содержащих этические наставления, выучили наизусть его стихи, послушали песни обсуждали его идеи. Дети очень активны в познании. Об этом стремлении детей к познанию нового и прекрасного очень мудро заметил ещё сам Абай: «дитя стремится ко всему, что видят глаза, слышат уши: тянется к блестящему предмету, пробует его на ощупь и вкус, ищет сближение с домброй или свирелью, услышав необычные звуки». Следуя его наставлению необходимо дать детям такую возможность, постоянно обогащая их память познанием народной мудрости и заветов их великих предков, что, несомненно способствует развитию восприятия, памяти, мышления, воображения, творческих способностей, приобщит их к древней многовековой культуре казахского народа на основе бесед с детьми о их впечатлениях.

Можно заключить, что для того чтобы сформировать, этническую личность, впитавшую в себя многовековые традиции и заветы предков, существенно помогает чтение детской литературы. Использование народной мудрости на основе эпоса, сказок, рассказов, стихотворений, отдельных высказываний мыслителей прошлого существенно обогащает познания детей, расширяет их кругозор, приобщает к народной национальной культуре. Она лучше способствует лучшему психологическому развитию ребенка, формирование его этнической культуры, любви к своему народу, уважение к старшим, в умении ценить национальный фольклор, знать, и почитать своих акынов. Этническая самобытность традиций и мудрых наставлений, ставших основой воспитания ещё в дошкольном возрасте, непроизвольно становятся составной частью менталитета подрастающего поколения, т.к. активное восприятие духовных ценности народа, неизменно обогащает ум и душу ребенка, приобщая его к сокровищнице национальной культуры. На основании проведенных исследований по разработанной программе можно рекомендовать существенно дополнить учебные программы детского сада рассказами и сказками Ыбрая Алтынсарина, проводить больше бесед с детьми о народных акынах- жырау, просветителях Казахстана и мыслителях прошлого, что приобщает детей к традициям своего народа и будет способствовать формированию личности на основе древней и самобытной традиции казахского этноса.
ЛИТЕРАТУРА

1.Абай Кунанбаев. Избранное – Алма-ата,1981.

2.Абай Кунанбаев. Слова назидания.-Алма-ата,1983.

3.Аль-Фараби.Избранные трактаты.Алматы,1994.

4.Аль-Фараби.Трактат о музыке.// Курьер ЮНЕСКО.1973. №6.

5.Выготский Л.С. Собр.сочинений в 6-ти т.Т.1.-М.,198

6 Чистов В.В.Тойшыбекова М.К. Психологические воззрения мыслителей дореволюционного Казахстана. - Алматы, КазГАСА,2006.
РЕЗЮМЕ

Рассматривается формирование личности дошкольника на основе древней и самобытной традиции казахского этноса.


ТҮЙІНДЕМЕ
Қазақ халқының этностық салт-дәстүрінің негізінде мектепке дейінгі жастағы баланың тұлғалық қалыптасуы қарастырылады.

БАЛАНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ОЙЫННЫҢ РОЛІ
Тоқтағұлова Г.Б. оқытушы (Алматы қ., Қазмемқызпу)
Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері тез қалыптасады.Ойын кезінде іс-әрекеттің кейін дербес мәнге ие болатын өзге түрінің де негізі қаланады. Ойын әрекеті психикалық процестер ырықтылығының қалыптасуына әсер етеді. Сонымен балаларда ырықты зейін мен ырықсыз ес дами бастайды. Ойын жағдайында балалар лабораториялық тәжірибие жағдайынан басқа әр нәрсеге жақсы зейін тоқтатады және көбірек есінде сақтайды. Бала үшін саналы мақсат (зейін тоқтату,есте сақтау, еске түсіру) ойын арқылы ерте және бәрінен оңай бөлінеді. Ойын шарттарының өзі баладан ойын жағдайында ендірілген заттарға, ойналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала алдағы ойын жағдайының талабына зейін қойғысы келмесе,ойын шарттарын есте ұстамаса, оны құрдастары ойыннан шеттетеді. Қарым-қатынасқа эмоциялық мадақтауға қажеттілік баланы мақсатты бағытталған зейін тоқтатуға және есте сақтауға мәжбүр етеді.

Ойын жағдайлары мен ондағы іс-әрекеттер мектепке дейінгі шақтағы баланың ақыл-ой әрекетінің дамуына үнемі әсер етеді. Ойында бала заттың баламасымен іс-әрекет жасауға үйренеді. Ол балама затқа ойынға сәйкес ат қояды және осы қойылған атқа іс-әрекет етеді. Балама зат ойлау тірегі болады. Балама затпен іс-әрекет ету негізінде бала сол зат жөнінде ойлауды үйренеді .Біртіндеп заттармен жасалатын ойын қимылдары азая түседі, бала заттар туралы және олармен ақыл-ой тұрғысынан іс-әрекет жасауды ойлауды үйренеді. Сонымен, ойын едәуір дәрежеде баланың ұғым тұрғысынан ойлауға көшуіне көмектеседі.

Сонымен қатар ойын әсіресе және баланың сюжетті рольді ойынындағы шынайы өзара қарым-қатынасының тәжірібиесі өзге адамдардың көзқарасын түсінуге, олардың келешектегі мінез-құлқын болжап білуге және осының негізінде өзінің жеке басының мінез-құлқын құруға мүмкіндік беретін ерекше ойлау қасиеттері жатады.

Ойын тілдің дамуына өте зор ықпал тигізеді. Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл қарым-қатынасы дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді. Егер баланың ойынның барысына қатысты өз тілегін анық айтуға мүмкіндігі болмаса, егер ол бірге ойнап отырған өз жолдастарының сөз арқылы берілген нұсқауларын түсінуге қабілеті жетпесе, онда ол құрдастарына масыл болады. Құрдастарымен түсінісу қажеттігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады.

Рольді ойын қиялдың дамуында анықтаушы орын алады. Ойын әрекетінде бала бір затты екінші затпен алмастыруға, өзіне түрліше рольдерді алуға үйренеді. Қиялды дамытудың негізіне қабілет жатады. Мектепке дейінгі ересек балалардың ойындарында балама заттардың болуы міндетті емес. Балалар затты ойша түсінуге және олармен амал істеуге және өз қиялында жаңа жағдайларды жасауға үйренеді. Мұндай жағдайда ойын баланың ішкі дүниесіне өтеді. Нәзік саусақтармен жағын сүйеп,ойға шомған кішкентай қыздың қуыршаққа қарап отырған фотографиясын алты жасар қыз көріп тұр. Қуыршақ іс тігетін ойыншық машинаның жанына отырғызылған. Қыздың айтқаны: «Кішкентай қыз өзінің қуыршағы іс тігіп отыр деп ойлайды». Кішкене қыз өзінің түсіндіруі бойынша тек оның өзіне тән ойын тәсілін тапты.

Баланың жеке басының дамуына ойынның өз ықпалы бар. Ойын арқылы бала ересек адамдардың мінез-құлқы және қарым-қатынасымен танысады, ал бұлардың бәрі оның өз мінез-құлқының үлгісі болады.,өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауға қажетті қасиет болып саналатын араласа білудің негізгі дағдыларына ие болады. Ойын баланы еліктіре және өзіне алған роліндегі ережелерді орындауға итермелей отырып, сезімнің және мінез-құлықтың ерікті жігерді реттеудің дамуына себепші болады.

Баланың іс-әрекетінің жемісті түрлері саналатын сурет салу мен құрастыру мектепке дейінгі балалық шақтың түрлі кезеңдеріне ойынмен тығыз байланысты. Мәселен, сурет сала отырып бала қандайда бір сюжетті ойнайды. Балалар өзара қырқысып жатқан, бірін-бірі қуып бара жатқан аңдардың, қонаққа бара жатқан және қонақтан қайтып келе жатқан адамдардың, соққан желден құлап түсіп жатқан алманың т.б.суреттерін салады. Текшелерден бірдеңені құрастыру ойын барысында ұштасады. Шофер ролін алған бала блоктарды машинадан түсіретін жүк түсіруші болады, ақырында ол үй тұрғызушы құрылысшы-жұмысшыға айналады. Бірлесіп ойнағанда бұл міндеттерді бірнеше бала өзара бөліседі. Сурет салуға, құрастырушылыққа деген ынталары басында тек ойын мақсатына сәйкес сурет, құрастыруға бағытталған процесс ретінде болады. Тек мектепке дейінгі естияр да ересек жастағы балаларда ынта іс-әрекеттің нәтижесіне (мысалы, суретке) ауысады да іс ойын ықпалынан азат етіледі.

Ойын іс-әрекеті ішінде оқу ісі де қалыптаса бастайды, кейінірек ол бала іс-әрекетінің басты түріне айналады. Оқу ісін ересек адам енгізеді, бірақ ол тікелей ойыннан пайда болмайды. Бірақ мектеп жасына дейінгі бала ойнай жүріп оқи бастайды. Ол оқуға белгілі бір ережелері бар рольді ойынның ерекше түрі ретінде қарайды. Әйтсе де осы ережелерді орындап жүріп,қарапайым оқу әрекетін меңгеріп жүргенін баланың өзі де аңғармайды. Үлкендердің оқуға көзқарасы ойынға көзқарастан бүтіндей өзгеше. Үлкендер баланың оқуға көзқарасын ақырындап байқаусыз қалыптастырады. Балада оқуға деген тілек пен бастапқы іскерліктері қалыптасады.

Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда бұл қазіргі баланың, әдетте, көп уақыттың өзіне қызғылықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психикасында сапалық өзгерістер туғызатындығынан болады.

Мәселен, қолына түскен затпен қимылдар жасағанда немесе үлкендердің үйреткендерін орындағанда (әсіресе, шынайы заттармен емес,ойыншықтармен орындалса) бала ойнап отыр деп жиы айтамыз. Бірақ бір әрекетімен екінші бір әрекетті, бір затпен екінші бір затты бейнелегенде ғана нағыз ойын болады. Ойын әрекеті белгілік (символикалық) сипатта өтеді. Тек ойында ғана бала санасында белгілік функция қалыптасатындығы неғұрлым айқын байқалады. Белгілік функцияның ойын үстінде көрініуінің өз ерекшеліктері бар. Заттар мен ойын балаларының ұқсастығы, мәселен, суреттің бейнеленген болмысқа (шындыққа) ұқсастығы әлдеқайда төмен болады. Әйтседе ойындық алмастырғыштар балама затпен әрекет жасағандай дәрежеде олармен әрекет жасауға мүмкіндік беруге тиіс.

Сондықтан бала таңдап алынған заттың баламасына өзінше ат беріп және белгілі бір тән қасиеттерді таңа отырып, оның да кейбір ерекшеліктерін ескереді. Мектеп жасына дейінгі бала негізгі заттың баламаларын таңдағанда олардың нақты шынайы қарым-қатынастарын негізге алады. Мысалы, шырпының талы-қонжық, тұтас талы-кірекей (ана аю), шырпы қорабы-қонжықтың төсек-орны болатындығына ол бірден келіседі. Бірақ қораптың- қонжық, шырпы талы-оның төсек орны болуы керек деген шешімге ол мүлде келіспейді. Бала бұған: «Бұлай болмайды»,-деп жауап береді.

Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс-әрекетінде заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір рольді алады да, сол рольге сәйкес іс-әрекет жасай бастайды. Бала өзін аттың немесе қорқынышты аңның орнына қоя тұрса да, көбіне ол ересек адамдарды: анасын, тәрбиешісін, ұшқышты, шоферді бейнелейді. Балаға ойын іс-әрекеті процесінде адамдар арасындағы қарым-қатынастар, олардың құқықтары мен міндеттері біртіндеп ашыла түседі.

Айналасындағыларға қатысты міндеттер –баланың өз басына алған рольді орындау қажет екендігін сезгендігі .Өзге балалар одан өзіне алған ролін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушының ролінде бала өзінің алғандары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің ролі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя білу және тағы басқаға да міндеттейді. Міндеттерді орындай отырып, бала ойынға қатысушылардың ролін орындайтын басқалардың да құқықтарына да ие болады. Мәслен, сатып алушының роліндегі бала өзіне ойыншықтар сөресінде бар кез келген тауарды жіберуді талап етуге және басқа сатып алушыларға жасалатындай қатынасты талап етуге құқығы бар. Дәрігер өзіне құрмет пен сенімділік қарым-қатынасты, өзі берген нұсқауларды емдеушілердің орындауларын талап етуге құқығы бар. Сюжетті ойынның мәні рольді орындаушының өзіне қойылған міндеттерттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты құқықтарын іске асыру болып табылады. Балалар өздерінің рольді ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан, үлкендердің еңбектегі іс-әрекеті мен олардың еңбектегі қарым-қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын (космостық ұшулар) және басқаларды бейнелейді. Балалар ойындарында көрсетілетін шындық рольді ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым кең де сан алуан келеді. Сондықтан да, мектепке дейінгі кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын,ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. Бес-алты жастағы балалар қонақтар, қызы мен анасы, балабақша ойындарын ғана емес, ауыл, қала өмірі, көпір салу, космос кораблін ұшыру сияқты ойындарды да ойнайды.

Ойын сюжетінің әр алуандығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да артады. Мектепке дейінгі ересектерінің ойыны бірнеше сағатқа, кейде тіпті бірнеше күнге созыла береді. Балалар ойынының кейбір сюжеттері мектепке дейінгі кішкентайларда да, ересектерінде де қызы мен анасы, балабақша ойындарында да кездеседі. Бірақ ойын сюжеттері мектепке дейінгі жастағы балалардың бәріне ортақ болғанымен ойындардың ойналу сипаты түрліше: бір тақырып төңірегінің өзінде мектепке дейінгі ересектер ойынына қарағанда анағұрлым алуан түрлі. Әрбір жасқа ортақ сюжет төңірегінде болмысты түрлі жақтарынан көрсете білу тән.

Мектепке дейінгі кіші жастағы бала, рольді ойындағы сияқты ойын сюжетін жоспарламайды, ол қолына іліккен затқа байланысты өздігінен пайда болады. Мысалы, баланың қолында түтік болса, ол дәрігер, ал термометр болса, онда ол медсестра болады. Балалар арасындағы негізгі талас іс-әрекет жасайтын заттарды иемденуден пайда болады. Сондықтан да бір машинаны бір мезгілде екі шофер жүргізіп келе жатады, ауруды бірнеше дәрігер қарайды, түскі тамақты бірнеше ана пісіреді. Міне, сондықтан да рольдер бір заттан екінші затқа ауысуға байланысты жиы ауысып отырады.

Сонымен бірге мектепке дейінгі кіші жастағы балалар арасында ойынның мазмұны ретінде көбіне адамдар арасындағы қарым-қатынас көрінеді.

Мектепке дейінгі кішкентайлар өз ойындарында тым шағын, тар сюжеттер төңірегінде қарым-қатынастар жасайды. Әдетте, балалардың өздерінің практикасымен тікелей байланысты ойындар. Кейінірек ойындарда адамның қарым-қатынастарын бейнелеу басты орын ала бастайды. Мәселен, мектепке дейінгі естиярлардың ойыны мынадай сипатта өтеді. Баланың ойыны шексіз қайталанбайды, бір ойын екінші ойынға ауысып отырады. Ойын кезінде адамдар арасындағы қарым-қатынасты толығынан бере білу баланы белгілі ережелерге бағынуға үйретеді. Ойын арқылы балалар үлкендердің қоғамдық өмірімен таныса отырып, адамдардың қоғамдық функциясы олардың арасындағы ережелерін түсінуге де араласады.

Ойында қарым-қатынастың ойындық және нақтылы деп аталатын екі түрі болады. Ойындағы өзара қарым-қатынас мазмұн мен рольдің қарым-қатынасын бейнелейді.

Шынайы қарым-қатынас — ортақ істі орындау кезіндегі балалардың серіктестік,жолдастық, ретіндегі бір-бірімен қарым-қатынасы. Ойын кезінде балалар арасында ынтымақтастықтың белгілі бір түрлері пайда болады. Ойын баладан көпшіл болуды, қарым-қатынас орнату және оны үзбеу үшін өз қылығымен үйлестіре білу қабілеті сияқты қасиеттерді талап етеді.
ӘДЕБИЕТТЕР

«Мектепке жасына дейінгі бала психологиясы» В.С. Мухина 1986

«Жас және педагогикалық психологиясы» Мұқанов

«Отбасы: бала мен ата-ана» С. Қоңырбаева

«Практикум по педагогической психологии» Н.Г.Молодцова

«Возрастная психология» Выготский


ТҮЙІНДЕМЕ

Әлеуметтік маңызды ролдерді меңгерудегі ерекшеліктер мен психикалық жаңа құрылымдардың қалыптасуындағы басты қызметі мақалада қарастырылады.


РЕЗЮМЕ

В статье рассматривается роль игры как ведущая деятельность в формировании психических новообразовании в особенности освоении социально- значимых ролей.


ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕСІ
Түебақова Н.А. п.ғ.к.(Алматы қ., Қазмемқызпу)
Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы. Қазіргі кезде қатынас мәселесін психология, философия, әлеуметтану - осы сияқты әр саладағы ғылымдар жан-жақты зерттейді. Мысалы, 60 жылдары Б.Д. Парыгин қарым-қатынасты әлеуметтік психологияның зерттейтін бірден-бір пәні ретінде бөліп қарастырды. Сондықтан да қарым-қатынас таза психологиялық құбылыс, күрделі және көп жақты процесс сияқты талданды.

Леонтьев А.А. “қарым-қатынас” ұғымын әмбебап коммуникативті әрекетке, яғни қарым-қатынасқа белгілі бір іс-әрекет түріне сияқты қарау керек деп есептейді.

Қарым-қатынасқа ең жалпы анықтаманы Б.Ф.Ломов берді: “…Қарым-қатынас адам тұрмысының индивидуалды формасының маңызды жағы болып табылады”. Ол қарым-қатынас іс-әрекетінің әр түрлі формалары, деңгейлері, түрлері жайлы және оның құрамдас бөліктері: сан алуан ақпарат алмасу процесі, коммуниканттардың өзара әрекеттесуі- жайлы сөз қозғайды. Б.Ф.Ломов қарым-қатынастың деңгейлерін былайша:


  1. Макродеңгей

  2. Мезодеңгей

  3. Микродеңгей

Макродеңгей - индивидтің басқа адамдармен қалыптасқан қоғамдық қатынастарға, дәстүрлер, салтқа сәйкес қарым-қатынас жасауы.

Неміс- американдық психологы К.Левин адамдарға топ арқылы әсер етудің мәселелерін зерттеген. Осындай әсерлер ертеден-ақ белгілі. Бақсылық көріністер, науқасқа әсер етудің ритуалдық жолдары көпшіліктік топ ішіндегі эмоциялардың қозуын күшейтеді, оның бір адамнан екіншіге, одан басқаларға берілу, таралу өрісін кеңейту арқылы психологиялық тұрғыдан әсер етеді. Иландыру, сендіру әрекетінің топ арасында еселеніп, күшейетіндігін бақсы-балгерлер игерген. Соның арқасында бақсылық әрекеттер топта санасыз қабылданып, түрлі қылықтарға илану, психологиялық әсердің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, тренингтік топтардың жетіліп, дамуыда Левин есімімен байланысты. Ол АҚШ –та 1933 жылы топтық динамика, әлеуметтік әрекет және басқа да топтық феномендер мәселесін шешумен айналысқан. Осыған қатысты Левиннің өрістер теориясы индивидтің мінез-құлқын анықтайтын бірлескен және байланысқан факторлар жиынтығын құрайды. Бұл факторлар жиынтығы жеке адамдарды, оның ортасын қамтып, бір психологиялық өзгерістерге ұшырайды. Топтық динамика ұғымын да алғаш қолданған осы ғалым болған. Г.М.Андреева өзінің “әлеуметтік психология” еңбегінде қарым-қатынас мәселесіне қатысты әлеуметтік психологиялық тұрғыларды интеграциялауға тырысты. Г.М.Андреева әр түрлі көзқарастарды біріктіре және жалпылай отырып, қарым-қатынастың кез келген формалары адамдардың бірлескен іс-әрекетінің спецификалық формасы болып табылады: яғни адамдар әр түрлі қоғамдық қызметтерді орындау процесінде тек қарым-қатынас қана жасап қоймайды, олар әрқашанда соған байланысты кейбір іс-әрекеттермен де қарым-қатынаста болады - деп тұжырымдайды. Сондай-ақ қарым-қатынасты зерттеуде оның құрылымдық компоненттерін де анықтау керек. Осыған байланысты зерттеу барысында М.Андрееваның қарым-қатынастың құрылымын талдау нәтижесіне жүгінейік. Ол қарым-қатынасты бір-бірімен өзара байланысты үш жағынан қарастырды: коммуникативтік, интерактивтік және перцептивтік.

Қарым-қатынастың коммуникативтік жағы немесе тар мағынадағы коммуникация мәлімет беру – алмасу мәселесімен анықталады;

Интерактивтік жағы қарым-қатынас жасаушы индивидтердің өзара әрекеттестігінің ұйымдасуымен қорытындыланады.

Перцептивтік жағы адамдардың бірін-бірі қарым-қатынас арқылы қабылдауы мен тануы және осы өзара танымның негізінде қалыптасу процесін білдіреді. Ғалым бұлай жіктеп, бөлудің шартты екендігін, қарым-қатынас үрдісінде оның үш жағы да көрінетіндігін айтып кетеді.

Р.С.Немов та қарым-қатынас құрылымын жіктеуге баса назар аударды. Яғни ол мазмұны бойынша қарым-қатынастың келесі түрлерін бөледі: материалдық (зат пен іс-әрекет өнімдерімен алмасу), когнитивтік (білімдермен алмасу), кондициондық (психикалық және физиологиялық жағдайлармен алмасу), мотивациялық (мақсатпен, қызығушылықпен, мотивпен, қажеттілікпен алмасу), іс-әрекеттік (әрекетпен, операциялармен, іскерлікпен, дағдымен алмасу).

Мақсаты бойынша (яғни адамда белсенділік неден пайда болады деген) биологиялық және әлеуметтік қарым-қатынас деп бөледі.

Тәсілі бойынша (кодпен хабарлау, жіберу мәліметтің шифрді ашу амалымен) қарым-қатынас тура және жанама болады.

Түрлері бойынша- іскерлік (әдетте адамдардың қандай да бір бірлескен өнімді өндіруінің іс-әрекеті сияқты болады), тұлғалық (көбіне адамның ішкі сипатының психологиялық мәселелерінің аймағына шоғырланған), құралдық (яғни өзіндік мақсат болып табылмайтын қарым-қатынас өзбеттілік қажеттілікпен стимулданбайды), мақсаттық (спецификалық қажеттілікті қанағаттандыру тәсілі бойынша өзіне-өзі қызмет ету қарым-қатынасы) болып бөлінеді.

Қарым-қатынас жайлы адамдардың бір-біріне өзара ықпалы В.М.Бехтеревтің әлеуметтік психологиялық және ұжымдық экспериментінде басты орын алады.

В.М.Бехтерев (1907, 1921) әлеуметтік- психологиялық теориясында қарым-қатынас процесіне әлеуметтену механизмі сияқты адамдардың бір-біріне өзара психикалық ықпалын, оның дамуын кіргізеді. В.М.Бехтеревте қарым-қатынас адамдарды топқа біріктіру механизмі, тұлға әлеуметтенуінің шарты сияқты қарастырылады. В.М.Бехтерев: неғұрлым адамдардың айналадағы қарым-қатынасы бай әрі жан-жақты болса, соғұрлым тұлғаның дамуы нәтижелі түрде іске асырылады- дейді. “…Әр түрлі ортада қарым-қатынаста болғандар басқа адамдармен салыстырғанда жан-жақты дамыған болады”.

В.М.Бехтерев қарым-қатынасты “тікелей” және “орташа” деп ажыратады. Қарым-қатынастың тікелей түрінде ол еліктеу мен көндіруді жатқызады, еліктеуге адамның өзара индукциялық және зерттеулік механизмі арқылы тұлғалық өсуге тән факторлық ролді жатқызса, ал көндіруді психикалық жағдайдың бір адамнан басқаға оның еркінің қатысуынсыз санасыз түрде берілу процесі сияқты анықтайды. Оның ойынша: “адамдардың белгілі бір эмоциялық жағдайларды жұқтыруы, оларды логикалық ақыл қортындыларына көндіруге тырысқаннан, әлдеқайда жылдам, әрі эффективті жүреді”.

В.М.Бехтерев идеяларының дамуы өзінің шәкірті В.Н.Мясищевтің, одан кейін А.А.Бодалев, Б.Г.Ананьев сияқты ізбасарларынан жалғасын тапты.

Қарым-қатынасты философиялық тұрғыда талдаған танымал ғалымдардың бірі- М.С.Каган. Ол қарым-қатынасты субъект арқылы өзара әрекеттесу деп түсінеді. Оның көзқарасына сәйкес, тек өзара әрекеттесу қарым-қатынас болып келмейді, себебі мұнда біз субъекті ретіндегі адамға деген қатынасты ғана қарастырып отырамыз. Ал бұл оның пікірінше қарым-қатынасқа жатпайды.

М.С.Каган қарым-қатынастың төрт функциялы жағдайын бөліп қарастырады:


  • қарым-қатынас субъектінің өзара мақсаты әрекеттесуінен тыс;

  • қарым-қатынас мақсатты өзара әрекеттің өзінде;

  • қарым- қатынас партнердің (қарым- қатынас инициаторының) тәжірибесіне, құндылықтарына ортақтасу;

Қарым-қатынас түрлері функциялы жағдайларға сәйкес қарастырылады: қарым-қатынасқа бола, басқаны өз құндылықтарына және өзгенің құндылықтарын өзіне ортақтастыру ретінде заттық іс-әрекет ету. Бірінші түрге мысал ретінде қарым-қатынастың іс-әрекет мақсаттарын іске асыратын дәстүрлер, ойындардағы қарым-қатынасты алуға болады, екіншісіне достық қарым-қатынас, үшіншісіне- тәрбие, төртіншіге- өзін-өзі тәрбиелеу. Берілген жіктеуден қарым-қатынас мақсаттары мен құралдары арасындағы байланысты аңғаруға болады.

В.А.Мясищевтің еңбегінде қарым-қатынас белгілі бір жағдайда бір- біріне қатысты бір-біріне әсер ететін нақты тұлғалардың өзара әрекеттерінің процесі сияқты түсіндіріледі.

А.А.Бодалев қарым-қатынасты іс-әрекеттің ерекше түрі деп қарым-қатынасты адамның тұлға және іс-әрекет субъектісі және жеке даралық ретінде дамуының негізгі факторы болатынын атап өтеді. Қарым-қатынастың тәрбиелік мәнін ол тек дүниетанымды кеңейтуде ғана емес, сонымен қатар, тұлға интеллектісінің дамуында да деп қарастырады.

В.А.Кан-Калик педагогикалық процесте қарым-қатынас арқылы байқалмайтын, бірақ өте маңызды тәрбиелік өзара қатынастар жүйесі қалыптасатын және оның ЖОО-да тәрбиелеу мен оқыту тиімділігін арттыратынын айтқан. Оның ойынша, қарым-қатынас адамгершілік –құндылық әлеуетке ие. В.А.Кан-Калик қарым-қатынас функцияларын ішкі және сыртқы деп бөледі. Олардың әрқайсысының құрамдас бөліктері бар. Сыртқы: ақпараттық-коммуникативті, тұлға аралық қатынастарды өзара танымды етіп ұйымдастыру, бейімделу. Ішкі: эстетикалық, дәмдік, мінез-құлықтық, әдептік.

М.А.Буева қарым-қатынасты тек рухани ғана емес, сонымен бірге материалдық, әлеуметтік – шынайы процесс ретінде қарастырады. Онда іс-әрекетпен, тәжірибемен, дағдылар мен икемділіктермен алмасу іске асады. Т.В.Пеленина қарым-қатынастың тұлға қалыптасуындағы ролі тұрғысынан қарастырып, оны қалыптасудың бір факторы ретінде есептейді. Ол студенттердің топтық іс-әрекетінің реттеушісі болып келеді. Сонымен, қорытындылай келе, қарым-қатынастың субъект- субъектілік қатынастар болып келетінін айтуға болады, себебі ол іс-әрекетті және үлкен рухани адамгершілік-құндылықтық әлеуетті қамтиды.

Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге ол сол қасиеттер қарым-қатынаста қалыптасады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамның азаматтық тәжірибені игеру, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы түрде қарым-қатынасты былайша анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық. Қарым-қатынастың мазмұнына, мақсатына, құралдарына қарай бірнеше түрлерін бөліп қарастыруға болады. Мазмұны бойынша ол материалды түрде (іс-әрекет өнімдері және заттарымен алмасу), когнитивті түрде (біліммен алмасу), кондиционды түрде (психикалық және физиологиялық жағдаймен алмасу), мотивациялық түрде (қажеттіліктермен, түрткілермен, қызығушылықтармен, мақсаттармен алмасу), іс-әрекеттік түрде (әрекеттермен, амалдармен, икемділіктермен алмасу) болады. Қарым-қатынас құралдарына келетін болсақ, оны қарым-қатынас үрдісінде біреуден екіншіге берілетін ақпаратты кодтау, тасымалдау, өңдеу әдістері арқылы анықтауға болады. Ақпаратты кодтау – бұл біреуден екіншіге ақпаратты беру әдісі. Мысалы, ақпарат тікелей денелік контакт көмегімен (денемен, қолмен сүйену) беріледі. Ақпарат сезім мүшелері арқылы белгілі қашықтықта беріле алады (бір адамның екіншіні сырттай, оның іс - әрекетін бақылауы). Аталғандардан басқа да ақпарат беру тәсілдері белгілі. Оларға тіл және белгілік жүйелер; жазу түріндегі (мәтін, сұлба, сурет, сызу), ақпаратты сақтау және беру (радио - видеотехника) жатады.

Құралдары бойынша қарым – қатынас тікелей емес, тікелей (тура) және жанама болады.

Тікелей емес қарым – қатынас табиғи мүшелер (қол, бас, дене) арқылы жүзеге асады. Тікелей емес қарым – қатынас жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық байланыс.

Тікелей қарым – қатынас ақпаратпен алмасу және қарым – қатынасты ұйымдастыруға арналған арнаулы құралдарды қолданумен байланысты. Бұлар табиғи заттар (таяқ, тас, жердегі із, т.б.) немесе мәдени (белгілік жүйелер, символдар жазбасы, радио теледидар). Тура қарым –қатынас қатынас кезіндегі бір – бірімен сөйлесіп отырған адамдардың жеке байланысты қабылдауы, мысалы: дене байланыстары, адамдардың бір-бірінің әрекеттеріне жауап қайтару. Жанама қарым-қатынас басқа адамдар арқылы жүзеге асады. Мысалы, мемлекет арқылы, топтық, отбасылық деңгейлер арасындағы әңгіме. Инструментальды деп қарым-қатынастың өзінен қанағаттанушылық алудан басқа бір мақсат іздейтін, өзіндік қажеттілікпен реттелетін, өзіндік мақсат болмайтын қарым-қатынасты айтады. Мақсатталған –бұл арнайы қажеттіліктерді қанағаттандыру құралы. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңызды түрлеріне болып вербальды және вербальды емес қарым-қатынас жатады. Вербальды емес қарым-қатынас құралы ретінде сөздік тіл қолданылмайды. Оған мимика, жест, пантомимика көмегімен түсінісу жатады. Вербальды қарым-қатынас тек қана адамдарға тән. Өзінің коммуникативті мүмкіндіктеріне байланысты ол вербальды емес қарым-қатынасқа бай болады. Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі техникалық құралдар пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді. Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді. Жеке адам аралық қарым-қатынас – топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі. Көпшіліктік қарым-қатынас – көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық қарым-қатынастарды да жатқызады. Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге қасиеттерде қарым-қатынаста қалыптасады. Адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы.

Қорыта келгенде, көптеген әдебиеттердегі ғалымдардың теорияларына талдау жасай отырып қарым-қатынас күрделі психологиялық құрылым деп түсінеміз.


ӘДЕБИЕТТЕР
1. Бодаоев А Личность иобщение М 1983

2. Добрович А Общение Москва 1980

3. Елеусизова С Қарым қатынас психологиясы Алматы 1995
ТҮЙІНДЕМЕ

Бұл мақалада адамдардын қарым-қатынасы, оның төрт деңгейде қалыптасуы қарастырылады.


РЕЗЮМЕ
В этой статье общение с людьми и и х четырие типологии взаимоотношения.?????


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет