Қазақ мемлекеттік қыздар


БАСҚАРУ ПРОЦЕСІНДЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет12/17
Дата02.07.2016
өлшемі1.16 Mb.
#172885
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

БАСҚАРУ ПРОЦЕСІНДЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бапаева С.Т. (Алматы қ., Қазмемқызпуты)


Шешімдердің қабылдануы барлық психологтармен басқарудың орталық мезеті екендігі мойындалған. Дәл осы өлшем бойынша басшы мен бағынушының еңбек процесіндегі негізгі рөлдері анықталады. Шешім жоспарлауда, ұйымдастыруда, мотивацияны басқаруда, қадағалауда және т.б. қолданылады.

Шешім қабылдау бұл – проблеманың сезілуін, бара-бар мақсаттың қойылуын және сол мақсатты жүзеге асыру құралдарын іріктеуді болжайтын күрделі ой процесі. Уақытты рационалды қолдану институтының жетекшісі, профессоры Л.Зайверт көптеген менеджерлердің:



  • дұрыс істерді жасаудың орнына, істерді дұрыс жасағанды;

  • шығармашылық қарама-қайшылықтарды құрудың орнына, проблемаларды шешкенді,

  • құралдардың қолданылуын жақсартудың орнына, оларды жинағанды;

  • кірісті арттырғаннан гөрі, шығындарды төмендеткенді ұнатады.

Мұның барлығы дұрыс қабылданбаған шешімдердің салдары. Шешімді әрқилы негіздемелі бойынша топтастыруға болады:

  • ауқымы бойынша (жалпы және жеке);

  • пайдалану мерзімі мен болашақ шешімге ықпалының дәрежесі бойынша (жедел, тактикалық және стратегиялық);

  • қызметіндегі белгілері бойынша (жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, қадағалау қызметтерін жетілдіруге бағытталған шешімдер);

  • мазмұны бойынша (саяси, техникалық, технологиялық);

  • жаңалығы бойынша (ағымдағы, стандартты, шығармашылық, бірегей);

  • шешімдер шешуі тиіс проблемалардың анқтығы бойынша (барлығы анықталған, тәуекел және белгісіздік жағдайларында қабылданатын шешімдер, );

  • тұлғаның интеллектілі немесе эмоциялы-ерікті аумағына қатысы бойынша (интеллектілі, еріктік, эмоциялы).

Шешімдерде интуитивті, прагматикалық және рационалды тұрғылар жүзеге асады. Интуитивті шешім оның дұрыстығын барлық қарсылықтар мен жақтауларды ескерместен қабылданады. Жаңа қызметкерді жұмысқа алғанда аталмыш тұрғының маңызы зор: бұл жерде үміткердің даярлығы, тәжірибесі және талаптарға сәйкестігімен қатар, эмоциялы бағалануы да мәнді.

Білім мен тәжірибеге сүйенген прагматикалық бағдарланған шешім бұл – білімдермен және жинақталған тәжірибемен шартталған таңдау. Мұндай тұрғы ең алдымен технологиялық шешімдерге тән.

Рационалды шешім өткен шақтағы тәжірибеге байланысты әрі аналитикалық тұрғыда негізделеді. Өмірде, шешім қабылдау процесінде үш тұрғы қатар қолданылады, тек біреуі қалған екеуінен басым болады. Шешімдерді қабылдау жөніндегі жұмыстың құрылымы:


  • жеке даралық (шешім қабылдаушы басшы мақсаттарының нақты топтардың қызығушылықтарын ескере отырып, ұйымның мақсаттарына сәйкес келуі);

  • процедуралық (нақты проблеманың ағымдағы жағдайын, кейінгі өзгерістердің дәрежесін анықтау, сондай-ақ олардың арасындағы айырмашылықтарды жоюда іс шаралар ұйымдастыру);

  • технологиялық (нәтиже мен оның көрсеткіштерін анықтау, тәуекел салдарын болжау, қорларды іздеу және т.б.) болып табылады.

Қазіргі таңда басқарушы шешімдерді қабылдаудың жетерлік саны бар. Әртүрлі белгілері бойынша әдістердің З.Янчан, М.Естроном, Г.Добров, В.Глюминский және т.б.ұсынған топтамалары белгілі. Мәселен В.Лисичкин әдістердің үш тобын көрсетеді: Жалпы ғылыми (логикалық және эвристикалық сипаттағы әдістер: бақылау, эксперимент, талдау, жинақтау, индукция, дедукция, экспертті бағалау, идеялардың ұжымдасып қабылдануы);

Интерғылыми (барлығын толықтай қамтитын сипатқа ие болмаса да, іс-әрекеттің әрқилы аумақтарындағы обьектілердің кең шеңберіне қолданылатын әдістер: математикалық статистика, модельдеу);

Жеке (бір ғана обьектіге немесе салаға тән әдістер).

Көптеген ғалымдар қолданылған аппараттың қалпы бойынша шешімдерді қабылдауда пайдаланылатын әдістерді үш топқа бөледі:



  1. Ресми әдістер (статистикалық және экономикалық – математикалық, сондай-ақ экономикалық – математикалық модельдер);

  2. Эвристикалық әдістер (аналогиялар мен имитациялық модельдеу);

  3. Экспертті бағалау әдістері (қазіргі таңда жиі қолданылатын әдістердің бірі).

К.К.Платонов проблеманы шешудің сызбасын ұсындады.

Проблеманы шешу сызбасы

Басқарушы шешімдер ой процесімен қатар басшының тұлғасын да қозғайды. Алайда адам шешімдерді әрдайы саналы қабылдай бермейді. Көбінде оның қылықтары санаастында жасырынған жоспарларымен, проблемаларымен анықталады.

Адам кез келген әрекетін түсіндіре алса да, неліктен солай, басқаша істемегенін әрдайым біле бермейді. Бұл феноменді ХІХ-ХХ ғғ.австриялық психолог З.Фрейд ашқан. Оның ойынша сезілмейтін көптеген әрекеттер «Меннің» «Олдан» қорғану ретінде жасалынады.

Психологиялық қорғаныс механизмдері өте көп. Әрбір адамның өзіне тән қорғану мехнизмдері болады. Алайда олардың классикалық түрлері төмендегідей:



  1. Рационализация. Импульсивті қылықтардың себебін, мінез-құлықтың саналы негіздерін іздестіру

  2. Репрессия. Адамның теріс әрі жағымды эмоцияларының көрініс беруіне тиым салуы.

  3. Регрессия. Мінез-құлықтың ерікті қадағалануы әлсірегенде туындайды.

  4. Жоққа шығару. Адам проблеманы шешкеннің орына оны жоққа шығаратын жағдайда орын алады.

  5. Адам өз жанының жарақаттанған қырын санадан шеттейтін қуатты стресс жағдайында кездеседі.

  6. Реактивті құрылымдар адам қолы жетпейтінін түсінсе де мүлде қарама-қарсы бағытта әрекет ете бастағанда пайда болады.

  7. Проекция. Адамның өзіне тән қажеттіліктерін, сезімдерін, қызығушылықтарын, түсініктерін, тіптен мінез бітістерін басқа адамдарға көшіруі.

  8. Сублимация. Жүзеге асырылмайтын мақсат орындалған әрекеттерден шынайы қанағаттанатындай басқа мақсатпен алмастырылуы.

Психологиялық қорғаныс механизмдері проблеманы шешу процесінің барысында пайда болып, оны бұрмалап, қиындатуы мүмкін. Алайда ол – жеңуге болатын, ұжымдық көзқараспен сақтандыруға болатын жеке дара проблема.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Большаков А:С. Менеджмент: стратегия успеха. – СПб., 2001.

  2. Вечер Л.С. Секреты делового общения. – Мн., 1996.

  3. Глущенко Е.В. Теории управления: учебный курс. – М.,1997.

  4. Гришина Н.В. Психология конфликта. - СПб.: Питер, 1991.

  5. Самыгын С.И., Столяренко Л.Д. Психология управления. – Ростов на Дону: Феникс, 1997.

  6. Чередниченко И.П., Тельных Н.В. Писхология управления. – Ростов на Дону: Феникс, 1997.

ТҮЙІНДЕМЕ


Мақалада шешім қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері және оның санаасты механизмдері, проблеманы шешу сызбасы баяндалған.
РЕЗЮМЕ

В статье рассматривается психологические оссобености принятия решения, его подсознательные механизмы, схема решения проблемы.


КӘМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫ ЕСІРТКІГЕ БЕЙІМДЕЙТІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАР
Ибашова С.С - оқытушы (Алматы,қ Қазмемқызпу)
Жасөспірімдік кезеңді көптеген авторлар қиын әрі күрделі өтетін кезең деп қарастырады. Жасөспірімдік кезеңі жас ерекшелігі психологиясының зерттеу мәселелерінің ең ауқымдысы болып табылады. Жасөспірімдік шақ–жас ерекшелігі психологиясында жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму кезеңі деп аталады.

Жасөспірімдік кезеңде «Мен» бейнесі қалыптасып, өзін - өзі тану процесі қарқынды жүреді. Себебі бұл жас кезеңі өзіндік сана мен өзіндік бағалауының сензитивтілік кезеңі болып табылады. Осыған орай осы жас кезеңінде өзіндік сана мен өзіндік бағдарлауды дамыту үшін ең негізгі жеке тұлғалық ерекшеліктер зерттеу жұмысының мәнін жоғарлатады.

Жасөспірімдік әлеуметтік қатынастар (басқалармен теңесу, ересектерге бағыну және т.б.) жүйесінде қарама - қайшы жағдайлар әлеуметтік ролдер мен тартымдылық деңгей құрылымында болатын өзгерістер бұл кезең үшін «мен кіммін?» деген сұрақты маңыздандыратын алғашқы негізгі аргумент болып табылады.

Жоғарыда қарастырған авторлар еңбегіне талдау жасай келе, анықталғаны көптеген зерттеушілер бойынша жеткіншекті, яғни кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жағымсыз әрекеттерге итермелейтін факторларға ең алдымен отбасындағы қарым – қатынасқа ерекше мән береді. Әсіресе, осы кезеңде жеткіншекке ересек адам тарапынан түсінушілік қажет. Жақсы, жағымды қарым – қатынас процесінде жеткіншек пен ересектің әлеуметтік өзара іс – әрекетінің жаңа тәсілдері қалыптасады, олар адамгершілік, этикалық мазмұны жеткіншектің әлеуметтік есеюді дамыту міндетіне және ересектермен қарым – қатынастың сипатына, оның қоятын жаңа талаптарына сай келеді. Нақ осы ынтымақ ересек адамға жеткіншекті әртүрлі істер мен әрекеттерде өзінің көмекшісі және жолдасы ретінде қоюға, ал өзіне оған үлгі, өнеге әрі дос болуға мүмкіндік береді. Нақ осы қарым – қатынастар жеткіншекке субъективті тұрғыдан, ал оны тәрбиелеуге объективті тұрғыда қажет. Осындай қиыншылықтар жеткіншекте бұл жағдайдан жеңіл жолдарды тауып, сол жолдарды дұрыс деп есептейді. Сол жолдардың бірі есірткіге тәуелділік, ішімдікке бой ұру, нашақорлық және т.б.

Осы кезеңде жеткіншектің дүниетанымы мен мінез – құлық нормалары қалыптасады. Қазіргі кезеңде әлеуметтік ортада жеткіншектің дамуына кері әсер ететін жағдайлар көп: дәстүрлі әлеуметтену институттарының әлсіреуі, құндылық жүйелердің, адамгершілік бағдарлардың өзгеруі, стресстік жағдайлардың жоғарылауы – бұның бәрі әр жеткіншектердің даму тұрақтылығына ықпал етеді.

А.Е.Личко, В.С.Битенский акцентуация мен психопатияны патологиялық бұзылулардың негізі деп санайды. Әсіресе, акцентуацияның тұрақсыз түрі, эпилептоидты, гипертимді және истероидті түрлері әр түрлі әсерлерге бейім болып келеді.

Бастапқы толеранттылық, бас миының биохимиялық балансының бұзылуы, генетикалық бейімділік әр түрлі аддиктивті мінез-құлықтардың алғы шарты болып келеді.

С.Б. Белогуров келесі мәліметтерді келтіреді: есірткіге деген биологиялық бейімділік әр түрлі психикалық стресстер нәтижесінде де туындауы мүмкін. Стресс эндорфинді рецепторлар белсенділігін арттырып, қобалжу және мазасыздық сезімінің пайда болуына алып келеді.

Психологиялық алғышарттарға тоқталсақ, С.В.Березин және тағы басқалар зерттеулер негізінде есірткіні пайдаланудың үш негізгі мотивтерін бөліп шығарады:


  • стресс (стрессті жою тәсілі) - 32% зерттеушілер;

  • сенгіштік (беделді адамдар ықпалымен) - 28%;

  • қызығушылық - 39%.

Кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектерді жағымсыз–құлығының қалыптасуына әсер ететін факторларды қарастыра келе үш тобын бөліп көрсетеді. Олар:

  • отбасының материалдық және тұрмыстық жағдайының төмен болуы;

  • отбасындағы әлеуметтік және психологиялық климаттың жағымсыз болуы;

  • ата-аналардың балаларды тәрбиелеуге психологиялық және психологиялық

  • дайындығының жеткіліксіздігі.

Бұл факторлар өзара байланысты және жеткіншектің тұлғасының қалыптасуына әртүрде әсер етуі мүмкін. Осы көзқарасқа ұқсас пікірді И.А.Семашко атындағы денсаулықты қорғау және әлеуметтік гигиена ғылыми зерттеу институтында зерттелген еңбектерінен байқаймыз. Олар:

- әлеуметтік және экономикалық факторлар (отбасынынң материалдық деңгейінің төмен болуы, тұрмыстық жағдайдың төмен болуы);

- дәрігерлік және санитарлық факторлар (экологиялық жағдайлар және балалардың созылмалы аурулары және т.б.);

- әлеуметтік және демографиялық факторлар (толық емес немесе көпбалалы отбасылар, өгей отбасында тәрбиелену);

- әлеуметтік және психологиялық факторлар (ата-ана білімінің төмен болуы, құнды бағдарлардың дұрыс қалыптаспауы);

- қылмыстық факторлар (ішімдік, нашақорлық, қылмыстық әлем субмәдениетіне бейімділік) /26/.

Әлеуметтік факторлар қатарына біз жеткіншектің құрбы – құрдастарымен қатынасын да жатқызуға болады. Өйткені осы кездегі негізгі ерекшеліктердің бірі бұл құрдастарымен қатынас құруға ұмтылу болып келеді. Олар белгілі бір топтарға қарауы мүмкін, ұжымдық қарым–қатынас элементтері қалыптаса бастайды. Сондықтан да топтың да әсері ерекше зор болып келеді. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды есірткіге бейімдейтін әлеуметтік факторлармен қоса психологиялық факторларды қарастырған жөн. Бұл орайда біз тұлғаның жауапкершілігі мәселесіне жеке тоқталғанды жөн көріп отырмыз. Өйткені, тұлға бұл белсенділігі, өзіндік дүниетаным бар субъект болып келеді. Сондықтан да оның өмірі тек әлеуметтік кездейсоқ факторлардан ғана тәуелді деп айтуға болмайды. Ең алдымен психология ғылымындағы жауаупкершілік ұғымына тоқталып өтсек, өзімізге белгілі бұл ұғым әр ғылымда әр түрде көрініс береді.

Мәселен, философиялық сөздікте, жауапкершілік түлғаның қоғамға ерекше әлеуметтік және моральдық қатынасын бейнелеуші этика мен құқық категориясы ретінде қарастырылады. Психологиялық сөздіктегі жауапкершілік ұғымының анықтамасына үңілсек, «жауапкершілік қандай да бір норма, ережелерді орындау барысындағы субъектінің іс-әрекетін әр формада бақылау». Бақылаудың ішкі және сыртқы формалары болады.

Жауапкершілік мәселесі әлемдік психологияда екі негізгі аспектіде зерттелген: моральдық (Ж.Пиаже, К.Хелкам) және себептілік (Ф.Хайдер). Нақтырақ тоқталсақ, Ж.Пиаже жауапкершілікті баланың моральдық дамупроцесінің ерекше аспектісі ретінде анықтайды.

Ж.Пиаже жауапкершілік мәселесін қарастыруда танымдық аспектіге ерекше назар аударған. Ф.Хайдердің каузальды атрибуция процестерін зерттеуі өте қызықты болып келеді. Кез-келген құбылысты себепті қабылдай отырып, адамдар себептілік локусын әрекет етушіге немесе ортаға жүктейді. Жеке адамның өз өмірін басқарудың басымдылығы сыртқы ортадан, не өзіне байланысты деп білуі. Осындай қасиетті психологияда бақылау локусы (Lokus – орын, орысша “место”) деп атайды.

Егер адам өз өмірінде болып жатқан түрліше оқиғалар мен әр алуан жағдайға көбінесе өзім жауаптымын деп санап, мұнай жәйттің орын алуын өз мінез-құлқымен, болмысымен, қабілетінің деңгейімен түсіндірсе, онда бұл факт ол адамда ішкі (интерналды) бақылау бар екендігін көрсетеді.

Керісінше, ол жауапкершілікті сыртқы факторларға жатқызып, болған оқиғаның себептерін басқа адамдардан, сыртқы ортадан, тағдырдан, не болмаса кездейсоқтықтан көрсе, онда бұл адамда сыртқы (экстерналды) бақылау басым екендігі айқындала түседі. Роттердің айтуы бойынша осы интерналдық пен экстерналдық бақылау локусы деген термин жеке адамның әлеуметтену (социализация) процесінде қалыптасқан тұрақты қасиеттері болып табылады.

Осыған ұқсас концепцияларға Уайттың компетенция теориясын жатқызуға болады. Ол адамның өзінің әлеуметтік айналдасына эффективті әсер ете алу қабілетіне көп бөледі;

Макклеланд, Аткинсонның жетістікке жету мотивация теориясы: бұл теория бойынша өзінің бойында жетістікке жету қажеттілігі жоғары болса, олар өзінің күшіне сенеді;

Розенцвейгтің фрустрация теориясы – күнделікті өмірде адамдар қиындыққа әр түрде қарайды: біреулері өзін кіналаса (интрапунитивті реакция), енді біреулері жауапкершілікті әрдайым қоршаған ортадан көреді (экстрапунитивті реакция). Ал соңғылары өзін де, өзгелерді де кіналамай нейтралды позицияны ұстануы мүмкін (импунитивті реакция). Осылайша субъективті бақылау теориялары жауапкершіліктің бір ғана аспектісіне көңіл бөледі (эмоционалдық, танымдық т.б.).

Зерттеулердің нәтижелері бойынша интерналдар экстерналдарға қарағанда доминанттылық, әлеуметтілік, ақыл– ой әрекеті, жауапкершілігі, өзін-өзі бағалау бойынша жоғары балл жинаған.

Көп жағдайда интерналдар өздерін шыдамды, мақсатқа бағытталған, өзіне-өзі сенімді деп сипаттайды. Кеттеллдің 16 факторлық сұрақтамасы негізінде интерналдарға тән қасиеттерге: эмоционалды тұрақтылық, қарым-қатынас құрудағы жеңілдік және ерік күшінің жоғары болуы жатады. Ал экстернал – адамдарға авторитарлық, депрессивті күйге бейімділік, агрессивтілік, өтірік алдау, өзгелерді кінәлау қасиеттері басым екені анықталған.

А.А.Реанның «Жеке адамның акмеологиясы» атты мақаласында жауапкершілік мәселесін адамның кемелденуіне байланыстыра зерттейді. Ол бойынша «кемелденген жеке адам» деген атауға ие болу үшін адамның бойында жауапкершілік, шыдамдылық, өзін-өзі реттеу элементтерінің жиынтығы болуы керек.

Кеңестік психологиялық әдебиеттерде жауапкершілік мәселесін С.Л.Рубинштейннің жалпы философиялық концепциясында кездестіруге болады. Автордың жауапкершілікті талқылауының негізгі ерекшелігі, адамның нені жүзеге асыру керектігі немесе жағдайдың талабына сай жауапкершілігі ғана емес, сонымен қатар субъектінің жауапкершілігінің потенциалды аспектіде де қарастырылды.

С.Л.Рубинштейнмен қатар жауапкершілікті жеке адамның қылығы мәселесіне байланыстыра зерттеу керектігін Б.Ф.Ломов ұсынған. Ломов бойынша жауапкершілік көпөлшемді жоғары жеке адамдық құрылым және субъектінің сыртқы ортаға деген белсенді жауабы.

Келесі маңызды көзқарас К.А.Абульханова-Славскаяның көзқарасы, жауапкершілік қажеттікті игерудің жеке адамдық механизмі ретінде талқыланады. Басқаша айтқанда, жауапкершілік бұл жеке адам қасиетінің бірі ғана емес, ол жеке адамның өмірлік іс-әрекетін ұйымдастырушы механизм. Сонымен, бұл көзқарас бойынша жауапкершіліктің өлшемі тікелей субъектінің өзіне тәуелді

Әдебиеттерде “жауапкершілік” ұғымымен қатар “әлеуметтік жауапкершілік” ұғымы кездеседі. Әлеуметтік жауапкершлікті қарастырғанда Берковиц пен Д.Харристің зертеулеріне тоқталған жөн. Эксперименталдық жұмыстар нәтижесінде Берковиц “әлеуметтік жауапкершіліктің нормасы” деген концепция қалыптастырды. Бұл көзқарас бойынша, адамдар өзіне тәуелді адамдарға көмектесуі керек. Өйткені, оның көмектесу емесе көмектеспеуіне байланысты өзінен тәуелді адамның тағдырына елеулі өзгерістер болатындығын сөз етеді. Және де осындай қатынастың негізінде жауапкершілік сезімі пайда болады.

Ал әлеуметтік жауапкершілікті кеңес психологиясында зерттеген А.А.Слободский. Осы мәселенің кейінгі дамуы К.Мұздыбаевтың еңбегінде кеңінен өріс алады. Автор бойынша жауапкершілік бұл ең алдымен жеке адамның әлеуметтік жағын сипаттайтын сапа және де адамның қарапаыймдылық, сақтық, батылдық, тәкәппарлық т.б. қасиеттері тәрізді тұлға мінезінің көрінісі.

К.Мұздыбаев жауапкершіліктің негізгі көрсеткіші ретінде келесі қасиеттерді ұсынады: дәлдік, нақтылық, жеке адамның қандай да бір істі атқарудағы адалдығы мен өз әрекетінің нәтижесіне жауап беруге деген дайындық; ал эмоциялық белгілерге: эмпатияға деген қабілеттілік, басқа адамның қуанышына, қайғысына деген сезімталдық; еріктік қасиеттерге: тұрақтылық, батылдық, жоғарғы талпыныс. К.Мұздыбаев әлеуметтік жауапкершілікті бір жағынан жеке адамның жалпыланған психологиялық сипаттамасы ретінде қарастырды .

Осымен байланысты адамның танымдық, әлеуметтік белсенділігі, оның эмоционалдық реакциялары, өмірлік жетістіктері мен сәтсіздіктері осы сапаның көріну деңгейіне байланысты талқыланды; екінші жағынан, әлеуметтік жауапкершілікті, тәуелді айнымалы ретінде де қарастырды.

Автордың пайымдауынша, жауапкершілік жеке адамның өз өмірінің мәнін сезінуімен қатар жүреді. Ал өмірдің мәні – бұл субъект болмысының рухани байлығын сипаттаушы көрсеткіш. Жеке адамның өз өмірінің мәнін сезінуі субъектінің өмірлік іс-әрекетін ұйымдастырып, бағыттап отырады. Бұл адамның өзіне жауапкершілік алуға деген дайындығын айқындайды. Нәтижесінде субъект үшн өз өмірінің мәнін неғұрлым түсінсе, соғұрлым оның мінез-құлқы моральдық нормаларға жауап береді.

В.Г.Григорьева мен Л.Н.Манарованың еңбектерінде студенттердің ортақ істегі өздері және басқа адамдар үшін жауапкершілігі талқыланды. Көп жұмыстар жас өспірім кездегі балалардың әлеуметтік жауапкершілігінің сипаты мен деңгейі туралы өрбиді.

С.М.Богданова бойынша жауапкершіліктің негізгі құраушы бөлігіне тұрақты өзін-өзі қадағалау, өзінің әрекетіне деген критикалық қатынас, өзіне есеп беру мен өзіндік бағалауды жатқызады.

Т.С.Гурлева өзінің зерттеулерінде жауапкершіліктің төрт типін бөліп шығарады:


  1. Өзіндік жауапкершілік. Жеке тұлғаның қоғам мен басқа адамдар алдындағы жауапкершілігі;

  2. Басқа адамдарға бағытталған жауапкершілік;

  3. Өзіне, өзіндік жеке мақсатқа жетуге бағытталған жауапкершілік; Бұл түрі жауапкершілік ішіндегі ең жоғарғы деңгейі.

Жауапкершілікті арту туралы сөз қозғасақ. Жауапкершілікті арту жеке адамның тұрақты позициясы, бұл адамның қандай да бір іске деген қатынасында анықталады. Жауапкершілікті арту мәселесін шетел психологтары адамның дара психологиялық сипаттамасы ретінде қарастырды. Әдетте, жауапкершілікті артуды ойын жағдайында, маңызды, әрі нақты іс-әрекетпен байланыста зерттеген.

Отандық психологтар жүргізген эксперименталдық зерттеулер жауапкершілікті арту сипатының топтың даму деңгейінен тәуелді екенін анықтаған.

Жауапкершілікті зерттеуде М.А.Осташеваның зерттеулері (1989ж.) қызықты болып келеді. Автор жас өспірімдердің бойындағы әлеуметтік жауапкершіліктің психологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Нақтырақ айтсақ, әлеуметтік жауапкершілікті үш бағытта алып қарастырады /28/.

1) Тәрбиемен байланысты жауапкершілік. Бұл жеке адамның қоғамдық мағналы жұмыстарға деген қатынасын білдіреді. Белгілі бір қызметті орындау деңгейіндегі жауапкершілік. Яғни, қандай да бір орындау барысында мінез-құлық нормаларын бұзбайтын ережелер мен талаптарды ұстану, ескеру.

2) Ортақ істегі жеке басы үшін жауапкершілік. Тапсырылған іске жауапкершілікпен қарап, өзінің міндеттерін жақсы орындау қажеттігін сезіну, түсіну. Көбіне жеке адамның бойындағы рефлексивті қасиеттердің дамуы, эмпатияға бейімділікпен сәйкес келеді.

3) Басқа адам үшін жауапкершілік. Көбіне өзгелер үшін жауапкершілік, өзіне деген жауапкершіліктің жоғары болуымен негізделеді. Бұл үшінші көрсеткіштегі жауапкершілігі дамыған адамдар жақсы ұйымдастырушы және топта лидерлікке бейімділікпен сипатталады.

Кейбір балалар әр түрлі әсер етулерге ұшыраса да ішімдікке және нашақорлыққа бой бұрмайды. Зерттеулер көрсеткендей, оларды ұстайтын, қорғайтын бірқатар факторларды атап өтуге болады. Олар:


  • әзіл – ысқақ сезімінің болуы;

  • ішкі өзін – өзі бақылау, мақсатқа бағыттылық;

  • өзара қарым – қатынастардың маңыздылығы;

  • нашақорлық пен ішімдіктен шеттетін қоғам, мектеп, отбасылық нормаларды қатаң ұстанудың болуы.

Көптеген наркологтар, психологтар, валеологтар мен әлеуметтанушылар есіріткіге бейімдейтін факторлар ішіндегі негізгісі ретінде жарнаманы атап өтеді. Олар жарнаманың екі түрін бөліп көрсетеді: тікелей және жанама жарнама. Тікелей жаранамаға адамдар арасынан есту, көлікте, қоғамдық орындарда есірткі туралы ақпарат алу. Жанама жарнама теледидар, радио, әр түрлі кітаптар, журналдар, интернет т.б.

Медициналық қызметкерлер жасөспірімдердің арасында есірткіге бой бұрудың көп кездесуінің бір себебі ретінде олардың есірткінің организмге теріс әсері туралы ақпараттың жеткіліксіздігінен дейді.

Әр сала мамандары есірткінің жағымсыз әсерін үш принцип негізінде құру керек дейді:


  1. контрпропаганданың кең түрде таралуы;

  2. алдын алу шараларын саналы және салауатты түрде жүргізу;

  3. бағдарламалар мен сабақтарды өңдеушілердің біліктілігі.

Есірткіге қарсы тәрбиелеу шараларына да ерекше көңіл қойылуы керек. Осыған байланысты келесі жәйттерге ерекше мән беру керек:

    • есірткі мен ішімдіктің себептері мен салдары туралы толық ақпарат беру, тарату;

    • жеткіншектерде қабылдаған ақпараттарды критикалық түрде талдауға және дұрыс шешім қабылдауға үйрету;

    • салауатты өмір салтын және дұрыс бағыт бағдардың қалыптастыру;

    • қоғамдағы кездесетін тәуекел топтармен білім бері, психологиялық, психкоррекциялық, психотерапиялық жұмыстар жүргізу;

    • әлеуметтік бейімделу мен психофизиологиялық өзін-өзі реттеуді қалыптастыруға, дамытуға бағытталған, стресстерге деген тұрақтылық пен сенімділікті жоғарылау, өмірлік мақсаттарды қалыптастыратын топтық және индивидуалды сабақтар өткізу;

    • жеткіншектерді мектептен тыс іс-әрекетке бейімдеу. Бұл жұмыстар олардың қабілеттерін, ішкі сапаларының толық жүзеге асуына себеп болады;

    • әр түрлі мамандарды (дәрігерлер, заңгерлер, психологтар, психотерапевтер, педагогтар, т.б.) шақыру арқылы әңгімелесу, лекциялар, кездесулер өткізу;

Бұл бағдарламалар бес негізгі бағыттарды қамту керек:

      1. тәрбиелеу жұмыстары – мәдени деңгейді көтеру, мектептен тыс шараларды саналы ұйымдастыру, үйірмелер мен факультативтердің санын көбейту.

2) валеологиялық тәрбиелеу – салауатты өмір салтын дамыту, психофизилогиялық өзін - өзі реттеу әдістеріне үйрету;

3) психологиялық тәрбиелеу мен психокоррекциялық жұмыстар – психологтар мен педагогтар жүргізетін оқу мен әлеуметтік бейімделу дағдыларын дамытуға арналған сабақтар жүргізу;

4) қоғамдық күресу формалары;

5) құқықтық күресу формалары.

Қорытындылай келе айтатынымыз, қазіргі кезде есірткіге тәуелділік және агрессия отандық және шет елдік психологиядағы іргелі мәселелердің бірі екендігі.

Жасөспірімді есірткіге, агрессиялық мінез- құлыққа не итермелейді, есіркіге бейімдейтін факторлар қандай, оның түрткісі не, ол оны не үшін жүзеге асырады деген сұрақтарға жауап оның сәйкес түсіндірмесінің негізі болып табылады.

Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды есірткіге бейімдейтін әлеуметтік жағдайларды қарастыра келе жасөспірім кезеңді көптеген авторлар қиын әрі күрделі өтетін кезең деп қарастырады.

Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды есірткіге бейімдейтін әлеуметтік факторлармен қоса психологиялық факторларға да талдау жасалынды. Бұл орайда біз тұлғаның жауапкершілігі мәселесіне жеке тоқталдық. Өйткені, тұлға бұл белсенділігі, өзіндік дүниетанымы бар субъект болып келеді.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Джаманбалаева Ш.Е. Общество и подросток социологический аспект девиантного поведение – Алматы- 2002 г

  2. Муздыбаев К. Психология ответственности. Л., 1984

  3. Морозкина Т.П. Формирование внутренней ответственности. М., 1984.

  4. Психология подростка. Хрестоматия. Сост. Ю. И. Фролов. М., 1997

ТҮЙІНДЕМЕ

Бұл мақалада кәмелеттік жасқа толмаған балаларды есірткіге бейімдейтін әлеуметтік, психологиялық факторлар қарастырылған.
РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются психологические, социальные факторы несовершеннолетних детей.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет